Құтты білік(224)

Бөлім: Зікір өлеңдер 79

Құтты білік қазына,

Өлмейтін мәңгі бір жаңа.

Әркім табар өзіне,

Керегін алар биікте.

Жеті зікір, жеті үн

Қозғалтып ішкі толқынын

Тербетіп әуез бесігін.

Мұңы кетіп өзінен,

Жан бостандық алады

Маңдайдан көзі ашылып,

Мұңсыздың көңілін табады.

Бес табаққа сиятын,

Несібе ризық толады.

Бес таңбаға саятын

Қуаттың келер парасы.

Жасырын құт хикметі

Есігін жанға ашады.

Сырдың бойын жағалап,

Ойпатынан алып алқапты

Қазын байлық табады.

Алқабына егіп егінді,

Жемісті болар бақшасы.

Төрт тағаның қимасын,

Төрт құбыла теңдігін

Түсінгенге құпиясын;

Әділ, әділдік берігін,

Дәулет, бақыт, құт

Ақыл өмір серігің

Қанағат, шүкір, ұстамды

Түгелдігі тектік білігің.

Күнсіз болмас тірлігің,

Әділдік күні өмірдің.

Ай нұры дәулет, бақ, құты,

Тірілітер жан уақыт мезгілін.

Күн патша, ай уәзірі,

Бір иман бірі сенімің.

Күн-әке, ай анасы,

Ақ бастау екі өмірдің.

Сенімнен туған ұлың бар

Ақылың ерген серігің.

Қол бала әруақ періште,

Үш түрлі жұлдыз өзінің.

Әке мен ана шырағы,

Мәңгілік тірі өмірің.

Ақ бастаудың бұлағы,

Ғылымы иман, сенімнің.

Сенімнің бар туыс ағасы,

Жинаған тарих білімің.

Бұлағы қайнар тағдырға,

Себепші, себеп мезгілің.

Ақ пен қара жібі ескен,

Ділімен ұлттың елдігің.

Төртеуің түгел төбеден,

Келеді беспен ілімің.

Оң мен сол бес саусақ,

Ортасы бес өзіңсің.

Онбестің алар бірлігін,

Құтты білік қазақтың,

Атаған дәстүр тегінің.

Құтты әрі білікті,

Бүтіндік, тектігі дініңнің.

(Қаңтар 2018 жыл)

****  ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *