ЗЕКЕТ, САДАҚА ПІТІРДІҢ ТҮРКІЛІК ҚАҒИДАЛАРЫ

Бөлім: Ата жолы намаз ерекшеліктері мен ғылымдық маңызы 89

Садақа туралы масһаб-шариғат білімінде кең көлемде қамтылған және оған тоқталмаса да болады. Тек құрбандық арқылы садақа беріп, жолда қалған міскіндерді құранмен азықтандыру ғана масһаб білімінде «серік қосу» аталып, шындығында осындай тәсілмен халықты кедейшілікпен қорқыту, садақаға тиым салумен қазақ дәстүріне және Аллаға да ортақ қосу екенін қанша аяттармен мысал бергенмен, оған тоқталатын ендігі діншіні табу қиын.

Сондықтан бұл тақырыпқа тоқталмай, жалпы ЗЕКЕТ ұғымына арнаулы тоқтала кетсек. Зек садақаның парыз қылған сипаты. Және әлемдегі барлық дін соғысы, бір елді екі елдің жаулап алуының нәтижесі де, бір-бірінен зекет төлеуге мәжбүрлеуден пайда болған.

Зекет ұғымы құран философиясында олжа алып, оны өзара қоғамдағы алатын орны, дәрежесіне қарай бөліп беру. Екінші түрдегі зекет- жақындарға, мүміндерге, жолда қалғандарға (аруақтарға) хақысын берумен көрінісін табады. Үшінші сипатын аятта; «Әй мүміндер! Алладан қорқыңдар. Әркім ертең үшін не жібергенін қарасын. Және Алладан қорқыңдар. Шәксіз Алла не істегендеріңді толық біледі.» (59-18) Бүл аятпен болашаққа ақиретке арнап мал, мүлкіңді жұмсап тіршілігіңде сауапты істерді атқару; Мектеп салу, жол салу, мешіттер тұрғызып т.б. көптеген істер масһаб білімінде кең көлемде түсіндірілген. Ал енді сандық мәнімен, құран теологиясымен бұл аятты жүйелейтін, парын-жұбын табатын болсақ, қазақтың дәстүрі аруақтың басын көтеру жолындағы зияраттау, кесенелер тұрғызып, құрбандықтар шалып, күнәңді қанмен жуу, өлгендерге арнап ас беру сияқты ізгілі игілікті шараларды меңзегенін білуге болады.

Ал енді масһаб білімінен тыс қалып мүлде тәпсірленбей және осы кездегі ораза-рамазан айында пітір садақасын беру,-деген атпен мұны да зекет деп атап, кімде қанша алтын болса дегендей, түйемен, малмен, бидаймен есептеп жан басына салықты мешіттерде арнаулы пәтуамен бекітіп әлекке түсіп жататын; «Осындай ақылсыз, заман есебіне, бүгінгі салт-дәстүрімізге, өркениеті қоғамға қайшы келетін істі неге Құдай бізге бұлай жүктеген» деген есті адамға ой салатын масһабшылар әрекетін, артын ешкім тексерген де жоқ.

Шындығында аятта; «Кітап берілгендерден, Аллаға, ахирет күніне иман келтірмегендер және Алланың Елшісінің арам еткен нәрсесін арам деп білмегендер және хақ дінді, дін деп мойындамағандармен сүмірейіп өз қолдарымен салық бергенге дейін соғысыңдар.» (9-29) Енді кім мұқият болып, бұл аятқа ақылын қақпаннан азат қылып, босатып ойланып көрсе, Алла жолында соғыс дегеніміз осы заманда салықтан жалтарушылар, пара алушылар (коррупционерлер), мемлекет мүлкіне қол сұғушылармен аянбай соғыс ашып, салық төлеуге шығынды толтыруға мәжбүрлеуді ескерткен. Діннің тәубасына жататын бұл амал, енді масһаб білімінен тыс қалып, оның бар жұмысы мемлекетіміздің «Фин полициясы» мен салық төлеу мекемелерінің қызметкерлерінің құзырына өтіп, олар осы аяттың намазын орындаушылар болып табылады.

Олай болса, ендігі заман зекетін салық төлеу арқылы әрбір қоғам мүшесі өзінің барлық табысынан, мал, мүлкінен, пайдалған су, жарық, отындарына міндетті түрде төлеп отыру керек. Бұл жағдайдың дінде тәубе, тазару сияқты намазға жататынын, сол арқылы түрлі ауру-сырқау, кенеттен келетін апаттардан да аман болуға септігін тигізетінін дінші қауымы халыққа түсіндірсе, жемқорлармен, ұрылармен, арам жолмен баюмен күресу ислам дінінің басты міндеті, намазы болып, мемлекет саясаты діннен бөлек деген пәтуаға масһаб білімі мәжбүрлеп отырғанын, дінді бөлшектеудің де бір тәсілі болғанын көруге болады.

Демек, ораза айында зекет төлеу деген ұғым өзінен-өзі босап қалып, ешқандай алтын немесе басқалай тұрақты баға қойып зекет жинаудың қажеті жоқ. Сондықтан дін имамдары әрбір ораза ұстаушылардың ораза айына дейін зекет-салықтары да, басқалай қарыздары да болмай, рамазан айына үлкен дайындықпен келуін кең түрде насихаттап, ел билігіне ұшан-теңіз көмек берері де сөзсіз. Ал, ондай жағдайда Пітір садақасы деген ғана қалады.

Енді пітір садақасының түркілік Ясауи іліміндегі түсіндірмесіне тоқталсақ;

1. Мал садақасы-Құрбандық шалу, ас беру, аруақтарға, өлгендерге құран бағыштау.

2. Жан садақасы-бұл садақаны негізі төменгі мөлшерін мемлекетіміздің арнаулы бекіткен төменгі айлық мөлшерінен, табыс көлемінен белгілі бір пайыздық дәрежеде, салық төлеу заңына сәйкес алу керек. Мысалы айлық мөлшерінен қанша пайыз салық төлеу керек болса, енді орташа тамақтану себетінен (корзина) кедейлерге пітір төлеу мөлшерін, ал байларға өз еркімен шамасына қарай жан салығын төлегені де ақылға қонымды болар еді. Сонда ешқандай алтыны бар ма, дүниесі, түйесі, қой-ешкісі бар ма деген, бағзы замандағы ескірген білімнен де құтыламыз. Және әрбір жанұя өз табысына қарай жан садақасын төлеген дінде де әділеттілікті туындатады.

3. Жол садақасы-Зияраттау, әке-шешесін, ата-аналарын, әулиелерін еске алу.

Сонымен бұндай өзіміздің дәстүрлік ұғымдарды қалпына келтіруден масһаб діншілері де, қоғам да, мемлекет те жапа шегіп зиянға ұшырамасы хақ. Керісінше, ислам дінінің саясатын өзге діндердің де, елдердің де алдында мәртебесі биіктен көрінуіне, ислам дінін қабылдауына осы бір ғана аяттың өзі зор ықпалын тигізері сөзсіз. Бірақ бұл жолда; Жазия-тәккаппарлық, көреалмастық, мен білем қызғаншақтықтың арамыздағы көптеген имам, дінші дін ғалымдарының тарапынан ғана қарсылықтың, надандықтың туындауы да сөзсіз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *