Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-qformat:yes; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin:0cm; mso-para-margin-bottom:.0001pt; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-fareast-font-family:"Times New Roman"; mso-fareast-theme-font:minor-fareast; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin; mso-bidi-font-family:"Times New Roman"; mso-bidi-theme-font:minor-bidi;}
«Жан жетілмесе, тәннің көмегімен ары қарай толыса алады, өйткені тән жанның тіршілік кешуінің шарттылығы саналғандықтан, оның жетілуінде де кепілдер бола алады.» Жоғарыдағы көрсеткен Дәуіт пайғамбарымызғы түскен сынақ аяттың үкімінің 99 мал егесінің бір мал егесі яғни жүрек қалауына бағыну арқылы бүкіл тәннің бір кісідей жұмыс істеуін қалыптастыратын тек шүкірлік амалдары яғни түрлі салт-дәстүр, әдет-ғұрыптық намаздарды орындау арқылы жүректің де тазалығын, ақыл-ойдың біртұтастығын және қарекет амалдардың яғни аруақтың да біртұтас «Ісра»-ға айналуын қалыптастыру шарт.Бүкіл жоғары бөлік екі жарыққа бөлінді де, қозғалыс қасиетіне еге болды. Алла тағала өзін құдірет күшімен осы жарықты бүкіл әлемнің қозғалыс негізі етіп жаратты. Жарықта жылу табиғаты бар. Бұл жылу бүкіл дүниелік харекеттің ірге тасы болып қаланды..»(Әл-Фараби) Екі түрлі жарық жылу сапасы барлық жаратылыс және адамзат тіршілігінің негізгі яғни Жаратқан, Жарымыз, жан анасы «Жар» балып саналады. Осы жан анамыздың жарықтық екі сапасы бар; бірі сары-нұр, екіншісі күміс ақ-нұр болып, бірін рухани әкеміз, екіншісін рухани анамыз деп те атаған дана аталарымыз. Енді осы екі нұрдың қарекеттік себепшісі үшінші жарық қызылды қоссаңыз барлық жаратылыс қозғалыс басы осы үш түрлі «Ман» қуатынан таралып жаратылыс тіршілігінің басты себептердің Иесі болып табылады. Осы себепші қозғалыс иелерін яғни рухани әке иемізді тану арқылы ғана себептердің де жарықтың да жоғары жаратушы иесі бастапқы түп негізді Алланы тани аламыз. Енді осы жарықтар адам баласының тіршілігін қалыптастыратын екінші дәрежелі себепке және себепші қарекеттік жарыққа айналады. Бұл жағдайды адам баласының қанының екі бағытта айналуын бірін күре тамыр «артерия», екіншісін соқпа тамыр «вена» деп атап және олардың бір түсті қызыл арқылы «Бір»-дің төменгі жер бетіндегі сипаты жүрекке қызмет жасап жоғарыда Әл-Фараби атамыздың екі жарықтың арасындағы аралық орында пайда болған сипатты білдіреді. Бұл үш түрлі қозғалыс қарекеттік сипаттардан пайда болатын қасиеттерді; «Тоқтаулық, қалыпты шыдамдылық-Бұл қайраттан шығады, білсең керек. Ақыл қайрат жүректі бірдей ұста, Сонда толық боласын елден бөлек». Абай атамыз 3 түрлі қасиеттен қайрат яғни адам баласының намысы «Ман» қуаты пайда болып, енді бұл қуаттың жұбы ақыл қуаты болып саналатынын ескертеді. Енді бұл қуаттардан қандай істердің пайда болатынын яғни құлшылықтың негізін; «Тірі адамның жүректен аяулы жері бола ма? Біздің қазақтың жүректі кісі дегені — батыр кісі дегені. Онан басқа жүректің қасиетін анықтап біле алмайды. Рақымдылық, мейірбандылық, әр түрлі істе адам баласы өз бауырым деп, өзіңе ойлағандай оларға да болса игі еді демек, бұлар-жүрек ісі. Асықтық та жүректің ісі. Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды. Амалдың тілін алса, жүрек ұмыт қалады…Қазақ та адам баласы ғой, көбі ақылсыздығынан азбайды, ақылдың сөзін ұғып аларлық жүректе жігер, қайрат, байлаулылықтың жоқтығынан азады. Білместігімнен қылдым дегеннің көбіне нанбаймын. Білімді білсе де, арсыз, қайратсыздығынан ескермей, ұстамай кетеді. Жаманшылыққа бір елігіп кеткен соң, бойын жиып алып кетерлік қайрат қазақта кем болады…» (14-сөз).
Бұл жағдайды 14 санымен белгіліп қазақтың дінінің негізі Ыбырайым жолы екенін жүректен пайда болатын екі түрлі қарекеттік істердің де оған қарсы тағы екі түрлі арсыздық істердің пайда болатынын және бұлардың бәрі жүректің, қанның тазалығына тәуелділігін ескертеді. Сондықтан енді бұл санның жұбы 41 саны болып, «Ғайып ерен қырық шілтен» жер әулиелеріне байланысты ұлттық ақылдың салтымыздың қалай болуын түсіндіреді. «Қазаққа ақыл берем, түзеймін деп қам жеген адамға екі нәрсе керек. Әуелі бек зор өкімет, жарлық қолында бар кісі керек…» Яғни ел басқарушыға өмір салтымыздың, дініміздің, рухымызың тікелей байланысты болатынын ескертеді. «Екінші – ол адам есепсіз бай боларға керек. Аталарын паралап, балаларын алып, бастапқы айтқандай жолға салып, тағлым берсе, сонда түзелер еді…Қазақты я қорқытпай, я параламай, ақылмен не жырлап, не сырлап айтқанмен ешнәрсеге көндіру мүмкін емес. Етінен өткен, сүйегіне жеткен, атадан мирас алған, ананың сүтімен біткен надандық әлде қашан адамшылықтан кетірген..» деп жақсылықтың да екі түрлі жолы болып, ал жаманшылық надандықтың да текке байланысты әке-шеше жүректерінің, қандарының қуаттылық шамасына тәуелділігін ескертеді. Және сөзімнің сыртын емес ішкі сырын жүректеріңнің көзі арқылы түсіну арқылы алмасаңдар босқа әуре болып адасасыңдар деп аманат қалдырыпты. Сондықтан осы 14+41=55 ар ісі, жүрек қалауы сана қуатын меңгеруді «Рахман» деп, аруаққа байланысты екенін; «Қолдағыны (аруақты) қорғап бақ, Мал арзан деп аптықпа…Елу бесте біз дағы Сенісер адам таптық па? Арсыз құмар болғандар Опыр-топыр, шақ-шұққа» деп ескертіпті. Рахман сүресі «Ман» қуатының толық негізі болып 78 түрлі осы ақыл, қайрат, жүрек ісінің қылықтық нәтижесі болып 78 түрлі қуаттық өлшемнен яғни 15 періштелік белгі санынан тұрады. Енді бұл санды жүйелесек; екі қолдағы 7 санды аруақтың бірлігі қайрат, ақыл ісі 14 санымен бір жүректің бірлігі немесе бастағы жұлдыздың, періштенің, адам баласының рух, жан, тән тәрбиесінің жемісі «Насыр» үш бұрышты тәңірлік қуат негізінің пайда болуын көрсетеді. Бұл «Ман» періштесі туралы аятта; «Және олардан жапа шеккендер жүректерінің ашуын тарқатсын. Алла кімді қаласа, тәубесін қабыл етеді.» (9-15) (24) Және бұл қуаттың сабыр қуаты болып, жүрек ашуынан яғни дінге байланысты жан ашуынан пайда болатынын ескертеді. Сондықтан аталарымыз; «Мал ашуынан жан ашуы жоғары болар» деп «Малым жанымның садақасы, жаным арымның садақасы» деп ар-намыстылықтың бәрінен де жоғары тұратын қадірлі қуат екенін ескерткен.
