Қараңғылықтағы жүректер (112)

Бөлім: Зікір өлеңдер 2

Қараңғылыққа түскен жүректер,

Ақиретті ешбір ойламас.

Бір өлерін сөз етіп,

Құдайды ойға көп алмас.

Күйбең тірлік күндегі,

Шаруасы мойын бұрғызбас.

Бар қызығы дүние,

Мастығынан айықпас.

Ермегі оның жайлы өмір,

Жүректің үнін тыңдамас.

Суықтық еніп жүрекке,

Жанды өлтірмей тұра алмас.

Обал, сауап, мейіріммен,

Жүрекке жылу алдырмас.

Қазір бармын деп өмірде,

Ақирет барын ойланбас.

Өлімнен кейін өмір жоқ,

Өлген соң, деп денем түк сезбес.

Жанның қайта өнерін,

Қараңғы жүрек ескермес.

Құранды құдды ертегі,

Ғажайып қиял, деп сенбес.

Сыналу үшін дүниеге,

Келтірді ме деп ескермес.

Қазақтың жаны өлген соң,

Тықыршып рұқы өлтірмес.

Белгі беріп түр-түрлі,

Жоғалуға нәсіл жол бермес.

Елдігін ұлттың құрайтын,

Рұқпен жан тең емес.

Әйелдер жанды өлтіріп,

Еркектен рұхын өсірмес.

Жүректі тотпен қарсылық,

Сөз ұғымын білдірмес.

Теріс ойын ібіліс шайтаннан,

Үнімен жанды өсірмес.

Жан көбеймей ұлтыңнан,

Рұқы тектің жөнді емес.

Нұры еніп Алладан,

Күнәні жағып өлтірмек.

Дертті боп адамзат,

Сенімді рұқтан өсірмек.

Жанды оятып түрткілеп,

Иманнан білім ізденбек.

Алыстағы шырақ біздерден,

Ойпатты тауып зейнеттеп.

«Төбеден, аяқтан жейсіңдер»,

Аятын құран бейнелеп.

Нұрынан мұндай бос қалған,

Ғылымсыз хайуан тас жүрек!

(Тамыз 2018 жыл)

****  *****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.