Аса қамқор, ерекше мейрімді Алланың атымен бастаймын!

Ақ сөйле тілім, ақ сөйле! Жүрекпен тергеп нақ сөйле! Жамандықты қашырып айт! Жақсылығын асырып айт! Тексіздікті белінен басып айт! Тектілікті тереңнен тартып асылын айт! Жау жағадан алғанда иттердің етектен тарқанынын айт! Елдігін сатқан жастардың тасырын айт! Діншілердің момын қазақты бөлшектеп іріткіге түсіргенін айт! Талай белгісіз жатқан шежіренің ғасырын айт! Европашыл әкімдердің жасығын айт! Байлықтан басқаны ойламайтын ғалым мен молдалардың арам ниет ауздарының сасығын айт! Қасиетті кітаптардың ғылымын айт! Әулие бабалардың тура жолды салған қасиеті қастерлі білімі мен ілімін айт! Аманатты айт! Жасырмай жасық болмай ашығын айт!

  «Аталы сөзге арсыз ғана тоқтамас» деген аталарымыздың сұхбат, пікір алмасу дәстүрі дін салтымыз еді. Ендігі қазақтағы 40-қа толып есі, ар сауыты толық қалыптаспаған жастарымыз түгіл, белгілі ақын, жазушы, білімді қауым өкілдерінің ішінде  ғаламтор арқылы пікір таласқа түсумен, бұл да бір дін салтымызға келген бір қиямет шығар деген ойға келдім. Және мұндай бір жақты көзқарасты қалыптастырушылар, ұлтық дәстүрге қарсы болушылар, көптеген сайттарда отырған модераторлар десек мүкін қате болып, босқа күнәлаудан аулақ, сайт басқарушы баспасөз мамандарының ұлт жандылығының мүлде жоқтығын да байқауға болады.

Әбір жаратылыстық нәрселердің өзінің қадір-қасиетін, мақсат, талабын айқындайтын атаулары болу шартты болса, онда сол атаулардың да жұбы, пары болу да міндетті болмақ. Құранда жаратушы иеміз; «Сендерге түсінікті болу үшін барлық нәрсені парымен жараттым» деген үкім берген. Олай болса құлшылық сөз атауының сырын тарқатып көрсек; Құлшылық-қызмет жасау, әрекет ету, ұғынып, ұқтыру болып бұл істердің адамдықты сақтап, парасатылықты қалыптастыруға негізделген амалдарын; «Намаз» деп атаймыз.

      Неге ислам діні барлық діндер басы, бірлігі бола тұра, осындай әлем халқының европалық елдер түгіл, ислам елдерінде де сауатты қауымның жек көрініштілігін туындатып, қазақ билігінің де; «Мемлекет саясаты діннен бөлек» деген заң шығаруына әкеліп соқтырды?  Дін ұғымында тура жолға түскен адамзаттың, сол белгісі түскен қауымның алтын ғасырда, қой үстінде бозторғай жұмыртқалайтын заманында өмір сүруін қалыптастыру керек.  Және ғылымның жаңа сырларының ашылуын, құранның жаңадан қырларының, хикметтерінің пайда болуымен ерекшеленуі де керек. Ал Ханафи масһабын ұстанып, осындай дәрежеге жеткен арап елі болды ма тарихта? Жоқ әрине. Неге?- деген сауал туындайды. Бар мәселеде ілімге келіп тірелгенін көбіміз аңғарудан қалдық. Ілім екі түрлі бірі құс ілімі, екіншісі қадым деп аталады. Құран осы екі ілімді де басын біріктіріп түсіндіреді. Сондықтан оны теология ілімі деп атаған дұрыс. Ал енді бұл ілімнің төрт кітаптан тыс бесінші кітап болып, Адам атамыздан бері жалғасты келе жатқан сөз өнері, сөз ілімі, шежіре кітабымен бірге  дамып отыруымен ғана заманға қарай оқылып, түсірілген негізгі дін кітаптарын түсініп, салыстырып меңгеру мүмкін болады. Яғни; «Төртеу түгел болса төбеден келеді» деген аян, уахимен байланысты; әрбір елге елшілері арқылы келген жоба Құдайлық ілімнің дәстүрге айналуымен нәтижеленеді.

(2-ші бөлім, басы арап көктемі мен бүліншілік себептерінде)

    Әңгімеміздің басында саясат дін мен ел биліктің арасынан туған ұлтымыздың көңіл баласы деп ескерттік. Енді мемлекеттің өркениетке деген жоспары мен дін руханият арасындағы көпір және екеуінің тұтастай біріктіре алатын некесі ол шежіре, тарих. Бұл тұрғыда шежірені тек құранда және арап елінен шықан әулиелердің ғана тәпсіріне сүйеніп, масһаб білімінің дін сұхбатының негізін қалап, ал құраннан уақиғалар кітабы және жанның өсу, өркендеу жоспары яғни әрбір ұлттың рухани қазынасы шежіресін мүлде діннен шығарып тастауға негізделіп және ұлтымыздың шежіресін дінсіздік, исламды мойындамаушылық, ескіліктің қалдығы деп көрсетуге өзіміздің арамыздан шыққан дін ғалымдарымыз да, тарихшыларымыз да тажалдық үлесін қосқаны да даусыз ақиқат.

(басы 1,2 таруларда)

     Жас кезімізде ағат іс не тентектік жасап қойғанда; «Денің сау ма өзіңнің?» деп яғни есің дұрыс па?,- деген сөзді естуші едік. Бірінші байлық -денсаулық деген сөздің құны жоғалып, тек тәні сау болса болды, дені сау атап, оның естілігіне, арлылығына мән бермек түгіл ендігі денсаулығымыз тек ауруды емдеумен өлшенетін болды.

(Жалғасы.  Басы; Арап көктемі себептері, Шежіре тарих…Ден саулық….тақырыптарында.)

    Жаратылыстың бұлжымас заңдылығы әрбір нәрсенің жұбымен, парымен болып, тек Алланың бізге көрсетіп қойған хикметті құдайлық сипаты ғана жалғыз болу керек. Ал енді жалғыз дегенімізді санмен белгілесек онда; «Бір» ұғымы шығады. Ал бірге қосылу үшін тек жеті арқылы ғана немесе 99 сипатты меңгеру арқылы ғана Алланың жүзіне, «Бірге» қосыла аламыз. Яғни бірленудің де бұлжымас заңдылығы жұп сипаты бар екеніне дәлел.