Алды-артыңдағы күзетші,
Қырағы көздер, жөндеуші.
Ізіңді басқан қарайлап
Қарауыл қойған түзеуші.
Әркімнің бар қауымы,
Жеті ат жұрт тағдыры.
Алла емес деген қарауыл,
Түзет деген қауымды.
Жаным, деп Расул болғанмен,
Серт берген Алла қолымен.
Қосылып әруақ Раббыға,
Қаланған кірпіш ғылыммен.
Кітабың әруақ тағдырмен,
Қол ісі бала періштең.
Қуатымен жанды өсірер,
Жалғанып періште көздермен.
Кісілік сипат жындармен,
Жеті өріс киім ол денең.
Сегіз сырлы бір сырды,
Бір ақылмен пенде меңгерген.
Ой салып тыңнан зор нәпсі,
Шыныққан әбден ол кісі.
Шалады аңдып аяқтан,
Күнәға сүйрер жұмысы.
Оң мен солың әлсіреп,
Болмаса медеу бір тірек.
Жолықтырмас жарыңа,
Түсіріп басқа көп әлек.
Келтіріп иман зейнеттеп,
Ақталып өріс көбейтпек.
Ардан сауыт болмаса,
Жындылық мінез өсірмек.
Қарадан болып шапаның,
Арсыздық әдет алғаның.
Шайтаннан болған жынменен,
Күзетсіз әруақсыз қалғаның.
Сілкініп босап құрсаудан,
Құшаққа алған қоршаудан.
Кеудеңе алып кең тыныс,
Бір сәтке баяулап тоқтасаң.
Жаланы қоспай тағдырға,
Ақылдан қуат алуға.
Ата-баба мирасын,
Қадам бас қайта алуға.
Іштегі көзің ұйқыда,
Ұйқысын қимай талуда.
Қанымен құрбан оятар,
Құраннан қуат қосылса.
Жеріңді кез ойпатты,
Тегіңмен ағаш сипаты.
Қол жайып тағзым қыларсың,
Достары Алла тұрпатты.
Хайырмен артық келтірсең,
Сәулесін жұлдыз көктерден.
Нұрында ойпат шомылып,
Кіріңді жаннан кетірсең.
Азаттық беріп жаныңа,
Қосылар барып жарына.
Жарыңды сүйген ерінмен,
Жалғанып аян, уақиға.
Күзетші қойып алды-артыңа,
Рахметі Алла қауымға.
Қосуға қуат әлемге,
Тұрғаның Расул сапына!
Әруақтан, аруақ өсірген,
Жеті жан бүтін жетілген.
Төртеуің түгел өлшемі,
Алтауың дәм-сезім бірленген.
Күзетсіз иман келтірмес,
Тазартпай жынды дін емес.
Бас екеусіз, мал төртеу болмасты
Ғылымсыз бос сөз емес!
(Қаңтар 2019 жыл)
***** ****