ШЫНДЫҚ –АҢЫЗ, ШЫН-ДЕРЕК  

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №6 101

Шындық пен шынның да бар айырмасы,

Түс көрмек адамзатқа бұл парасы.

Түстегі шындықты жору керек,

Ал шын түс бар, айқын болған оқиғасы.

Тарихта әпсана бар түс секілді,

Бірі аңыз бірі оқиға күн, түн секілді.

Аңыздар ертегі болған бағзы заман,

Бүгінгі шын оқиға өнер, білім пайдаң.

Самұрық құсқа де мінген бабаң,

Кілеммен ұшқан деген аңызда бар,

Адамзат қиялы ма әлде қайдан,

Түрлі-түрлі құл темір шынға айналған.

Ойды осылай жаратқан Алла тағалам,

Ойды қайдан алғанын білмес адам,

Шәкәрімдей әулие мысал беріп,

Жан ғылымы қазақта мирас қалған.

Аңыздың бір сипаты шындық деген,

Құран да аңыз, түсірілген  шындықпен.

Талай аңыз бүгінде шынға айналып,

Адамзатқа білім-ғылым, өнер берген.

Аңызды кім жасынан сүйе білген,

Қиялы ұшқыр ой қуаты тез жетілген.

Ойды баста Ақ қылып жаратқанды,

Адамдық ақтан аят аңыз терген.

Қазақтың ойшылдығы аңыз білген,

Жаратқанның аятын белгі көрген,

Аң, құс, тау, тастан, өсімдік шөптерден,

Тек қазақ құранның аятарын оқи білген.

Жер әлем жаратылыс тұтас құран екен,

Құранның кітабы боп адам жүрген.

Бәрінен адам жаны күшті өсімтал боп,

Адамдық, махаббат, Ар боп түскен,

Құдайдың бар екі сипаты денеменен,

Арың –Ақ орын сауыт мекен екен,

Уақтығың бар періште мекені боп,

Аруақ — құдай қолы,  өзі деген.

Бұл аңызды ата-баба жетік білген,

Шындық боп бейнесі шын боп келген

Масһабшы надан мұны ертек көрген

Аңыз ғып қазақтың ақыл-ойын,

Қазыққа байлап, есек қып мініп жүрген.

(тамыз 2014 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *