Ардың үні аруақта (95)

Бөлім: Зікір өлеңдер 51

Ақ батамен аластап,

Тұла бойға қорған сап.

Ата-баба аруағы,

Тылсымнан тұрар бақылап.

Ардың үнін жаңғыртқан,

Ғибраты,сүннет, құраннан.

Адамзаттың өмір кітабын,

Аруағың болар жалғантқан.

Таудың биік шыңынан,

Бәйтеректің тектік сырынан

Үнді жалғап тылсымға,

Шындықтың үнін сайратқан.

Тоқсан тоғыз белгі асудан,

Сынағы кезең топшыдан.

Тосқауылды алдағы,

Бұзып өтер күшпен қолдаған.

Тағдырыңды тазартып,

Ай мен күнге жалғантып.

Қараңғыдан шығарар,

Жұлдыз боп жарық насырдан.

Хабар беріп батадан,

Жамандық болса жасырынған.

Ғибратпен жол көрсетер,

Қойнауынан үлгі тарихтан.

Тереңдетіп шаптырған,

Шежіре боп, өскен ағаштан.

Сабағы қылып жалғантып,

Текті өсіріп жалғантқан.

Сыр ақтарып тылсымнан,

Тура жолға шақырған.

Көмейге салып күміс сөз,

Көркемдетіп құйдырған.

Үн арқылы ойыңа,

Нұр жалғантып бойыңа.

Паш еткізіп әлемге,

Құдыретін Алла танытқан.

Шындығына жалғантқан,

Маңдай көзбен ұжданнан.

Құс жолынан рахметін,

Құдайдың үнін жаңғыртқан.

Қайтадан жер бастырған,

Әке мен туысқан.

Өз тегіңді қайталап,

Хикметімен Құдай жаңғыртқан.

Бір қуатқа қосылған,

Ғылымы Алла қолынан.

Хақиқат боп бейнесі,

Жетімен растық, барлықтан.

Ардың үні таңбасы,

Кер бабадан жалғасты.

Қырық екі сан өлшеммен,

Жер ана рұқы болмақты.

Құранның үні аруағы,

Жетімен қуат кітап болмағы.

Ақыл мен ойдың жарығы,

Бейнелер тағдыр қолдағы.

Опасыз ұрпақ қазақта,

Салуға себеп, елді азапқа,

Аруағына ғылым қарсылық,

Нәсілмен келер сынаққа!

(Тамыз 2018 жыл)

****  *****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *