Ашық дәлелдерге, хикметке серік қосу туралы.

Бөлім: Ата жолы кітабы №5 61

      «Рас үстеріңде жеті жол жараттық. Сондай-ақ жаратқандарымыздан хабарсыз емеспіз.» (23-17) Бұл аятпен жеті жолдың барлық адамзатқа ортақ тағдырлары мен кітаптарының хабарларын жазылатынын ашық ескертеді. Ал бұл жолдардан хабарлардың түсуін аятта; «Барлық мақтау Аллаға лайық. Ол, сендерге белгілерін көрсетеді. Сонда оларды танисыңдар. Сондай-ақ Раббың істеген істеріңнен хабарсыз емес» де» (27-93) ескерткен. Енді аяттардың жеті жол және адамзат істерінің хабарлары болған Құран аяттардың білімдерін жүйелесек; пайғамбарлар тарихынан өнеге; 1000 аят, Алла тағаланың пенделері жайында; 1000 аят, 1000 аят патшалар туралы, 1000 аят иман шарттары туралы, 200 аят сауда-саттық туралы, 300 аят мал мен зекет туралы, 600-ден астам аят неке, әйел, зинақорлық және діл туралы, 100 аят ораза туралы және 200 аят адамдар оқитын дұға ем-шипалық маңызын көрсеткен аяттармен және осындай 9 түрлі бейнеленген істердің жаратқанның себептерінің белгілерін арнаулы сандармен және дәлелдерінің көрінісін құранның білімдік негізін қалайтыны да хақ. Ал енді мұндай аяттардың мақсат, бағытын, намаздық амалдарды орындау ерекшеліктерін дін ғалымдары ескермей немесе мүлде жоққа шығарып, тек басынан аяғына дейін арапша оқысаң болды, рахат сезімге батып, жаннатқа кіріп кетесің деген ортақ қосу пәтуаларын былай қойғанда, еліміздегі болып жатқан хикметті көріністерді жын-шайтаннан деп, халықты қаралай үркітіп, өздері серік қосқандарын білмейтін хазіреттеріміз, дін имамдарымыз да жеткілікті. Ал жаратушымыз: «сендерге негізінен шайтанның ықпалы жоқ» деп ескерткенін, яғни  шайтаннан болған жаратылыс себептерінің діні толық ақылы сау адам баласына хикмет көрсете алмайтынын, ондайлардың сиқыры қара күштердің, түнектің әсері, амал-айласы тек дінсіз, есі кем, шерік қосушы жын қуаттары шайтанмен қосылып кеткен мастарға ғана ықпалды болуын мүлде қаперге де алмайды. Сонымен бірге адамзатқа келетін, заманға қарай түсіп тұратын өзгеріс хикметтердің хақтығын аталарымыз қияметтік ауыр жағдай, қиямет мезгілі де ескертіп; «Көктен Ғиса, жерден Мәді шығады» деп нақыл қалдырыпты. Ал Раббымыз тосыннан адамзатқа келетін мұндай хикметті құбылыстарды аят арқылы ескертіп кетіпті; «Күдіксіз Ғиса қиямет мезгілінің белгісі. Сондықтан оған күдіктенбей Маған еріңдер. Міне осы тура жол. (61) Сендерді шайтан тура жолдан тоспасын. Өйткені ол, сендер үшін ашық дұшпан. (62) Ғиса мұғжизаларымен келген заман, оларға; «Мен сендерге хикметті келтірдім. Алладан қорқыңдар, Маған бой ұсыныңдар» деді» (43-63) Сонымен қандай да бір Раббымыз тарапынан келген хикметтерге бой ұсыну «Маған құлшылық қылу». Яғни Алла тағаладан келетін рухани хабарларға бой ұсыну болып, ата жолындағы жалпы қазақ еліндегі Ақ ұл арқылы атқарылған жүрек ашу мұғжизасы мен аруақтардың бата беруі «Менен» және «Маған құлшылық қылу» екенін, Ғиса пайғамбардың аруағының, періштелік қуатының көктен түсуімен болған хақиқатын растайды.  Бірақ біздердің исламдық дін білімінде, яғни масһаб «Фиқһ» білімінде, қандай нәрсенің, барлық себептердің, қуаттардың Алладан болатын хикмет екенін және қандай себептердің қара түнек әскерлерінен, шеріктерінен пайда болатынын ғылымын меңгермеуден, яғни мұндай хикметті «Тіл білімі» түгіл ата-бабамыздан бері жалғасты келе жатқан аруақтық, ақирет білімі яғни діл білімінің де жоқтығын көрсетеді. Сонымен бұндай жағдайда сөзіміз пәтуалы болу үшін тіл білімінен, аталар меңгерген ақирет аруақтық білімі болған құпиялардан аз ғана мысалдар келтіре кетейік;

      Осыдан 5-6 жыл шамасында түнде 4-тер шамасында үйдің жанына көлік келіп тоқтап, дабыл қосып, шақырғасын көшеге шықсам, мешітіміздің бас имамы мен қасында көмекшілерінің бірі бар; «Бір жігіт ағасы болған пенде егеуқұйрық тышқанды өлтіріп, шайтанның қаны деп көтеріліп ауырып, соған бар танитын қариларды шақырып, мешітте оқытсақ та әсер бермеді» деп өтініш айтқан соң, ертеңіне ол дерттенген жігітті ордаға әкелдіріп, бір жетіден аса емін алып, беті бері қарағасын, аз уақытқа дем алыс беріп және тездетіп әулиелер басына түнетумен Түркістан арқылы өткізуін ескерттік. Және ондай аурудың үй ішіндегі жан ұядағы мүшелерінің бірімен теріс қуатты рухани күштердің бір-бірімен тығыз байланыста болып, екінші жартысы сау адамның ішінде өзін байқатпай отырып, ондай рухани байланыстағылар; алыстап кетсе бірін-бірі ерекше іздеп сағынып, ал жақындап кетсе, ұрыс-керіске жанжалдасуға сылтау іздеп және ашуландыру арқылы әлсіз ауырған адамға ауысып қайта дертін көтеретінін ескерттік. Және осындай іштегі жыландардың кеселі көбіне ерлі-зайыптылар арасында жиі кездеседі де, от басылық ұрыс-керістің басты себебімен өзара хайуандық, нәпсі құмарлықтың пайда болуымен де көрінісін табады. Сондықтан бұндай кәпір жыннан аластатылғандарды жыныс қатынасынан да және түрлі ойын-сауық дегендерден белгілі уақыттармен шектеп және ерекше күтімді қажет етеді. Осындай  қағидаларды мүлде сақтай алмай және «Түркістанға зияраттап барған серік қосу, құран арқылы Аллаға мадақ айтып, еске алып және әулиеге арнап құрбан шалу да жасырын серік қосу» деген ұғым муфтият дін ұстанымында; ақылдарына «жын-жүк» болып және жүректеріне кіріп алғандықтан ба, әлде аманаттар орындалмай және де өздері артынан көптеген сынақтарға түсіп, әйтеуір қазіргі таңда бұрынғысынан жақсы адам қатарында өмір сүріп жатқан жайы бар. Бірақ енді ислам құндылығына, хикметтерге де иман келтірдік деген діншілердің  құранды жатқа білген мешіт арқылы дем салынғаннан жазылмаған рухани кеселден қазақтың қамшысынан сауыққанын сиқыр емес екенін, айқын ашық дәлелдермен көре тұра; аруақ заңдылығының шариғаты мен масһаб білімі де жоғары тұрғанын мойындау орнына, қайта ұмытыла бастағаннан кейін; «ата жолында орда ашып, шырақ жағып, халықты тазалыққа шақырушылар серік қосушылар» дегенін, осындай ашық хикмет дәлелді көргендердің ортасында да қарсылық пәтуаларымен қайта жыл өткен сайын үдетпесе азайған жоқ. Және де біраз уақыт өте сол мешіттің имамының көмекшісі болған жас бала үйленіп, бір шаруамен үйіне іздеп бара қалсам, жақында түскен келіншегі қабырғаны тырналап жылап, ал өзі құшақтап алып, жалынып, жібермей жатқан үстінен түстім. Құраннан арапша сабақ беріп жүреген молданың қанша жатқа оқыған; «Ясин, Аятул күрсі» сүрелері әсер де бермеген екен. Сонан оны да ордаға әкеліп, бір ай емін алғаннан кейін құлантаза жазылып, оған себеп әйтеуір Түркістан болмаса да садақа бергізіп, Алматы маңындағы бес ата мен әулиелерді зираттауға көндіре алдық. Және мұндай жағдайда рухына шерік те, серік те қосылмай керісінше; Алланың рахметі, нұры келіп, артынан бала көтеріп, жан ұясы сәбидің күлкісіне толып, бірақ өкініштісі сол дін қандасымыз артынан; «ол кісінің жасап жатқандары дұрыс емес»- деп мешітке келген жастарға әңгіме таратып, ақыры өзі сынаққа түсіп, қызметінен айырылып тынды. Бір мешіттен екі ашық хикметке куә болса да, әлі кезге дейін әулиені аралап, шырақ жағып, халықты арамнан тиып, жақсылық істегеннен «ислам дініне зиян келіп, жаратқанды әлсіретіп жатыр»,- деген ойларынан, пікірлерінен мүлде қайтар емес.

       Тағы бірде, осындай облыстарды аралап, сапарлап жүргенде; 23 жасынан бастап көтеріліп ауырып, сонан күйеуге де шықпай, масһабшылар жетелеуімен мешіттің тұрақты тұрғыны болып, 16-17 жылдай намаз оқумен емделмек болған, 40-қа келіп әлі күйеуге тие алмаған кәрі қыз баланы әулиелер аманатын алғасын, амал жоқ, екі жыл соңынан қалмай жүріп, ақырында Алматыға әкеліп, туғандарынан жасырын емдеуге тура келді. Оған себеп, қамшымен ет пен тері арасындағы ұясы шайтанын өлтіргесін, тәнде «ашуы, көктігі-ашыған жыны» түрлі белгілермен бейнеленіп, оған шайтан адамдар, заң қызметінде істейтін туғандары көрсе арыз жазып, сотқа шағымдануға да тайынбайтын еді. Бұндай жағдайда кейіннен шайтан әскерлері қазақ елінде жаппай жеңіліс тауып, ата жолы үстемдікке жете бастағанда түрлі сылтаулармен, шайтан адамдары бір-бірімен хабарласып, өздерінің жамағаты, қолдаушысы болған ел басшыларын да мақұлдатумен, артынан заңдар шығарып, ордалардан қамшы, аса таяқ, т.б. аталардың дәстүрлі құралдарын алдыртып, үкіметтен емшілікке арнаулы ауруларды ғана емдеуге ұлықсат қағаздарды алуды, яғни енді құдайға тәуекел етудің орнына заңдастырылған қағаздарға сенім келтіргендіктен, құдай патшалығының иманның негізгі шарты да бұзылды. Ал иманын бұзбай, жұмысын жалғастырып, халықты арамнан тазалап, иманды өмірге шақырғандарға  аралап жүріп айыппұлдар салып, онан кейін шайтан адамдарға ата жолын дүние арқылы жаулауға жол ашылып, үкімет, заң, ел басқару орындарымен байланысы бар жеке кәсіпорындар арқылы заңдастырып, ойына келгенін істеп, енді қарапайым тән тазалығын сақтау түгіл рухани тазару да тоқтап, сондықтан да бата бұзылып, таза ақпараттардың жетімсіздігінен енді ата жолы адасқандардың, дісіздердің, жын-шайтандардың жолы деген халық арасында пікірдің қалыптасуына зор ықпалын тигізді. Сондықтан қиямет мезгілінде жоғарыдағы аяттардың үкімі болып, Ғиса пайғамбар аруағы көктен, ал Мұхаммед пайғамбар аруағы жерден шығатын уақытты «Хақиқат келу» деп атаған. Сонымен аятта; «Хақиқат келді. Негізсіз нәрселер жойылады. Сөзсіз, бекер нәрселер жойылады» де (81) Құраннан мүміндерге шипа және рахмет түсіреміз. Ол, залымдардың зиянын тым арттыра түседі.» (17-82) Міне, осы аяттың үкімі қазақ жерінде рахметі-бата болып, ал ем-шипасы негізінен әулие бастарынан хикметпен көрінісін бере бастауы мұң екен, бүкіл исламдық діни сауатты аталғандар өре көтеріліп, өздерінің залымдықтарына ел билігіндегілерді де куә қылумен және жәрдемші қылып қатарларына тартып алғаны да хақ. Сонымен; «ата жолында жын-шайтан арқылы ем жасайды» деген пәтуамен дін хазіретіміздің өзі бас болып, құранның мына аятына; «Шын Мен Мұсылмандарданмын» деп, Аллаға шақыра отырып ізгі іс істеген кісіден сөз тұрғысынан жақсы кім бола алады.?» (41-33) Тілді кәлимаға келтіруге және қандай да бір жақсылық сөздермен исламға шақырып, құран аяты арқылы іс қылған қандайда бір адам баласының амалын дұрыс емес, жамандық, яғни «шерік, серік қосушы» деп айыптауға болмайтынын, керісінше ең жақсы мұсылман екенін ескерте отыра Раббымыз; «Жақсылық пен жамандық тең емес. Жамандықты ең көркем түрде жолға сал. Сол уақытта сені мен екеуің араңда дұшпандық қылған біреу (ЖЫН), өте жақын достай болып кетеді.» (34) Бұл қасиет сабыр еткендерге ғана нәсіп болады. Сондай-ақ бұл сипатқа зор несібелілер ғана ие бола алады.» (41-35) деген аятпен ата-жолындағы ем-шипа істерінің 41-санды «Ғайып ерен қырық шілтенмен» және 35-санды тылсымнан хабар алумен, жүрек мөрінің жағдайымен байланыстылығын сандар тағлымы арқылы да ескертіп тұр.  Және 41+35=76  санның мәні де Мұхаммед пайғамбарымыздың Ахметтік сипатын, Тәуратта берілген белгісімен қиямет мезгіліндегі есеп беру мен пайғамбарымыздың шапағатының көрінуін «Інсан» сүресімен ғылымын да ескертеді. Сонымен; «Бұл қасиет, сабыр еткендерге ғана нәсіп болады» деген ескертудің өзі, Раббымыздан міндетті түрде өз қауымы ішінде сыналатынын және бұндай қасиетті меңгеру жолында ондайларға ашық жала мен қудалану болатынын, шайтан пенделердің зұлымдықтарын жеңе білуді де ескертіп кетіпті.  Бұл аяттың үкімін теріске айналдырумен және осындай сабырлық қуатты меңгеру жындардан тазарту істерін меңгеруге аяқ басқан ата жолдық қауымды қудалауда алдына жан салмаған ел билігі мен «намазхан» аталған  шайтандар жамағаты көмегімен еліміздегі шайтан адамдарының алғашқы жеңісін қолдаған муфтият дін имамдарымыз мешіттерде қалай жазаланып, мазақталып жатқандығымызды ашық  мақтанға айнала бастағасын, амал жоқ, тілді тістеп, енді бұндай істерді, қасиеттерді меңгеріп жетілдіруді жасырын көрсетпей пайдалануға және жетілдіруге тура келді. Сонымен, әйтеуір қамшымен емдеуді тоқтатпай жалғастырудың нәтижесінде жаңағы қызымыз жазылып, жақсы болып жүріп, кейде кенеттен кәпір жыны неге қайта қозатынын таба алмай, бас қатып жүргенде, бір алыстан келген үлкен кісі аққуымыз: «Ана қыз не оқитынын білмеймін, арқамды теріс қаратып тұрғанда мұздай бір нәрсе келеді» деп ескертті. Осыдан кейін оны аңдып, кенеттен кіріп келіп, оқып отырған «Мұсылманда қорғаны» атты кітаптың бетін сол қалпында тартып алып қарасам, әр түрлі бәле-жаладан қорғайтын дұғаларды, яғни құранда ескерткен Сүлеймен пайғамбарымыздың кезінде оқылған, жын-шайтанға қарсы пайдаланатын дуаларды жаттап жүр екен. Бұл дуалар исламның араптарға келген кездерінде, мүмкін жүздеген жыл бойында дұрыс болып саналғанмен, оған қарсы дін білімнің, құран аяттарының емдік қасиеттері ашылумен де күнәлі істер де көбейіп өсуімен де түнек күштердің де осындай сөздерді қарсылық заңына айналдыра білетінін ашық хикметке кездесу барысында, енді ұмытпайтындай сабақ алған болатынмын. Сондықтан сәл шегініс жасап түсінік бере кетейік;

      Бірде осындай кеселдерді емдеуші «қожамын» деген кісімен әулиелер басында кездесіп, маған сен осыны меңгере аласың, ауруларды өсімдіктерге де малдарға көшіріп жіберуге болады, тек байқамасаң, оқу тәсілін сақтамасаң, өзіңе зияны тиеді деп ескертуімен бір дұғаларды ақ шүберекке жазып беріп, оны бір көтерілген жас жігітке, түнде әр түрлі әрекетке барып, жұрттың мазасын алып қоймағасын пайдаланып көрдім. Үйде жарық жоқ еді, бірақ ай сәулесі есіктен қарап, үйдің іші жарық болып тұрды. Сонымен науқасты алдыма отырғызып қойып, әлгі үйренген дұғаммен дем салып отырған кезде, оқуды аяғына жеткізбей, әлгі жігітім тұрып шығып кетіп қалды. Сонан мен сол жерде қалып дем алып жатқанда, бір ерекше қозғалыс басталып, екі құлақтың тұсынан келіп бір алапат күш қыса бастады. Басты қозғалту да мүмкін болмай, арпалыс басталып та кетті. Сонан не керек, енді жеңілдім деген кезде, көкейге бір аятты аруақтың салуымен әлгі қысып жатқан нәрсе босатып жіберді. Есік жаққа басымды қаратып жатқан едім, сонан есікке қарай басымды бұрып қарасам,  ай сәулесі түсіп ашық тұрған есіктен домалақ қара шар тәрізді нәрсе ұшып шығып кетіп барады екен. Сонан кейін ондай дұғаны тығып тастап, бұл оқиғаның қорқынышы сейіліп, әбден ұмтыла  бастағанда, осы дұғамен тағы бір дертті кісіге ауруын басқа денеге көшіріп көрсем, жәрдем беріп, азабы да тез жеңілдер деген ізгі ниетпен, әлгі дұғалар жазылған кітап пен шүберекті де  іздеп таба алмадым. Сонымен бір жеті өткенде Қарасай ата басына жол түсіп, Жақып атаның батасында; «Екі жолдың ортасында тұрсың, қара бақсылық пен ақ бақсылық, ібілістің аңдып жүрген жайы бар» деген ескерту алып, бұл батаның неге бұлай түскеніне түсінбей және шешімін де таппай үйге сапардан оралғаннан  кейін кітаптар, жазбалар салынған жәшікті ашып қалсам, алдында қайта-қайта ақтарып, екі-үш күн бойы іздеп таба алмаған дұға және сондай ем-шипасы тиеді, сауықтырады деген алуан түрлі арапша дұғалар жазылған кітабым көз алдымда тұр. Сонан кейін ғана мұндай құпия дұғалар түгіл, арап танушы ғалымдардың елімізде қаптатып шығарып жатқан, түрлі «мұсылмандар қорғаны», «шипала дұғалар», т.б. арапша мағынасы белгісіз, түрлі жағдайларда пайдаланатын дұғалардың жын-перлерімен, шеріктермен келісім жасау, қара күштерді бір-біріне қарсы қою мақсатында мыңдаған жылдар бұрын тиімді болғанымен, енді адамзатқа қарсы зиянды күштерді ғана қалыптастыруға, яғни дін ғалымдарының «шерік қосу» амалын өздері насихаттап қана қоймай, тұрақты амалдарға айналдырып алғанын да естен шығармаңыз. Сонымен бұндай дұғалар мен  амалдар арқылы  қара бақсылықтың жолына түсуге болады да, ал ондай нәрселердің ақ-қарасын, пайда-зиянын  меңгеріп, қара күштерге қарсы тұра алмағанда немесе  сәл ғана дүние, нәпсілік, пенделіктермен қателік жасаса, аяқ астынан жынданатын, арап елдерінде және ислам әлемінде болып жатқан рухани кеселдердің басты себебі екенін түсініп, өзім білетін шәкірттердің бәріне түсіндіріп тыйым салдым. Бірақ, өкінішке орай, бұндай рухани екі ұшты жағдай қазақтың қасиет егелерінің арасындағы ғана емес, жалпы діншілер арасына, сопылық жолдамыз дегендер мен «намазхан» аталған жастардың рухына келген, енетін жегі құрт болғанын және бастарына тікелей келіп азапқа түспей, оған білімді, зиялы ел басқарушыларының да өзінің жан ұяларына, бастарына да келмей тыйым болмайтыны сөзсіз.

    Еліміздегі болған жастардың бүлікшіл, «террорист» болып адасуларына осындай түсініксіз дұғаларды пайдалану, арапша дұға жасаудың да әсерлері болғаны хақ. Бұл исрайлдықтардың жүрегіне кірген бұзау сияқты, арап тіліне шексіз табынудан пайда болған одан да зор ықпалды кәпір жынмен жүктеліп, жүрек көздерін ашылмауына және сананың ашылып, қанның тазармауына үлкен әсері бар. Осындай дұғалар әсеріне жүгіну және қолдан істелген нәрсені Құдайдан келген хикмет деп түсіндіріп, шәкірттерді жіпсіз байлап, аю қақпанға түсірумен, барлық  исламдық ағымдағы топтардың бәрі дерлік айналысады десек, өтірікші болмаймыз.  Енді бастапқа мысалға, әңгімемізге қайта оралайық; Бұндай жағдайда құраннан тыс арап тіліндегі түсінігі беймәлім, өзге тілді үн де дуаға айналып шерікке қосылып, бейнеленіп, оңай денеге еніп, ет пен терінің арасында еркін қозғалып, кейбіреулері құрт сияқты тәнде ет пен тері арасымен жыбырлап тез қозғалып орындарын ауыстыратынын да  сезеді. Бұндай жынмен қосылған шайтандық белгілерді енді қамшымен ұрып шығару қиынның қиыны және ұзақ уақыт тәндегі тығылатын әурет үйлерін, азықтанатын орындарын бұзып, көгертіп, дамыл бермей қудалап отырғанда ғана әр түрлі өрістік, иістік бейнеде денеден қашып шығады. Ал ондай азаптауға, үнемі қамшымен емделеуге екінің бірі шыдап және көне де бермейді. Және мұндай емдік тәсілді шайтан жамағаттары естіп, біліп және мемлекетіміздің шығарған жынды заңымыздың қолына түссең ит жеккенен бірақ шығарулары да сөзсіз. Сондықтан да мұндай сынақтан тек  Алладан дұға қылып, аруақтың қолдау, жәрдемін сұрап, арнаулы дайындалған қамшының аруақтың жәрдемімен ғана оңай шығаруға болатыны да сөзсіз. Сонымен әлгі қызымызды осындай тәсілдермен емдеу барысында,  қамшының ұшы іздеп барып ерінге тиіп, артынан қара қанмен бірге жаман сасық иіс болып шыққанын көрдім. Жеңіс бар, бірақ енді жараның орны бірден жазылу да оңай емес. Әйтеуір Құдайдың қолдауымен ол кезде сырттан да, іштен де кенеттен іздеп келетін шайтан пенделеріне келуіне де жол түспей, ол қызымыз жазылып, қазір жан ұясын құрып, бала сүйіп ана болды. Мүмкін осы басылымды оқыса, Құдайдың құдіретіне, хикметіне иман келтіріп, тәубаға келіп, өзі сияқты адасқандарға ашық үлгі болар деген ниетіміз ғана бар. Ал біздердің алдымыздан жүздеген адамдардың толық жазылғаны бар, шыдамай тастап кеткені бар және олардың ондай кеселді болғанын айтуға атын да атап, дәлел ретінде көрсетуге, жария етуге мұсылмандық және адамгершілік құқымыз да жоқ. Осындай сауапты істі жасағандарды діншілердің насихаты бойынша; «Алланың ризалығы үшін жасадым» деген тақуалықпен өлшенетін мақтаншылық сөз бар. Ол мүлде дұрыс емес. Жаратушымыз аятта; «Жамандықты жақсылықпен кетір…»(23-96) «Сүйгендеріңді Алла жолында жұмсамайынша әсте жақсылыққа жете алмайсыңдар» деп  ескерткен.

     Әрбір пенде істеген жақсылық істерінен дүниемен де немесе тағдырын, болашақ өмірдегі келетін жамандықтарынан тазару үшін және тағдырындағы жамандық белгілерден тазармай иман қуаты келмейтінін, сондықтан қандай да бір сауап істерді Алланы риза қылуға емес, өзі және аруақтық қауымының жақсылыққа жетуі үшін жасайтынын білген де жөн. Сондықтан бұндай істердің және садақа, құрбандық шалу, иман келтірудің 60 бұтағының ағашына саналып,  негізінен адам баласының рухани иман қуатын қалыптастыру барысында құлшылығы, намазы, зекеті, тұтқан оразасы және сауап жолындағы ізгілікті істеріне Алладан өзіне мал, дүние, денсаулық және тіл білімі болған; рухани дарындылықтарды, қасиет, қабілеттерді, нығметтерді алып, тыныштық, бақытты өмірді қалыптастыру үшін тағдырды түзеп, ақ өліммен өлуге негізделеді. Олай болса, әрбір ісіңе, жасаған амалыңа, алған сауабыңа қарай Алланың нығметімен дүние байлықтарын меңгерумен есептессең, онда Алланың ризашылығы үшін емес, өзіңнің бақытты өмір сүруге, мал-жаныңның амандығына жасаған болып есептелмей ме? Ал, Алла барлық жаратылысты сөзден жаратып, оның көркем сөз нұры Құдайлық сипаты болса, онда Алланың ризашылығы үшін жасалатын амалдарға; Аллаға қарсы келмеуде, яғни дұрыс сөз сөйлеп, парыз қылған істерін міндетті түрде орындап, сөзің мен ісің бір орында тоғысу керек және сені жаратып, тіршілігің үшін берілген жанын, рухын, періштелерін тазартып аманаттарға қиянат жасамай өз орнына қайтару керек. Яғни тақуалық амалдарын 100 түрлі махаббатты, таспихты толық меңгеру керек. Ал, тақуалық ұғымы тек жеке пенденің мінезіне, қылығына байланысты қалыптасады. Әйел тақуалығы; «Аманатқа қиянат жасамаудан, еркек істеріне, атқа мінуге құмар болмаудан, өз еріне қожайынына қанағат қылумен, жағдайына қарай намаз оқудан бас тартпаудан, қоңыз сияқты жылтыраққа құмартпаудан, маймылға ұқсап әркімнің бетіне күле беруден, есекке ұқсап айтылған сөзден, берілген үлгі өнегеден құлақ аспаудан сақтанудан!»  ғана әйел тақуалығы қалыптасады.  Еркек тақуалығы; «Өтірік сөйлемеу, өтірік ант ішпеу, арам шикі күйінде тамақ жемеу, кез келген нәрсені ауызға алып, кез келген шөппен тіс шұқымау, нан үгіндісін де жерге тастамау, қолын жумай тамақ жемеу, ата-анасын атымен атамау, дәрет алған және лас жерлерге намаз оқымау, шалбарын тұрып кимеу, отты, шырақты үрлеп өшірмеу, етегімен және кез келген нәрсемен бетті сүртпеу, ғылымды қорламау, ғалымға, ұстаздарға қарсылық сөздер айтпау және бас, дене, аяқтағы мүшелерді киіммен үнемі жабық ұстап қорғау, т.б. жан, рух, тән тазалықтарын сақтаудан» пайда болады. Сондықтан тақуа тек намаз оқып, дін рәсімдерін керемет орындаудан емес, адамгершілік ұлттық әдет-ғұрып, сат-дәстүрлерді сақтаудан пайда болады. Негізгі әйел, еркектің таза ниетінің көрінісі; Өтірік айтпаушы, уәде мен сөзінде тұрушы, аманатқа қиянат жасамаушыларды -«ақ ниетті» деп айтады. Ал, иманның бірінші сатысы болып; «Алтау араз болса ауыздағы кетер» деп иманның алпыс бұтағынан кейінгі сатысы алтауды түгелдеу арқылы Аллаға қарсылық сөздерді мүлде айтпаумен, яғни жоғарғы дәрежелі сөз даналығын, дін философиясын яғни діл білімін және ой қуатын толық меңгеру арқылы болатынын ескертіпті. Ал діл білімінің негізі Тәураттан басталып, мағрипат білім арқылы яғни тіл білімін жетік меңгеру арқылы ғана дін білімі толысатын құпиясын да естен шығармаған жөн. Аятта; «Әй мүміндер! Сендер Мұсаны ренжіткендер сияқты болмаңдар. Бірақ оны Алла, олардың айтқандарынан ақтады. Ол, Алланың қасында беделді еді. (69) Әй мүміндер! Алладан қорқыңдар да дұрыс сөз сөйлеңдер.» (33-70) Мұса пайғамбарымыздың бақсылық істер імен Алладан келген хикметтеріне және Раббысымен тілдескеніне, тіл біліміне күмән келтіріп, тіптен «бізге көрсет» деген сияқты хикметке иман келтірмеген мұсылмандар сияқты болмаңдар, мүмин (момын) болып дұрыс сөз сөйлегендерің Алладан қорыққандарың деп ескертеді. Бұл аяттардың 69 және 70-санмен белгіленудің өзі осы иманның 70 бұтағын меңгерудің шарты мен тәубенің 7 сатысы, тура жолдың басталуы Тәурат білімін меңгеруден, Мұса пайғамбар хикметтерінен үлес алудан, ақ-бақсылық істермен жындарды меңгеруден басталатынын осы сүремен насихаттайды. Сондықтан пайғамбарымыз сахабаларына; «Сендер Алланың нығметінен бөленген 70-ші топтықсыңдар» деп мүміннің дәрежесін ескертіпті. Ал мүміндік қасиетті; «Мүміннің түсі, пайғамбарлықтың 46\1 бөлігі» деген өсиетпен түс жорып, амал қылатын Құдай ісін меңгергендерді ғана «мүмін» деп атайтынын да ескертіпті. Онда құдай ісін, таза түс көре білетін мүмин болсаңыз Алланың ризашылығына яғни хикметіне, нұрына бөленгіңіз келсе, онда сөз ғылымын меңгеруді игеріңіз!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *