Қармау (94)

Бөлім: Зікір өлеңдер 48

Тағдырдағы жамандық,

Күнә мен қылық, арамдық.

Кетсін десең қам жаса,

Ет мал, тері ағартып.

Қамсыз жүріп ақсынып,

Қамқораздық танытып.

Өкінгеннен не пайда,

Шалса аяқтан жамандық.

Шешілер көкте тағдырың,

Бастағы кие бұл сының.

Маңдайға бұл жазылған,

Құпия сырлы жарығың.

Озмыш жоқ деп тағдырдан,

Сылтауды кімің қылдырған.

Қол ісің екі ақталмай,

Байланар ақыл жалғаннан.

Жеті атаң жүгін тазартсаң,

Қосылар қуат әруақтан.

Тазартасаң толық әулетті,

Жеті ата жеті құраннан.

Жүректің көзі ашылар,

Қаныңда ғылым дәні бар.

Бақшасын ойдың өсірмек,

Бақ қарап қыдыр дарытар.

Маңдайдан көзің ашылса,

Ұждан құс көкке самғаса.

Тағдырға көктен жазуды,

Жаныңа білім жазылса.

Бір қуат көкке қарманған,

Өтеді көк, жер шек арадан.

Боласың таза аруақты,

Байлығын көкке жинаған.

Тағдырың уақыт байланған,

Артқыдан ескі жалғансаң.

Кешегі, бүгін, ертең шын,

Құдайдан шындық қосылған.

Түгелдеп төртін қарманған,

Тағдырдан алға оза алған.

Жазмышты жаңа ашумен,

Пайғамбарлық қасиет үлгі алсаң.

(Тамыз 2018 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *