Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin; mso-bidi-font-family:"Times New Roman"; mso-bidi-theme-font:minor-bidi; mso-fareast-language:EN-US;}
Мұхаммед пайғамбарымыз: «Әрбір құлшылықтың ортасын ұстаныңдар.» деген өсиетінің бір сыры жамағат заңдылығын аталарымыздың «У ішсең руыңмен бол» деген умра қажылығының, яғни жібек жолына шығып, жер есігі мен көк сатысына жалғанатын тағдыр жібін іздеудің керуен-сапар жолы, ата жолының зияраттау қағидасын, хаж тәртібін ескертеді.
Шариғат бойынша ер кісілердің жұмадан қалмауы міндетті болып, әйелдерге үйде оқыған намазының 25 есе сауабы артық екенін ескертуі де Мұхаммед пайғамбарымыз бен санаулы сахабарлар меңгерген сопылық жолдың ұстаным негізінен, тарихат, мағрипат білімінен қалыптасқан.
Бұл туралы да масхаб ұстанымына сүйенетін дінші қандастарымыз жан сырының білімі мен шариғат білімінен жоғары тұратын құпия сырларын, кітабын оқып түсіне білмейді және көпшілігі ата-бабаларымызға дін ісі болып, яғни шариғат болып кейіннен көптеген ғасырлар өте заман сынақтарынан өту тәжірбиесіне және білімдердің өрісінің кеңу заңдылығына, сөз атауларының күрделеніп, үндердің жетілуіне байланысты және мағрипаттық жан ғылымының жетілу сырына байланысты бекіген ғұрыптық амалдарды «ырым», шариғатта жоқ деп ашық қарсылық білдіреді. Бұған басты себептің бірі де, діннің Құдай ісі болып түсіріліп, көптеген түркілік әулиелердің Құран философиясы мен шариғи амалдарының дәстүрлік сипаттарын жетілдіріп көрсеткенімен, ғұлама әулие бабаларымыздың өмірден өтіп олардың орнын басқан өз арамыздан шыққан дін ғалымдарымыз тек бұрынғы ислам қағидасын алғаш қалыптастырған кездегі арап ұстанымына, шариғаттың бастапқы қалпына немесе сахабаларға білімсіз еліктеген «табиғындарға» ұқсауға тырысумен, діннің иірген жібін қайта-қайта үзіп отырғанын шежіреден көруге болады.
Сол жіптерді біріктіріп, иіріп, барлық діннің ортасын тауып, түркілік шариғат ісін масхаб білімін қалыптастырып, тура жолға да берік дін ғылымын көрсетіп кеткен Ясауи ілімінен сусындаған жүздеген әулиелер еңбегін, кітап-жіптерді осымен 4 рет үзіп, бұл жағдайдың әрбір 300 жыл көлемінде қайталанып отыруы да Құран аяттарымен берілген дін сынағы болып саналады. Сондықтан араптар негізінен екі үмметке бөлініп, қиямет мезгілінде тура жолда болушылар мүлде болмайтынын аятта: «…Ол күні (өліктер сөйлейтін қиямет мезгілінде); (араптардан) бір тобы жаннатта (өмірден өткен сахабалар, әулиелер), бір тобы (кейінгі дін ісін меңгерушілер) тозақта. (7) Мүбада Алла қаласа оларды (араптарды) бір-ақ үммет қылар еді, Алайда Алла, кімді қаласа, мәрхеметіне бөлейді. Залымдарға дос та (әулие-әмбилер, сахабалар), көмекші де (аруақ та) жоқ.» (42-8).
Құран насихатының сан ғылымына жүгінсек, жалпы араптардың үмметтік негізгі сандық мәндері 42;43 сандық мәндермен беріліп, ал дінді толық меңгерген сахабалар, әулиелердің өз сандық мәндері болып және 44-сан мәндеріне «Төртеуін түгелдегендер» тобына жатады. Сондықтан олардың пайғамбарымыздың заманында да әулиелік белгінің алғашқы сатысы 43-тің өзін меңгере алмағанын аятта: «Пайғамбардың: «Раббым! Бұлар (тура жолға, Құдай ісіне) иман келтірмейтін ел» дейтінін Алла біледі. (88) Мұхаммед олармен шығыс (туысқандық, ұлттық қатынасты үзбе), сәлем бер. Олар (арап елі қиямет мезгілінде) жедел түсінеді.» (43-89) Пайғамбарымыздың бұл аятпен әулиелік сатының жоғарғы дәрежесіне жетіп 9-дәрежелі тәубе сатысынан өтіп, бірақ оған бүтіндей арап елі көтеріле алмағанын, яғни тура жолға түсе алмағанын сандар тағлымы көрсетіп тұр. Ал енді хақиқат дәрежесіндегі хикметтердің қиямет мезгілінің айқын дәлелі болып, қазақ еліне келген тылсымнан өліктердің сөйлеуін, періштелердің түсіп, аруақ болып бейнеленіп Құдай ісін атқарушы, тылсымнан жаппай бата болып аяттардың оқылуын, соған байланысты түрлі ем-шипа, рахметтік себептік хикметтерінің келуін араптық иман келтірушілердің үнемі қарсылығын туындататынын Раббымыз ашық ескерткен. «Бұл бір ірі хабар» де: (67) «Жоғарғы әлемдегілердің тартыспаларынан мәліметім жоқ еді.» (69) «Шын мәнінде ашық ескертуші болғандықтан ғана маған уахи етілуде» де» (38-70).
Пайғамбарымызға оқылған құран насихатының түсінігі иманның 70 санды жан білімімен байланысты болып және жоғарғы әлемдегі «Біздердің» әулиелер батасының, яғни хадистердің замандар өте келе қайта оқылатынын және оның негізгі 7-ші тәубалық кедергісі, асуы болған; 69-санымен болатын аяттардың, Ясауи бабамызға түскен мұғжизаның ашылуын, ескертуші, елшіліктің болатынын алдын-ала ескерткен екен.
Бұл жағдайдың ішкі жағдайы адам баласының ар сауытына байланысты, ұлттық діл бақшасының жеміс беруімен көрсетілетін 38 санымен байланысты, қазіргі қазақ еліне Ақ ұл арқылы келген ашық ескертушілік елшілік істерін де растайды. Сондықтан мұндай жер рухының нұрының ашық көріну хикметімен байланысты болғандықтан, хаж істері зияраттаудың да жер ошақтарына байланысты ерекшелігімен, хикметтерімен көрінісін береді. Мысалға, қазіргі таңда бұрынғы замандармен салыстырғанда жұмадағы тылсым күштерімен зиярат жасаудың, әулие басындағы туысқандармен кездесу зияраттарымен ерекшеліктері бар. Мешіттерде толық тазармаған шеріктердің және толық дәрет, киім үрдісі сақталмайтын намаз орындалатын орындарда жалаң аяқ, жалаң бас жынды, ақылсыз-мас пенделерге еріп жүретін кәпір жындардың да болуына байланысты жұмаға жас балалар мен әйелдердің қатысуына тыйым салынғаны пайғамбарымыздың кейбір өсиеттерінде кездеседі. Бұл, мысалы енді Мекке және Мәдине сияқты әрі зиярат орыны, киелі жер көк, жер есігі болып саналатын жерлерге қарап, пайғамбарымыз өз заманында өсиет берген болса, ал енді жердің нұры да оған байланысты теріс сәулелі қараңғылықтар мен жарықтардың сыну белдеулері де еселеп көбейген замандағы біздердің сәндігі мен көше ыңғайына қарай сала салған мешіттер арасындағы өрістік жер есігі мүлде болмағандықтан, нұрлық, жарықтық сипаттағы тақуалық негіздегі намаздарды орындауға мүлде сәйкес келмейтіні сөзсіз.
Оған енді адамдардың жалаңаш жүріп, жасанды тамақ түрлерінің де молдығымен, тәндерінен шығатын улы өрістердің әрбі жүз жылда еселеніп отыру шартын қоссаңыз, қазіргі таңдағы шуашын мешіттерге барып кілемге қалдырып, тазартатын, қызылбастық намаз ырымымен дәрежелеп, енді оған еріксіз тынысыңызды тарылтып, тән исіне араласқан иіс сулардың, яғни ауру желдердің мешіттердегі жағдайымен дәрежелесеңіз, аман-есен жұма намазына баруға жарап жүргеніңізге, жаратқанның қолдап жүргеніне де шүкірлік қылар едіңіз. Сондықтан араптардың әрбір Мекке және Мәдине мешіттеріндегі оқыған намазы керуенмен барып, әулие бастарын зияраттау арқылы жамағатпен құран оқып, Алланы еске алу, намаз оқу дәрежесімен сәйкес келеді. Және ондай жерлерде мешіттерден ерекшелігі де егер етегін, басын жауып, дәретін түгелдеп, тәнін жауып, арын қорғаған әйелдер мен жас балаларға, ауруларға да ем-шипа, рахмет бар және түрлі жағдайда ондай жерлерді күзетуші, тазартушы аруақ, тылсымдық бекіген қызметші кісілер бар. Ал біздердің жартылай жалаңаш және көшеден келе сала намаз оқитын мешіттерімізде жер рухына байланысты ондай жарықтық сипаттың дәрежесі болуы тіптен мүмкін емес, себебі ол жерде түйе шөгетін немесе бір Алланың досы болған әулие орны жоқ, олай болса тұрақты бекіген тазартушы қызметшілер де жоқ.
Осындай әулиелер мен киелі орындарға құрбандықтарын атап, жамағат болып бірігіп, зияраттап құран оқып, Алланы көркем атаулармен (әулиелер есімдерімен) еске алу зікір де осы Мекке, Мәдине сияқты киелі орындарда оқыған жұма намазымен дәрежесі тең болады. Сондықтан аятта; «Адамдардың негізінен несібесі тең» деп Алла достарының қандай да болса тіршіліктік, жер ерекшелігіне қарамай, ақиреттік жерлік, көктік несібелерінің тең болатынын ескерткен аяттар мен пайғамбарымыздың өсиеттері де бар. Мысалға Ыбырайым орны болған Мекке мешіті мен Маңғыстауда жерленген Ыбырайым пайғамбар зияраты арасындағы нұрмен байланыс жоқ деп қалай айта аласыз? Және ата жолына түскен аяттар бойынша осындай керуенмен бірге жамағат тәртібіне бағынып, зияраттық намаз орындаған әрбір пендесінің атаған құрбандықтары сол адамдардың, жамағаттың санына көбейтіліп, сондықтан бір құрбандық арқылы 25 адаммен керуенге, жолға жалғануға сапарға шықсаңыз 25 құрбандықтың сауабы жазылатынын ескертеді.
Енді масхаб дін танытушы жоғарыдағы Бейбіт мырзаның пәтуасы мен осындай жүздеген дін қандастарымыздың берген, жазған пәтуалары ата жолымен әулие басына жамағатпен зияраттау «маркетинг» және «шерік қосушы» болып, ал жеке өзің барып құран оқысаң, онда жындар тиіспейді, шеріктер қосылмайды деп пәтуа береді. Олай болса құран насихатына да, жамағат тәртібіне де қарсы және аталарымыз меңгерген жан ғылымы «У» ды ішу, яғни шерікті суға айналдыру үшін физикалық бейнеленген өрістік шамадан биологиялық шамаға айналдыру үшін құрбандық жанымен, құранмен дәрежелеп алуға болатын құрандағы жүздеген аятқа және Інжіл, Таурат, Забур аяттары мен пайғамбарларға Раббыларымыз тарапынан түсірілген кітаптарға да қарсылық білдіріп, Аллаға өздерін теңдестіріп, ойдан аят жасаумен ашық жала қойғандарын білгісі де келмейді.
Екіншіден әрбір адам баласы ағайынға және жолда қалған аруақтарға жәрдем беріп мал жұмсау парыз. Пайғамбарымыз: «Әрбір 100 жылда сөз ұғымдары өзгеріске түседі» деп аяттардың насихатының, хадис үгітінің екінші құпия сырларының, кейбір сөз атаулардың әрбір 100 жылдықта ашылып отыруын, сөз ғылымының даму заңдылығын ескерткен екен. Жалпы тәпсірдегі «Құл азат ету, жолда қалғандарды құтқару» ұғымын тәпсіршілер тек дүниелік істермен байланыстырып, ал қазақ әулиелерінің оны көктегі жеті жолға қарсы жер бетіндегі, жер қараңғылықтарындағы қарама-қарсы жеті тозақ жолдарында мақсатына жете алмай, ұрпақтарының түсіне еніп, жаны жетілмей қолын жайып су сұрап жүретін немесе жүрегі мөрленіп, ондай аруағынан хабар ала алмай жүрген пенделердің де жақын туыстары, бақилық болып қабірде жатқан дін қандастарымыздың, яғни жолда қалған құлдарын, аруақтарының басын көтеру, жанын тозақтан шығару үшін құрбан мал шалумен қатыстылығын ескерген діни ғұрпымызды, ағайынгершілік дәстүрімізді, яғни құдайы тамақ беру салтымызды, тура жолдық бекіген шариғаттық істерімізді бұрыннан келе жатқан исламға қатысы жоқ, адасқан дінсіздік ырымға санайды.
Зияраттаудың негізгі себебі де аруақтың басын, жанын басқа, шарға-арға, жарыққа дәрежелеп көтеру, яғни жолда қалғандарды құтқару, яғни «Құл азат ету» болып саналады. Ал осындай көп замандардан бері жиналып қалған, өз қауымының жеті ата-аналарынан қалған аманат істердің біреуін ғана орындаған пенделерін «Құдай саған не берді? Бір барғанда бермесе «маркетинг», Ата-бабаңа апарып құран оқытып, құрбандық шалдырып ақшаңды босқа шаштырып алдап алды» деп Алла жолында мал-жаныңмен соғысып, артық хайыр жасау дүниені босқа шашу дегендей сараңдыққа шақырып, кедейлікпен қорқытқан шайтан жамағаттары болған діншілердің әрекетімен ата жолын былай қойғанда қарапайым салт-дәстүріміз, жомарттық ғұрпымыз, жамағат қағидасына жала жабылғаны да хақ. Ал дінде жомарттық қасиетті меңгермей сабырлық туралы әңгіме етудің де қажеті жоқ. Қарапайым ғана өз тапқан дүниеңмен өзгеге жақсылық жасай білмесең, сапарға шығып қиындықтармен, алған азығымен халықпен тең бөлісіп жеуді үйренбесең, онда басқа жомарттық қасиет туралы сөз етудің де қажеті жоқ.
Егер масхабшылар тура жолда болған болса, онда әуелі тілге, сөзге, күншілдікке, мен білемдікке, тәкаппарлыққа, көреалмастық мінезге абай болып, сараңдықтан тыятын сабырлық керек еді. Жомарттық негізінде үш нәрседен тұрып: біріншісі-айтқан сөзіңді қалтқысыз орындау, екіншісі-туралыққа нұқсан келтірмеу, үшіншісі-қайырымдылықты естен шығармау. Осы үш негізгі жамағаттық қағиданы да біздің дін масхабымыздың имамдары алдымен өздері бұзғаны да хақ. Сондықтан әрбір зияраттаған сайын өз қауымыма ізгілік жасадым, әйтеуір бір уақыттарда аруақтың басы көтеріліп, межелі орындарға жетіп, дұға, тілегімнің, тілімнің ұзарып, олардың аралық өмірі ұжмақтарға енуімен хабар келіп, рахметі де ем-шипа, несібе болып жетеді деген жомарттықтан пайда болатын сабырлықты меңгерудің орнына, керісінше; «менің осы жұмсаған дүниеме не берді, керуен апарғандар мені өтірік айтып алдап кетті ме?»— деген көзқарастың қалыптасуына, тілектердің (тіл жібінің) қысқаруына шайтанға жәрдемге тұрған дін, мәдениет орындарының, заң орындарының қызметшілері де арамыздан ата жолдық өз ағайындарымыздың да теріс қылықтармен шайтан болып, халықтың пиғылын ата-баба аманатын аяққа таптауға және халықты сараңдыққа бұруға ерекше үлестерін қосқаны да хақ. Бұл бабалар аманаты «Өлі разы болмай тірі байымас» деген мақалды, жомарттықтың бірінші шартын орындау былай тұрсын туралыққа нұқсан келтірумен үшінші шартты да бұзғандығын осы бір амалмен-ақ көрсетеді.
Олай болса жомарттықтан жұрдай болғанда жан да қараңғыланып, перделеніп, өзінен хабар бермей жоғалумен, жүректер мөрленіп, ақиреттен белгі келу де тоқтайтыны хақ. Ал, енді масхаб білімімен шариғат істері бойынша да ондай жерлерге дүние жұмсап кәне не алдың?- деп сараңдықа шақыру тағы да жамағат қағидасына ашық қарсылық. Олай болса, әрбір жұмаға барғанда оқыған намазыма, берген садақама осы жолы не берді,- деп сұраңыз? Жоқ, жұмаға қатысудың да арасын үзбей, жинаған ар қуатыңнан, жинаған алтын, күміс өріс ақшаңнан сапта тұрған иықтастарыңа қанша несібе беріп, денеден шығатын сөз буы жұпар иісіңмен, бояуыңмен бөлісе алсаң соған байланысты ғана сауаппен жауап аласың, әйтеуір онда да жылдың бір күні, өз жұлдызың көктен жылт етіп көрінген сәтте ғана. Ал жалаң аяқ, жалаң бас дәретсіз барсаң; онда ұрлық жасауға жын-шайтанға жәрдем беріп, өзгелерге арын араммен былғап, шерік қосуға барасың. Ал осындай жағдайға жол беріп қойған, мешіттерді таза ұстауға міндеттенген масхабымыздың дін имамдары онда кім болып шығады? Халықтың адал ниетпен берген садақасын, араммен араластырып жеген наданның өзі емес пе?
Сондықтан жамағат дегеніміздің өзі адам балаларының арасындағы періштелері арқылы тылсымдағы сауда амалдарының орындалуына жәрдем беру болып табылады. Мен бұл жолы ала алмасам, яғни бір сапарлас, дастархандас серіктесіме берген болып, осылай сауаптармен жалғану арқылы әйтеуір келесі бір сапарларда Алланың сынынан өтіп, өзімнің сараң, дүние қоңыз және Алла жолына, ағайындарыма сүйгенімді берген мұсылман құл, ниетімнің дұрыс екенін дәлелдеу арқылы жаратқанның түсірген несібесін, нығметін алатыным хақ. Сондықтан ондай жомарттықпен сыналып, дүниеқоңыздық нәпсіңмен күресіп, ерлік жасау екінің бірінің қолынан келмейтінін ескерткен екен аталарымыз; «Ер (жүр+ек) кезегі үшке дейін» деп ескерткен. Бұл «аруақ жүректі» Алланың бірлігін, күзетшісін соңыңа ертуге негіздеген ата жолының шариғатының бір қағидасы деп біліңіз.
«Үш рет Түркістанға зияратағаннан кіші қажылықтың сауабы болады!» яғни, хаждың зейнетін, Құдайдың оң көзін 18-ін аласың деген сөз осы жан құпия сырына, Құдай патшалығына енуге ұлықсат алуға байланысты қалыптасқан. Олай болса, намаз орындау амалдарын кем дегенде үш рет қайталап жасамай, артыңнан аруақ иман-кітап, жүрек болып ермейді деп ескертеді. Абай атамыздың: «Арттағы майда көңіл (ұждан-жүрек) жүр, шақырсаң қайтып келе ме?» деген астарлы сөзінің өзі осындай аруақты шақыру амалын ашық ескертіп тұр. Шәкәрім атамыз артыңнан ерген аруақтың, шындықтың шынға айналған болашақта, ақирет өмірінде нағыз досың болатынын ескертіп, әуелі сен арқылы тазаруды сұрайтынын: «Шын досың саған не берді, Соңынан сенің неге ерді? «Арам да болсам ақтасын, Күнәма керек»-деп ерді. Еш нәрсеңді алмайды, Жұмысы келсе, жалдайды. Күй, отқа түс, суға түс, Арам да болсаң қалмайды...» деген насихатпен аруақты әуелі шариғатты берік ұстанып, құран арқылы тазарумен атқарылатын ата жолының 9 жылдық Алла жолында малыңмен, жаныңмен өз нәпсіңмен соғыса білуді, сол замандарда біздің қазіргі таңдағы білмейтін жан ғылымын ескерткен екен. Әрине шайтан жамағаттарына айналған қандастарымыз өзіне ергендерді, құлақ салып тыңдағандарды дүниемен, кедейлікпен қорқытып және сараңдыққа шақырып тура жолынан бұру негізгі міндеті.
Сондықтан осындай қазақ балаларының жамағатқа айналып, ата жолы деп шариғат білімдерін жетілдіріп, қасиеттерін меңгере бастауы ел басқарған, дін басқарған, мәдениет, баспасөз, заң орындарындағы өздерін жоғарғы саналы, «зайырлы» (аруақты, киеліміз) деп санайтын жаңадан қалыптастырған өздеріне ыңғайлы салттарымен, өзгерген шала қазақтық халықтық сипаттары үшін қауіпті болып, ойдан шығарған заңмен, құранға теріс өтірік пәтуалармен қудалауы заңдылық та және оған ренжуге де болмайды, керісінше ұрпақтарына, қауымдарына, артына арам да болса ерген аруақтық жын жүректеріне өз достарына зияндары тиетін болды деп аяған абзал. Себебі аруақта жүз, ру, туысқандық жіктелу де болмайды. Тек ұлттық, үмметтік тіл және сөз аманат пен уәденің тұрағы, Алланың бірлігі, құдірет қолының екі аралық себептік, кәсіптік, қасиеттік белгісі болып саналады. Және бұл ата жолының халық арасына толық насихатталмай, ғылымы да дәлелденбей, керісінше жаман жақтарымен, дінге, ұлттық ғұрыптық, дәстүрлік құндылықтарымызға қайшы европалық азған салттармен көрінуге басты себепші болғандар; Алланың нығметі ерекше берілген Ақ ұлдың жанына тұрып, ғылым, білімін жетілдіріп, тазару амалдарын қалыптастырып, аталар аманатын ақтауға тиісті болып іс басына тұрып, кейіннен қосылған қасиетті жастарға нағыз қазақ салт-дәстүрінің, дін ұстанымының заманға қарай біліммен жетілген үлгі-өнегесін көрсетіп, тура жолдың қағидасын қалыптастыруға, біртұтас жамағатқа айналдыруға міндеттелген аққу, сұңқарлардың надандық әрекеттері негізгі себеп болғаны даусыз.
Бұл пәтуаға қарсы болсаңыз, сондай өздерін әулие атаған: «Ақ ұлмен бірге болдық, сондықтан осы жолдың ілімінің білгіріміз» дегендердің ата жолы көш басшылардың араларына кіріп, бірге болып көрсеңіз, бірақ онда да өзіңіз европалық жаңа қазақтық көзқараста және тіліңіз мүкіс, ойыңыз шолақ болмай, тарихи ата-баба ғұрпы мен дін шариғат істерінен, салт-дәстүрінен аз ғана хабар біліміңіз болса, ақ-қарасын ажыратуға жеткілікті болмақ.
Бұл жағдайлар ата жолының мүлде тоқырап немесе құлағанын білдірмейді, керісінше осындай теріс қылықты дүние мақтаннан жиренген, жасынан көк жиекті көріп өскен, қазақтың ар білімін, қан тазалығын сақтай білген көптеген асылдың сынықтары өз бетімен ізденумен ата жолының негізгі бағытын, діннің бет-бейнесін, бата құндылығын да сақтап, алда талай жетістіктермен әлемге де қазақ халқының, бабаларымыздың өшпес рухын, дін жолындағы қажыр, қайратпен күресіп, біздерге қалдырған аманаттарын, уәдесін ақтап алып шығып, Айша анамыздың ақ туы әлі талай елдерде ақиқаттың адал ақ туы болып желбірейтіні хақ. Тек әзір «Тіл көзім тасқа» деп, көпшілік көзіне түсіп мақтанның және қулардың, тасадан сый дәметіп қолын созатын, ондай өнегелі, көргенді жастарға сыйлықтарын тықпалап, дүние қызығымен алдайтын екі жүзділердің қақпанына түсіп қалмас үшін, ата жолының жамағат қағидасы толық өз дәрежесіне жетіп қалыптасқанша, көлеңкеде қасиеттерін шыңдай түссе екен деген ізгі ниетіміз ғана бар.
Мұндай дәрежеге көтерілу үшін де, дүние қуанышы мен ақирет қуанышы қатар жүрмейтінін ескергеніңіз де жөн және дүниеқоңыздықтан сақтану мен жомарттықтың үш қағидасын меңгермеу де дарындылық пен қасиетті меңгерудің жолындағы ең үлкен кедергі болып саналады.
Ата жолының масхабтық ұстаныммен жамағаттық ерекшелігінің ең маңыздысы да, қазақ халқын ру және ағайындық немесе тіпті ұлттық ерекшелігіне де қарамай, бір қазаннан ас ішіп, өзара бір-бірінің аруақтарына жалғану арқылы үш түрлі ілім негіздерін қамту керек. Мысалы, масхаб бойынша барлығы жұмада кездесумен «намазхан» аталып, тек мешіттегі құлшылық арқылы өздерін анда-санда жетісіне бір рет қана туысқан, дін қандас етіп сезінумен және осындай мешіттерде ғана орындалатын намаз оқулар сияқты амалдарды бірге орындау арқылы ғана қалыптасуы керек. Қалған оның дүние тіршілігінде, кім қандай қызмет жасайтынында, жан тұсында қандай қиындықтарға тап болғанында, ауру сырқаулығында өзге жұрттың шаруасы да болмау керек. Ал ата жолында тек қана жұмаға және құрбан айт намаздарында ғана емес, үнемі сапарлас болу және ордалалар арқылы батаменен аманаттар алып тағдырлас, сынақтармен бірге бөлісіп мұңдас болу, үнемі құдайы тамақтармен аруақтарға құран бағыштау арқылы ағайындас дастархандас, дәм-тұздас болу және кейбір кәсіпке байланысты ілімдерді бірге меңгеру, енді ілімге байланысты кәсіпті, яғни түрлі қасиет, дарындылықтарды меңгеруде бір-біріне жәрдем, жетекшілік етумен ерекшеленеді.
Ал негізігі тәнді тазарту, өзара дем салу, жанды жетілдіру барысындағы бақсылық істерін меңгеру мен тіптен өзара қаржылық жәрдем беруді әрбір ата жолының өз еріктілік шамасына байланысты жағдайларды есепке алмағанда, ағайынгершілік сапасына араптық шариғаттан, мезгілмен өлшеп қана жасайтын сауаптық әдеттерден әлде қайда биік тұрғаны сөзсіз. Және ата жолының шарты болып, қандай жағдайда да үш нәрседен сақтануды: көзіңді жаман қараудан, қызғаныштан, зинадан сақтауды; қолыңды жаман істерден, бұзықтықтардан сақтауды және досыңа да, дұшпаныңа да дастарханыңды ашық ұстап «Таспен атқанды, аспен ат!» деген аманатты жүктейді. Сондықтан да ата жолы ордаларға бөлініп, әр орданың мүшелерінің дастархандары да, көптеген нығметтері де жамағатпен ортақ болып саналады. Масхаб жамағаттарындай жетісінде бір кездесіп, құшақтап арқасын қаққанға мәз болмай, кем дегенде жетісінде бір рет хал-ахуалдарын сұрасып, ортақ дастарханнан дәм татып, сұхбат құрады және «қырықтың бірі қыдыр» деген дәстүрлі салтымызды, қазақи қонақжайлығымызды міндетті деп санайды. Сондай-ақ үшінші ілімнің түрі: өзара қайырымдылық және батамен Раббымыздан аруақтар арқылы көрсетілетін хикметтер, қисынды дәлелдер, белгілерге қатысты әдет-ғұрыптар мен заманға қарай салттарды қалыптастыру жолындағы қазақ ұлтына тән жетілген масхабты, яғни дін істерін қалыптастыру болып саналады.
Ал енді осы үш негізгі ата жолдың шариғат ілімінен ғана әрбір 9 жылдың аманатын алған, керуен жолына шыққан еліміздің тұрғынына жеке-жеке орындайтын жол-жобасымен ғана толық ата жолы «Ақ жол» болып қалыптасуы шарт. Бұл жағдайдың намаз орындау ерекшелігі әрбір адам баласының қолының ағаруы, яғни Шыңғысхан бабамыздың: «Мен ешкімнің саусақ арасындағы күрең жолын кесуге келген жоқпын!» деген өсиетінен пәтуа алсақ, онда екі қолдағы саусақ арасындағы жолдар саны 8 болып шығады да, 9-шы жол кеудемен байланысты және екі алақанды бір-бірімен қанша рет қосып, намаздарын орындаумен Алладан несібе су, қолдау сұрауымызға да жалбарынып, Алла достарын еске алып құран бағыштауымызға да байланысты болмақ. Енді бұдан қандай ілім алып гүл тердіңіз оқушым? Ал енді жол ілімінің негізгі дәл ортасы болып саналатын қазығынан бастап ата жолын салыстыра кетейік.