Ата жолы намаз орындау ерекшелігі мен ғылымдық маңыздары.

Бөлім: Ата жолы намаз ерекшеліктері мен ғылымдық маңызы 73

Жалпы жаратушы иеміз парыз қылған қандай да бір құлшылық істерінің адамға беретін пайдалы қуаттарды зейнеттеу (жүктеп алу) үшін керек екенін және оның да өлшемдерін білу ислам дінінің маңызын, әлім алдында құранның құдіретті қасиетін дәлелдеу үшін өте қажет. Бірақ бұл жағдайда дінші, масһабшы ағайындарымыз Алла пендесімен тілдесіп, мұндай мәлімет беруі мүмкін емес, оны оқитын Алла ісінің орындаушылары әулие-әмбилері «Алладан басқа» яни «шайтан» деп ұғындырғаннан кейін ата жолындағы мыңдаған ашық хикметтерінің халыққа таралуына ислам дінінің хақиқатын ашуға үлкен кедергі болғаны қазір байқалмағанмен, қазақ тарихындағы таңдақтар ғана емес жалпы ислам өркенитіне кедергі болған қазақ елінің ел басқарушы, дін басқарушылары мен зиялы білімді қауымы болғаны дәлелденетін күн де алыс емес. Сонымен осындай хикметті Ясауи ілімінен деректердің шамаласын оқырманға таныстыра кетейік;

1. Дәрет алудың және оны киіммен қорғай білуден, толық дәреттің ерекшелігін сақтаудан; Күре тамырларға қуат еніп, мойын, бел омыртқаларға ем жүреді. Бойға жеңілдік келеді.

2. Ғұсыл дәретінің нығметі: Төбеден, табаннан келетін ерекше нұрға бөленеді. Оң, Сол жақтан 7 періште қорғайды.

3. Бес уақыт намаз уақытында Қағбадан 7 сәуле қуатының пайда болып, бүкіл әлемнің барлық жеріне тарайды. Сондықтан бес уақыт намазын толық оқитындарға; Ми сүйектеріне, құлақ, қалқанша безге таза қуаттар еніп, оң әсерін береді.

4. Таң, ақшам намаздарын оқудан келетін қуаттардың ерекшелігі; Ми қабыршағы, ми тамырларына, қарақұсқа, ұйқы безге ерекше қуаттар келіп қосылады.

5. Сопылық дәстүрмен таң, ақшам намаздарында зікір салудан келетін нығметтер; Бой өрісі кеңиді, қан тамырлары ерекше нұр қуаттарына бөленіп, өңеш өзегіне шипа беріп, табандағы әлсіздік жойылады.

6. Намаз артынан аруақтарға құран оқылып, Алла достарын, пайғамбарлар есімдерін еске алудан болатын нығметтер; Көктен түскен періштелер ту сырттан қорған салып, омыртқа бойы сүйегіне шипа береді. (Арқа тұстан жылу болып келеді)

7. Азан шақырудан пайда болатын нығметтер; 7 періште түседі. Алдағы күнге нұр түседі. Төбе тамырлары қуат алады. (Бас киім болған жағдайда, болмаса бар намаз ғапыл болады)

8. Жұма намазына қатысудан келетін нығметтер; Көз майы нұрланады. Он екі мүшенің жүйке талшықтарын жиырылудан сақтандырады және жүйкеге бір қалыпты 7 түрлі қуаттың енуін қалыптастырады.

9. Құлшылық орындарын, киелі жерлерді зияраттау арқылы келетін нығметтер; Табан, тобық, жамбас, сегізкөз сүйектеріне ем жүреді. Бел омыртқа сүйегі арқылы ми қабықтарының қаңқасы нығаяды.Табанның ағаруы, сүйек майларының толысуы, балтыр сан бұлшық еттерінің толысуы болады.

10. Айдың туылуына қарсы (ата жолы дәстүр намазы) 70 рет оқылатын зікірдің нығметі; 7 қаттан, 7 көктен келетін періштелерге қосылумен, жет бетінде 7 түрлі нығметпен жүздесетін хикметтер.

11. Айдың толуына байланысты ораза ұстап және түнгі нәпіл намаз нығметтері; 1-ші көктің қадамы ашылу, пайғамбарлардан аян дәлел алу; 81; 17; 101 санына байланысты нығметтер келеді.

12. Бейсенбі, жұма күндері ауыз бекітіп, ораза тұтудан болатын нығметтер; Қасиеттің бекуі, 90 ауыз сөздің тобықтай түйінделуі, ұрпақтың өсуін және 19 санды хикметпен нықталуды қамтамасыз етеді.

13. Рамазан айында ораза ұстаудың нығметтері, Ерін, тіл, өңешке, таңдай, тіс, көз, мұрынға шипа жүреді. 3-көкпен теңесу нығметі болады. 11;16-санды белгілерден нәрленеді. (Ескерту; рамазан оразасы дәретті толық сақтаумен ғана өз дәржесінде нығметтеледі. Ал дәретті сақтау яғни толық дәретпен жүру тақуалық киімммен бас, аяқ киімнің, етектің, жеңнің жабық болуымен ғана өз нәтижесін береді.)

14. Ата жолында бата арқылы келетін нығметтер; Ми, құлақ, өңеш аурулары сылынады. Дені (бой өрісі, есі) дұрысталады, ілім көзі ашылады. 7 түрлі аманат өтеледі.

15. Ұйқы кезінде түс көрудің, аян алудың, уахи мен аманат алудың нығметтері; Бойға сергектік, сенімділік, тақуалығы артады. Көздің көруі, өңеш, тоқ ішек тазарады. Тобықтағы түйіндер шешіліп, түйінделмейді.

16. Бас киімді ұдайы тастамай басты жылы ұстап, бас өрісін қалыптастырудан келетін нығметтер; Есте сақтау қабілеті артады және бір қалыпты болмақ. Ұйқы бездері қуаттанады. Бақ жанады. 11-санды нығмет келеді. (Бақ қарап, қыдыр дариды)

17. Аяқ киімнің, аяқты жылы үнемі жабық ұстап қадірлеуден келетін нығметтер; Оң иық, ми қабыршығы, мойын омыртқа қуаттанады. Табан арқылы ісі оңынан шешіледі. 109-санға байланысты нығметтер пайда болады.

18. Құрбандық шалудан, аруақтарға құран бағыштаудан келетін нығметтер; Төбеден келетін, табаннан енетін қуаттар күшейеді. Оң мен сол жақ теңеседі. Ұрпағының ғұмыры кеңейеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *