Ясауи ілімінің намаздары және масһаб білімінің  қателіктері.                                                                                                           

                                                           5-ші кітап;   1-ші бөлім

                                                          Алматы-2011

       Жазбадағы тақырыптар тізбесі;1.Мұсылманның негізгі шарты.. (1-4 бет)2. Діл мен Діл және иман гүлі. (4-10 бет) 3. Иман келтіру намаздар мен амалдар.. (10-18 бет) 4. Ділге иман-кітаптарға, кісілерге иман келтіру. (19-26 бет) 5. Құран үгіті арқылы зейнеттелу мен иман келтіру. (20-27 бет) 6. Салт-дәстүр және шариғат арқылы зейнеттелу. (27-28 бет) 7. Ақыл-ойдың еркіндігі арқылы сөз зейнеті..(28-31 бет) 8. Ақыл зейнеті-білім..(31-33 бет) 9. Иман келтіру нұрдың зейнетін көру..(34-35 бет) 10. Иман гүлі-ғылым келу, діл бақшасы..(39-42) 11. Құс ілімі-түс білімі. Ақ бата..(42-43 бет) 12. Масһабшы ақидасы мен зияраттау туралы.., (43-47) 13. Иман-түсінік-сана-рух егіні (47-48) 14. Сәжде ұғымы туралы… (55-61) 15. Себепке иман келтіру (61-65) 15. Құдай үкімдерін мойындау сиыну туралы. (65-67) 16. Дұға жасау, тілек тілеу (67-68) 17. Дін байлығы және Құдай патшалығы (68-70) 18. Құран және Құдай патшалығы (70-74) 19. Ғибрат әңгіме. Хикметтің білінуі (74-79) 20.Құранды зерттеу тәсілдері..(79-85) 21. Құдай патшалығының хикметті сыры..(85-90) 22. Тәңір сөзі, уахи, бата туралы. (90-94) 23. Иман хақиқаты-ғылым келу. (94-100) 25. Шындық келу, Түс түзелмей іс түзелмес (100-110) 26. Ашық дәлелдерге серік қосу (110-115) 27. Дін ісі мен Құдай ісі. (115-120) 28. Азан хикметі (120-123) 29. Ақ бақсылықтың мақамы (127-133) 30. Заман намазы және биғаттар. (133-137) 31. Заманның ашық-ашық биғаттары..(137-141) 32. Алланың жібіне жалғану. Түс, аян. (141-145) 33. Кітаптардың оқылу құпиясы (145-147) 34. Ата жолы, әулиелер жолы. (147-148) 35. Ата жолы мен масһаб пәтуа ерекшеліктері. (148-151) Хақтың көрінісі.

    Жалпы ислам әлемі дін білімінде негізінен 3 топқа бөлінеді. Бірінші топтағылар Алламен арадағы қатынасты қалыптастырушылармыз деп есептеп, масһаб біліміне жүгініп, намаз оқып, масһаб ұстанушылар, мешітте отырушылар болып есептеледі де және осындай сипаттағы төрт түрлі масхабтық білім бар екені де белгілі. Ал, енді екінші топтағыларға мемлекет пен қоғам арасындағы байланысты қалыптастырушылар болып; өздерін «фиқһ» ғылымының ұстанымшылары болып, түрлі діни топтар мен халифаттар, табиғли жамағаттар, т.б. мемлекеттің заңы, тек құран аяттары мен шариғат қағидалары арқылы басқару керек

     «Ислам, яғни мұсылманшылық көпке жария, шарият амалдары ашық түрде орындалады. Имандылық ділінде.» (321-өсиет) Пайғамбарымыздың бұл өсиеті бойынша ислам діні дегеніміз жалпы шарият амалдарын орындау арқылы мұсылман болуда деп ескертеді. Енді қазіргі таңдағы Ханафи масхабы ұсынып отырған дін амалы тек мұсылмандықты қалыптастыру екенін де осы өсиеттен-ақ белгілі болып тұр. Сондықтан Ханафи масхабын меңгеріп, «Иман келтірдім» деген сөздің де жалғандығын және иманның тек ділмен яғни ұлттық ерекшелікке қарай әйелдер қанындағы ділдік, гендік белгімен ғана байланысты екенін де ескерткен. Сондықтан да енді ділге жалғану үшін пайғамбарымыздың; «Мен

        «Қараңғылыққа түсіп, одан алғашқы оянған жұрттың дінге деген ықыласы қарқынды келеді. Әдет, заң, тіл секілді өзіндегі барды кемге санап, соларды жылдамырақ көңілдегідей өзгертуге салынады. Бұл салада өзара жарыс басталып, қарқынды жарыста, екпінді жұмыста елдің елдігіне негіз болып тұрған нәрселерін де абайламастан өзгертіп кететін болады.» (Халел ойшылдан)»

        Барлық діншіге тән әдет кітаптарға иман келтіруді, барлық түсірілген кітаптарға сенім келтірдім деумен ғана шектейді. Яғни, сонымен масхаб білімінде; иман- тілмен айта салғаннан жүрекке енді, тілмен айтып тура даңғыл жолға түсіп, мүміндік те ислам шарты да бітті деп халықты да адасуға мәжбүрлейді. Ал пайғамбарымыздың өсиеттерімен ескертілген негізгі сахабалар мен біздердің әулие бабаларымыз орындаған, жетілген тақуалық намаз амалдарын қайда қоямыз? Қандай да болсын киелі кітаптар, мейлі нұсқау уахи түрінде, мейлі таңбалар түрінде болсын,

      Муфтият және масһаб, жалпы діни топтардың барлығы да құранға иман келтіру үшін, яғни ақыл-ойдың зейнетін алу үшін міндетті түрде арап тілін меңгеріп, арапша ғана Құран түсінікті болады деп түсіндіреді, сондықтан қазақ елінде не көп арапша сауат ашу, намазды оқуды үйрету мектептері жеткілікті. Араптардың өзі де, қазақтар, біздер сияқты өз тілін оқымайтын шығар. Бірақ сонан құранды жатқа білетін қариларымыз немесе имамдарымыз, иман қуатының белгісі болған, пайғамбарлық қасиеттер мен дарындылық сатыларын меңгеріп, зейнеттерін, кісілігін ала алды ма?

      Құранның арап тіліндегі үгіті мысалдар арқылы түсіндіріліп, яғни құран түсірілген уақытқа дейінгі тарихи оқиғалар және оның қиямет-қайымға дейін қиямет мезгілдері арқылы қайталанып отыруымен адамзат қылықтарының да, яғни нәсілдердің түрленіп, қайталанумен де күнәлардың да қайта бейнеленуін және соған байланысты сынақтар, азаптар жазасы баяндалады. Осындай үнемі қайталанып отыратын тарихи оқиғаларға байланысты пайғамбарымыздың күнәдан тазару ізгі істері мен сол күнәларды қайталамау үшін айтылған өсиеттері,

      Қазіргі таңдағы дінде қалыптасқан ақыл-ой даналығын меңгерудің бағыты мектебінің де намаз оқуының бұлжымас қағидасы; құранды тек арап тілінде ғана оқу керек, болмаса насихаты, түсінігі ашылмайды яғни ақыл-ойың жетілмейді, сенімің де дұрыс қалыптасып, иман да келмейді. Ал енді бұл пәтуаға уақытша ғана келісіп, шындығында не пайда болатынын ақылымызды еркін жіберіп ойлап, болашағын болжап көрейік.

      Енді діншілер үгітіне еріп қазақ тілін, аталар аманатын жетік білмей және философиялық сөзбен бейнелеу өнерін, сұхбатты меңгермей және 40-тан асып ақылым толмай, дін насихатын тікелей арап тілін меңгеру арқылы, яғни солардан алған тұрмыстық тілдегі атауларының мағына түсініктерін қайталап, бар білім-ғылым өнер ізденетін жастық шағымды, бар уақытымды жұмсағанмен ештеме өзгермейді де, білім де қосылмайды.

        Енді маған арап тілінен құранды тәпсірлеп түсіндіруші және өзін діни сауатты атайтын қандай да бір дін танытушы, ғалым, тек өздерінің тәпсірлеген ақылымен ғана жүруің керек деп маған пәтуа берген болса, онда оның құранды меңгердім, дінде тура жолдамын, Алланың қалауына жетіп, пайғамбар шапағатына жалғандым, уахи алдым, әулиелік дәрежеге көтерілдім деген ойынан шығып, маған да «биғат»-уәде беріп отырғаны даусыз. Олай болса, яғни кім тура жолда болса, ондай таза ақыл егесі аталып, пайғамбарлық қасиеттердің белгілі бір шамасына, өзінің замандық білімділік сапасына қарай меңгерген болып және елшілік істерді де меңгеруші,