Көрсең елдің көп мінін  

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №6 49

Әдеті болған сыншылдың,

Тізімін алып көп міннің.

Сөз айтады зарланып,

Амалдың білмей төркінін.

Мен де бір соның бірімін,

Амалы бар сыншыл сөзімнің.

Мен бабалар ізімін,

Рухынан белгі өзінің.

Ар, ұяттың көзімін,

Қасіреттің біліп тізімін

Тауып айтып міндерін

Сынап жазған сөзімін.

Босқа зарлап амалсыз,

Айта алмастың да бірімін

Дәлелім бар ұлт тегінің.

Жынданған ессіз пендені,

Түзеткеннің бірімін.

Талай ауру кемтарды

Шипасына жәрдем жүргіздім.

Заңмен қуып тыйса да,

Жалғадым әулие үзігін.

Шәкірт ертіп артыма,

Көрсетіп үлгі күндіз-түн.

Зарланып елге кінә артпай

Арсызға қастың бірімін.

Халықтың бәрі арсыз деп,

Ел билік түгел жансыз деп

Жала қойман тілсізбін.

Өзімде көп кемістік,

Тектіліктен үлгінің.

Сондықтан босқа зарланып,

Демеймін өзім мінсізбін.

Жақтым жала, күйе деп

Жамандыққа құнсызбын.

Өзімде барды тізімдеп,

Сынын айтсам дәстүрдің

Махаббатым еліме

Әулиелік салтыңнан

Көрсін деген үлгінің!

(тамыз 2014 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *