Арамдық(128)

Бөлім: Зікір өлеңдер 91

Ішіңе түскен арам ас,

Асқазан түбін ағартпас.

Миыңа жетіп уыты

Көгіңнен нұрды қондырмас.

Ауызды былғап қарайтып,

Жүректен сөзді шығартпас.

Еріннің үнін сөз қылып,

Таза ақылға қылар қас.

Буы шығып арамнан,

Құрт пен жәндік өндірер.

Уланған тері өрістен,

Перілерді жалғап келтірер.

Өңешке сіңіп зорайтып,

Теріс ойды ішке енгізер.

Дәретсіз бойдан ұрлатып,

Жындарға байлап бергізер.

Тағдырыңнан жеті ата ажырап,

Жаманды жақсы көргізер.

Үш қышқылдан теңдік жоғалып,

Ой жорумен өмір сүргізер.

Сезімдер алты араз боп,

Иттікке мінез өзгерер.

Арамданып ет, терің,

Ірің боп қан су түрге енер.

Құрттары еніп сүйекке,

Таңбасы тозақ берілер.

Ой жорытып біліммен,

Тәңірсіп елді сендірер.

Қорқынышқа байлап сезімді,

Тазарттырмас арам етіңді.

Шеріктердің болып қорегі,

Орнығып тәнді емеді.

Тән азып түрлі дерттермен,

Азабын пенде көрмегі.

Ауру астан дегені,

Дау қарындастан келмегі.

Жаласы аяқ, қолынан,

Қан мен тері уынан

Ерлерге арам бермегі.

Мәңгүрттеніп ерлері,

Жетенің болмас керегі.

Мас болып жинап білімді,

Арсыздықты құп көрмегі.

Етек-жеңді, жаулықты,

Меңгерген екі байлықты.

Білезік күміс тағынса,

Тазартар астан суықты.

Алақанда жылу тазарған,

Бойы жарық иіс жұпардан.

Қанында ділі жұмсарып,

Елдігің болар еді ақталған.

(Қыркүйек 2018 жыл)

****  ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *