Нәзіктердің ғашықтығы…  

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 37

Ғашықтығы нәзіктің сезімменен,

Ер пендені таңдайды жүрегімен.

Жүректің де үш сипаты қуаты бар,

Жан өсірген қанынан діліменен.

Кей әйелдің сүйгені дүниеменен,

Жеңіл тұрмыс қызықты көруменен.

Қазақта байға ғашық әйелдер көп

Шайтандығы басым боп тексізденген.

Нәпсіменен ғашықтық бірге жүрген,

Жан қалауын түсінбей сезімменен.

Қаннан берер нәзік жанның қуаты аз,

Тез таусылып еркекті жирендірген.

Ажырасып көріп жүр бір-бірінен,

Қызу кетіп ғашық болған жүрегінен.

Қырау тұрған төсекке болған себеп,

Ата дәстүр салтын ұстап меңгермеген.

Ғашық болар нәзіктер сүйем деген,

Етегімен айырылмай  ұстап жүрсең.

Баласындай бай болса, қызмет қылар,

Әйелінің айтқанымен жүре білген.

Европаның салтымен гендірленген,

Қазақтың болды әдебі әйелдерден.

Ақыл алмас еркекпен жауласатын,

Тек аздырып әйел көп жесірленген.

Жесірлікпен өмірін өткіздірген,

Еркектерді ішіндегі жек көргізген.

Ақиретте пері болып өмір сүрмек,

Әйелдер көп алты жанын өсірмеген.

Ар, ұятпен жаны өсіп жетілмеген,

Сезіммен білім біліп өмір сүрген.

Тез жалығып, тез суып, жылу іздеп,

Көбелектей нәзік, не керегін түсінбеген.

Нәзіктер бар жан ұқсасын іздеп жүрген,

Әкесіндей соңынан ерсем деген.

Даналыққа құштарлық ғашықтығы,

Ілім, білім үйренуден ерінбеген.

Нұрға ғашық нәзіктер дін ізденген,

Ақиреттен аян көріп жан өсірген.

Текті еркекті мұндайға құдай өзі,

Сынағымен қосылуға үкім берген.

Номадтың тегін қазақ енді өсірген,

Тақуалықтың бұл сыны әулиелерден.

Ата жолын меңгерген аққу болып,

Текті ұрпақты өмірге келтірумен.

Кемелдік, тектілікті ата дәстүрімен,

Ерлер керек жалғыздың ісін білген.

Ғылымнан суаты бар рұқтың дәнін,

Жаңа заман ұрпағына өмір берген.

(Мамыр айы 2017 жыл)

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *