Тыйым мен ырым

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №5 1

Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-qformat:yes; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-fareast-font-family:"Times New Roman"; mso-fareast-theme-font:minor-fareast; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin;}

Әдет-ғұрып тарихтан болған білім,

Ұлтыңның салты болған тәлім деген.

Жамандықтан үлгі алып тірлігінде,

Әдет қылма деп сөзбен үлгі берген.

 

Ұстама, жолама жұғып кетер,

Мұны істесең зияны да тиіп кетер.

Күйесің, сүрінесің, өлесің деп,

Әке-шеше баласына тәлім берер.

 

Ес кірді деп атаймыз әдет біліп,

Түрлі ырым, ғұрыпты еске түйіп.

Нанымы бұл ұлтыңның дәстүр деген,

Сезімге аңғарымпаздық қуат беріп.

 

Мектептен түрлі білім және аламыз,

Кітап оқып даналықтан нәр аламыз.

Болады мен болмайды деген қасиетті,

Меңгеріп саналы азамат аталамыз.

 

Дінде бар шариғатты масһаб білім,

Арамнан, надандықтан болмақ тиым.

Әдеті мен өсиетін пайғамбардың,

Меңгерумен жинаймыз Алла нұрын.

 

Әдет-ғұрып ұлтыңның ескі салтын,

Шариғат, тарихат, мағрипаттың.

Ұлтымыздың дәстүр діні ата жолы,

Жазылған шежіремен, даналықтың.

 

Өзгеріп дүние біліммен дөңгеленді,

Заман, дәуірлер тағдыры өзгергенді.

Шет елдің әдетіне, салтына құмар болып,

Қазақ еліне еркіндіктің жынды желі енді.

 

Гендірлік саясат дедік ұстаналық,

Біздерде сондай керемет ел болалық.

Әлеуметтік жағдайы түзу болған,

Қатарына болған арман қосылалық.

 

Ескілік әдет, дәстүрді ұмыталық,

Надандық мұндай дінді ұстанарлық.

Әйелдерді ерлермен тең жүргізіп,

Ал жастарға өз билігін тапсырайық.

 

Осылай ұмыт қалды ар, адамдық,

Заңға түгел шоқынған елге айналып.

Туысқандық, ағайындық дін дәстүр де,

Ақшамен, пұлға айналды бағаланып.

 

Әдетіне дәстүріңде тыйым берген,

Түрлі сөз бар; «қой бала» мұны деген.

Қоймасаң басыңа бәле келіп,

Ұлтымыздың тәрбиесі «қожа» деген.

 

Талай сөз насихатты жазып жүрмін,

Надандар бар мұныңыз «қарғыс» деген.

Қарғадың деді мұндай сөзді маған айтып,

Қатын, қыз, еркектер бар шайтан деген.

 

Әйел нәзік-биязы сезімнен қуат алып,

Ұзарады ақылы кемпірлік жасқа барып.

Жас пен әйелдерде мастық болар,

Пайғамбардан өсиеті болар жарлық.

 

Ал еркекке ұзын ақыл қаракеттік,

Түйсік деген ұғымы «интеллекттік»

Қатындарша ойланатын еркектер көп,

Гендірліктің жемісі осы ебелектік.

 

Қысқа ақыл ел билеген зиялы да,

Тең болмай қатын ерге тұра ала ма?

Даналықты меңгеретін ерлер азса,

Мәңгі ел арсыздықпен тұра ала ма?

(наурыз 2014 жыл)

****   **

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.