Масхабтық дін ісі мен ата жолдық Құдай ісінің негіздері.

Бөлім: Ата жолың бақ жолың қадірлей білсең ағайын 65

Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin; mso-bidi-font-family:"Times New Roman"; mso-bidi-theme-font:minor-bidi; mso-fareast-language:EN-US;}

Ата жолына келген Раббыларымыздан түсірілген шындықтармен, анықтық біліммен, уахилармен, ашық дәлелдермен болған сынақтардың да елдегі іс басындағы жүрген барлық ғұламаларға, ел басшы, көш басшыларына ортақ іс.

 Бұндай жағдай барлық пайғамбарлар мен әулие-әмбилер басында да болып, Мұхаммед пайғамбарымыздың сахабалары аян-аят, уахилары түгіл, дүниелік түстерін де қатты қадағалап және сондай аянына, уәдесіне берік дін білімін, аян, уахиды жетік білетін ұлық сахабалардың кітап берілгендердің жәрдемі арқасында ғана ислам дінінің берік қазығы қағылған еді. Сондықтан 12-сүре Жүсіп пайғамбар жолы, түс жору білімін меңгерумен ерекшеленіп осындай дін істерін жүргізуге және тура жолдың бағытын қалауда барлық дін имамдарына берілген ортақ кітап екені даусыз. Сондықтан аятта «Мұхаммед: «Менің жолым осы. Мен және маған ергендер, ашық дәлел үстінде, (аян, уахимен кітаптарға жалғанып жетеленуде) Алланы пәктеймін. Сондай-ақ шерік қатушылардан (аянды дұрыс жори алмаушылардан) емеспін» де.» (12-сүре 108-аят) (128).

 Ыбырайым атамыздың немересі болған Жүсіп пайғамбар сүресінің 12-ші санмен Ыбырайым жолының алдында тұруының өзінде тура жолдың екі түрлі бағытын масхаб ерекшелігін көрсетеді. Мысалы біздер үшін шариғат істерін ортақ ислам дін істерінен бастап, тарихаттық негізде масхабымыз 11;10-сүрелерден түркі елінің елшісі Құт-аб бабамыздың істерінен және Жүніс пайғамбарымызға (Тоны көк білекті қаһан) түскен кітаптарға жалғанумен, яғни исламдық діни тарихатымыз түркі дәстүрінен басталатынын ескертумен бірге, тәубе мен Ыбрайым пайғамбарымыздың кітабынан 14-сүреге жалғанумен толық тарихаттық біліміміз қалыптасу керек. Ол үшін де шариғаттық бес негізгі сүрені (1-5) намаздарын орындау арқылы енді тарихаттық 6-сүрені тіршілік намазына ғұрыптық істерге айналдырумен «Бесті бересің, алтыны аласың» да 11-ге толтырумен, үнемі 6-9-шы сүре арасымен 4-ді түгелдеумен, 9-14 арасы алтыны алып отырумен, негізгі сәжде намаздарын орындауды, яғни 32-22-ші арасындағы 11-сүре арқылы орындап отырумен екі қадам алға жүрсең, бір қадам артқа шегініп отырумен, толық намаз орындау қағидалары шығады. Ал негізгі жанның толық зейнеттелуі 33-47-ші сүрелер арасындағы пайғамбар шапағатымен жалғанумен, жоғарыдағыдай сәжденің намаздарын толық меңгергеннен кейінгі негізгі 15 қадаммен байланысты жан ғылымының құпия сыры пайда болады.

Бұндай жағдайды құран философиясында Раббылырыңнан үмметтік пайғамбарларыңа түскен ашық дәлел деп атайды. Ал 60 бұтақты иман келтіру намаздары 1-ші және 60-шы сүрелер арасының сандар тағлымы көрсетіп тұрса, Ясауи бабамыздың толық орындаған, ілімін бекітіп кеткен; 70 бұтақты иман ағашының тамыры 44 сүреден 114 сүрелер арасын құрайды. Мұндай шым-шытырық жағдайдан тек әулие-әмбилер кітап берілгендерге тарихат арқылы жалғанумен ғана әрбір тақуалық қылған адам баласына қабілет, қасиетіне қарай аяттар тізбегінен тұратын әрбір жолға шықан пенденің өз ізі болады. Ал, Абай-Шәкәрім аталарымыз осындай екі ізді көрсетіп кеткен.

Енді Ясауи бабамыздан тараған қаншама ғұламалар тарихта ақиқатқа жетудің өзіндік іздерін салғанын пір Бекет, Шопан аталарымыздың да өзіндік іздері еңбектері де зерттелмей жатқанын әлі біле бермейміз. Сондықтан арап халқына орта жолды діннің негізгі куәлігінде тұруға ғана негізделген Мұхаммед пайғамбарымызға оқылған, түсірген шариғат ісін тура жол деп түсініп, қателесуінің өзінде бұл 11,10-сүрелердің олардың діл біліміне кірмеуінен және пайғамбарымыз да тек 12-сүрені «Менің жолым осы» деп ескертуінде де бес парыздан тыс тағы 7 парыздық сәжденің амалы тұрғанын; «Мен негізінде 7 сүйекпен (яғни 7 пайғамбарға түскен үлгісімен; Ыбырайым, Мұса, Жүсіп, Жүніс, Һұд, Дәуіт, Сүлеймен, Ғиса) сәжде жасауға бұйырылдым» деп ескертуінде де жан ғылымының да, дін ғылымының да терең құпия сыры жатыр.

Ал әрбір үммет өздеріне жіберілген пайғамбарлар нұсқауларын меңгерумен және заман өзгерістеріне қарай адам баласының күнәлі болмысы да берілген білімге қарай еселеп артуымен, сол күнәлі болмыстардың сипаттарын баяндап көрсетіп, ескерту үшін үнемі араларынан болған елшілерге, ескертушілерге, дін имамдарына және кітап берілген қасиетті құлдарына оқылып тұратын Алланың аяттарын, түс, аянды жорып, соған сай дін ісін жетілдіріп, жүргізіп, өздеріне берілген нәсілдік, жандық ерекшелігімен берілген жол-жобалары, яғни тарихат жобасы мен мағрипат ілімі арқылы діндер ортасы Ыбырайым жолына жалғанып, дін ісінде қажырлы болып жүректің толық зейнеттелуін Мұхаммед пайғамбарымыз көрсеткен тура жолдың негізгі шарты деп түсінгеніңіз абзал.

Бұл сүре-кітапқа да ортақ қосқан масхаб ғалымдары; Масхаб — жол, яғни 9 дәуір қағидасы, сөздер ғылымы; бағыт- яғни 12-сүре, Жүсіп жолы және мектеп- ата жолы әдет-ғұрып, салт-дәстүр негіздері, яғни ақиретпен де кездестірудің барлық сабақтарын, ұлттық, үмметтік хаж намаздарында қамтиды деп түсіндіреді. Сондықтан бұндай пәтуа берген дін ғалымдары да, масхаб ұстанушылары да жаратушы үкімдеріне және тылсымнан келген ашық дәлел, уахи, батаны меңгере алмағандар шерік қатушы болып саналады. Ал енді масхаб дін саласындағы және жоғарыда басылым басында көрсеткен, негізгі үш кісінің соңынан ерген жүздеген дін имамдары мен Нұр Мүбәрак жоғарғы орындарының бүкіл діни дәстүрі шерік қатушылық емес пе, әлде жоқ па, бағасын өзіңіз беріңіз оқушым.