Енді адамзатқа және мұсылмандар үшін басты қағида жүректердің ұқсастығы және бірлігі болып саналады. Барлық адамзат бір-бірімен қиямет-қайымға дейін жүрек арқылы ғана бірігіп, тұстастай бір үммет, бір адам баласы болып қалыптасу керек. «Бір» Аллаға ғана құлшылық жасау дегеніміз осы адамзат жүрегі мен Алланың жаратқан біздердің ақылымыз жетпейтін тылсым әлеміндегі жүректердің бірлігін, бірігуіне иман келтіріп, құлшылық жасау болып саналады. Енді бұл бірліктердің жалпы ғылым сырын білгіңіз келсе онда 1;11;21;31;41;51;61;71;81;91;101;111 санды барлық қуаттардың бірлену нәтижесінің негізігі кітабы 11 санымен белгіленгенін де есіңізге мұқият тоқып алғаныз жөн. Осы бірліктердің тұтастығы жүректерге жарық, жылу, жұпар иіс болып «Менге» айналып зейнеттелуін және жүректердің кеңістікте өз орнын алып, жылу, жарық, сәуле беретін денелік бейнелерін, кісілік нұрын Бір Алла сипаты, таза ақыл деп атайды. Ал бұл қозғалыс негізін де Алла үкімін жеткізіп, тағдыр кітабына аятына байланысты барлық ақпараттарды жеткізіп, қарекеттік бағытын, жаратылыс себептерін қамтамасыз ету үшін бастапқы қозғалысқа керек негізгі себепті «Көздерді» себепші қылып жаратып оны «Біз» (сәуле, белгі) деп атайды. Бұдан жарықтың, сәуле нұрдың жоғары екі сапасы пайда болып, Әл-Фараби атамыздың жоғарыдағы ескерткен; «… бүкіл әлемнің қозғалыс негізі...» пайда болады. Ал бұл жарықтарға енді жылу сапасын беру үшін қызыл түспен бояп және тағы 3 түрлі қозғалыс қарекетін беріп, 5 қуатқа айналдыру үшін, екі жарықтың бөліну ортасынан, алғашқы жаратылыс нұрының тұрақтаған жерінен «Жерден» яғни топыр-ақ, будан алғашқы адамзат денесін, жан, рух періштелер үйін яғни денесін жаратты. Адам атамыздан бастап төрт кезеңді жаратылыс себебі әуелі жаннатта жанның және ақылдың сарайы етіп, күн нұрлы етіп басты жаратты да жүректің негізі етіп Хау анамызды күміс нұрлы етіп жаратқан. Бұл жаратылыстың бәрі көз бейнелі жанат тұрғыны болып кейіннен яғни жаннатта жыныс ағашының сипатын алумен дененің көрінісі, жыныс зейнет мүшелері пайда болуымен жанаттан түсіріліп, қайта жаратылып, киім зейнеттерін алу үшін екі аралықта жүректердің бірігумен және басқалай дене мүшелерін жетілдіру арқылы біз ең жетілген бейнеге еге болған Адам ұрпағы болып, енді біздерге керісінше жүректен бастап жараламыз да, негізінен осы жүректен пайда болатын өз басымызды қалыптастыру керек. Бұл жан сырының құпиялары құран, інжіл және пайғамбарлар нұсқаулары арқылы алдыңғы басылымда терең талдап түсіндіруді қажет етеді. Сондықтан енді қысқаша жүректің аруақтың екінші сатыдағы басқарушы болып саналатынын барлық адам баласының мал қуаты осы жүрек арқылы келесі бір жаратылыс себептерімен байланысқа түсіп, тіршілік етіп сонан кейін ғана адам қаны арқылы яғни жүректің басқаруындағы қарекеттер арқылы 11 санды періштелерге айналатынын есіңізге тоқып алғаныңыз жөн. Бұл періштелік дәрежені Арыстан баба және Құл Қожа Ахмет Ясауи бабаларымыздың еңбектерінде кездесетін 10 жапырақты ортасында негізгі 11-ші кітабы «Құт-аб» бейнеленген мөрлердің сипатынан үлкен басқарушы «Бір жүрек» бейнесінен көруге болады. Ал адам баласының арқа жағында жауырынды толық қамтып тұратын жүректің көлеңкесі «Ғыфыр» атты жан есігі болады. Оның 5 түрлі күндік ошақтары болып, бес атамен байланысты Ақ ұлдың жүрек көзін ашу сырының ғылымы да осындай әлі әлем дін ғылымдарындағы белгісіз, қазақ елінде іс жүзінде белгілі болып жатқан хикметтерге де байланысты. Бұл жан сырының да «Ғыфыр» көзінің араптарға кітап берілмей тұрғанда өз әйелдерін «анамның арқасындайсың» яғни анамның артындағы «Аруағындайсың» яғни жүрегіндейсің деп айтатын болған. Сондықтан жандардың жүрек арқылы бірленуін тұтастығының, періштелік істерін насихаттайтын, беттің нұры, жанның бейнесі 33-сүре «Ахзап» болып саналады. Аятта; «Раббыңның өзіңе уахи етілгенге ілес. Әрине Алла не істегендеріңді толық білеуші. (2) Аллаға тәуекел ет. Ол, уәкілдікте жеткілікті. (3) Алла (Т) ешбір адамның кеудесінде екі жүрек жасаған емес. Анамның арқасындайсың деп серт қылған жұбайларың, аналарың болмайды. Және асырандыларың; балаларың бола алмайды. Бұларың ауызша сөздер ғана. Алла шындықты айтады да Ол тура жол көрсетеді.» (33-4) (37).
Енді бұл аяттағы Ол дегеніміз Алланың біздерді басқару патшалық сипаты «Мен» болып және «Бір» Алла немесе Ол Алла дегеніміздің өзі жоғарғы дәрежедегі ақылмен бірленген адамзаттың біртұтас жүректерінің сипатын көрсетеді. Ал 37; 73 сандық мәндердің өзі Раббымыздың жер бетіндегі себептік сипатын Нұр-кісіні ескертіп және көрсетіп әшкере қылып тұр. Тура жолға салыну дегеніміздің өзі осы санды сүрелерді меңгерумен 37+73=110 істердің толық бейнеленуі, Алла тағаланың алдында көрінуі «Насыр»-110 болып, еркектің 70 санды меттал-металоид негізімен, әйезатының 40 санды түрлі сападағы қышқылдарының қосындысының бірлігінен яғни жарықтан, жұпар иістен тұрады. Сондықтан адам баласының толық намазы да, тектілігі де, тура жолға түсуі де ана тілінен нәр алған анасының аруағынан пайда болатын жүректің ғана иманмен зейнеттеліп толық мәнді «Ман» қуатын меңгеруге тәуелді. Бұл жағдайдың ақиқатын; «Сендерге Алла екі жүрек жасаған емес» деп ескертумен бірге «Сондай жұбайларын зиһар еткендердің (анамның арқасындайсың деп) әйелдері аналары емес. Олардың аналары өздерін тапқандары ғана. Сөзсіз олар теріс әрі өтірік сөз сөйлейді. Шынында Алла тым кешірімді, ерекше жарылқаушы.» (58-2)Адам баласының жүрегі анасының арқасынан яғни артынан ерген аруағынан; «Ұжданнан» пайда болады. Ал, ол шешесіне де әкесінен келген қасиет, қабілет, періштелік қуаты болып; «Ұлдың жақсы болуы нағашысынан» деп жүректің жағдайын аталарымыз ескерткен. Бүкіл адам ағзасы болсын, мейлі қандай жанды жаратылыс егесі болсын, барлығының жұбы, пары болып, тек жүрек қана «Бір» болып жаратылатынын ескерсек, онда адам баласының ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік, т.б. ерекшеліктері тек осы жүрекке берілген зейнет несібемен ғана жаннаттан өз орнын алады. Енді адамзат жүректері аспан мүлкі жұлдыздары болып саналады да, ал осы жұлдыздар барлық жер әлеміндегі адамзатқа ортақ мүлік болып есептеледі. «…материалдық заттар қатарындағы аспан денелері табиғат әлемінен биік саналады. Ал, мұнан жоғарғы санатына өзінің тіршілігінің себепшіні (көздерді, жүректерді) ғана жатқызымыз. Тіршілік иесінің мұндай себепшісіз болуының өзі ақылға сыйымсыз.» (Әл-Фараби) Адамзат және жаратылыс тіршіліктерінің аспан денелері жараталысының негізгі қаракеттік себепшісі болып саналатын күн, ай, сайрандар (планета) әлемінен сана қуаттылығы болып жоғары тұратын жарық алтын түсті жұлдыздар мен және ақ түсті құс (аққу) жолын (млечный путь) ескерткен дана атамыз. Бұл жолды «аспандағы қанатын жайып ұшқан құстарды көрмейсіңдер ме? Оны Алладан басқа кім ұстап тұрады» деп ескерткен Раббымыз. Осы құстар жолындағы сайрандарды тұтас біртекті болғандықтан «Бір» деп атаймыз. Және адамдар жүрек ісімен байланысты болып, осы «Ақ жүректер», « Аққу құстары» арқылы адамзаттың дінінің бірлігі қалыптасатынан аятта; «Және Ол мүміндердің жүректерін қосты. Егер сен, жер жүзіндегі нәрселерді тұтас сарып қылсаң да олардың жүректерін қоса алмас едің. Бірақ Алла, олардың араларын біріктірді. Расында Ол, өте үстем, аса дана.» (8-63) (71).
Ал енді жүректер қалай дәрежеленіп қалай қосылу керек? Әрине адам баласының тіршілік өмірінің барлық істерін қамтитын жүректің ақирет өмірінің барлық себептерінің атқарушысы Құран-кітапқа айналумен және құран аяттары арқылы зейнеттелумен, біртекті тазалықтарының, қасиеттік жағдайларының қалыптасуымен ғана қосылады. Сондықтан Құран ғылымына сүйенсек жүректердің үш сипатты сандық, кітаптық белгісі болып; 107; 103; 7; мәндегі барлық аяттар мен сүрелер, жүректің ғылымын түсіндіріп баяндап тұр. Білімді, ғылымды ағайындарымыз бен әлем діншілерінің алдында да бұл сөзіміздің ғылымын анық айқындайтын үш түрлі аспан әлем жаратылысымен байланысты құпия сызықтық белгісінің бар екенін де ескертіп кеткеніміз абзал. Сан мен сызықтың арасындағы қатынастарды меңгермей зерттелуге тиісті ғылымның да мәні дұрыс айқын болмайтынын Әл-Фараби атамыз ескертіп кетіпті. Олай болса, сандар ғылымына сүйенсек, «Ақ»-ақиқат-«Ағраф» жүректердің мекені болып, 103-Ғасыр яғни мезгілдің ғылымы да адамзат жүректерінің қозғалысына, тазалығына тәуелді болса, 107-Мағұн сүресі діннің барлық ғылыми негізін қамтитын жүректер ісінің көрінісін, заманың бейнесін, намаздар мен құлшылық істерін ескертіп тұр. Абай атамыз 107-санын; «Қарашада (11-ші айда) өмір тұр, Тоқтатсаң, тоқсан көнер ме? Арттағы майда көңіл жүр, Жалынсаң, қайтып келер ме? Майдағы жұрттың іші-қар, Бәйшешек қарға өнер ме? Ішінде кімнің оты бар, Қар жауса да, сөнер ме?..» Жүректің қалыпты жұмыс істеуі арттағы құйрық майға және әйел құйрығынан бөлінетін суықтық қар-натрий өніміне тәуелді екенін ескертеді де, жүректің бәйшешек болып, ана қанында қайтадан өнім беретінін сондықтан әйел заты «суықтық» салқындатушы «Қатын» болып, егер құйрық майы шамадан тыс қалыптасқанда қан құрамында, тәнде «Қардың» пайда болып, ұрпақ өнімін қалыптастырмайтынын астарлап көрсеткен. Сондықтан да «Бәрінен де қой бағып құйрық жеген озар» деген мақалдың жан сырын дәлелдеген. Аталарымыз бала кезімізде құйрықты өз мағынасымен «к..тен жеген озар» деп айтатын. Бұл сөзді ұят, жаман сөз деп тағы «Көтібар» деген қасиетті аттардың да осындай жан сырын, тектілігін «Өт»-інің йодының молдығын ескертетінін сөздік ұғымнан шығарып тастадық. Сондықтан кімнің жүрегінің жағдайы қандай екенін құйрықтың зейнет сызықтары мен құрлысының кеуде өлшемінің ара қатынасының 4/1 (4; 0,25) сандарының шамасына тәуелді түрде анықтауға болатынын аталарымыз сол білімсіз заманда-ақ анық түсіндіре білген. Адам баласының ар-намыстылығы да, ұяты да осындай зейнеттерін қорғау мен тәрбиеге тәуелді екенін, ал барлық малдардың, 200 қара кісінің (ет, сүйек, ағзалардың) яғни тәннің нәпсіге байланысты, жүрек ісіне бағынышты рухани сүннеттелудің нәтижесін 207-санымен; «Ұяламын дегені көңіл үшін, Ұсақ қулық бір ғана өмір үшін. Татымды достық та жоқ, қастық та жоқ, Жігері жоқ, маңызы жеңіл үшін. Жалығу бар, шалқу бар, іш пысу бар, Жаңа сүйгіш адамзат, көрсе қызар. Ар мен ұят ойланбай, тән асырап, Ертеңі жоқ, бүгінге болған құмар. Туысқаның, достарың-бәрі екі ұшті, Сол себепті досыңнан дұшпан күшті. Сүйсе жалған, сүймесе аянбаған, Бұл не деген заманға ісім түсті?!..»Ар мен ұяттың екі түрлі негізде болатынын яғни ар дегеніміз намыс-«Ман», мұсылмандық екенін ескертеді де заманың түрлі зұлымдықтарын, сынақтарын тудыратын жалпы халықтың жүректерінің жабылуынан деп ескертеді. Дін имамдарының, ғалымдарының адам өлгеннен кейін қиямет-қайымда бір-ақ тіріледі дегені өтірік. Әлемде әрбір секунд сайын милиондаған жүректер тіріліп, миллиондаған жүректер өліп, өмір тынысын жүргізіп тұрғаны хақ. Әрбір тірілген жүрек қайта дүниеге келіп жер басу үшін әуелі ұзақ уақыт жаратылыс сатыларын аралап, өз денесін туысқанын іздейді де және әрбір адам баласының артынан жығылып, сүрініп жүріп, тұрып еріп жүрген; «Жүр» және «Ек» бар. Сондықтан еркектердің артынан рухқа, сөзге, жынға байланысты қайраттың «Ек»-тердің, егушілердің еретінін, ал әйелдердің артынан тілге, нәпсіге, жанға байланысты «Жүр»- «Ен»-ушілердің еретінін және олардың арасын «Не+Ке», (Не-Жүр+Ек-Ке) Алладан басқа қосушының да болмайтынын ескеріп, екі жарты бір бүтін болуға да, жұбайлық өмірдің діннің, иманның негізі екеніне де сенім келтіру керек! «Әйел мен еркек кәсіптерің бөлек, бір-біріңнің артықшылықтарыңа қызықпаңдар!» деп Раббымыздың ескертуінің де сыры біздердің «гендерлік теңдік» деген адамзатты азғындыққа, арсыздыққа апарып соқтырып, оны қолдаушылардың шайтанның жамағаттары болып табылатынына және осымен өз ұрпақтарының да болашағына балта шауып жатқан ұлттық та, адамгершілік те намыстарынан «Ман»-дық қуаттарынан, аруағынан, жүректерінен, ұждандарынан ажырағандар екенін білгеніңіз де жөн.
Абай атамыз бүкіл ғалам қозғалысының негізі жүректерге тәуелді болатынын; «Жүректе көп қазына бар, бәрі жақсы, Теңіздің түбіндей-ақ қарап бақшы. Сол жүректен жылылық, достық пенен Бұрақша ағып ғаламға тарамақшы…Жүрек теңіз, қызықтың бірі-асыл тас, Сол қызықсыз өмірде жүрек қалмас. Жүректен қызу-қызба кете қалса, Өзге тәннен еш қызық іс табылмас. Достық, қастық, бар қызық-жүрек ісі, Ар, ұяттың бір ақыл-күзетшісі. Ар мен ұят сынбаса, өзге қылық, Арын, алқын-бұл күннің мәртебесі…» Енді адам баласының барлық намаз оқуы, құлшылығы, тіршілігі, дінінің мақсаты да тәндегі жүрекпен қоса ақирет жүректерінің де қалай тазартып жәрдем беруге байланысты жаратқанның үкімі арқылы, тылсымда аруақ болып бейнеленген жүректердің қуатқа, періштеге айналып, жүрекке иман болып зейнеттелумен адамзаттың жүректерінің араларының қосылып, бір-біріне хабар беріп жол көрсетуіне, қандай адам баласының жобасын кітабын-жүрегін алуына байланысты ғана адамның да бақыттылығы, бақытсыздығы қалыптасады. Адам баласының артынан еретін күзетші жүрек жұмыс беруші аруақты Шәкәрім атамыз; «Шын досың саған не берді, Соңыңнан сенің неге ерді? «Арам да болсам ақтасын, Күнәма керек»-деп ерді. Еш нәрсеңді алмайды, Жұмысы келсе жалдайды. Күй, отқа түс, суға түс, Арам да болсаң қалмайды. Шын жолдасың осы ма, Осылар жанның досы ма? Ақ ісіне адам жоқ, Адамнан тіпті шошыма!..» Артыңа ерген «Ман» қуаты Адамнан шошып көрсеткенінен қашпа және болашақта мерзім болып келуім хақ деп, төбеден бақылап тұратын періште аруаққа «көзге» айналып, оның арттағы ерген жүрек «аманат» арқылы «Ек», «Ен»-аян болып хабар жеткізетінін; «Болып едім ой құлы, Ойым кезді бір жылы. Кезген ойым арқылы Жүрегіме жаздың хат! Баспасам да ізіңді, Сезбесем де сызыңды. Көрмесем де жүзіңді, Тиді бізге аманат. Жазған хаттың сырымен, Жарқыраған нұрымен, Тазарып жүрек кірінен, Қайғыдан басым болды азат!» деп және біз дегенің «Насыр» періштесінен дәрежелену арқылы көздерге айналған бастарды ескертеді. Сондықтан әрбір адам баласының жүрегі аққу сияқты жаратылыстағы ғайып болып жүретін, ақиреттік өз жүрегінің жартысын іздеумен жаратқанға жалбарынып құлшылық қылады. Ол үшін де ар, ұят, ұждан, «Ман» бастауының қуаттарын қалай тазалап алу жолдарын, діни салт-дәстүр, әдет-ғұрыпты білу ғана емес заманына сай жетілдіріп намаз қылып орындау керек. Енді бұл жағдайды алдағы басылымдар еншісіне қалдырамыз. (Ар мен Уақ және Ман қуаттары атты 6-кітаптан үзінді