Cағаты қиямет соққан заманда,
Қазақ ұлты ұйқыдан бұл тұра ма?
Жауабын іздеп бұл сауалға,
Аңшыдай із кескен көп қан сонарда.
Ендігі текті аталған үлкен қазақ та,
Бола алмай жүр, үлгі боп арттағы ұланға.
Ызақор, кекшіл айғаймен салып ұранға,
Кінәнің бәрі биліктен деуге сия са?
Тектілігі қазақ сабырлық , шүкір данаға,
Жолға шыққан көктегі жалғап жобаға.
Сыйынған екен шүкірмен және дұғада,
Көрсеткен тағдыр амалын діннің құдай да.
Қазаққа енді абыздық тегі қонар ма?
Дәстүрін баба ұстанған үлкен болар ма?
Жас жігітше жындылық қылған оңар ма?
Соғысқа шығып, дегендей өзіңді-өзің жарала.
Ғылыммен, өнер, адалмен еңбек қылар ма?
Тектілігі ұлттың ақыл-ойсыз қонар ма?
Өткенге қарап қасқырдай ұлып, бөрі боп,
Жабайылықтан енді текті боп ұлың оңа ма?
Үлкенде жоқ, алтауы түгіл төртеуің,
Болашақ түгіл, белгісіз күні ертеңің.
Сыртың бүтін ішіңде қасқыр ұлып жүр,
Жын-шайтан арсыз көрінісі бүгін көшеңнің.
Қызыңда ұят, қожалығы қырық қырқа аспай,
Текті боп ұлың төресі жүр тоғыз тоқтаспай
Дүниемен байлық әлемнен асып тұрсаңда,
Нәсілің азып, тектілігің қалар жалғанбай.
Ақылын Абай ала алмай үлкен тұрғанда,
Біліммен болжап ескілік қайғы оңар ма?
Дәстүрін алмай адасты түгел зиялы,
Бастағы ақыл шіріген сасып қорғалмай.
Сөздері жаман, үлкенде жоқ қанағат,
Даулары дүние, тілмен дінді орап ап.
Абыздық түгіл, бақсылығына атаң жалғанбай,
Текті емессің, атаңның жолын ұстанбай!
Бұрынғы текті қасиетпен ғана қона алған,
Заманға қарай біліммен, өнер жалғанған.
Атаңның атын мінгесіп жынмен ойнас боп
Тіл бар қазақ, сөзіңнен ойың жоғалған.
Ой, қиял мен сұрау жоқ таза арманнан,
Дүниемен уайым аздыру қанды ұраннан.
Ойламай өлім, ақирет өлі ризасын,
Тектімін деген тажалдыққа білім жалғанған.
«Тектілік» енді ібіліс болып дау салған,
Жастардың үлкендер жүр ойын аздырған.
Ақылы толмай абайсыз талай от басқан,
Оянса жастар, алады талайы жағаңнан.
(тамыз 2014 жыл)