Жоғарыдағы 128-ші сан пайғамбарымыздың, пайғамбарлық қасиеттердің негізі «код»-кілттік сандық белгісі екенін білгеніңіз де жөн. Аятта: «Расында сендерге іштеріңнен (араларыңнан емес, өз рухыңнан «мен» болып) бір Пайғамбар келді. Оған, қиналуларың ауыр тиеді. Сендерге өте жұмсақ, ерекше мейірімді.» (Тәуба-128) Тәубаның толық және соңғы 13-ші сатысын меңгеру үшін де Мұхаммед пайғамбарымыздың шапағатына жалғанумен және оның аруағын ішіңе, жаныңа жалғап алумен ғана айқын болып; «…Расында мен бұдан бұрын  іштеріңде өмір бойынша болдым.  Сонда да түсінбейсіңдер ме?»,- де. Алла олардың қосқан шеріктерінен пәк, жоғары.» (10-18) (28) деген аяттың құпия сыры және Алла достары әулие бастарындағы аруақтан жансыз қуаттар шерік қосылады деген құранның негізгі философиясына ашық қарсылық білдірген дін ғалымдарының надандық, серік қосуларының құпия  шешімі де осында тұр. Олай болса діннің барлық нұсқауларын бірлеп, Мұхаммед пайғамбарымыздың надандық, білімсіздік заманында амал жоқ ескермеген аяттардың да үкімдерін толық орындап, діннің тақуалық дәрежесінің 13 сатысын толық көрсетіп және оны хикметтермен, рухани өлім сатыларымен айқын дәлелдермен жазып, біздерге мұра қылып кеткен Ясауи бабамыздың ілімін ата жолының негізгі шартын, Түркістанға 3 рет хаж жасау кіші қажылық дегеннен шошып теріске алғандардың бәрі де Мұхаммед пайғамбарымыздың шапағатынан құр қалары хақ. Және Сәни дәптерде баяндалған «Ұрпағым деп атады мені Мұстафа» деген Ясауи баба өсиеті осы 128-аятты меңгергенін, Мұхаммед пайғамбар аруағы, рухы зейнеттелуін, кітап берілуін ескертеді.

Сондықтан әрбір қажыға баруға ниеттенген қазақтың баласы әуелі Түркістандағы түмен бап, яғни барлық саптағы баптардың түмен басы (мың басы) болған Мұхаммед пайғамбар аруағына «Әлиф»-1000-ға жалғану шарт. Сондықтан: «Біз өздеріне Кітап берілгендер, оны (Мұхаммед пайғамбардың аруағын)  ұлдарын танығандай таниды. Сондай өздеріне зиян еткендер, олар сенбейді. (20) Және Аллаға өтірік жала қойғандардан немесе аяттарын (аян, уахи және құранды тәпсірлеу) өтірікке жорығандардан кім залымырақ? Күдіксіз Алла залымдарды құтқармайды.» (6-21) Пайғамбарымызбен жүздесу арқылы кітап алып және үнемі іштен келетін пайғамбар аруағынан хабарды Алла пендесімен тілдеспейді деп аяттарын өтірікке жорығандар, тура жол түгіл азаптардан да құтқарылмайтынын ашық ескертеді. Бұл аяттың сандық мәні 21 болып, ата жолының Айша ана туымен түскен 21 жұлдызды, көктен «Біз» арқылы түсірілетін адмзатқа, барлық діндегілерге арналған негізгі несібе, жерлік 12 санды несібе Мұхаммед пайғамбар жолына жалғанумен пайда болатын 21+12=33 санды сүренің адам баласына тән басқарушы жер бетінің халифалығын атқарушы жанды, қанатты періштеліктер мен тура жолда соғысушы сахабалық қасиеттерді меңгеруді ата жолының негізгі ақирет мектебінің үлгісін, аруақ заңдылығын ескертіп тұрғаны да хақ. Осындай аруақ заңдылығы, жан ғылымына байланысты құранда ашық берілген жүздеген аяттардың шешімін тапқан бірде бір осы замандағы ислам дін ғалымы жоқ және алған діни дәрежелері де негізсіз, тек сыртқы сопылық, мағрипат істерінен пайда болған қағаз жүзіндегі білімдік бейнесі ғана.

Ата жолының да мақсаты қазақтың текті ұлдарының арасынан Мұхаммед пайғамбарымызға жалғанып, аруағынан, шапағатынан, нұрынан үлес алған нағыз хазірет, сұлтан, құл қожа, Ахметтер дайындау болып табылады. Бірақ қазақтың ілімді, білімді қауымы ислам дінінің 3-тен бірі болған дін сектасы масхабшыл болып алып, ал кейбір дін жолында ізденгендер түрлі жалған сопылық ағымдарға еріп, өздерінің қайда бара жатқанын да білмей, алды сотталып, қудаланып жатқанынын халық білгенмен себебін түсіндірген, арашаға түскен бірде бір теолог, дін ғалымы, философ ағайындарымыз шықпады арамыздан.

Енді негізгі тақырыптық бағытымызға қайта оралсақ. Ата жолының осындай ашық дәлелмен берілген нығметтері арқылы негізінен Жүсіп пайғамбар жолы арқылы ел шаруашылығын, мәдениетін көтеру мен түрлі қиямет мезгіліндегі болып жатқан апаттардан, сынақтардан сақтандырып, алдын ала іс-шаралардың жүргізілуімен және қиямет мезгілінің белгісі түрлі шипагерлік біліммен жазылмайтын аурулардың да шешімдерін, емдерін тауып, экономикада, медицинада, ғылымда, философияда заман біліміне сай ғылымдарын жетілдірумен және түрлі заң шығару, оны орындау барысында да әділетті істерді атқаратын аян алып, кітабына жалғанған білімді, иманды қызметкерлерді дайындау керек еді. Және  қазақтың тозып жоғалуға айнала бастаған діл білімін, әйел қанының жоғарғы дәрежесін 147-сандық белгісін, номадтық тектілігін қалыптастырумен болашақта әлем халқына үлгі болатын қасиетті, қабілетті ұрпақтарды өмірге әкелумен  рухани өнім беруге бағытталған болатын.

Енді өткен шақтан осы шаққа ауысатын болсақ, Ақ ұлдың қазасымен бөріктерін, сәлделерін аспанға атып, мөрдің жүрек ашу мұғжизасының тоқтауымен, аққу, сұңқарларды дайындау жаңадан киелі әулие аруақтарының бастары көтерілу хикметтері де тоқтап, жалпы халыққа түсіп тұратын қосымша нұрдың да, зияраттау хикметтері де тоқтап, негізгі дұшпаннан құтылдық дегендердің қуанышы да жақында су сепкендей басылары да хақ. Оған бірінші себеп: тылсымнан қарсылық күштері қайта басын көтерумен, енді бұрынғыдан да еселенген ауыр азаптардың, түрлі қайғылы оқиғалардың және халықты мұндай құдықтан шығаруға міндетті болып тұратын жылына бір-екі рет әрбір екіжүзді, жалпы артындағы күнәлі істерін түстерін көруі де тоқтап, жаны ұзақ рухани ұйқыға кеткен пендесі мен қараңғылық перделеріне Алланың күшті әскерлері шеріктердің еніп, түрлі жағдайларда жолдары жабылып сынақтарға, азаптарға ұшырай бастайды.

Ал жалпы елге келетін тұрақты сынақтан және дүниемен қалай өлшеуді көрсететін миллиондаған шығындарға соқтырып, халықтың қазынасы осы шығындарды орнына келтіретін садақаның орнына жұмсалумен, халық түгіл ел басшы, дін басшылары да қайда тығыларын білмейтін жағдай болады. «Қызғанғаның қызыл итке жем болсын» деген екен аталарымыз мұндай қазақтың өзара жомарттық дін салтына қарсы келгенде.

Екіншіден жақсы топыраққа себілген көптеген рухани дәндер, Құдайдың рухы жетіліп, енді өнімін беріп, болашақта жүрек ашу мұғжизасы да жетіліп және енді 7 қасиетті сұңқардың тақуалық қасиеттері жетіліп толысуына қарай, Ақ ұлға берілген негізгі мөр кітапқа жалғанумен қайта жалғасып, керуеннің бұрынғыдан да ондаған есе  қазақ елімен бірге әлем жұртына да танымал болуы да сөзсіз. Себебі, осы мезгіл ішінде ата жолының жоғарғы тобындағылар сол жеткен биігінен 1 саты да қозғалмай, негізінен орта топты құрағанымен, арттағы топтар ішінен сынақтарынан шыңдалып, 9 жылдық тәубе мезгілдерін толтырып, қайта дәрежеленуге аманатпен жүктелген, аз да болса көпке жететін қазақтың нағыз сұңқарлары мен аққулары аруақтардың баптауымен қанаттары қатайып, әлем кеңістігіне де ұшыруға жақындап қалды.

 Үкіметіміздің заңмен ата жолын соттадық дегендер Шәкәрім атамыздың мысалындағы Пілге үрген кәнденге үлкен төбет ит: «Ол піл ғой, сенің даусыңды шыбын да шаққан құрлы көрмейді, дауысым қалаға естілетін  мен де тыныш тұрғаным жоқ па?-дегенде, «Жұрт білсін менің кезінде пілге де үргенімді» деп мақтанған екен. Үкімет және дін басшыларының мүндай сорақы қойылымға қатысқандардың жағдайынан тек үрумен ғана шектелген ол қанден әлде қайда бақытты екені де дәлелденеді. Аруақ піл емес, алдына бергенін жеп жүре беретін, сондықтан аталарымыз: «Құдай кешіргенмен, аруақ кешірмейді» деп ескертіпті.

Арыстан баба мұндай пенделерін тізеден алып жер басуын мұң қылғанда, Пір Бекет ата тобықтан тізгінін салса, жеті түрлі бас ауруын Айша анамыз сынақ қылып салғанда, батырлар жан-жақтан «Біз» қылып найзасын сұққанда, іштеріңнен Ясауи баба от жағып өртегенде, бес ата бес сезіміңді тұсап, Сүйінбай ата жүректен қанжарын сұғып, Бәйдібек ата бүйректен алып, ал мұнан да аман қалып сау жүргендеріңді әулиелердің, бақсылардың аруақтары отырса опақ, тұрсаң сопақ қылып, дүниелеріңді шашқызып, барар жер басар тауың қалмай, жандарың түршігіп, тәндеріңді қотыр жара басып, сонда біздер де көрерміз қайда барып тығылып, емделгендерін.  

Бұл кезеңге  лайық ата жолының нұрландырушы кітабы мен әлем ғалымдарының бас қатырып жатқан аспан, жер көктерінің Ыбырайым пайғамбарымызға оқылған құпия кітабы да қайта ашылумен, Ясауи бабамыздың барлық негізгі кітаптардың аяттар санын түгелдеп кеткені дәлелденіп, қазақ елі құпия білім ордасына, хажылықтың көркем үлгісіне айналып, арап халқының қасиетті дін басшылары да кіші қажылықты Түркістан арқылы зияраттап, пайғамбарымыздың шапағатының негізі Түркістаннан тектілер жұртынан бастау алатынын, Меккедегі «зәм-зәм» бұлағының қазақ еліндегі бұлақ басынан бастап, жолдарға жалғанумен ғана қажылықтың нағыз хикметі пайда болатынын мойындап түсінетін заман келеді. Және бүкіл негізгі 33 сахабаның да шапағатшылық ашық белгілері қазақ жер, көк есігінде тұрғанын да дәлелдейтін уақыт туды.  Ол үшін не істеуіміз керек?

Әрине сын түзелмей мін түзелмейді. Өткенге дін тарихымызға баға беріп, ақ-қарасын ажыратып, мінімізді түзеу арқылы кешегі болған келеңсіз істердің болашақта енді қайталанбауына көз жеткізіп барып, есімізден шығарып, кек сақтамай ұмытып, бір-бірімізді тонның ішкі бауырындай жақсы көретін қазақтық бейнемізді табуымыз керек. Бұл жағдай алдымен ата жолын басқару, ордалардың арасындағы іс жүргізудегі қайшылықтардың және түрлі ата салт-дәстүріне қайшы теріс әрекеттерді қадағалап, ашық сынап, халыққа түсіндіріп қателіктерді жоя білумен, аққу, сұңқарлардың жеке бастарының тақуалық қабілеті, ұлттық бейнесін қалыптастыру істеріне де тікелей байланысты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *