Бір күні Пайғамбарымыз  үш рет: «Сендерге ең үлкен күнәлар туралы  хабар берейін бе?»- деп айтты. Сахабалар: «Әлбетте, уа Алланың елшісі!» — деді. Пайғамбарымыз: «Олар Алаға серік қосу және  ата-анаға  қарсы келу»,- деп жамбастап жатқан жерінен тіктеліп отырды да, сосын: «Ең үлкен күнәлардың бірі – жалған сөз ғой»,-және ол бұл сөзді қайталай берді, қайталай берді, тіпті біз: «Айтуын қойса еді.» дедік. Әбу Бәкірден өсиет; 1119(2654)

      «(Мұхаммед): «Әй адам баласы! Менің дінімнен күдікте болсаңдар. Ал мен, сендердің Алладан өзге табынғандарыңа табынбаймын; бірақ сендерді өлтіретін Аллаға құлшылық қыламын және иман келтірушілерден болуға бұйырылдым» де.» (10-104) Бұл аяттың астарына үңілсек; Табыну-өлтіретін Аллаға яғни тәңірлік сипаттарға табынып, құлшылық істеріне берілген бұйрықтарды толық орындау болып саналады. Аятта; «Алладан өзге табынғандарың, сендерге ризық бере алмайды. Онда ризықты Алланың қасынан іздеңдер. Оған құлшылық қылыңдар да Оған шүкір етіңдер. Сол жаққа қайтарыласыңдар.» (29-17)

      «Расында адамды бейнеленген қара балшықтың сыңғырлап құрғағанынан жараттық. (26) Жындарды (адамнан бұрын) түтінсіз оттан жаратқан едік.» (15-27) Бұл аяттан адамдық негіз сүйекке байланысты болса, жынның негізі түтінсіз оттың жалынынан, сүйектер қалыптасудан бұрын пайда болатын еттердің негізін құрап; қозғалыс, қимыл қуаттары болып табылатын табиғат жаратылыс әлемдерінен, жан-жануарлар және адамдар тіршілігі нәтижесінде пайда болған шеріктердің, яғни қимыл егелерінің жиынтығы деп түсінгеніміз абзал.

     Бірде жұма намазының алдында жұма намазын тастамайтын ешкіммен көп араласпай көп сөйлемейтін, өзімен-өзі тек намазын оқып зікірін айтып жүретін үлкен қария кісімен оңаша кездесіп қалып, қажылық туралы әңгіме қозғалып, сонан мен ол кісіге; Көп уайымдамаңыз, сіздердей адамдардың Алла Тағала Меккеге бармай-ақ жанын апарып қажылығын қабыл қылады-деп жұбаттым. Сонда ол; Оны қайдан білесің?-деген сұрақ қойды.

     Жоғарыда негізгі шайтан адамының көрінісінен Абай, Шәкәрім атамыздың суреттеуінен мағлұмат бердік. Енді күнделікті өмірде біздің ғылым, білім өркендеген заманымызда жаңа түрленген жасырын бейнелерін көрсете кетсек. Шайтан адамдары ең қарапайым шаруадан бастап жоғары ел басқарушы және ақпарат орталықтарында, жазушы, ақын, кино, заң, дін, ағарту салаларында мыңдап қызмет жасап жүр десек өтірікші бола алмаймыз.

      Пайғамбарымыздан: «Алла Тағала әлдекімге дұрыс әйел нәсіп етсе, расында оған діннің жартысындай көмек еткен болады. Қалған жартысында Алладан қорықсын, өзін қорғасын. (9-өсиет) «Дүние бір пайдаланатын нәрсе, оның ең жақсысы әйел» (7-ші өсиет) «Дүние барлықпен болады, одан ең қайырлы барлығы, еріне ақиретке байланысты көмек еткен қатын. Әйелі болмаған ер міскіннің міскіні, сондай-ақ ері болмаған әйел де сорлының сорлысы.» (4-өсиет) «4 қасиет бар, бұлар кімге берілген болса, оған дүние, ақиреттің жақсылығы берілген болады: Шүкірлік еткен жүрек, зікір еткен тіл, пәлеге сабыр еткен тұлға және еріне, малына (әурет, тәніне) қиянат етпеген қатын». (11-өсиет) «Қатын көрінуге болмайтын ұятты нәрсе, сондықтан тысқа шыққанда шайтан оның соңына түседі». (3-өсиет) «Ұят пен иман бір жерде.

       Дін ғалымдары дін туралы сөз қозғағанда діл ұғымын жиі пайдаланып бірақ оның қандай шамамен өлшенетінін өздері де білмейді. Сондықтан діл ұғымын халық намаз оқу, сәжде жасау деп түсіну қалыптасып үлгірді. Дін негізінен еркектерден ғана елшілер тағайындалып үкімдерін қорғап сақтауды бұйырылған болса, әйелдерге түсірілген міндеттеген парыздар мен үкімдер және соған байланысты әр халықтың ішкі әдет-ғұрыптары болып қалыптасқан дүние тіршілігінен байланысты ұстанымдар діл болып есептеледі.

     Атымдайдай жомарт болып, нәпсінің жомарттығына қалай жету мен жуандық пен зұлымдықты өлтіретін кереметті әулиенің қалай батасын алуға болатынын алдағы басылымға қалдырып, енді пайғамбарымыздың; «барлық құлшылықтың ортасын табыңдар» деген өсиетін үлгіге алып иман гүлінің ортасы махаббатың негізі — сөз сұлулығы мен үн сұлулығына жеке тоқтала кетейік.

    «Жаралыс басы — қозғалыс, қозғалысқа керек қолқабыс..» (Шәкәрім ата) Бүкіл жанды жаратылыс сөзден бастап жаратылды десек, онда осы жаратылыс басын, қозғалыс қуатын Тәңір деп атаймыз. Қозғалыс бар жерде сол қозғалыс егелерінің де сипаты айқын болмақ. Аятта; «Алла бар. Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Сондықтан мүміндер, Аллаға тәуекел етсін.» (64-13) Бұл аяттан Алланың барлығы, қандай да бір сипатта болмасын жарық, қараңғылық, ыстық, суық, қатты, жұмсақ, ақ, қара, көрнеу, көмес, т.б. мейлі бір қандай бейнеде болсын барлық сипаты яғни бүкіл жаратылыс қозғалысын тәңір деп тәуекел етіп яғни нануымыз керек.

      Жаратылыстан адам баласына тіршілік ету барысындағы өнімін, көлеңкесін, ақылын жолдас қылып, яғни серігін қоса жаратып, оны құлшылық әрекеттеріне қарай таза ақылмен, іс әрекеттермен, өнер-біліммен толықтырып отыруды адам баласының ниетіне қарай несібе қылып дінін көрсетіп, біліміне қарай азғындап кетпеуі үшін жеке-жеке нұсқаулар беріп; жамандығын түспен көрсетіп, жақсылықтарын аянмен құпиялап, ілім-білімін толықтыруға батамен, уахимен бағыт сілтеп, әрбір адам баласын өз дін-жанын жетілдіріп отыруға міндеттеген.