Сиқыр, жәдігөйлік(127)

Бөлім: Зікір өлеңдер 64

Сиқырмен күнін көргендер,

Тағдырын байлап бергендер.

Сәуегеймін деп бал ашып,

Жындарға қызмет еткендер.

Күнәсін алып пенденің,

Күнәға жалғап бергендер.

Бір күнәні көшіріп,

Басқасын қосып сенделтер.

Сиқырмен қара дұғаны,

Бойларына таңып жүргендер.

Көздерін байлап талайдың,

Сендіріп өтірік сайрайды.

Тағдырдағы жамандықты,

Кетірдім деп алдайды.

Құдайдан алшақ болғандар,

Күнәға күнә жамайды.

Аруақтың атын жамылып,

Жындардан хабар арнайды.

Жолында ата жүрдік деп,

Аққу, сұңқарға өзін санайды.

Тұла бойда ар-ұят,

Кемдігін көрмес анайы.

Атаның атын жоймаққа,

Қазақтан шыққан талайы.

Жадылап сөзді тек қылып,

Әке, ата есімін былғайды.

Атаулы сөздің ұғымын,

Терістеп ойдың діл үнін.

Серік пен шерік қостың деп,

Жәдігөй масһаб дін бүгін.

Сиқырлап атау сөздерді,

Арсыздар елді биледі.

Нұрлы жол, зайыр ел құрып,

Терістеп дінін жүргені.

Сиқырдың көп түр-түрі,

Ар-ұят, ұждан керексіз,

Рухани жаңғыртпақ билігі.

Жадалап асылын ғылымды,

Мастығы үш тіл, білімі.

Сиқыршы қауым білімді,

Алуға таңба латыннан үлгіні,

Сақтайды деп таза діл үні.

Сиқырға бәрі айналар,

Құдайсыз амал жобалар.

Мас болып барша адамдар,

Ғылымсыз пенде хайуандар.

Жоюға жанын жарысып,

Күнәмен жүкті алғандар.

Заманды жүрген тарылтып,

Сиқыршы, жәдігөй табысып.

Ой жорыған жастарша,

Үлкенде болмай кәрілік.

Аталар дінін жоюға,

Тәңірсіп заңды жазысып

Жалғантып жеті жын тобына.

(Қыркүйек 2018 жыл)

***  ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *