Дін ісі мен Құдай ісі.

Бөлім: Ата жолы кітабы №5 69

      «Немесе пайғамбарларыңнан, бұрынғы Мұсадан сұраған тәрізді сұрағаларың келе ме? Кім иманын қарсылыққа ауыстырса, расында ол тура жолдан адасқан болады.» (2-108) Кезінде исрайл халқы иман келтіру үшін Мұса пайғамбарымыздан түрлі мұғжизалардың келуін сұрап, елге келген азап, апаттардан кейін иман келтірдік, яғни берілген ескерту, насихаттарды амалға айналдыруға уәде беріп, ал жеңілдік келгеннен кейін қайта ұмытып, соңында тұр тауының үстерінде қараңғы бұлт болып келіп, тәңір даусын естіп, қорқыныштан түгелдей иманға яғни тәурат намаздарын орындауға келіскен.  Ал, кейбіреулері; «Құдайыңды бізге көрсет» деп те шарт қойған екен. Сол шартты орындау үшін 70 пендені таңдап алып, тауға апарып, кенеттен тау дірілдеп, жер қозғалып Мұсадан басқасы өліп, пайғамбарымыздың жалбарынуымен қайта тірілтіп көрсеткені, рухани өлім сатысынан өтудің хикметі де құранда баяндалған. Енді дін ісі кезіндегі пайғамбарлар арқылы жіберілген хикмет, мұғжизаларға иман келтіру, намазға айналдыру арқылы қалыптасқан тұрақты шектер мен шариғат, ғибадат амалдарынан тұрса, ал Құдай ісі заманына қарай түсірілетін және әрбір пендесіне жеке-жеке көрсетілетін хикметті істер мен ескерту уахилардан яғни әрбір пенденің жеке орындайтын  сауап, рухани тазару, мал жұмсау, т.б. рухани өлім жағдайынан өту жолындағы жақсылық амалдарынан тұрады. Сондықтан дін ісі-шариғат болып, тұрақты иман келтіру, намаздарын орындау үшін арналса, Құдай ісі имандылық шараларын, намаз амалдарын заманына қарай жетілдіру үшін түсіріліп тұрады. Пайғамбарымыз: «Алла мейірімді жаратқан күні оны 100 бөлік етіп жаратты, 99 бөлік мейірімді Өзінде қалдырды да, жаратқандарына бір бөлігін жіберді. Егер кәпір Алла қасындағы мейірімнің бәрін білсе, жаннаттан күдер үзбеген болар еді. Ал мүмін Алла қасындағы азаптың бәрін білсе, тозақ отынан қауіпсіз болмас еді». (2012-Һурайрадан).

      Алла тағаланың 99 сипаты дегеніміздің өзі Алланың Өзі-мейірімі, яғни адамзаттың жақсылық, сауап амалдарына түсіріп, көрсетіп, сыйға берілетін шапағат нұры, махаббаты болып саналады. Сондықтан Алла тағаланы Абай атамыз Алланың-ғылым сипаты деп ескерткен. Сонымен жаратушымыз бір мейірімін дін ісі-шариғат қылып, қалған 99-ын көмес қылып, ал оны діні ісін, шариғатын меңгеру арқылы Құдай ісінің мейірімін, хикметтерін көріп, білу арқылы дін ісімізді — шариғатымызды заманына қарай жетілдіріп отыруымыз керек екен. Сондықтан бұл хикметті істердің көрінуін пайғамбарымызға; «Кәусар» сүресін беру арқылы және 108-санды кітаппен пайғамбар шапағатының үмметтеріне хикмет, уахи болып көрінуін және сол арқылы сенім қуатын жетілдіруін ескертеді. Бұл санды аяттардың насихатын Абай атамыз; «Жас өспірім замандас қапа қылды, Сабыр, ар жоқ, аял жоқ, ілді-жұлды, Тұрлау қылып еш нәрсе басқара алмай, Сенімі жоқ серменде өңкей жынды. Жамандық, жақсылық пен-оған бір бәс, Дін ісін, Құдай ісін айыра алмас…Мақтан қума керек қу, Ойсыздарға қосылма. Қойыңда ақша, қолда қой. Күзетке оңай шошында!». Сенім қуатын меңгерумен және жүз бұлшық етті, жын қуаттарын оймен азықтандырып; 10 күнде 100 қой табу сырларын насихаттаған. Дін ісі-шариғат ұстанымдары болып, ал заманына қарай әр үмметтік, елдік, тілдік ерекшелігіне қарай берлетін нұсқауларды-Құдай ісі, яғни Құдай патшалығына кіру, ақталу заңдылығы деп білген жөн. Осы ерекшеліктерді дұрыс түсінбеуден ислам елдерінде дін туралы түрлі ағымдардың пайда болып, бірі шариғатпен ғана өмір сүретін мемлекет, халифат құрамыз десе, енді біреулеріміз «масһаб», «Фиқһ» деген кітапқа жазылған біліммен ғана амал қылатын дін топтарына жіктеліп шариғат, дін білімін іске айналдырумен бақытты, хайырлы қоғам, мемлекет құрамыз деп, қазіргі таңдағы ойымыз бен сөзіміз қабыспай қырық пышақ болып жатқанымызға Абай атамыз; «Өмірде ойға түсіп кем-кетігің, Тулағыш мінезің бар, жүрек, сенің. Сонда сенің отыңды басатұғын, Осы өлең — оқитұғын дұғам менің. Ішінде бар қуаты барға (аруаққа) ұқсайды, Тірі сөздің жаны-сол, айырылмайды. Қасиетті нәфәсі (салған демі) желдей есіп, Қайнап тұрған ыстық қан салқындайды. Жаныңның ауыр жүгі жеңілгендей, Көңілдің кернеген кек кемігендей-Болады жылауға да, сенуге де, Жүректің басынан у төгілгендей.».

     Жүрек тазалығын қалыптастыру жолында ғана әр пенденің өзіне тән ішкі құдайлық үнін, мақамын қалыптастыру арқылы орындаған намазы, оқыған құраны, дұғасы жанына шипа және жоғарыдай ойы бүлінген, жаны жүктелген өзгелерге де шапағаты тиетінін ескертеді. Ал енді шариғат ісі туралы масһаб ғалымдары ислам әлемінде көптеген адамзаттың пайдасына жараған құнды білімін де қалыптастырғаны даусыз. Тек, масхаб білімінің жеке білім саласы болып, өмірдің де, тіршіліктің де, ғылым-білімнің жетілуін, шаруашылық істерінің дамуын қалыптастыра алмайтынын және ұлттық діл білімін тазартумен тіл білімін меңгерудің нәтижесі, яғни үш негізгі білімнің төртіншісі болып ақиқат білімі болған, бесінші анықтық білім арасындағы көпір екенін көбіміз мойындай қоюымыздың өзі екіталай болып, сондықтан да ислам білім мен іргелі білімдерді меңгеруші білімді топтар арасында қарама-қайшылық әрекеттердің туындауына және біржақты масхаб білімінің жетегінде жүрген діни топтардың өз ара дау-дамайына соқтырып жатқанын алысқа бармай-ақ өз еліміздің ішінен көре аламыз. Шариғат ісі масхаб білімі болып, негізінен халықтардың өмір сүру салтын қалыптастырса, ал Құдай ісін меңгеруді Алланың біздерге жаратқан 8 сипатынан пайда болатын хикметтерге сеніп, иманға яғни іске, сөзге айналдыруды дәстүр немесе дәстүрлі дін деп, оны шариғат негізгі біліміне қосумен салт-дәстүр деп атаймыз. Осы салтымызды енді бұрынғы жетілген дәстүр арқылы толықтырған аталарымыздың қалдырған аманатынан бастап жалғануды үзіп, «Масһаб» деген ескі білім арқылы арап елдерінің салтына қайта жалғанып, ал дәстүр ерекшелгі туралы мүлде теріс пайымдауларға түсіп, елімізге дәстүрімізді жаңғыртуға жіберілген арамыздан шыққан елшіміздің көрсеткен хикметті Құдайдың ісін, Мұса пайғамбарымыз кезіндегідей кейбіреулеріміз қорыққаннан сенімге келіп, бірақ тұрақты амалдарын орындамағандықтан иман қуатынан білімге айналмай, күмәнға түсіп, қайта теріс айналып, ал дінші, білімді ағайындарымыз мұндай хикметті тіл білімін мазаққа айналдырып, соттап, үкім шығарып құдайдың азабын сатып алған елдің өзіміз.

     Жоғарыдағы аяттағы мысалмен көрсетілген исрайлдықтардың Мұса пайғамбарды ренжіткендей істерді біздердің ел басшыларымыз бен дін басшыларымыздың, ғалымдарымыздың, ақындарымыздың да қайталап, соларға келген сынақтарды Раббымыздан біздердің де сұрап алуымыз жаратушымыздың; «Оларға деген Раббыларының сөзі шындыққа айналды» деген алдын ала тағдырда белгіленген оқиғалардың біздің елімізде де қайталануы деп білгеніміз жөн. Бұндай жағдай филлософиялық даналықтың өлуімен, сөз ғылымының азғындығымен, «Сөз түзелмей ел түзелмейді» деген аталарымыздың ескерткен даналығының бейнелену көрінісі болды. Оған дәлелді алыстан іздемей-ақ, алдыңғы 3-ші кітапта мысалдармен дәлелдер келтіргенбіз. Яғни философ ғалымдарымыздың; «Абай философ емес, сарынды ақын», «Мемлекетіміз зайырлы, діннен бөлек, европа сияқты», «Светский елге айналып, дініміз халқымыздың ісінен бөлек болғандықтан» немесе дін ісінің басшысының мектеп жасындағы жас бала да күлетін шатпақ ойларының көрінісінен еліміз баяғы перғауындықтар  дәуірдегі кезеңдер  сияқты салтты ел басшылары да дәріптеп жатқаны даусыз. Ол кезде перғауын патшаның өз халқын қазіргі таңдағы қазақ еліндегідей үлкен шаруашылық жетістіктеріне жеткізгені сондай, ел басқарушылары мен заң шығарушы, ғалымдарын құдай көріп табынатын болған. Перғауын патшаның азия мемлектерінің бір патшасына жазған хатында; «Менде алтын қоры жердегі құмнан да көп, бірақ темір жетіспейді, маған алтын орнына темір бер» деп өтініш айтқан екен. Және ол кездегі ғылымның жетістігіне, салған мұнара құрылыстарының құпия сырына әлем ғалымдарының әлі кезге дейін ақылы жетпей жатса, ал жазбаларының, білімінің құпиясы мүлде ашылмағаны хақ. Олай болса біздің қалалар тұрғызған құрылысымыз, «инновациямыз», тұрғызған керемет мұнарамыз да, алтын қорымыз да олармен салыстырғанда әлі дайын білімдердің, әлем халқының жеткен жетістіктерінің көшірмесі ғана. Бірақ көңіліміз, мақтанымыз, ойдан шығарған заңымызға, ел басшыларының бәрін де білетін ақылды кемеңгерлігіне, жинаған қазына дүниемізге табынып және оларды тәңір қылып шоқынуымыз перғауындықтардан да әлде қайда жоғары тұр. Сонымен, ел басшылары күнде партия құрып, халықты жікке бөлген, түрлі азғындық саясатты ашықтай жүргізіп, мәдениет ошақтарының шайтан мен ібілістің ордасы «жұлдызханаға»  айналғаны қашааан. Бұндай жағдайға баға беруді орта буындағылар сөздерін өткізе алмай; «іш қазандай қайнайды күресерге дәрмен жоқ» деп сенімін жоғалтпай, құдайдан бір жол, хикметті істердің келуін тосып жүрген саналы дін қандастарымызға қалдырып, енді бұның негізгі себебіне ғана тоқталсақ та болар.

     Бұл жағдайдың арты сынақтармен, түрлі апат, азаптармен аяқталатынын ескертіп, халықты ақылға, иманға шақыратын дін муфтиятымыздың білімділік жағдайын және бұндай кеселдің негізінен халықтың санасы жабылып, тақ-тұқ сөйлеп, ақыл азуынан болатынын: «Қуанбаңдар жастыққа, Елірме күлкі мастыққа. Көзің қайдан жетеді Достық пенен қастыққа? Құрбыңның қызық дегенін Сөз екен деп ап шықпа. Адалдан тапқан тиынды (мал-жан, ақыл, иман) Сал да сақта қапшықта. Қолдағыңды (аруақ, періште сөз қуаты) қорғап бақ, Мал арзан деп аптықпа. Сыпайы жүр де шаруа ойла, Даңғойланып қақтықпа, Бет алды жанға бой салма, Қорлық жүрмес сақтыққа. Елу бесте (55-сүре) Сенісер адам таптық па? Арсыз құмар болғандар Опыр-топыр, шақ-шұққа Түспей жүр ме, көрдің бе, Жалаң-жұлаң, тақ-тұққа?» Атамыз 55-санымен Ғиса пайғамбарымыздың өсиет еткен «Екі тиынға бес торғайды сатып алмайсыңдар ма?» деп астарлаған сөзіндегі қазіргі қазақ еліндегі қаңқылдап ән салып, жалаңаш, жалаң бұт, қисаңдап жұртты күлдірген шайтан, жын адамдарын; «екі жұлдыз» деп атаған 55-санын ескертеді. Бұл мал-жан қуатының бірлігін «Рахман» деген белгімен Раббымыздың атын толық алудың, құлшылықтың жоғарғы белесін көрсетеді. Ел, мәдениет басшыларының Алланың көркем сөздерін арзанға бағалап және сол арқылы түсірген аяттарды сөз, заң жүзінде мазаққа айналдырғаннан иман қуаты таусылып, жүректері кірлеп, қан қызып, түрлі қан азу ауруларына, халықтың өмір жасының қысқаруына  да себеп болады. «Алтау араз болса, ауыздағы кетеді» яғни тіл білімі жойылады деген нақылдың ғылымын 206 санымен белгілен екен жоғарыда келтірген өлең насихатында Абай атамыз. Енді осы насихатты аятпен салыстырып көрсек; «Мұхаммед адамдардың кейбіреулерінің дүние тіршілігіндегі сөзі өзіңді таңырқатады да Алланы жүрегіндегісіне (жын, шайтан «Сөз екен деп ап шықпа») айғақ қылады. Ол өте сотқар қаскүнем. («Бет алды жанға бой салма») (204) Қашан беті бұрылса, жер жүзінде сотқарлық істеуге сондай-ақ егінді (рухтан келетін хабарды «Қолдағыңды (аруақ, періште сөз қуаты) қорғап бақ»,.), малды (жын қуатын, қайратты, «Мал арзан деп аптықпа!») жоқ етуге тырысады. Алла жауыздықты жақсы көрмейді. («Арсыз құмар болғандар Опыр-топыр, шақ-шұққа») (205) Ал қашан оған: «Алладан қорық!», (сөзіңді түзе) делінсе, оның паңдығы ұстап, өзін күнәкәр етеді.( «Түспей жүр ме, көрдің бе, Жалаң-жұлаң, тақ-тұққа?») Оған тозақ жетеді, нендей жаман орын.» (2-206)   Бұл аяттың насихат сырын, білімін Шәкәрім атамыз; «Жолама қулар маңайға, Не қылмадың талайға? Кім жағады сендерге Тартқызған азап Абайға? Соның да тілін алмадың, Сабадың, сөктің, қарғадың. Көріне қашан кіргенше, Арсылдап иттей қалмадың…Сендермен де жүргенмін, Әр тесікке кіргенмін. Жәдігөй, арам сайтаным, Сырыңды түгел білгенмін. Сертіме жету- арманым, Көтерем тағдыр салғанын. Өлгенімше ізденем, Толтырар кемін қалғаным. Адам үшін-еңбегім, Өмірден барлық тергенім. Қалағанын қарап ал, Мұрам сол, жастар бергенім!» деген өсиетпен алтауыңды менен және Абайдан түгелдеуді үйрен деп ескертеді.  Ал бұл аяттың ғылымдық сыры Ясауи бабамыздың хикметінде де терең түсіндірілген. Бұған алда қайта орала жатармыз, енді «Алладан қорық!» (сөзді, батаны тыңда!) деген үкіммен түсірілген хикмет, тылсымнан берілген батаны еліміздің дінші, өздерін діни сауатты аталған топтықтардың тәкаппарлық қана емес жындылықпен, бұзықтықпен қарсы тұрып, құдайдың хикметіне шамалары жетпесе де жоюға тырысып жатқанынан халық толық хабардар екені және болашақта әлем халқы да білетіндеріне, сөз тұрғысынан ғана емес, іс жүзінде де дәлелдейтінімізге күмәнданбасаңыз да болады. Сондықтан рухани егіннің жемісін көп ұзамай, иманын, арауғын шақырып, келтірген еліміздің саналы қауымының жеткен істері, амалдары нәтижесінде көретін де болады. Ал енді біз малды (шерік қуаттарын) қалай жоқ етуге тырысқандарға мүмкін иман келтірер, яғни амалын орындар деп, Құдай ісі-дәстүріміздің бір көріністерінен аз ғана мысалдармен дәлел келтіре кетейік;

     «Батыста психикалық ауруға шалдыққан адамды «ішіне шайтан кіріп алған, жын иектеген» деген түсінікпен абақтыларға қамалып, тоқпақтау арқылы емдеген. Тіпті Інжілге қарсы келетін сөздері үшін оларды өлтіруге дейін баратын. Ауырып жатқан адам дін адамының алдында күнәсін айтып мойындамаса, ол адам өлімші халде болса да, оны дәрігерлердің емдеуіне қатаң тыйым салатын…Алайда батыс бізге өлшем емес. Батысты мұсылмандармен салыстыруға мүлде болмайды. Себебі, сол кездегі шіркеу ғылымға қатты қарсы болғандықтан, батыстың одан құтылған шақта дамуы табиғылық.(??) Ал ислам діні ешқашан ғылымға қарсы болмаған. Тіптен әрдайым қолдап отырған. Сондықтан дінді жақсы түсініп, Құранға құлақ асқанда ғана мұсылмандар ғылымдары шарықтап, мәдениет өркендеген. Әлемге ғасырлар бой ұстаздық еткен. Алайда, Құран қағидаларынан алшақтап, өзгелерге ес-түссіз еліктеп, өз тектерінен адасып, қастерлі ұғымдарды аяқасты еткен кездері еріксіз кері кетушілік бой көрсетті…» (Имани гүл 304-бет) Қайрат Жолдыбайұлының бұл пәтуасына қарап; Егер бұл оқиғалардың ішкі сырына және інжіл құндылығына алыстан ой жорумен қарсы болғанын елемей сөзіне илансақ, қазақтың жоғын жоқтап, малын түгелдеуші және қазіргі таңдағы қазақтағы рухани аурудың және бүліншіліктің де нақты себебін көрсеткені, ұлтына жанашыр азаматтығы екен деп түсінуге болады. Ал «Құранға құлақ асу» деген сөздің өзі тылсым үнін тыңдау, уахимен байланысты болып, бұл хикметті істерді інжілді меңгерусіз және 19-санмен «Мәриям» сүресін меңгермей мүмкін де емес және оны; «Алланың жібіне жабысаңдар, мықты тұтқаны ұстаған болдыңдар» деп кітап, уахи, аян алуды қатаң ескерткен Раббымыз. Бірақ дін ғалымымыздың енді бұл кітабының ішінде, сондай «Құранға құлақ асып», Алла жолына мал-жанмен соғысуға шақырған ата-жолдықтарды «өз тектерінен адасып, қастерлі ұғымдарды аяқасты еткен …» «Ала аяқ, дінсіздер» деп кінәлағанынан адамның ақылын аулаушы, дәстүрін, ата-баба уәдесі мен аманатын терістеген адам аулаушы аюдың ғана қылығы көрінеді. Ал іс жүзінен келсек, масһаб білімде; «.. қастерлі ұғымдар» болып, қазақ халқы үшін әдет-ғұрпы, салт дәстүрі, Абай-Шәкәрім сияқты даналар өсиеттері емес, тек бес парыздық сәжде құлшылығымен және араптардан алынған өсиеттерімен, үлгілермен ғана шектелу керек екен. Және «Ясауи» атты дін тобын ашық жала жауып, түрлі көріністерді түсіріп,  абақтыға қамап, «жын мен шайтанды аластаған, зұлымдық» деп, адам өлтіргендердің жазасын тағайындауға үлес қосушылар тобының қатарынан муфтияттық діншілердің де табылатынын осы жазбалардан көруге болады.

      Олай болса, «Ал ислам діні ешқашан ғылымға қарсы болмаған.» деген пәтуасымен ғылым мен білімнің ерекшелігін де білмейтін, ғылым дегеніміз тіл білімі болып, яғни құдайдың хикметінің өзі зұлымдықта оларға енді тікелей басқа сипаттарда көрініп, көп ұзамай осы «сайтанның қойылымына» қатысқан адамдардың өздеріне де, жан ұяларындағы ең жақсы қадірлі мүшелеріне де; «Мазақтаған нәрселеріңді жүректеріңе кіргіземін» деген Раббымыздың уәдесінің орындалатынына, хақтығына шүбә келтірмей, пайғамбарымыздың «Зұлымдыққа түскендерді құтқарыңдар» деген өсиетіне иман келтірумен мүмкін пайдасы оларға тиіп қалар, бір жағынан оқырмандарға сауап болсын; «Осы жазбаларды таныстырып көрсетіңіздер, өйткені олар арап ғалымдарының пәтуасынан басқаны жүректеріне сіңіре алмайтындықтан үгіттеп көріңіздер, мүмкін көпшілікке, халқымыздың дәстүріне сеніп иман келтірер» деген де өтініш айтқым келіп отыр.  Ал, «Әлемге ғасырлар бойы ұстаздық еткен..» және өз тектерін, қан-гендерін сақтай білген аталарымыздың бақсылық істерінен және масхаб дін ғалымдарының ұлттық, дәстүрлік, ата жолдық амалдарды дінге жат қылық деп насихаттаған пәтуалары мен нақты өмірде болған көрінісінен мысал келтіре кетейін;

      Бірде қызымнан 2 жасқа енді толған жиеніміздің мінезінде бір қырсықтық қылықтың пайда болып, өзінің айтқаны орындалмаса немесе ұрысып ескерткенге бірден шалқасынан құлайтын әдеті пайда болғанын естідім. Сонан үйде құранды оқып отырғанда,  санама; «Қамшыңды қасыңа әкеліп қой» деген хабар, ескертуді орындап, бір сағат өткеннен кейін үйге баласын жетекке алып қызым кірді де, өзі киімін шешіп амандасуға төрге озып, бала есік алдында қалып қойды. Артынша; «Бері кел, неге тұрсың» деген ескертуден кейін жиеніміз бірден ашуланып, шалқасынан құлағанын көріп, дереу қолынан көтеріп алып жон арқасынан қамшымен бір тартып: «Енді бүйтіп құласаң, бұдан қатты таяқ жейсің» деп ескерттім. Бала ешқандай жылаған да жақ. Үн-түнсіз қалды. Бір кереметі, осыдан кейін ондай қылығы мүлде қайталанған жоқ. Енді бірде мектеп жасына келіп бет-аузы қисайған баланың дәрігерлерден шипасы болмағасын, біздерден,  ордадан келіп ем алып, жазылғанын көріп, көңілі тоқтаған келіншек; «Үйде осы баланың 4 жасар інісі бар, мінезі өте шәлкес, келген қонақтарға таяқ ала жүгіріп, жұрттың мазасын алып өзіміз қаралай ұялумен боламыз» деді. Оны да ордаға алдырып, бір жеті қамшымен емделгеннен кейін, артынан көп ұзамай хабар да жетті. Әлгі бала бұл қылықтарынан сап басылып, керісінше көрінген адамға амандасуға қолын ала жүгіріп, жұртты жақсы мінезімен таң қалдыра бастапты. Сонан бірталай уақыт өткенде шешесіне; «Мені ордаға апар, мені қамшы сағынап жатыр» деп, шешесі оны алып келді. Қолын құранға қойып, үлкен адамдарша қолына ұстаған тиын садақасын қойып, сосын маған; «Енді мені  қамшыла» деді. Мен оның арқасынан қағып, қамшамен ырымын жасап; «Енді толық жазылдың, жақсы азамат болып өс!» деп шығарып салдым. Тағы бірде, қазақ еліне ғылымда танымал таныс кісі көліктен түсіп жатқанын байқап қалдым және беті қарайып, түтеп,  қасындағы әйеліне болмашыға тиісіп, сөйлеп келе жатыр екен. Бірден денедегі екі түрлі қуаттардың, яғни жын мен шайтанның бір-бірімен сыбырласып, араласқанын біле қойдым. Бірақ қанша ғалым, есті азамат болса да жын қуатының малға айналуымен, баладан бетер қамшыдан қорқып, тек басқалай ғана дем салып емдемесең тұрып кетіп қалатын әдеті бар. Ал қамшысыз бұндай «малмен» жүктелген уақытта емнің тез нәтиже беруі мүмкін де емес. Және қазіргі таңдағы білімділік, саналық деңгейіміздің өзі ауруды бір мезетте сылып тастамаса, немесе кесіп алып тастамаса ол емдегенге жатпайды және ондай адам емші емес деген ұғымға да табынамыз. Сонан бәрібір бұған бір шешім табу керек деген оймен қамшыны қол созғанда жететін жерге байқатпай қойып, құранға қол қойғызып, құран аятын зікірмен оқып отырып, әбден құранға бойы балқып отырғанда, әйтеуір қолым қамшыға да жетіп, екі-үш рет тұрып кеткенше отырған жерінде арқасынан қамшылап үлгірдім. Ол кісі ашуға басып тұрып кетіп; «Бұндай, хайуан құсатып сабап емдейтін емдерің құрсын» деп үйге қарай кетіп қалды. Қанша дегенмен ұлттық салтымызтәрбиенің дұрыстығы өз ықпалын тигізіп; «Қуыс үйден құр шықпайтын» әдетімізбен шайға қарап, артынша терлеп-тепшіп шай ішіп, кенеттен көңілі көтеріліп, еңсесін басқан ауырлығы кетіп, үйіне өлең айтып, қуанып қайтты. Жұмысындағы әріптестерінің жүрегі қысылып, қан қысымы да жоғарылап, ауырып кеткенін көрген қасындағы ғалым жолдастары; «Қайда барып тез емделдіңіз?» деп сұрақтар қойыпты. Құранда да жаратушымыз «Кемпірден басқа иман келтірген болмады» деген ескертулерімен жоғарыдағы қамшының неге кемпірлер жақсы көргенін және бала жаны періште болып, Құдайдың қалауымен сөйлеп, құдай ісін ересектерден де тез түсінетінен білген адам және сондай жан-жақты ғұлама ғалымның өзі неге қамшыны мойындағанынан мүмкін үгіт алған орда істерін жүргізуші бауырларымыз қамшыны қайта қолға алып, алдағы қазақ халқына келетін мал-жанның амандығын сақтау жолында елімізде түрлі рухани кеселдердермен жүктелудің көбейіп, жастардың өзіне-өзі қол жұмсап, түрлі жамандықтарға бой ұратынын, жан күйзелісі, жын мен шайтанның араласуынан болатын психолог, дәрігер мамандардың шешімін таба алмаған көптеген дерттердің шешімі де інжіл, зәбур құндылықтарынан түсірілген және Ғиса пайғамбарымыз көрсеткен дін, ел басшыларымыздың қудалап, соғыс ашып жатқан біздердің және көптеген емші, бақсылардың, зікіршілердің сотталып жатқанына да қарамай, біреулері  жасырын, біріміз әшкере халықты зияраттату арқылы орындап жатқан дін ғылымында, масхаб білімде; «алаяқтық» болып аталса да, аталарымыздың аманаты, құдай ісінің ақталу істері мен тазарудың негізі де киелі бұлақ сулары мен қазақтың қамшысында тұр.  Бірақ, хайуанды жазалайтындай қамшы мен оның тәсілін алып жаңылыспау керек. Бұндай істерден жүздеген мысалдар және кейде бұндай емдік тәсілдерге теріс көзқарастың әсерінен көптеген пенделерді емдеу барысында аяғына жеткізе алмай, орта жолда тоқтап қалып, қара күштерден жеңіліп қалған оқиғалардан мағлұматтар беруге болар еді, оған еліміздің ел, рухани басшыларынның таңдаған «перғауындық» және Намруд патшаның кезіндегідей күнді батыстан келтіре алмаса да біреуді өлтіруге де, өлімге кесілген пендені босқа шығарып, ақтап жіберуге күшім жетеді деген, өзін барлық заңның егесі болған құдайдан былай да көрмейтін, дүниенің қызығы мен ақшаның көптігімен бағаланған еркіндік, рухани саясатына қайшы болып, таудай жақсылық жасағанмен, түймедей жамандығыңызды көріп қалса және ел басқарушылар саясатына, философиялық көзқарасына, дәрігерлік тозған біліміне қайшы келсеңіз, ит қосып қуып және ерінбей күнде көгілдір терезенің «жұлдызы» болып шығуыңыз да таңсық емес. Сондықтан бірден ашық та кетпей әуелі; әйелдеріміз «Ақ»-тың «қуы» болып, ал ерлеріміз; жамандықты, зиянкестерді алыстан көретін, сөзі де, өзі де азған; «Қарларды» сұңғыла тілмен түзей білетін; «сұң+қарлықты» жетілдіріп, меңгеруде тылсым хабарын толық меңгеріп, жанды да сөзді түзей білу керек.

      Негізінен сөзді меңгерген қасиеттілерге; ақ бақсылықтың  арнаулы дайындалатын 9 түрлі емдік қамшы және арнаулы жетілдірілген тәсілдері де бар екенін ескерген жөн. Жуық арада атасының аманатын; «Атасының борбайын, анасының ойбайын» шежіре ділін мазақ қылып, «Шал емшегін де, жер емшегін» еме алмаған, аманатқа қиянат жасап, құлақтары созылып,  Ясауидей ғұламасы түгіл әлемге ұялмай дәріптейтін Абайы мен Шәкәрімдей ғалымдарының құранның дайын үгітінен жиреніп қашқан жалған ғалым, өзгенің құсығына және жалған тәңірі болған тозған білім қуаттарына табынып, дүниесіне шоқынған дінші, әкім қара, ақын, тілші, т.б. тегін тепкен, табаны киелі жерлерді баспай, бекіп, ағармаған, таңбаланбаған «алаяқтардың» өздеріне де, жан ұяларына да азап түсіп, Құдайдың құдіретіне, хикметіне қазақ елі түгелдей және кәпір пенделер де сәждеге жығылатын уақыты жақындап қалды. Мысалға Құдайдың ашық ісінің көрінуін; «3-кісі сыбырласса 4-ші Алла, 5-кісі сыбырласса 6-шы Алла» деген ескертуіне, бүкіл қозғалысқа керек қолқабыс заңы және хикметтерінің көріну заңдылығы шығады.  Бұл сандық тағлымнан жаратушы түп негізгі құдірет қолының тақ сандармен белгіленбейтінін және негізінен; «Мейлі Алла (4), мейлі Рахман(6) деп атаңдар, ең көркем атаулар оған лайық» деген аяттың да сырында; «Аллаһ, Аллаһ тағала» деген атаулардың Алламен бірге тәңір шақырып, серік қосушылар негізінен масхабшылар екенін растайды. Ал енді жалпы замандық, мезгілдік қозғалыста осындай жұптық мәндермен ғана нәтижеленетінін, бейнеленіп тұрақтайтынын; 4 мезгілден-жыл туындаса, 6-ай мен шектік белгілер болып бейнеледі. Сол сияқты;  2007 жылы желтоқсан яғында аруақтың, Құдайдың өзін, хикметін соттап, жеңіске жеткендеріне мәз болғандар үшін 3 жыл ескертіліп, 4-ші жылы яғни 2012 жылы осы мезгілдерде ескертумен ондай пенделерге азап келіп, болашақта бірталайы арғы дүниеге де өтіп кетуі ғажап емес. Және 6 жылда белгілі бір шектерден өтумен, ал 9 жыл тәубелік толық белгі болып саналады.  Мысалға, еліміздің ата жолына ашық қарсылық білдіргендер үшін 2008 жылы қиямет мезгілі басталып; «Рұм» сүресінің үкімдері 9 жыл сынақтың жалпы  қазақ елі үшін басталып, енді оның нәтижеленуі 3-6-9 жылдық кезеңдермен (2011; 2014; 2017) бөлініп;  сондықтан қазақ елінде көптеген ата-жолына қарсылық көрсеткен пенделер үшін; 2012; 2014 жылдары ескерту сынақтары ал; 2017-жылы кәпірге айналған бүкіл қандастарымыздың, масһабшыл діншілердің де азапқа ұшырап, Құдайдың хикметті істерінің алдына мойынсұнып, сәждеге жығылуымен аяқталады, егер оған дейін әйтеуір тәубеге келіп ажалдан, аурудан, азаптардан жан-ұяларын, бала-шағасын, дүниесін, өзінің де мал-жанын қорғай алса. Сондықтан ондай пенделердің үлкен ескерту алатын жылдары;2011; 2014 Құдай ісінің нақты дәлелі 2007-жылғы Қарағанды темір жолындағы және Астана, Алматы қалаларындағы болған сынақтардың дәл сондай жағдайындағы 4 жылда мезгіл, «уақ» болып, қайталанып жатқанынан көп нәрсені, ескерту хикметін, Құдайдың ісінің хақтығын білдіреді. Сол сияқты осы жылдарда болған Россия еліндегі су апаттары тағы да қайталанды да және де алдыңғы жылдары да көршілерімізді үлкен шығындар тосып тұрған сөзсіз. Ал қазақ елі үшін Астанадағы көптеген адам өлімімен болған өрттердің және Қызыл ағаш оқиғасы да қайталануы ғажап емес, егер ел басшылары тәубеге келіп, тәкаппарлықтарынан қайтып, заң жүзінде шешім жасап, халықтан және біртұтас адамдар болған аруақтардан кешірім сұрай алмаса.  Сондықтан ағайындарымыз елімізге келген хикметті ашық істерге, сенімге келіп, амалын орындауға яғни иман келтіруге қарсыласқан залымдар болса да, ата-анамыз бір, дін қандасымыз деп,  Алла жолында мазақтарына керісінше батамен, сауаппен жауап берсеңіз, Алла жолында жиһадшы болғаныңыз, ол үшін де әуелі өзіңіз Құдайдың мейірімін артық жинап, қасиеттерін меңгеріп, сабырлықпен жамандықтарын, жақсылықпен (қамшымен аластап) кетіріп, иман қуатыңыздан бөлісуге әрқашанда дайын болыңыз!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *