Ата жолы — Ыбырайым жолы және масхабтық дәстүрмен ерекшелігі.

Бөлім: Ата жолың бақ жолың қадірлей білсең ағайын 83

 

Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin; mso-bidi-font-family:"Times New Roman"; mso-bidi-theme-font:minor-bidi; mso-fareast-language:EN-US;}

            Құран философиясына жүгінсек жол негізінен әрбір үметтік ерекшеліктер мен ұлттық негізден бастау алып, адам балалары дінде ортақ бір пікірге және намаздарының орындауларының дүние, жаратылыс себептерінің ерекшеліктеріне бірдей көзқарасқа келу үшін тек ислам діні ғана емес, барлық діндер үшін ортақ қағидаларды түсірген де, оны негізінен Ыбырайым жолы деп атаған. Яғни барлық діндер қағидасы Ыбырайым жолында ортасында тоғысу керек.

 Енді 24 пайғамбарлық қасиет, нұсқауларға 4 кітапты қоссаңыз, негізгі жер бетіндегі діндердің 28 саны пайда болады. Ал Ясауи бабамыз мұндай жолдың ортасын табуға керекті барлық белгі мен дәлелдерді және рухани азықты да тек шариғат базарын аралап, өзіңе лайықтысын таңдап аласың деп ескертеді. Яғни, шариғатты меңгеру арқылы әрбір адам баласының өз жанының қалауы бойынша белгілі бір өзіне тән жобасын, яғни ата-бабаларының аманатын орындауға қасиеттік бағыттарға жалғану керек. Бұл бағыттардың 9 түрлі негізгі сипаты болып, екеуі ұлттық ерекшелікті қамтыса, ал қалған 7-еуі адамзатқа ортақ жолдар болу керек.

Бұл жолдардың енді жұбы және пары да болуы құран ғылымының негізгі шарты болса, онда негізгі жолдардың санымен 7 көктік, 7 жерлік белгі дәлелдердің, Ыбырайым жолының сандық мәні 14-ші сүремен белгіленіп, ал ата жолының сандық мәні аралық жолдардың 7 белгісін қоссаңыз; негізінен 21 санымен белгіленуінен осы сөз ғылымының және 3 түрлі ілім негізін қамтуымен оның жұбын қоссақ; 6 санды рухани білімді көрсетіп және пайғамбарымыздың исламдық «Жеті сүйекпен сәждесі» тақуалығының намаздарын меңгеру арқылы 21+7=28 санымен жалпы әлемдік діндердің қалай бірлену белгісін беретіні сөзсіз. Олай болса, пайғамбарымыздың намаздарын және намаздарды толық орындау қағидасын 28; 82-ші қиямет күні туралы насихаттан, Ата жолының мөр ашу мұғжизасынан табасыз.

Ал енді жоғарыдағы муфтиятымыздың дін басшысының, хазіретіміздің насихатына жүгінсек; «Масхаб-жол», әрі кәсіптік ілім үйрететін мектеп, әрі жаннатқа тура кіретін бағыт, яғни адамзатқа ортақ Имам Ағзам әулие салған даңғыл жол деп ескертеді. Олай болса масхабтық «Фиқһ» ілімі жоғарыдағы баяндалған үш ілімді де қамтып және төртіншіден Құранда көрсетілген пайғамбарларға берілген, Раббыларынан түсірілген нұсқаулар мен  ұлттық, үмметік ерекшеліктерді, жол-жобаларды да және барлық әлемдік діндерге ортақ жолдардың бәрінің білімін де түсіндіріп және біздердің ұстанған дін масхабымыз тек қана дін істерін қамтып қана қоймай, адам баласын ұлтының үмметтік ерекшеліктеріне, кәсіптік, жыныстық дәрежелеріне де қарамай, барлық жағдайлардағы қараңғылықтардан жарыққа шығаруға жеке-жеке нұсқаулар беру, яғни түс көру, аян-аяттарын оқылуын да қамтамасыз ету де шарт. Және қиямет күнінің білімін де, барлық пайғамбарлар меңгерген нұсқау, қасиеттерді меңгеру амалдарын да түсіндіре білуі керек.

Ал негізінен ондай білімді кітап болып жазылған масхабтық білім емес, керісінше ғылым келумен, яғни кітаптардың ашылып оқылуымен болатын жағдайды, яғни әрбір адам баласына жол-жобасына бағдар алуды аятта: «Мұхаммед сенен бұрын да өздеріне уахи етіп, еркектерді ғана елші етіп жібердік. Егер білмесеңдер, кітап иелерінен сұраңдар.» (16-46). Осы аятқа негізінен мазхаб ғалымдары сүйеніп пәтуа шығарумен өздерін уақи алушы, яғни періштелермен тікелей байланыста болып, тілдесуші кітап берілген пайғамбар, елшілерге, әулиелерге өздерінің қолмен жазылған білімдерін теңдес жасау салдарынан осындай «масхаб бағыт немесе тура жол» деген ұғым пайда болған. Болмаса қалай бағыт болып есептеліп, әрбір пенденің тағдыр ерекшелігіне байланысты жеке жобасын бере алады?

Енді ақиқатына жүгінсек, жоғары діни білімді имамдарымыз түгіл дін ғалымдарының өзі бұндай жағдайлардың негізгі ілімін түс жору және ақиреттік өмірінің базарын жүргізуші пайғамбарлар, әулие-әмбилер, бағыт сілтеп білмегенін түсіндіретін кітаптар алған ғұламалармен байланысу тарихаттық шарттары түгіл, адам баласының өлгеннен кейін белгілі бір мерзімдерде аруағының көтеріліп бейнеленуімен көмес, өрістік бейнеде тіршілік етіп, өз ағайындарымен Раббылары арасында көздерге, яғни күзетшілікке, қарауылдыққа және түрлі үкімдерді орындаушы, хабар беруші, бейнелеп көрсетуші,  жаратқаннан түскен несібе ризықтарды үлестіруші, қараңғылыққа түскенде ақыл беріп тура жолға жетелеуші т.б. қызметшілік сипаттарын мүлде діннен шығарып тастауменен және оны жек-жеке кейбір сипаттарын меңгеруге тырысқан дін топтарын «секта» деп айдар тағып атайтынына дәлелдерді келтірудің де қажеті жоқ.

Негізінен 9 жыл тұрақты түрде хаж амалдарын орындап барып, 3-ші дәрежелі тәубені меңгеріп, 99 санды таспихтан шамасына қарай белгі, дәлелдер алып барып, сол белгілерді бекітуге арналып жасайтын қажылықтың ғана ислам дінінің негізгі жетістіктерінің ортасы болуы да хақ. Ал ол үшін де иман келтірудің де 22 сатысын, парыздық амалдарын меңгеру керек екен.

Негізінен 22-хаж болып, иман қазықтары болып, жер рухымен байланысты иман ағашының тамыры және ғылыми 10 санымен көктік белгімен дәрежеленетін, 60 бұтақты иманның білім негізі болып, ал 1; 11; 22; 33; 44 55; сүрелердің  бірі болып саналуынан да осындай 6 кедергіні меңгеруді, «Бір»-ді, фатиханы жоғалтып, бес парыз деп адасудың да себебі құранның сан тағлымынан білімсіздіктен пайда болған.

Ал негізінен әлемдік діндердің де, барлық түсірілген кітаптардың да және жер бетіндегі барлық исламдық дін топтарының да ортақ шарттарының құпия білімін меңгеру және де намаз орындау амалдары да Ыбырайым жолында тоғысады. Діннің турасы Ыбырайым жолы болып табылып аятта: «Шынында Раббым мені тура дінге, Ыбырайымның нағыз жолына салды. Ол ортақ қосушылардан емес еді.» де (161) «Намазым, құлшылығым, тіршілігім және өлімім бүкіл әлемнің Раббы Алла үшін» де.» (6-162) (18;9).

Енді осы діннің ортасын табу үшін барлық намаздардың және құлшылық істердің, тіршілікке байланысты орындайтын салт-дәстүрлік ұлттық ерекшелік шариғат амалдарын және өлім, ақиретті еске алудың ерекшелігі мен соған байланысты өмір сүру қағидаларын әдет-ғұрыптарды орындау арқылы Ыбырайым жолына келіп жер, көктің мүліктерінің құпия сырларын және жан ғылымын меңгерумен жер бетінің істерінің толық меңгерушілігі халифалық дәрежеге көтерілуімен білінеді. Әрбір сүренің оң және сол парлық белгісі болып; Мысалға Ыбырайым жолының солдан оңға қарай орындайтын намаздары 41-ші сүремен көрсетілген де, бұл сүренің Мұхаммед пайғамбарымыздың орындаған намаздарына, қалдырған өсиеттеріне байланысты орындалу керек екенін ашық аятпен сүре басында ескерткен. Сондықтан Ыбырайым пайғамбарымыз көк мүлкімен жалғану намаздарын, яғни жеті жолға және қараңғылықтан, жарыққа көтерілу намаз орындауларын көрсетсе, ал Мұхаммед пайғамбарымыз жер бетінің барлық істерінің халифасы шапағатшы дәрежесімен, барлық діндердің басын қосқан және барлық жер және көк жолдардың орындау намаздарын толық біріктіріп жалғаған исламдық жетілген түрі болып дәрежеленген, біртұтастық алғашқы әлемге ортақ барлық діндердің де тура жолды бастаушысы болып саналады.

Енді  біздің муфтият масхаб мектебін ұстанушылар негізінен тек шариғат ісімен Имам Ағзаб білімінен, көрсеткен үлгісіне сүйенген пәтуалар арқылы ғана діннің құлшылығының ірге тасын ғана қалыптастыратын пәтуалармен, діни істердің бастауыш мектебінің негізін қалауымен ғана шектеледі де, осы  Мұхаммед пайғамбарымыз ұстанған тура жол деп, негізінен пайғамбарымызға өздерін теңдес қылып насихаттайды.

 Шындығында көптеген Имам Ағзам әулиенің меңгерген дін істері мен берген пәтуалары да тасада қалумен бірге, заманның дәуірлер өзгерісіне қарай үнемі Раббымыздың аяттары түсіріліп, Құранның сырларын ашып көрсететін, Құдай ісі шындық болып түсіріліп, елшілердің, әулие-әмбилердің хақиқатқа айналдырған дін істері арқылы шариғат, яғни масхаб болып бекіген, кірпіш болып қаланған  кітаптардың аяттарының аян, уахи болып оқылуымен, яғни Құдай ісінің заманына қарай орындалуымен елшілік істердің, әулие-әмбилері арқылы түсірілген мұғжиза, хикметтердің білімге айналып, бүкіл халық тұтынатын тұрмыстық жағдайлардың өркениетін қалыптастырып шариғат істері 9 дәуірлік оқиғаларды, себептерді толық қамтып отыруы да шартты жағдай. Осындай заман сынақтарынан өткен және Құранның Алла тарапындағы құпия білімінің кітаптары болып оқылған, хикметтері арқылы жетілген масхабымыз қазақ әдет-ғұрып, салт-дәстүрлі дін құлшылығымыздың нахыл, мақал-мәтелдермен бекіген аяттарымызды ырым, тәңірлік ескі діннен қалған дегендей теріске шығарған пәтуалар арқылы негізінен қазақ дін істері мекемесі мен муфтият ғалымдары өздерінің қысқартылған дін істерін жүргізуші «сектаға», яғни масхаб істерінің бөлшегіне айналғанын білмейді.

Ал масхаб негізін ірге тасын қалаушы, дін ортасы Ыбырайым жолы, яғни тәуба сүресімен арадағы барлық негізгі пайғамбарларға келген үлгілерді Раббымыздан түсірген барлық елшілерге көрсетілген нұсқауларды біріктіріп, Құран ғылымы болып жалғанған. Сондықтан ислам қағидасы бойынша кітаптармен жетілдірілген Ыбырайым жолы  Алладан келетін аяндармен, әрбір пенденің тағдыр ерекшелігі және дін жолында жасаған сауап, ізгілік істері мен сәждесіне алатын жаратқаннан жауабын, түстердің ақ қарасын ажыратып, жорып, іштегі  қараңғылықтардағы, жындарды тәрбиелеп көбейтіп, бірлеу және қандағы шайтандарды тазартып жанға азық алумен, көңілді кеңітіп, жүрек көздерінің ашылуымен Ыбырайым атамызға берілген кітапқа жалғану және ол үшін де хаж амалдарының 29 сатысынан, яғни  99 сипатпен берілген Алла тағаланың көркем есімдеріне жалғанумен және 3 дәрежелі рухани өлім дәрежесінен өтумен (92-ші сүре және 92-пайғамбарымыздың намаздарын меңгеру) құрбандық, артық хайыр жасау арқылы өтіп, тағдырда жазылған сынақтарды кетіру болып саналады. Сондықтан қажылық негізінен тақуалықты толық меңгеру барысындағы 4-ді түгелдегендер үшін ғана мүміндік дәрежедегі құлшылық ісі болып саналады. (Тәубенің дәрежелерін, намаз орындау ерекшеліктерін алдағы басылымда баяндаймыз.).

Енді қазіргі таңдағы исламдық ғалымдарымыз, теологтарымыз әрбір үмметтерге берілген құрбандық үкімін жетілдіріп, әдет-ғұрыпқа, діни салтқа, дәстүрлі намаздарға айналдырған елшілер мен жолбасшылар ісін мүлде қаперге алмай, бұл жолдың жалпы ислам әлемінде мүлде жоғалуына және тек араптарға, яғни орта топтағы құранды сақтап, ислам дінінің ортасының куәлігінде болып, қажылыққа келген халықты күтіп, намаз оқып, шырақшылық міндетін атқарушы Меккені таза ұстаушыларға арналған діни істердің ғана негізімен тек құрбан айтта ғана бір-ақ рет құрбан шалу пәтуасымен ғана шектелумен, ендігі қалпымыз дінді бөлуші исламдық діни сектаға айналып шыға келдік.

Ыбырайым жолының негізгі шарты құлшылық арқылы және жаратқаннан берілген аян-аяттарды намаз қылып орындау арқылы және көктің, жердің мүліктерінің құпия сырларын хикметтерін көріп, ілім мен білім арасындағы жаратқаннан берілетін таза ақыл құпия білім жолын ұстану және заманына қарай үнемі дамытып отыру, яғни жер бетінің адам баласы халифасы болудың қабілет, қасиеттілік ілімдерін меңгеру керек. Ал қажы болудың мақсаты Алланың мұғжиза, хикметтерін орындаушы, түсірген дінін, кітаптарын қорғаушы және Алла жолында қажырлықпен күресуші екенін білдіру еді.

Енді ата жолының ең басты мақсаты да шариғат тазалықтарын меңгерумен бірге бүкіл пайғамбарлар, елшілер істерінен бата арқылы нұсқау, үлгі алумен алдымен тарихатқа жалғанудың білім жолынан басталып, іс басындағы аққу, сұңқарлардың жетеленуімен, әрбір ата жолдық сарбаздар түстің, аянның және әулие бабаларымыздың кітаптарына жалғануға, яғни Жүсіп жолы, Мұса, Дәуіт, Сүлеймен, Ғиса пайғамбарлар ұстанған жол Мұхаммед пайғамбарымыздың Ыбырайым, Нұх пайғамбарларға дейін бірленген жолына түсу керек болатын.

Сондықтан әрбір ата жолына келген пендеге ата салт-дәстүрін өз бетінше меңгеру керек болды және бүкіл шариғаттық тәнді күту, арам жемеу, шерік қоспау, шерік қатып сөз білімін бұзбай сөйлеу, серік қосып құран аяттарының үкіміне қарсы шықпау сияқты шарттары бірінші міндет және оны дұрыс орындау үшін де алғашқы кезде тылсымнан батамен жетектеліп, яғни орда мектептерінен сабақ, дәріс алумен және жеке-жеке әрбір пендесіне кітап берілген әулиелер тарапынан қасиет, қабілет, кәсіптік, білімдік шамасына қарай, белгілі бір әулие-әмбилердің пір болып жетектеп, бағыт беруімен аяндармен қадағаланып,  ескертіліп, түстермен өткен тағдырындағы күнәлі болмыстары көрсетіліп отырды.

Бұл жағдай енді ата жолының масхабын түсіндіруші ордалардағы аққу сұңқарлар үгіттерімен және әулие баталарымен атқарылса, ал тура жолға қарай бағыт сілтеуші тылсымнан ақиреттің мектебі болып ілім мен білім ортасын қалыптастырушы әрбір адам баласының жол-жобасы болып, күнәлі болмысыңды көрсететін түстермен, аяттарын оқитын аяндармен және кейбір озық болған құлдарына уахиларды көрсетіп, кітаптардың құпия сырларының оқылуы әрбір ата жолдық сарбаздың Алла жолында артық хайыр жасап, өз мал-жанын тазартып, Құранды, ілімді зерттеп, қалай меңгеруіне ғана байланысты дәрежеленіп отырды.

Негізінен ата жолының алғашқы шариғатты меңгеріп, жобасына тарихатқа жалғану, мағрипаттық жолын алуға негізделген ілімін меңгеру де 3 кезеңнен тұрып және жоба тарихаты, яғни жеті бұтақты жеті атасының ақпараттық шежіре ағашына, тарихына толық жалғану 3 жылда қалыптастыру шарт болды.

Осы 3 жылда рухани өліммен, іліммен зейнеттелудің шариғатпен қосқанда ішкі 4 рухани дәреже сатысынан өту шарт. Төртеуін түгелдеу арқылы ғана төбеден келетін жолына, тылсымнан берілетін мағрипаттық білімінен жалғанумен шығармашылық, дарындылықтың қасиеттерін меңгеру екінші 3 жылдықта атқарылу керек. Ал 3-ші 3 жылдықта ақиқатпен кездесу, белгілі бір пірі болған әулиенің меңгерген кітабына, хикметті істеріне жалғанумен ақ бақсылықты меңгерумен ерекшелену керек.  Осылай 9 жылда негізгі 9 тәубені және ата жолының негізгі шарты ұлттық қазаққа тән әдет-ғұрып яғни тағдыр ғұмырды толық меңгеруге негізделген. Тек сонан кейін аманаттарды ақтап, көлеңке періштелігіңді ақиретке өткізіп, толық хақиқат дәрежесіне көтерілумен өміріңнің соңына дейін шамаңа қарай ақиреттік сый несібе жеке кітабыңды алып, аяттарын намаз қылып орындаумен, яғни тақуалықпен Алла жолында күресуші «хауарилік», яғни сахабалық дәрежені меңгеру керек. Енді осындай жаратқаннан берілген айқын бағыт мектептің сабақтарын меңгеру екінің бірінің қолынан келмеді және шыдам, ар-намыстылық та жете  бермейді.

Ал негізінен осындай 3 кезеңнен (субуханалла; әлхамдулла; аллауақбар) тұратын 9 жыл тәубе сынағынан өтумен ғана әулие-әмбилер мен ғұлама болған аталарымыздың меңгерген кітаптарына, яғни қисынды дәлелдермен, тарихи оқиғалармен, хикметті істермен бекіген әдеттер мен ғұрыптық істерге, түрлі шипагерлік, рухты, тәнді тазарту амалдарын, бақсылық істерді меңгерумен, сұхбат, дарындылықтарды меңгеруге арналған әулиелер кітабына  толық жалғанумен атқарылуы шарт.

Ал енді 9 жылдық сынақтан өткеннен кейінгі тақуалықтың алғашқы мектебін толық меңгергендерге, 2-ші тақуалықтың кезеңі мағрипат-хақиқаты, яғни әрбір адам баласының кәсібіне, жинаған білім, сана қуатына, естілігіне қарай ілімдік кәсіптерді және мықты  тағдырлық, ақиреттік  несібең кітабыңды алу, пайғамбарлар меңгерген кітаптарға жалғанып, пайғамбарлық белгілі қасиеттерді меңгеріп, дүние тіршілігіне де байланысты шығармашылық, өнер, ғылым, шаруашылық салаларында жетістіктерге жетумен  әрбір пенде шамасына қарай бақытты ғұмырдың сатысына көтеріле білу керек еді. Және бұл алғашқы тарихатты толық меңгеруге негізделген 9 жылдық сынақтарды ғана меңгерулермен шектеліп қалмай, бұдан кейін де әрбір адам баласының жеке дарындылық қабілеті мен білімділік, ілімділік  шамасына қарай тақуалық негізде жетілу сапасына қарай қосымша тағы жылдармен белгіленген міндеттерді алумен, енді хақиқаттық дәрежедегі  пайғамбарларға берілген мұғжизалар мен кереметтерді өз халінше меңгеріп, кереметтерін қайталап көрсетумен, ислам дінінің тура жолын, қазақ дін ұстанымын және соған байланысты түскен Алла үкімі Айша анамыздың ақ туын әлемге үлгі қылып, өзге діндегі де халықтардың топ-топ болып ислам дініне кіруін қамтамасыз ету ата жолындағыларға басты бағыт берілген жоба болды.

 Сондықтан ақ ұлдың жанына осындай істерде қажырлы, үлгі-өнеге көрсетеді деген арттарындағы аруақтарының және сенім артқан тылсымнан ата-аналарымыздың әулиелердің жетегімен ақылды деген жастар мен орта жас қазақтың текті ұрпақтарын аруақтың жетелеуімен топтастырып, керуеннің алғашқы жылдарында Ақ ұлдың жеке өз басқаруымен, түрлі хикметтердің көрінісімен, бүкіл еліміздің шығысы мен батысы арасын жүйелі түрде қамтығаны да сөзсіз. Және халықтың түрлі жағдайда бұл игі шараға ат салысуымен, қазақ салт-дәстүрінің, тарихат біліміміз, діндегі көтерілген мағрипаттық жолымыз кең түрде үгіттеліп, мүлде мәңгүрттенген орыс елімен шекаралас елді мекендердің өзінде халықтың рухани оянуына, қоғамға, заман ағымына деген біртекті көзқарастардың қалыптасуына үлкен септігін тигізіп, ел бірлігін қалыптастырғаны да даусыз. Және осындай істерде ұйымдастырушылық қабілеттерімен озық шыққан сұңқар, аққулардың іс басына келуімен, Ақ ұлдың тек жүрек ашу ісін ғана қадағалап, соның өзін игеріп қамтып отыру да үлкен қайратты қажет ететін еді. Оған себеп ай сайын жарты мыңға дейін жүрек ашуға талаптанғандар Алматы қаласына жиналып отыратын. Бұл жағдайда ислам ғалымдарының ұмыт қалдырған, көбіне әйел затының жер ана рухымен тұрақты байланыста тұратынын, ал еркек затының балтырында арнаулы перде болуымен түс көру үш күндік дүние істерін меңгеруде әйел затына тең келу мүмкін емес еді.

Осы жағдайды пайдаланған небір көріпкел, дарынды бата бергіш аққулар ата жолы жамағаты, халық беделіне ие болумен алға шығып «ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс болып», сондықтан керуен басқару ісін қолдарына алып, еркектердің тасада қалуымен бірге пенденің барлық жер тұрғынына ортақ «жұлдыздық» аурудың да кең өріс алуымен де ерекшеленді. Ал кейде саналы еркектердің тақуалықты, ұлттық әдет-ғұрпымызды қалыптастыруға және шариғатқа қайшы кейбір істерді түзетуге тырысқан әрекеттері жалпы діни  сауатсыз, шариғат шарттарын меңгеруден салақсынған, әр түрлі ұлттардан құралған жамағаттардың тарапынан да қолдау көрмей және осындай «жұлдызды» аққулардың  ондай азаматқа жабылып немесе Ақ ұлға, іс басындағы еркектерге теріс ақпар берумен ортадан аласталып, артында тек қатын жанды, қатын басты еректер ғана қалумен керуен ісі шайқалып, қазақ салт-дәстүріне тән тақуалық істер көлеңкеде қалып қойды. Пайғамбарымыздың: «Егер әйелге жақсы тәрбие берілмесе, ол отбасының да бүкіл қоғамның күйреуіне себепкер болады.» (697-ө) «Егер басшыларыңыз жаман, байларыңыз сараң, істеріңіз бей-берекет және қатының билігінде болса, онда сіздерден өмірден көрдің өзі жақсы.» (95-өсиет)  «Егер дін істерінде әйелдерге бағынса, еркектер өлімге бет алады.» (933-өсиет) ескерулері де ата жолында қаперге де алынбай, дін ісін тек қатындардың жүргізуі де шайтанның азғыруына түсуге басты себеп болғаны да хақ.

Ал мұндай жағдайдағы әйелдер басқаруына өткен ата жолының намаз орындау, керуен арқылы рухани өлім сатыларынан өту т.б. амалдарының қазақ елі бойынша үкімет басшыларының да, ғалымдарымыздың да, діншілердің де тарапынан зерттеліп қолдау көрмегендіктен және білімді, зиялы қауымдар мен дін имамдарының ата жолына келіп шариғат істерін меңгеруге іс басына тұрып ата жолының жетімсіз, қисық кеткен тұстарын сынап, жақсылығын асырып дәріптеудің орнына, жалпы халыққа арасынан тек іздеп жүріп жамандықтарын ғана көрсетумен, теріс ықпалды «секта» түрінде насихаттауымен және тілші, сөзші қауымдары өздері басын сұғып кіріп көрмек түгіл, алыстан оймен жорып, шайтанға айналған ашық қарсылықтарының салдарынан көптеген буыны қатаймаған,  еліктегіш жастардың бақылаудан, қадағалаудан тыс қалып, «аққулардың» шайтанның әдемі көрсетуімен шалбар киіп, қалай болса солай: «атам айтып тұр», «аруақ былай деді», ал ашықтай қарсы келген еркекті: «жолыңды жауып тастаймын», «мені кім деп тұрсың?», «сынаққа түсірем» дегендей жалған, сезімге, түйсікке негізделген ақпараттармен шерік қатумен айналысып кеткені де растық. Мұндай жағдайға келген білімді еркектердің жындары дес бермей ата жолына қол сілтеп тастап кетуіне де себеп болды. Және осындай белең алған ұлттық салтымызға қарсы қылықтардан жалпы халықтың жалпы ықыласын суытып, ата жолынан теріс айналып кетпеуіне де, тек жаңадан келген әлі ондай мақтанға, дәрежеге «жұлдыздық» кейіптері қалыптасып үлгірмеген аққу, сұңқарлардың жүрек ашу мұғжизасының арқасында толықтырылып отырумен және жаратқанның үнемі зияраттау барысында аруақтары арқылы халыққа көрсетіп, түсіріліп тұрған хикметті істерінің арқасында ғана керуен тоқтамай жүріп тұрды. Сондықтан да Ақ ұлдың амал жоқ, негізінен қалай да көбірек аққу, сұңқарларды дайындауға аса мән берумен, бірақ ол енді ордалар арасында өзара жарысқа, бәсекелестікке айналып, тарихаттың ілім, білімді меңгеру түгіл қарапайым шариғат тазалық парыздарын да орындау жоғала бастады.

Енді еркектерге меңгеруге тиісті тақуалық және құпия кітаптарға жалғанып, ата жолының білім, ғылымын көрсетіп, халық арасына хақиқатты ашып көрсетуге, ақ бақсылық істеріне тұрғызылған Ақ ұлдың көмекшілері «бизнес», дүкеншілік, сауда-саттықпен, тек дүние ісімен, түрлі көліктер мініп, үй салып, несиелер алып өзара жарысумен, жаңа қазақ атанумен ата жолының халық арасына кең таралуға тиісті басылым жорналының өзі қымбат қағаздармен, халыққа тиімсіз бағамен шығарылып табыс көзіне айналуымен, халық арасына ата жолының насихаты, ақиқаты кең өрісін кең жая алмағаны да сөзсіз.

Керісінше кейбір саналы, иманды, білімді еліміздің тұрғындарына ата жолын жек көрінішті, дүние табу мақсатында құрылған секта түрінде көрсетуге тырысқан әрбір аққу, сұңқарға ерекшеленіп, тәкаппарлануға берілетін  төс таңбалар немесе күнтізбелер сияқты тек пайда табу, мақтан, дәреже мақсатындағы түрлі айла-шарғылар кең түрде дәріптелді. Және бұл іс басындағылар тек түрлі себептермен Ақ ұлдың жанындағы жоғарғы және 9 жылдық сынақтан алғашқы өтушілердің сеніміне кіргендер ғана айналысып, ал егерде жазатайым аянмен берілген ескертуді немесе шариғат біліміне, ата салт-дәстүріне сай емес әрекеттерге қарсылық білдіріп, оны Ақ ұлға жеткізуге талпынсаңыз, онда соңыздан түрлі айтылмаған сөздерді айтылғандай немесе айтқан сөзді басқалай өзгертіп, ақырында онан құтылу үшін амал жоқ, енді өзіңіз-ақ Ақ ұлдың көзіне түспеуге тырысып, тығылуыңызға тура келетін жағдайға тап болуың ғажап емес еді. «Көп құмырсқа жиналып жабылғанда, құлайды азынаған арыстан да» деген аталар нақылы осындай жағдайларға бола айтылған сияқты. Сонымен Айша анамыздың үнемі аққуларға ескертетін: «Қатын бастаған көш тозар, еркек бастаған көш озар» деген батасы ескерусіз қалып, жаратқанның мұндайға жіберетін сынағының үкімі орындалуымен, көп жағдайда тылсымнан келетін аяндар, құпия сырлар тоқтала бастады. Ал Ақ ұлдың өзі ата жолының азшылық уақытында барлық істердің басында өзі жүріп қадағалаумен  атқарған кезде кең өріс алып, Құдайдан келетін әділеттілікке, Ақ ұлға жеке берілген мөрмен келген жалпы керуенге түскен хикметтеріне халықтың көздері жетіп, риясыз сеніп ерумен керуен ісі жібек жолына, Ыбырайым жолына айналғанымен, бүкіл қазақ елі, барлық облыстар бойынша және алыс ауылдарға дейін тараған ордаларды қадағалап, бір адамның бақылап отыруы мүлде мүмкін болмады. Сондықтан әрбір ордалар өз қалауларынша облыстарға және іштей жақындықтармен де топтарға бөлініп, оны өздері тарапынан араларынан тақуалықта, қасиеттілікте, намаз орындауда озық шыққандар және білімді еркектер арқылы басқарылу тиісті болды. Бірақ қанымызға жаратылыстан сіңген тақ таластық және әйел халқымыздың қазіргі таңдағы билікке таласқан «гендерлік» аурулары сияқтылар бұндай жағдайға, аруақтар тарапынан берілген ескертулерге де пысқырып та қарамауға апарып соқтырды.

Ал мұндай әлемде болмаған рухани қозғалыстың және соңғы рет Мұхаммед пайғамбарымыздың арап халқына елші болып келуімен, жалпы халықтың рухани өлім сатысынан ерікті түрде өтіп, топ-топ болып дінге кіруі сияқты жағдайдың, енді Алланың нұры сөз келіп қазақ жерінде қайталынуымен барлық халық ұйқысынан оянып, бірі масхабшыл, бірі сопылық, тіптен өзге діндегі секталарға да кірудің халықтық бейнесі осы ата жолының мөр мұғжизасына байланысты көктен түскен келген нұрдың, кісілердің, періштелердің шарапатын көбі теріске алумен аяқталғаны да даусыз. Және қазақтың басына келген мұндай қонған бақты ұстап тұратын салмақ пен үкімет және зиялы қауым тарапынан бағалауға ақыл-ойы және философиялық дарындылықтары мен арлылық, намыстылық, саналық қуаттары да жетпегендіктен, ислам дінінің түпкі бастауларынан және жарысып арап үлгісін ғана қалыптастыруға бүкіл мемлекет ақпараттарын жұмылдырғанын және сырттан елшілікке келген көптеген діншілердің ел басқарушылардың ерекше құрметімен, дәрежелі орындармен марапатталғаны да сөзсіз.

 Ал енді ұлттық ғұрыптық, тағдырлық дін-жанымыз болып табылатын ата жолын керісінше  ұлықсат қағаздармен, түрлі мекемелерге, ұжымдарға бөліп, ерікті берілетін садақаға салық салу сияқты құдай ісіне өздерін теңдес жасаған ел басшылары арнаулы түрлі қитұрқы заңдар шығарумен халықтың тұтастығын да, ордалар арасындағы тұтастығын да аудандарға, ұжымдарға бөлумен бөлшектеп және баспасөз, мәдениет басшылары да бұндай шайтандық әрекеттерден де қалыс қалмай, әйтеуір осындайдан халық жиренеді деген қоқыстарды іздеп жүріп және жалпы халықтың егемендік алғаннан кейінгі дүние, кедейліктің сынағына түсіп, жазылмаған жара қотырларын тырнап қанатып отырумен, бұндай рухани жағдайдағы ақшаның орны иманнан жоғары тұрғанын да өз пайдаларына аса қулықпен пайдалана білгені де сөзсіз. Ал заң орындары, әкімшілік тарапынан арнаулы топтар ұйымдастырылып, тексерулер жүргізіп айыппұлдар салумен, ордалар арасын бір-біріне қоспауға қарсы кешенді түрде күрес жүргізгені де басты себептің бірі болғаны да даусыз. 

Бұндай жағдайда ата жолының ілімін құран арқылы қорғауға және тақуалық үлгілерін қалыптастырып, құдайдың берген нығметі аруақтар арқылы келетін хикметтер арқылы қарсы тұрып дәлелдер келтіруге тиісті болған, осындай жағдайда Ақ ұлға жәрдемшілікке тұрған бақташылардың өз міндеттерін атқармауынан кейіннен қатындар бастауымен қандай жағдайға тап болғанын өзіңіз-ақ болжап отырсыз.

Әрбір айтылған және берілген ақпараттардың шындықпен яғни аянмен қорғалып отыруы Мұхаммед және Ыбырайым жолының негізгі шарты деп шындықпен мысал бере кетсек; Осындай жағдайға тап болған мен де, «Сен тимесең мен тимен» дегендей, осындай шариғат құндылықтарын қадірлемейтін және көбінесе қатындар бастаған ортадан қашып, ордадағы керуен ісін әйелдерге тапсырып, әйтеуір бір-бірімен оңай табысады деген пікірмен өз шаруамды күйттеп жүрген кездерде жаратқаннан аян алдым. Сонымен түсімде көлікпен жолға керуенге шығып, артқы орындығына жайғасып алып қарасам, қасымда ешкім жоқ, мінген көлігім жүргізушісі де жоқ, өзі жүріп келеді де, жолдан шығып айдалаға қарай лағып барады. Сонан шошып оянып, дереу жан-жағымды, ордалардағы керуен жүргізу істерін зерттеп қателіктерді, Ақ ұлдың тапсырмаларын көрсеткен үлгілерін мүлде бұрмалап жатқандарын байқадым.

 Мұндай жағдайларға қарсы шығудан іс басындағы Ақ ұл қасындағы ерлер тарапынан мүлде қолдау көрмей, ақырында қатындармен жалғыз соғысумен, ең бір ата жолындағы қырсық, жек көрінішті, «фонат»-діншіге айналып, ақырында Ақ ұлдың «жеке өзің бөлек ізден!» деген тапсырмасын алдым. Бұл жағдайдың өзі Ақ ұлдың менің ісімді теріс көрмей, мұндай жеке-жеке берілетін, бірақ сынақтардан өзім шыңдалып шығуыма берген жетекшілік көрегендігі деп қабылдадым. Оған себеп, ол кездерде үкімет және бүкіл діншілер тарапынан ата жолына ашық соғыс басталып, енді бұндай қалыптасып үлгірген және ақылы толмаған, кейбір ақылды, сауатты аталғандардың өздері де ата жолының ілім шартын толық жете білмеуінен, жалған абырой, атаққа ие болған керуен басқарушыларын және әдеттерін, қалыптасып қалған тәсілдерін бірден өзгерткенде және шариғат ұстанымын іс басындағылардың ерікті түрде орындаған үлгісімен емес, бұйрықтармен, қатаң тыйымдармен енгізгенде, арам мен адалдың парқын әлі түсініп үлгірмей, жоғары басқарушылардың діни надандықтарынан үлгі алып үлгірген, орда ісін солай жүргізіп жатқан аққу, сұңқарларды да, оларға қалай болса солай дәретсіз, жалаңаш жалпы келіп үйреніп қалған, солай да керуенге әулие бастарына баратын көпшілікті қашырып алумен бірге бүкіл керуен өзінен-өзі тоқтап қалу қаупі бар еді.

Бұл жағдай әрине ол кезеңде тиімсіз де болды. Және ата жолының негізгі хикметінің шарты да әрбір ордада қамшы арқылы тазалау, адам баласының тәніндегі шайтан ұяларының тазарып, жанының қараңғылықтан шығып, ар сауытының қалыптасуымен ғана «Астральды сапарға», яғни ақирет өмірінен азық алып, түрлі ауруларға өзі қарсы тұратын жандық «імүнін», қанның тез тазаруын қалыптастыруға негізделген намаз амалына үкімет және медицина мекемелері  тарапынан қарсылық болып, қудаланып амал жоқ Ақ ұлдың өзі де жүрек ашу ісінде қамшыны тастап және ордаларда қамшы пайдалануға тыйым салған жарлық беруіне тура келді.

Бұл негізінен барлық соққыдан да ең ауыры және шайтан жамағаттарының ең үлкен жеңісі болды. Ашылуға келген толық дәретті меңгермей, сасық иістерінен қамшылау арқылы жағып тазармай және ордалардағы тазару сатысынан, алдын ала ерекше дайындалудан өтпеген, тек бес атадан өтумен ғана жүрек аштыруға келген теріс қуатты, жынды, мас пенделерге және де алдымен қамшымен өрісін ашпай, тек қолмен ғана жүрек көздерін ашудан Ақ ұлдың өзі қара қуаттармен денесінің улануы еселеп артқаны да хақ.

Қарапайым емшілік істерінде әуелі су бұлақтарынан, сосын қамшымен тазартпай қолды да ондай пендеге тигізуге болмайтынын меңгерген ол уақыттарда мен үшін де Ақ ұлдың мұндай хикметті ісінен тек сырттай таң қалумен ғана жүргенім де растық. Және ол уақыттарда жоғары топтағы басқарушыларға әулиелер батасымен, аяндармен де ашылатын аққу, сұңқарларды емтиханмен ғана апаруды тапсырғаны да сөзсіз. Бірақ оның негізгі қағидалары біздер сияқты аз ғана «қума»-дінші аталған топтардың ішінде болып, сондықтан бұл жағдайға мән беріп, ақ ұлға жәрдемге келіп, жан ашыған біреуі де болған жоқ.

Ал негізгі көш басшы ретінде жан-жақтан жау жағадан алып, иттер етектен тартып жатқан кезеңде, Ақ ұл тарапынан қандай жағдайда болса керуен жүргізуді тоқтатпай, тек арасынан аталар батасымен таңдалған пенделерді тазалығына да қарамай, қамшысыз да жүрек ашу мұғжизасымен аққу, сұңқарлар қатарын көбейту керек болды. Барлық үміт осы топтардың арасынан сынақтардан шыңдалу арқылы «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығару» тек тылсымнан келетін хикметтерге, батаны түсініп меңгеруге, әрбір ата жолдық сарбаздың тектілігі мен жеке жауапкершілік тәрбиесіне, ар-намыстылығына ғана және уақыттың өзі ақ-қарасын ашатынына ғана үміт артылды.

«Жаға болған ағаны да көрмедім, «Кең тынысты» ініден де сезбедім. «Жалғыз» қылып жаратқанда құдайым, Кім жасауды мына менен көздедің.. Жан айқайын жалғыздықтың сезгенде, Сорлы жанның кейпіндемін шерменде. Жақын жаннан опасыздық көргенде, Аруаққа дау айтамын, өлгенге…Уақытша «жалғыздығым» сынақ бұл, Мақсатымды қолдап шығар халық тұр. Жүректегі жаралар да жазылар Жанашырлар, жан достарым табылар.»  деп өзі өлеңде жырлағанымен, шынымен Ақ ұлдың жеке басына, дүниелік жағдайына емес, негізінен аманатталған ата жолының болашағына көз жүгіртіп, жан ашыр жан достың ол кездегі уақытта қасында табыла алмағаны сөзсіз.

Менің сол кезеңдерде жазып ата жол ішіне таратқан «Ақиқат бастауы» атты кітабымдағы: «…осы жолдың қозғаушы факторы Алланың берген мұғжизасы «мөр салу», «жүрек ашу» және оны тәрбиелеу сияқты. Себебі алда талай асу бар. Ақ ұлдың 9 жылдық сынақтан өтуіне әлі бір жарым жыл бар. Бабалар ескертуімен сынақтан өткен әрбір адамның басында болатын бір ерекше құбылыс мұғжиза болу керек… «Сауысқан тоты болам деп жүріп  жүрісінен жаңылды». «Ауруын жасырған өледі»…Ақ жолымыз қазақтың бақ жолына айналсын десек, халық болып сынға алып өзімізді-өзіміз түзетпесек шет елден, Европадан көмек әзір келе қоймас. Ордалардың кейбіреулерінде шариғаттан мүлде теріс қылықтар жасап жүрген Аққу, Сұңқарларымыз жетіп жатыр...» (Ақ.Бас. 101-бет 2004 жыл) жолдарды ата жол ішінде «Ақ ұл ата жолын басқара алмай жатыр» деп жамандапты деген ақпараттарды таратқан жоғары жанашыр аталған топтағылар іздеп жүріп ордалар ішінен бұл кітапты аластағаны да хақ.

Мұндай қоғамдағы заман қозғалысының ақиқатының айнасы болып, жақсылығы мен жамншылығын таразының екі басына қатар қойған, өзара сын болмаған жерде мін де түзелмейтінін шайтан жамағаттары жақсы пайдалана білгені де сөзсіз. Бірақ сол кездегі осындай өрескел «Ат аттатып сүйек сындырған» аққу, сұңқарлардың арсыздықтарына да қарамай, негізінен халықтың жалпы қолдауымен ғана ата жолы керуені жүрісін тоқтатқан жоқ. Және жалпы керуеннің де негізгі мақсаты, бір адам баласы болса да Арыстан баба арқылы өліммен ақыретпен кездестіріп, Түмен баптан тілетіп, аруағын қараңғылықтан шығарумен отанымызды, қазақ елін жалпы басып тұрған қара күштерден тазарту, жарық күштерінің кісілердің, басы көтерілген аруақтардың саптағы санын көбейту еді.

Бұндай жағдайда басы көтерілген аруақтардың тылсымнан соғыс ашуымен, оған қарсы қандағы құрттары оянған қарусыз жүрген шайтан адамдарының да әрекеттері кең түрде өріс алып, енді ашықтай ата жолына, аруағына да, діннің ортасы болған Ыбырайым жолының ұстанымына да ашық соғыс жариялап, бұл жағдайдың басылым беттері түгіл, бүкіл теле арналар да негізгі тақырыбы қылып алғаны да өтірік емес.  

Сонымен енді ата жолының негізгі ұстанымы болған, қандай надандық әрекеттерден де әрбір пенде өз еркімен бас тартып, дін тазалығын қалыптастыратын және қазіргі таңдағы бүкіл әлем діндерінің жоғалтқан ортасы аяндарды жоруға және осы арқылы құлшылық ілімдерін меңгеріп, намаздарды түзеп, діннің жоғарғы дәрежесіне жету үшін де еркектердің елшілік дәрежесіне жеке кітабын уахи алуға және белгілі бір әулиенің, пайғамбардың  тұрақты кітабына жалғанып және арнаулы пірлігіне тылсымнан жетелейтін жетекші ұстаздығына жетуі үшін міндетті түрде тақуалық, сопылық істерді меңгерумен құранның қазақша түсінік насихатын жетік меңгеру тиісті еді. Мұндай жағдайға жетуге енді амал жоқ өзінің қасына ерген алғашқы топ еркектерді Ақ ұлдың тапсырмасымен қажылық сапарға дейін жіберіп, ақылдарына нұр алып, Ыбырайым жолына кітабына жалғануға, Алла жолында қажырлықпен күресуге мүмкіндік берді.

Үміт күткен алғашқы топтағылардан, бұл әрекеттен де ештеме шықпай, керісінше мүфтияттық қажылықты меңгеру сияқты әдеттермен, яғни құжат алып, жамағатқа уағыз айтса болды, ал арнаулы пайғамбарымыздан аян алу, Ыбырайым пайғамбарымыздан бөрік киіп, киім зейнеттерін алу «Төртеу түгел болса төбеден келеді» дегендей «..Қалаған кісіміздің дәрежелерін көтереміз. Сондай-ақ әр ілім иесінің үстінде бір білуші бар» (12-76) деген аятқа жалғанып ілімді меңгерумен ата жолының хақиқатын құран және хикметті істер арқылы дәлелдеп, Ақ ұлды ақтап шығуға тиісті болған кейбіреулері керісінше қалтасында қажылық құжаты, аузында шылым, бұтында шайтан дамбал, сөзі былғаныш болып қаралай жынданып, дүние масқа айналып кеткендері де бар. Ал ондайлардың қасына ерткен керемет көріпкел, аққу жұбайлары да «Қотыр атқа, соқыр ат үйір болар» дегендей, шайтандық кейіппен соңына ергендерді де арсыздық істермен ата жолын, ібіліс жолына айналдыруға белсене кірісіп кеткендері керуен жүргізушілердің көпшілігін құрайтыны да даусыз. Ал мұндай от басымен, шәкірттерімен бірге түгел жынданбағандары қайта-қайта Меккені жағалап, енді біреулеріміз орта топтық керуеншілер тобын құрап, жеке-жеке бастық болумен, мекеме ашып, халықтың садақасынан күнін көріп, дүние жинаумен ғана айналысумен, өзіне пікірлес, дүниелес  үкіметтегі көкелерді жағалап кетті. Ал мұнан да дүниемен азғырылудан аман қалғандарымыз мүфтият ұсынған  «бес парызбен»  көгеріп көктемекке мешіттерге қарай беттерін әбден бұрып алды. Ал 9 жылдық сынақтан өтумен бірге жаратқаның нығметіне, кітаптарына жалғанып, тіпті ел басшыларының өзіне де ашықтай сынақ болып, ата жолының хақтығын, аруақтың ондай пенделерін ата да біліп, жер шұқытып, болмаса жерге де тығып жібере алатынын, батырларымыздың  тылсымнан беретін өлім мұғжизасы, семсері мен найзасы түгіл, орта топтықтарға тән қорғанатын қалқанын да ала алған жоқ. Сондықтан мұндай жоғары хақиқаттық дәрежедегі ақ бақсылықтың хикметтерін меңгеру түгіл, тура жолымыз және мағрипатымыз болған қазақтың  дін ұстанымы, ғұрып-ғұмыры мен дәстүр арасын европалық салтпен бөліп, бата нығметтерінің хикметтерінің бірін де орта топтықтар өз ортасында қалыптастыра алған жоқ.

 Енді бұл жағдайдың тек осы алғашқы нығмет берілген, барлық ата жолының істерінің ортасы болған топқа ғана Ақ ұлдың үміт артуында да кейінгі келіп жатқан топтағылардың арасынан шығатын қабілетті аққу, сұңқарлардың табаны бекіп, қасиеттерін меңгеруге және міндетті түрде 9 жылдық сынақ кезеңдерінен өтуге баспалдақ тиісті болғандықтан, енді мұндай жетіліп, ата жолының хикметтері мен ғылым-білімін, дін үлгісін қалыптастыруға да уақыттың тығыздығы мен ата жолына үкімет, ел басқарушы, діни топтардан да сынақтардың, ашық шабуылдың кең етек алуымен болған, облыс түгіл бір ауылдағы ордалардың да бас-басына мекеме құрып, әрекет қылуы да басты себеп болды.

Ал негізінен бұндай жаратушы тарапынан түсірілген ашық белгілерді, хақиқатты бұзықтықтан ажыратып, ғылым-білімін құран арқылы зерттеп, дәлелдеуге тиісті болған  ілімді, білімді, лауазымды, шенді пенделерден де кенде болған жоқ, бірақ әрбір ата жолына келген қандай да ғұлама, тіптен дін имамы болсын, 9 жылдық сынақ кезеңінің өз тағдырын бекітуге, тазартуға белгілі тиісті сынақтарынан, тарихат, мағрипат кедергілерінен өз ақылдарын, есін үнемі жетілдіру арқылы ғана өту шарт еді. Бірақ ондай пенделердің негізінен әулиелер батасы арқылы дүние жағдайы түзелуімен, тақ дәрежелері көтерілуімен аяқталды да, құдайдан келетін таза білім кітаптарды және тарихатты меңгеруге деген құлшыныстарын дүниелік нығметтермен айырбастап алғаны да сөзсіз.

Ал бұл жағдайға үлгіні қалыптастырып, осы басылым беттерінде халыққа үн парақтар түрінде таратылып жатқан, әлі қарапайым аталар меңгерген ілім мен білім ғана түсініктерін осыдан 10 жыл бұрын меңгеріп және 5-6 жыл баспасөз, кітап беттерінде жариялауға міндеттендірілген және алғашқы топтағыларға мұндай ақпарат арқылы соғыс ашуға сынақтар жеңілдікпен тек ғұрыптық шараларын ғана меңгерумен беріліп, (алда мысалдар бар) өз сынақ мерзімдерінен өткен болып есептелгендіктен, ата жолының дәрежесін көтеру, жарқын үлгілерін қалыптастыру оларға берілген жеңілдіктер аруақтардың да басты  үміті еді. Ал арттағы соңдарынан келе жатқан топтар ішінде бұл дәрежеге лайық аққулар да, сұңқарлар да, түрлі сауатты, өмір тәжірибесін көргендер де болды. Бірақ оларға берілген кезең мен қасиеттерді меңгеру барысындағы сынақ түрі де басқа еді. Және осы араларды жалғап, халыққа ата жолының өмір мектебінің ерекшелігі, бағыт-бағдарын көрсетіп, халық пен барлық ордалар арасының өзара теңдігін, қағидаларының біртектілігін қалыптастыруға тылсымнан арнаулы әулиелік сатылармен кеңшілік беріліп, міндеттелген де осы жоғарғы топтың құзырында болды.

Ал іс басындағылардың мұндай білім-ілім жолындағы дарындылықтарды меңгеру түгіл, қарапайым тақуалықты және масхаб білімін де меңгермей, керісінше бұндай жеңілдіктерді өз мүдделерін дүниемен көрсетуге ғана, бірін-бірі мақтап көтеруге ғана қызмет жасады. Бұған да шындықпен нақты дәлел келтіріп шынға, хақиқатқа айналдырып отырсақ: Бірде түсімде ата жолы жорналын үйге келген бір пенде қолына алып, әжетханаға кіріп кеткенін байқап қалып, дереу артынан жүгіріп барып, қолынан тартып алсам, бір-екі бетін жыртып құйрығын сүртіп тастапты. Енді ашуланып: «Біздің халыққа үлгі қылып отырған киелі затымызды неге бүлдірдің»,- деп ұрысып жатып оянып кеттім. Сонан басылып шыққан ата жолы жорналдарын зерттеп қайта оқып көрсем, 5-ші басылымның бір бетінде сол алдыңғы басқарушылар қатарының ең үздік бір аққуының, ел басқарушы жоғарғы үкіметте жүрген, жүрегін аштырып аққулық қасиет алған бастық қатынмен түскен суреті және сұхбаты да басылыпты. Ата жолының алғашқы тобындағылардың осындай дінге, шариғатқа қайшы қылық әрекеттерімен болса да, кім үкімет орнындағы жоғарғы дәрежелі пендемен жақын болса, соның беделі де, қасиеттілігі де, ата жолына қосып жатқан қызметін де, аққулық, сұңқарлық қасиетін де жоғары деп бағаланғаны да даусыз. Сонымен аққуымыздың берген сұхбаттында: «Мен бір аянды үнемі көремін,-дейді аққуымыз. Түсімде жиі Қайназар атаның басына үнемі апарып, сонда қарасам ылғи бастарын ақ жаулықпен толық мойнына дейін орап алған басқа ұлт өкілдері отырады, ал менің басымда бір қабат жұқа жәй орамал дейді. Енді суретке назар салып қарасам өзінің де, қасындағы бастық серігінің де басына бір шүберекті орай салған төбесі ашық, шашы жалбырап тұрған екі қатынның бейнесінен Қайназар атамыз: «арсыздықтан тиыл, өзге ұлтқа еліктеме, орамалыңды қабаттап, жаулығыңды дұрыста, тақуалықпен үлгі көрсет» дегенін жоруға болады.

Екінші аянында: үнемі теңіз ортасында суда қалып жүзіп келе жатып, оны құтқаруға дельфиндер келіп, енді қолын созғанда жоқ болып кетеді екен де, үнемі осы түс қайталанады да тұрады дейді. Енді суретке тағы қарасам, қолы иыққа дейін ашық, жалаңаш және тырнағы сояудай болып, «хайуанның өзі сенен шошиды, тозақтық болма, қол аруағыңды тазала, киіммен қорға, арсыз болма!.» деп аруақтардың ескертіп тұрғаны хақ.

Үшінші аянында: жас кезіндегі мектеп оқушы балалық шағына қайта түсіп, басында гүлдеп байлаған ақ бантигі бар және мектепке баспалдақпен көтеріліп келе жатып, алдында орыс тілінен сабақ беретін мұғалімнің артынан еріп келе жатқанын айтады. Сонымен ол мұғалима артына қараса, басындағы ақ бантигі ақ көгершінге айналып ұшып кетеді де, ал ол орыс мұғалимасы алдына қарай бұрылса қайта келіп қонып, гүл «бантик» болып байланады екен. Яғни, «ана тіліңді меңгер, қадірле ол сенің бағың, орыстың артына салтына ере берме!» деп тіл мүкісін және ғұмырлық салтын түзеуге үкім беріпті.

Мұнан қандай тағлым алдық? Осы жорналды басқарғандар Ақ ұлдың сеніп тапсырған ең сауатты деген және ата жолының жоғарғы әулиелік сатыларына жеткен, дін иманымызда бар алқадан тұратын топтың күрделі кітап аяндар, уахи түгіл қарапайым түс жоруды білмейтіні және керуен басқарған, мыңдаған халықты соңынан ерткен ерекше көріпкел аталған аққуымыздың да ата жолына өнеге, жақсы үлгі, білімділіктің, сөз түсіне білетін тәрбиеліктің орнына, европалық «гендерлік», яғни шайтандық теріс қылық көрсетуге келген бастық қатынның да өзінің дін ісін меңгерудегі қандай ілім сауаттылығының бар екенін ашық әшкерелейді. Пайғамбарымыздың да өсиеттері мен Айша анамыздың: «Қатын бастаған көш тозар» деген аманатын көрсетіп тұр.

 Осындай өздерінің ата жолының қарапайым халыққа ортақ беріліп жатқан білім мен діндер ортасы анықтық білімінен сауатсыздықтарын әшкерелейтін түрлі ата ғұрпына, ата жолының үйретіп жатқан іліміне, баталармен ашық ескертіліп жатқан бабалар аманатына қайшы пәтуалар, пікірлер жорнал бетінен көрінісін тапқандықтан да, ата жолының жорналының да сотталып, күл төккенге тасталуына да себепші өзіміз болдық. Сонда енді бұл топтағылар осы ғана мысал, Алланың үкімі шындықтан, хақиқаттан бас тартып, Ақ ұлдың сынаққа түсіп, ата жолының құлауына себепші болмадық деп айта ала ма? Олай болса ата жолындағы аққу, сұңқарлар түгелдей Ыбырайым жолына яғни тура жолға түсе алмадық деп айтуға негіз бар. Аятта: «…Кім оған (Ыбырайым жолына) кірсе аман болады..» (3-97) аятты «Қаж парыз» деп масхаб ғалымдарының түсіндіруі «қағбаға кірсе емес, Ыбырайым орнына, яғни жолына аян арқылы кісі (аруағымен-рухымен) болып кірсе» деп түсінген абзал.

Осындай ата жолының негізгі үлгісі саналған аққу, сұңқарлардың Ыбырайым жолына кіріп аян, уахиды меңгере алмауынан, яғни «Балық басынан шіриді» дегендей осындай топтың арасында жүрген қандай да бір пайғамбарлық дәрежедегі қасиетті адам баласының да солармен бірге жалған ақпаратты «У» ішумен, қаралықтарға, шайтанның азғыруына тап болып еріксіз адасуы да сөзсіз. Өйткені жаратушымыздың жамағаттық қағидасына қарсы тұру да ақымақтық.

Ел басының өзі аян арқылы Астана салып, ел шаруашылығын дөңгелеткенмен де, қарапайым ұлтына, ана қанымен берілген діліне сай қалыптасқан ата дінінің берік қағидасынан сүрініп, жалған ғалымдардың да, шеттен келген азғырушылардың да аю қақпанына түскенін, ғалымдарымыздың Құраннан берілген ашық аяттардың насихатын әлі байқай алмай келе жатқанынан да, өзі сеніп іс басына қойған уәзірлерінің жамағаттық, аманаттық міндеттерін атқара алмауынан және Алланың оларға тікелей түсірген сынағы емес пе екен?

 Осындай жағдайдан-ақ құр партия құрып, патшалықты, билікті алсам болды, халықты әділетті басқарам деген ақымақтық екенін де түсінгеніңіз абзал. Әуелі ондай пенделердің дұрыс уәзір бола білуді,  аманаттарды ақтап, сөз ғылымы — философиямен, халықтың ұлттық негіздегі жан ғылымын, тарихи есін меңгеру шарт екенін, ал болмаса Алла адастырғанды тура жолға салушы болмайтынын ашық түсінуге болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *