ӨЛТІРІП ЖАТСЫҢ «ӨЗІҢДІ»  

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №6 57

Қырғызды деп қазақты,

Орыстар салып азапты.

Құдайға ашық қарсылық,

Дінге салған мазақты.

Басыңа келген азапты,

Тірдей көрсең тозақты

Екі қол іс тағдырың,

Оқысаңдар екен аятты.

Құдайдың рахым сипаты,

Бермес ұлтқа азапты.

Надандықпен бас тартып,

Ғылым, білім тастатты.

Өнерлі елдер жер өңдеп,

Мәшине талай жаратты.

Қазақты атап жабайы,

Алғасың талай мазақты?

Өзіңді текті ататты,

Құр сөзбен айтып мадақты.

Соғыс өнер меңгерген,

Ескі салтты атапты.

Қаның толмай біліммен,

Нәсілің кірмей тоқтапты.

Жол кезіп –жоба ілдірмей,

Масаһбпен дінді байлатты.

Үш топпен тегің тоқталды-ай,

Төртінші нәсіл жалғанбай

Номадтық тегің сақталмай

Үш жүзбен қалдың өсе алмай.

Төре мен қожа руланып,

Тектілік қалды тоқталып.

Бұлар да кетті азғындап,

Жан ғылымынан алыстап.

Құдайдың бермек жандарын,

Жоғалтып қасиет салдарын.

Қолдан жасап тектіні,

Қазағым діннен азғансың.

Номадтық тегің жалғанбай,

Әулиелік ұлтта тоқталды-ай.

Билеуші тажалдар ой жорып,

Соғыспен  сынақ алғаны-ай.

Қанмен жуып діліңді,

Құдайым салды сынақты.

Бүгінгі нәсіл жалғанған,

Төрт нәсілге тоқтатты.

Орыстан алып білімді,

Қан тегің өсіп түзілді.

Оқытқан ұл, қызды орысша,

Құдайдың сыны түзуді.

Төрт нәсіл көкте күніңді,

Көрдің қазақ бүгінгі.

Төртінші топтың үніңді,

Орыстан нәсіл бұл үлгі.

Екі жүз ұлттың негізгі,

Төрт нәсіл ортақ тегіңді

Жалғандың қазақ түрленіп,

Құдайдан рахым бұл үлгі.

Ішіңде нәсіл орыс көп,

Жоңғар, қалмақ қалған жоқ.

Кейбірің ұқсап қытайға,

Жапоннан нәсіл алған көп.

Қазақ қылып діл беру,

Бүгінгі сынақ ел болу.

Талай атаң жын болған,

Мұны да керек жүктелу.

Ата жолға тыйым сап,

Масһабты тура жол атап.

Мас болдың түрлі жын алып,

Қияметтік мезгіл тұр сынақ.

Араңда көп ескі жын алған,

Соғыспен азап қиналған.

Кекесін, ыза сөздері,

Дүниелік сөзін байқасаң.

Ескіңді рухыңды тазартпай,

Құрбандық беріп тоқтатпай.

Әулие-әмби досынан,

Ой қуатына жалғанбай.

Күнің қараң тосыннан,

Сынағың тұр артыңнан.

Ағайын туыс жақыннан,

Ерген жын әлде шайтаннан.

Мұны ұғар ел бар ма?

Үлкенде есті қалды ма?

Дүниемен жүр алданып,

Ел билеген дана да.

Бес парызбен жалғанып,

Арабың тұр ма арланып?

Арың құдай белгісі,

Кетті неге жоғалып?

Білімді елің теңелдің,

Ақылын алдың көп елдің.

Ойың азып жоғалды,

Міне алмай Нұхтық кеменің.

Өлілерің тұр жалғанбай,

Тозақтан басы шыға алмай.

Ұлттық тегін қайтадан,

Тұрған жоқ па жаңармай?

Енді қайда бармақсың,

Құдайдан асып толмақсың.

Жер анаң сілкіп тастаса,

Қоштасар көбің «Қалмақсың»

(31.08. 2014 ж)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *