Ар азығы шындықтың денесі «Шын»

Бөлім: Ата жолың бақ жолың қадірлей білсең ағайын 81

  

Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin; mso-bidi-font-family:"Times New Roman"; mso-bidi-theme-font:minor-bidi; mso-fareast-language:EN-US;}

    Алтыншы басылымда «Ар», «Уақ» және «Ман» қуаттары жайында құран және кітап білімдерінен қысқаша түсінік берілді. Енді жалпы «Ар» дегеніміз адам баласының тән, рух, жан тазалығының шамасынан белгі беретін, адам баласының мақсаты, тіршілігінің бағытын айқындап тұратын ерік-жігерін, тектілігін яғни намыстылығын белгілеп, оның да жыныстық, кәсіптік, намыстылық сипаты мен ұлттық, үмметтік ерекшелігі болатынын білгеніңіз де жөн.

Ар қуаты адам баласының дүние тіршілігі мен ақирет өмірінің арасын жалғап  тұратын барлық қуат шамаларының қабы, үйінің сыртқы қабырғасы, шатыры деп те түсінуге болады. Сондықтан аталарымыз: «Бақ қарасын, қыдыр дарысын» деп бата берген. Бақ адам баласының жан сауыты Ар-ға қарап, қыдыр дін-жан, Алланың аяты, жалғасты сөзі, рухы болып даритынын білген. Сондықтан дін дегеніміздің негізгі рух болып еніп, жан болып өсуге, соған байланысты тағдыр тағаты мезгіл, уақыты болып бейнеленіп, Аллаға тән дене мүшесіне айналу үшін де тек ар қуатының денесінің, сауытының, кітабының парақтарын адам баласының өзі дінін жетілдіріп, ақылмен, біліммен, ойдың еркімен, сөздің тазалығымен, істерінің парасаттылығымен Ар қуатын қалыптастыра алған жағдайда ғана денеге өз өрнегін салары даусыз.

Ал арсыз жасалған қандай да бір құлшылықтардың, әрекеттердің, намаздардың бәрі дәптерсіз мектепке барып сабақ оқыған жас баланың әрекетіндей және оның мақсаты да шайтандық және жалғандық болып шын болып бейнеленбейтінін де ескергеніңіз жөн. Сондықтан жоғарыдағы көрсетілген аяттағы; «…хайуандар және адамдардың көбі сәжде қылады. Және де олардың көбіне азап тиісті болған.» деген жаратушы үкімінің құпия сыры да, сәжденің хайуандардың өз басын асырау, өмірге ұрпақ әкелу барысындағы тіршілік сәждесімен, яғни жаратылыстың заңдылығын, Алланың берген үкімін еріксіз түрде мүлтіксіз сақтап сәжде жасауымен, адам баласының да осындай мақсаттағы сәждесінің еш айырмашылығы жоқ екенін ескертеді. Ал адамзаттың сәждесі ақыл-ойды жетілдіріп, махаббатпен бір-біріне іс қылып, тек ар қуатын қалыптастыру арқылы ғана рухани даму заңдылығын заманына қарай ғылым-білімін меңгерумен ғана нәтижелі сәжде болатынын ескертеді. Және бұл аяттың хаж сүресімен 32-санды құранның бірлік ғылымымен байланысты болуы да құранның ғылымын меңгерудің маңыздылығын да ескертеді. Құр хайуандық мұқтаждыққа негізделіп және ішкі бес сезіммен өзі бір көкке көтеріліп, Алланың сүйген құлы болып, мешіт имамдарынан жаннатқа жолдама алып «намазхан» аталып, алдын-ала сынақтардан, халқыңның, отаныңның игілігіне күш-қайратыңды, малыңды сарп етпей және түрлі тұрмыстық жағдайлардағы намаздарды орындамай, мұсылмандық қарыздарды өтемей, құр бес уақыт сәждемен, оразамен, қажылықпен бес парызға айналдырып жаратқанға жасаған құлшылық-сәждеңіздің адамдық борыш болмай хайуандар құлшылығынан ерекшелігі жоқ екенін білгеніңіз жөн. Сондықтан да адам баласының ар қуатының өсіп-өніп өркен жаюын қадағалайтын ұлттық, кәсіптік, жыныстық, үлкендік, ұят деген сезім қуатын басты назарда ұстап, сондықтан ұятсыз адам баласы арсыз деп ескерткен екен пайғамбарымыз.

Енді ұят мәселесі шариғатта да, масхаб білімінде де жалпы ұлттық мәдениетімізде де, баспасөздерде де жазылып, айтылып жатқаны сөзсіз шын. Бірақ ұят салыстырмалы ұғым болғандықтан және оның ғұрып-ғұмыр және салт-дәстүр атты қағидаларға тәуелді болуын және ұяттың жалпы адамзатқа тән сипаттары мен ұлттық, жыныстық, кәсіптік, жас пен үлкендік, тіптен ел басшыларының, дін, сөз басшыларының қарапайым халықпен салыстырғанда да ұяттық көріністері де ерекшелігі болып және алған дәрежесіне де байланысты сан алуан болып келетінін көбіміз ескере бермейміз. Осы ұяттың өлшемін, бейнесін қалыптастыратын аталарымыздан бері шежіремізбен біте қайнасқан, қазіргі таңда көп белгілерінің ұмыт болғанына байланысты ата жолының діни шараларының аяқ астынан пайда болып, бұндай ұмыт болған ескіліктің ұяты мен арын ұстанған біздердің жаңа заманның ұяттыларымен салыстырғанда ескіліктің қалдығы болып, сондықтан «шерік қосушы», яғни қазақтың жаңа болмысын араммен былғаған ұятсыз, арсыз аталумен үлгі болып қазақ аталарымыздың ұят таразысы, ар шапанын қалыптастыратын осы жолдың негізгі қызметшілері болды.

Бірақ бұрынғы аталарымыздың ар-білімінің өлшемі негізінде бұл жолдың басында тұрғандарды Аққу, Сұңқар деп ескі тарихи  арымыздың тіршіліктік жер басып жүретін төрт аяқты және екі аяқты тек ішіп-жейтін хайуандардан әлдеқайда жоғарғы қуаттық бейнеленген түрімен аталуы да сондықтан. Олай болса Ар-қанатты періште мен қауырсынды жазушы күрделі періштелердің денесі болмақ. Енді бұл жағдайдың ел, дін басшылары түгіл көптеген білімді халқымыздың сөз ұятының үлгісі де заманға сай қалыптасқандықтан, атаулардың қуатымен немесе Құранның насихаты, арлылық түсініктерімен қабылданбай, қудалауға мазақтауға себепші болған негізінен шайтан жамағаттары болғаны да даусыз. Бірақ негізгі себепшілеріміз де  осы топтың ішінен пайда болған ата жолының ар-білімінің шарттарын терісіне алып, теріс өнеге көрсетумен ерекшеленген арсыз, ұятсыз «аққу», «сұңқар» және оларға жәрдемге келген арсыз діншілер, ғалымдар, ел басқарушылары болғанын білгеніңіз абзал.

Бұндай адамзатқа берілген асыл құпия білімді тура жолға апаратын негізгі сүрлеуді арсыздық жолына қарай бұратын, тура жолдың қисығын таңдаған ібіліс жолындағылар болады деп ескертеді құранда. Ібіліс дегеніміздің өзі адамдардың ең жоғары басқарушы, білімді, көш басшыларының арасынан теріс ой болып саналарын билейтін, өз білімдерін, жетістіктерін қарама-қарсы қоя білетін, бүкіл халықты көрінбейтін қара түнек болып қаптаушы өріс түріндегі жаратылыс егесі екенін білгеніңіз де жөн. Бұндай жағдайда не істеу керек деген сұрақты әлем халқының философтары, даналары, ғалымдары адамзат жаратылыс басынан бері іздеумен және белгілі бір заман, ғасырларда шешімін де тауып, бақытты өмір сүре білгені де хақ.

Ал енді бұндай тарихи кезеңдерден қазақ аталарымыз не істеді, қандай шешімін тапты деген сұрақ қойыңыз. Енді сөзіміз дәлелді болу үшін Шәкәрім атамыздың насихатына зейін қойсақ, жалпы халықты әділетті, қайырлы қоғам құруға негізгі себепті: «..Адам өмірін қалай түзеуге болады? Адам қайткенде тату тұра алады? Ойлы, саналы адамдардың ғасырлар бойы миын тынышытпай, өмірін сарп еткен, әлі де сан адамдардың арын қозғап, ойларын тынышытпайтын осы сұрақтар Адам өмірін түзейміз деп сан ғалымдар түрлі ойлар айтып, ол ойларын халыққа таратып, том-том кітаптар жазды. Солардың ойларының мен білетін бастылары; біреулер адам өмірін жаратқан иесін танумен түзеледі десе, кейбіреулері үкімет жойылса, әркім өз бетімен өмір сүрсе түзеледі дейді. Ал, біреулер оқу біліммен, халықты ағартумен адам өмірі түзеледі деді. Біреулері бай кедейді теңеумен түзеледі десе, біреулері тәрбиемен түзеуге болады деді. Өмірдің өзі — тіршіліктің таласы. Сондықтан адам өмірін жаралыстың өзі солай жаратқан, бірін-бірі жеп, талап, таласып өмір сүрмек дегендер де болды. Бізше, адам өмірін түзеуге, барлық адамдар тату тұруға негізгісі-адал еңбек, ақ жүрек, арлы ақылды болуға жетілдіру керек. Дүниеде бұл үшеуі үстем болмай, адам баласына тыныштық өмір сүруге мүмкіндік жоқ…Ең алдымен барлық адамдарды адал еңбек ететін жолға салу керек. Ол үшін көптің қалауымен әкімшілік басына арлы, ақылды адамдарды қойып, сол адамдардың бұйрығы, ақылы бойынша туылған, туашақ адамдарды, жастарды қазына қарауына алуға заң шығару керек…» Міне біздердің әлем халқының және философ атты даналықтың қасиетін меңгерген және дін ғалымдары мен теолог ағайындарымыздың, ел басшыларының түрлі жиналыстар жасап, халықты осындай әлемге келген рухани дағдарыстан туындаған арты кедейшілік, азап, сынақтармен аяқталатын, құрдымға құлау қаупінен жер тұрғындарын қалай сақтауға болады деген пікір таластарға қазақтың ата жолының даналық тәжірбиесімен жолын көрсетіп кетіпті.

Ата жолының негізгі басты шарты халықты арлылыққа және әрбір адамзаттың өз жеріне, еліне, отанына қызмет жасап, адал еңбек ете білуді үйрету болады. Сондықтан да ата жолының негізгі ұраны: «Батаменен ел көгеріп, жаңбырменен жер көгерер» болды. Олай болса тән-жеріңді, дініңді көгертіп көктету үшін, әуелі өзіңді танып, рухыңды жетілдіріп, тазартып, жаныңды өсір! Және «Атың (тілегің) көкке шықпаса, яғни рухың өнім бермесе, онда жеріңді, тәніңді, нәпсіңді өрте!». Сонан кейін рухани дәніңді септір, ектір Раббыңа құлшылық жасап, жалбарынып. Ол үшін әуелі тарихыңды, шежіреңді іздеу арқылы аталарымыздың меңгерген істері мен өмірден алған тәжірибе кітаптарын құранға айналдырып, ар қуаты мен халқымыздың ғұрыптық, салттық ерекшелік бейнесі рухани егінді өсіру еді.

Енді осы жерден кідіріс жасап, еліміздегі ел басқарушыларының арлылығымен салыстырсақ; керісінше дінді үкіметтен бөлек деген шешіммен, яғни қарапайым адами түсінікпен өлім, ажал қағидасына үкіметтегі басқарушылар бағынбайды да, олардың өлімі қара халықтан бөлек және өздерінің шоқынған тәңірі де басқа деген ұғым өзінен-өзі сұранып тұр. Ал олардың өздерін тәңірге теңестірумен, жастарымыздың құдайлық істеріне мойынсынып, ар іздеген әрекеттеріне тыйым салып, ата ғұрпын соттап, елді және ақыл-ойды бөлшектелуге соқтыратын ата заңымызбен қайта бүлікшіл елдердің алдыңғы қатарына қосылуға да себеп болды. Сондықтан да атамыз мұндай әдеттердің шайтанның азғыруына түсудің адамзат ақылынан тыс еместігін ескертумен: «…Жоғарғы айтылған жаман әдеттерді жоюға бұлар жеткіліксіз болғандықтан, сол адал еңбек, білім үйренумен қабат «ар білімі» деген білім оқытылуы керек. Бұл ғылымды ақылды адамдар ойластырып, пән ретінде жазып, нәпсіні жойып, адам бойында жеке ардың қожа болып, қалу жағын көздеу керек. Адам бойындағы нәпсі кеселі кетсе, өзгерісі оңай..»

Әулие бабамыз қазіргі қазақ білімділері түгіл, бүкіл әлемнің дін, көш басшыларының Астанаға қайта-қайта жиналып, әлемге келген рухани дағдарыстан қалай құтылу шараларын таба алмай, әлі бір ортақ шешімге келе алмай жатқанын қарапайым ғана қазақ ұғымдарымен бүкіл діндердің философиясын және құранның негізгі насихат ғылымын көрсетіп кетіпті. Біздің сөз білімі және мәдениет құзырлы орындарының дінді мектеп жасындағы балаларға үйрету керек деген түрлі діндердің намаздарын, оқу тәсілдерін тықпалап жатқан әурешілігін, қарапайым ғана «ар білімі» деген пәнмен, ұлттық тәрбие және еңбек  сабағын енгізуді ұсынады. Дінсіз деп айдар таққан кеңес үкіметінде тәрбие, еңбек, дене шынықтыру сабақтары міндетті болғанын да есіңізге түсіріп көріңіз. Демек қызыл империя кезінде де діннің алғы шарттары, ар білімі намаз, сабақ болып мектептерде оқытылды. Енді біздер де осындай жан сырынан, рухани жетістіктерге жетуге бағытталған тазалық қағида шарттары мен ескертулерден құралған әдет-ғұрып, салт-дәстүр құндылықтарының ерекшеліктерін түсіндіретін пәндік білім болып, одан емтихан тапсыру барлық ел басқарушылары мен заң, денсаулық салаларына да міндетті болып саналатын болса, дін дегеніміздің бірленуінің өзі осы болып, арлы «зайырлы» елге аяқ астынан айналып шыға келуіміз сөзсіз еді. Сондықтан дін дегеніміздің толық құлшылығының көрінісі, шынға айналуы да «ар білімі» деп қарапайымдап түсіндіреді атамыз.

Енді «Ар» қуатының жетілуімен адам баласының бақытты, бақытсыздығын да өлшеуге болатынын, адамзат бақыттылығы неден тұрып, діннің нәтижесі жаратушыға сүйікті  құл болудың да негізгі жолын, яғни біздердің қым-қиғаш, намаз оқу да жол, тақуалыққа жету сопылық жолы деген сыйыну жалбарыну намаздарына және жеке-жеке сананы ашу жолы деген діни топтардың,  адамдарды ізгілікке жеткізу, өмірін түзеп, шексіз еркіндікке жеткізу дегендей философиялық ағымдарды негіздеген ұғымдарды барлық жерге тықпалап жүрген қателігімізді де көрсетіп беріпті. Бірақ осы ар білімін меңгеру барысында атамыздың пайымдауынша адам баласына әуелі адал еңбек ете білу әдебін қалыптастыру керек екен. Мысалға, қытай мемелекетінің кенеттен шаруашылық салаларының өсіп өркендеу себебі де еңбек қағидасын «Конфуций» еңбегін ұстана білген, ата-бабаларының рухани егінінің жүздеген жылдардан соң қайта ұрпақтарының арасында жемісін беру нәтижесі деп біліңіз. Сондықтан еңбек ете білу де тылсымнан келетін ар қуатының негізі «Уақтарды» да меңгеру адам баласының өнерге, кәсіпке деген құштарлығын арттырып, еңбек қабілеттерін жетілдіретінін көбіміз біле білмейміз. Абай атамыз рухани сезімдік қуатты: «Бес қуаттың бәрі де өнерге салар бар күшін» деп ескертіпті. Әулие атамыздың философиясын меңгермегендіктен, ғылымды меңгеру арқылы рухани кірпіш болып, жанды жетілдіруді емес, керісінше  өнер адамы рухани күшті болады деген ұстаныммен ән салған, төбелесіп біреудің басын жарып немесе хайуандық әрекетін, айласын асырғандардың бәрін «жұлдыз», яғни бес қуаттың егесі деп атап, қаржы жұмсап, төрге шығарып билік, ақыл да айтқызып қойған жайымыз бар. Бұл да Құран философиясын теріске алудың көрінісі.  Жастарымыз соған еліктеп, сондықтан «Ар» «Ман»-дары тек қаңқылдап ән салып, күшін асырумен ғана дәріптеп, оны тіптен дәстүр, яғни ар қағидасы, шарты қылып алдық.

Өнер дегеніміз кәсіптік бағытта адам баласының ақыл-ой, білім, ғылымын дамытуға ғана бағытталғанда және ұлттық, жыныстық ар, ұят шектерінің аясында болғанда ғана ішкі бес сезімді, нәпсіні өсіруге емес, керісінше рухани сыртқы әсер бес қуатты меңгеруге бағытталады. Ал сезімге, нәпсіге шек қоймай ерік берсеңіз өз-ақ еселеп өседі. Осындай сауатсыз атаған аталарымыздың қарапайым жан ғылымынан аз ғана біліміміздің де болмағандығынан да, біздердің қазіргі таңдағы жоғары біліммен түсінген бақыттылық ұғымымыздың өзі жалған және бұндай «жұлдыздық» әрекеттердің бәрінің соңы рухани қайғы, сынақтармен, арсыздықтармен аяқталатынын іштей мойындаймыз да.

Енді бұндай жағдайды рухы, «қармасы» қабылдамаған жастайынан жүрек көздері ашық жастарымыз енді дінші аталып, дін имамдарының өздерін тәңірмен теңдес жасап берген жолдама анықтамасымен, дуалы ауызды, сөзін, тілегін жаратқан жерге тастамайтын «намазхан» болып, онан да әрі жаратқанға жақындап, «Бақтың» бақшасының дәмін тезірек татып, мәңгілік өмір сүрмек ниетімен өздерін жарып, болмаса ағайындарын кәпір атап, түрлі діни топтардың саудасын, тіршілік базарын жүргізуге ат салысып жатқаны да растық. Адамзаттың тұрақты бақыты қайда?- деген сұрақ та көптеген саналы жер тұрғындарының миын жеп жатқаны да даусыз. Шәкәрім атамыз енді жеке-жеке ар білімінен мемлекетіміз арнаулы бағдарламамен ұсынып отырған еңбекті, білімді ғана бөліп алып, өмір сүрудің соңы адасумен тағы қайғыға душар болатынын ескерте отыра, ар білімі мен адал  еңбек, білім жолындағы еңбектің арасын жалғайтын, әрбір пендеге алдымен міндетті болып орындайтын, нәпсісін тәрбиелеп, жанына қожалық ететін тұрмыстық намазын, жаратқанға жасайтын сәждесінің ірге тасы қайдан басталу керек екенін де ашып көрсетіп кетіпті.  

Бұл жағдайды адам баласының рухани айнасы екінші жартысы болып, сол жартыңды көріп аян алып, шындықты «Шынға» айналдыру арқылы ғана әр пенденің өзінде тұрған, тағдырының негізін «Шын бақыттың айнасын», яғни әрбір адам баласы өзін-өзі тану ар білімін меңгерумен, өзінің тарихын, шежіресін көрумен пайда болатынын астарлап насихаттап кетіпті. «… «Құдай тағала шын тілесе береді екен ғой» қуанғаннан пердесін қайырып тастап қарасам, белі бүкірейген, көзі қызарған, аузы опырайған, бет терісі қатпар-қатпар қасы түксиген, сақалы қудай бір шал тұр!…Бір заманда көзімді ашсам, ақ киімді, түсі сұп-сұр бір адам басымды сүйеп отыр екен…Айнаға қарасам, өз көлеңкемнен ары байлар, адамшылықтар, бозбалалар, асық ойнаған балалар бірінен-бірі әрі, ең әріде азар көрінген ерлі-қатынды адам екі баласын әлпештеп сүйіп, балалары да мойындарынан құшақтап, ата-анасын аймалап тұр. Сонда әлгі ақ киімді сұр кісі айтты: «Ақсақал, «шын бақ» сол айнаның ең түбіндегі ата-анадағы шын махаббат пен балалардағы шын таза жүрек еді. Сол махаббат әм таза жүрек сізге де біткен еді. Соны қалдырмай, бұзбай ала жүріп, барша адам баласын өз балаң, өз бауырыңдай көріп, махаббат, әділет қылсаң, шын бақыт сол еді. Сіз ол махаббат пен ақ жүректі жолдағы жалған атақтарға айырбастап кеткенсіз. Бұдан былайғы түрлі өміріңізде осыны қатты ескерерсіз. Өкініштен пайда жоқ, енді иманыңызды айтыңыз дегенде талып қалыппын.» Осындай әрбір пенденің басына міндетті түрде ниеттеніп көргісі келсе келетін, ал көргісі келмегендерге азап, ауру болып бейнеленетін үш жағдайда қазақ елінде жеке-жеке көрінісін тауып жатқаны да даусыз. Мысалы жақында ел басшымыз бақытты өмір сүруге арналған 20 қадам деген үндеуімен халықты адал еңбек етіп, шаруашылықты дамытып, әр адам өз тұрмысын, өз өмір ошағын өз қолымен қалауға шақырған игі шараны дәріптеу кең өріс ала бастады. Бірақ, Шәкәрім атамыз ескерткен үш негіздің басын қосатын, тіл мен ойдың арасын біріктіретін халықтың санасын ашатын және еңбек ету арқылы білімді меңгеруге бірден-бір қажетті рухани жағдайды қалай қалыптастыра аламыз? Ал рухани таза арлылық білімді өзіміз қанша қуатты тамақ жеп, түрлі спорттармен шұғылданып, жастарымыздың бәрін әнші, күйші қылып, әлем елдерінің барлық ойындарының алтын алқаларын жинап, әлде де әлем таң қалатын керемет сарайлар, қалалар салғанмен де немесе бәрін жинап қойып, намаз оқып күні-түні жалбарынғанмен де  қолдан өндіре алмайтын, яғни бес қуатты жетілдіру, сіңіру амалдарынсыз рухани егіндігімізді суық соғып, қурап, артынан ұрпақтардың азып, тозып нәтижесінде әлемдік жұтылуға ұшырауымыз да хақ. Сондықтан арсыз, қорғансыз, жаратқаннан қолдаусыз болған қандай да ізгі шаралардың да жүз жылдар өте өзге халқы көп елдердің арасына салған қалаларымыз бен жинаған алтындарымыз, мақтандарымызбен бірге сіңіп жоғалып кетуіміз де ғажап емес.

 Бұндай өмір тәжірибесінен алысқа бармай-ақ көрші қытай елі адал еңбек ету және білім беруде үлкен жетістіктермен әлем алдына шығып келе жатқанмен, жаратқанның азабынан құтыла алмай, керісінше топан су астында неге қалып жатыр? Сол сияқты әлемнің негізгі алтынын жеңіп, елінің рухын асқақтатты деген латын амарика құрлығы мен футболдан кеше ғана әлемді таң қалдырған испан мемлекеті не жағдайға душар болды? Ал осы ойынның негізгі отының ошағы болған грекия елдері неге қырылып, рухани азғындыққа түсіп, бұндай сынақтан шығар жолын таба алмай жатыр? Осындай жүздеген мысалдарды өз елімізден де түстеп, түгелдеп беруге болады. Демек, ар білімі болмаған қандай мемлекет те, жеке пенде де жолы байланып, жер бетінде тынысы тарылатыны айқын. Сондықтан бұндай жағдайлардың себебін біліп, өзіңді-өзің таны дегендей, әрбір пендесінің өз айнасы болып алдын-артын көріп отыру үшін жаратушымыз: «Алды-арттарыңнан күзетші періштелер қойдым, көрсеңдер пайдасы өздеріңе көрмесеңдер зияны өздеріңе» деп ескертумен бірге «Әркімнің алды-артынан Алланың әмірі бойынша, өкшелеп, қорғаушы періштелер бар. Расында бір қауым өзін өзгертпейінше Алла, оны өзгертпейді. Сондай-ақ егер Алла, бір қауымға бейнет тілесе, Сонда оны ешбір қайтарушы жоқ. Әрі олар үшін Алладан өзге бір жәрдемші де жоқ.» (13-11).

 Қазақ деген ұлттық тіліміз бойынша Қазақстан тұрғындарынан ерекшеленіп, бір өзінше қауымдық белгіні құрап, ал ру және аталықтар бойынша тағы кіші қауымдармен ерекшеленіп және осы қауымдарды өзара біріктіру арқылы бір мемлекет тұрғындарын тұтас қауымға айналдырумен бірге бүкіл үмметтерді де, діндерді де бір жолға, яғни тура жолға келтіру ислам дінінің негізгі шарты және бақыттылықтың да қағидасы болып Алладан үкіммен бекітілген. Сондықтан осы әрбір адам баласы өз қауымының арлылық қуатын толықтырып, бес қуатпен күш, зейнет алып, әрі қарай өзге қауымдармен бірлікке келісім жасап, сонымен бүкіл мемлекет тұрғындары бір қолды болуымен ғана Алланың шапағатына жетуміз керек екен. Сондықтан ел басымыз көтерген ізгі шараларды меңгеру үшін де аталарымыз ескерткен: «Бірлік болмай тірлік болмас» деген. «Шындықты» «Шынға» айналдыратын, жазылмайтын құпия заңмен бекітілген, егер шындықты дұрыс жорып, істерге айналып, орындалмаса жазаларының орындалуы міндетті болып негізделген хикметтерімен қағидасын меңгеру керек. Болмаса құр қағаз жүзінде бекітілген заң күшімен, қадағалаумен болған шаралар өз жемісін бермейтіні даусыз. Сонымен бұндай құндылықтың шарттары  қазақ елінде ислам әлемінде алғашқы болып, осы шын бақтың айнасын әрбір қазақ баласы өзін-өзі көріп, қателіктері мен күнәларын мойындап, күнәлі рухын, болмысын өлтіріп, негізгі берілген «Бақ»-ты тірілтуге негізделген тылсымның құпия пердесін ашқан Ақ ұл еді.

Жоғарыдағы ерлі қатынды екі адам мен оның екі баласы Адам-ата, Хау анамыз бен Абыл, Қабыл адамзаттың тегі «Ман» қуатының негізі болып, сол түп негізге дейінгі шежіреден ар білімін қалыптастырып, жалғану үшін рухани сапар шегуге, иманның 13 түрлі баспалдағынан өтуге бағыт алған қазақ елінде рухани көштің керуенін жол торып талағандар да, тонағандар да, күзете білмей тонатқандар өз қандастарымыз, өз бауырларымыз болды. Ақпен (ар білімімен) оралып, ақ сақалды, ақ таяқ ұстаған Адам атамыздан көктердің есігін ашатын ақ кілтті де (мөрді) әлемде алғаш алған қазақтың қара домалақ арлы баласы еді. Бұл туралы естелік кітабында: «..Бастайын Ата жолды туған елден, Ұл болып, кіндік қаным тамған жерден. Уақыт сыншыл болсын-әділ қазы, Қолдашы қызыл жолбарыс аян берген. Жүрер жолым ойпаң қыр мен жол алыс, Жүрер жолым қаралықпен арпалыс. Ақиқаттың ақ жалауын көтерсем, Жүрер жолда сенерім сен, Жолбарыс…Бас идім мазарына Арыстанбаб, Түнесең дейді екен ақтап алмақ. Күнәсін жуып-шайып пендешілік, Сезіндім бойымдағы жеңіл салмақ. О Баба, берші маған ақ батаны, Иман бер, мәңгүрттіктен аш сананы. Қышыңа тағзым етіп бас тигіздім, Өшірші жүректегі жан жараны…Болмаса да ұқсап бақсам дегенім, Еңбек етсем халқым үшін өз елім. Баба ісін жалғастырсам ұрпаққа, Өткеніме өкінбестей болатынға сенемін...».

Ақиқаттың ақ жалауын жаратушымыз құран аяттары арқылы нығмет қылып түсіріп, оның шынға бейнеленуі үшін қазақтың ұлттық болмысына сай төл ар білімін жетілдіруге де қарапайым қара домалақ балалар мен жауқазындай өсіп келе жатқан қыздарымыздың арасынан таңдалған еді. Бұл сәби сияқты алдағанға көніп, аңдығанның жемтігіне айналған ата жолдық топты жолға салып, ұстаздық етіп, үлгі, өнеге көрсетуге көктен келетін несібесін және екі аралық бес қуаттың несібесі «Уақтарын» меңгеру үшін алдын-ала жеңілдіктермен, ерекше жаратқан түрлі білімді, ілімді топтардың өкілін аға буындардан,  білім жолында тәжірибелерден өткізіп, дін намаздарын меңгеру жолында қасиеттерін оятып, нығметтер берумен түрлі салаларда оқып дайындалғанмен де, бірақ бұндай ағайындарымыздың өздеріне келген, берілген білімдерге мардымсып, тәкаппарлықпен «білдіманға» айналып, жүректерінің мөрленуімен олардың ар ағашына, шежіресіне жалғанбай жетілмеген ар қуаты, намысы, бұл мұғжизаны зерттеп, әлемдегі ар білімінің қожасы болуға шамалары жетпегені, меңгерген діндерін ойын-сауыққа, жинаған арларын ұятсыздыққа, алған аяттарын, кітап-білімдерін арзан ақшамен бағалап, керісінше рухани керуеннің жолын кесіп, көпшілігін теріс, қисық таптауын болған сүрлеулерге салумен «ібіліс жолына» түскендерін өздері қанша ескерту, ашық белгілерді алғанымен де тәубеге келіп, мойындауға арлылық қуаттарының жетіспегенін қазақ елі түгіл болашақта әлем халқы білетіні даусыз.

Енді бұрынғы аталарымыз меңгерген «ар білімінің» қарапайым үлгісін білгіңіз келсе, қартайған шағында Қарасай батыр балаларын жинап, былай деп өсиет аманат айтыпты: «Сендер тіршілігінде әулие атанған Алтынай абыздың немересі Қарасай батырдың балаларысыңдар. Жақсы қыз — жағадағы құндыз, жақсы ұл — көктегі жұлдыз. Жақсылап ұғып алыңдар. Батыр туса —  ел ырысы, жаңбыр жауса — жер ырысы, көпке салса дұрысы, көнбесе болар ұрысы. Алдымен еліңнің, жеріңнің қамын ойлаңдар. Сөзіме терең бойлаңдар. Елемеген ауру жаман, ескермеген жау жаман, еліріп кеткен дау жаман. Қара қылды қақ жаратын, елінің ығын танытып, ханды ұйытатын, арқа биді қасыңа алыңдар! Биік төбеге шықсаң көзің ашылады, жақсымен жолдас болсаң көңілің ашылады. Ақылды бимен болсаң, дауың басылады. Хас батырмен бірге жүрсең, жауыңды қашырады. Құтты адаммен қонсы қонсаң, аруағыңды асырады. Атың жақсы болса, бұл дүниенің пырағы. Қатының жақсы болса, жанып тұрған шырағың. Қызың жақсы болса, сөзің елде тұрады. Балаң жақсы болса, еліңнің асыл шырағы. Қызың жақсы болса, өрісті болар тұрағы. Жақсы жан ешкімді жатырқамайды. Жан жолдасың еш уақ алдамайды. Әңгүдік жаман ғана сөзіңді тыңдамайды. Арғымақтың баласы аз оттап, көп жусайды. Асыл ердің баласы аз сөйлеп, көп тыңдайды. Жала сөз тірідей қаралайды. Жақсы сөз дем берер. Болат қайнауда шынығады. Ер ат үстінде көп жүріп, елі үшін аз тынығады. Бұл айтқандарымның көбісі бұрынғы өткен атаң Қазақтан асыл сөз! Сендерге осы өсиетім жолбасшы болсын. Батам қабыл болып, жортқанда жолың болсын! Әумин!» деген аманатпен осындай бабаларымыздан келе жатқан өзгермейтін ар заңымыздың болғанынан өсиет қалдырған екен.

Қазақ аталарымыздың ар білімінің негізгі заңдары да біздерге қалдырған мақал, нақыл сөздерінде, батасында екені де хақ. Сондықтан адамның өзі өлгенімен жандағы білімі, сөзі өлмейді қайта егін болып егіліп, ұрпақтарына рухани азық болары да даусыз екенін де Інжіл аяттары ескертеді. Осы рухани жетілу, мәңгілік өмірдің шарттары Інжіл кітабы қазақтың елінде тылсымнан оқылуымен Ата жолының да аруақтардан беріліп жатқан батасы да, осы батада қамтылған асыл қасиеттермен, киеліктерді қалай қалыптастыруға болатыны туралы әрбір жеке-жеке пенделерге жол көрсетіп, аманаттар тапсырумен ерекшеленеді.

Бұндай Ақ ұл бастаған рухани қозғалыстың бүкіл қазақ жері емес шет елдерге де дақпырты жетіп, көптеген сөз, рух қадірін білетін, текті, асылдың сынықтарының, әулиелер ұрпақтарының аруақ батасымен көгеріп көктеп, қатардағы қарапайым халықтың салтынан, ғұрпынан  адасқан бағыттарынан қайтып, тәубеге келіп, ар білімін меңгерумен адал еңбек, білім жолында жағдайларын оңғартып алғандарынан мыңдап мысал келтіруге болады. Және осындай қозғалысқа байланысты жүздеген ерекше хикметтер мен сансыз белгі дәлелдердің қазақ жерінде болғанын, әлі де аз болса да жалғасын тауып жатқаны да хақ. Бұндай мысалдарға нақты дәлелдерге, ашық хикметті белгілерге әзірге тоқталмаймыз, оған болашақта талай ашық жазылып айтылатын уақыты да келер.

Ал біздің мақсатымыз ел, сөз, дін басшыларының ішінде байқамай, аңдаусыз сөзге еріп көздеріне шөп түсіп кеткендердің, көзін шындыққа ашып ақиқаттың сәл болса да жарығын, батаның нұрын түсіру басты мақсатымыз. Ал жүректері мөрленіп, құлақтары созылып, өздеріндегі білімге мардымсып, тәкаппарлықпен «қартадан ұтылған» пендедей әдеттерінен қасарысып, бәрібір өзімдікі дұрыс, түбі жеңемін дегендерді тек «Құдай аясын!» дегеннен басқа шарамыз жоқ.

Аталарымыздың меңгерген  қарапайым ар білімінің дін қағидалары мен ата-бабамыздың аманаттарын сөз астарымен нахылдарын көрсетіп, аруақ ұғымының Алладан басқа және «шайтан ізі» емес екенін, адамзаттың әрбіріне берілген, жазушы, оқушы құраны хақ кітабы екенін  дәлелдеу үшін ғана 6 кітапша жазылып, оның да намаз ерекшеліктері мен құранды зерттеуге байланысты жазылған 5-шісі әзірге таратылуға әулиелер нұсқауымен перделеніп қойылды. Демек ондай қарапайым аталарымыздың тәжірибелік өмір мектебі, ар білімі болып қалыптасқан өзіміздің туғаннан жанымызға жазылып келген кітап-аруағымызды түсінуге әлі дайын емес болсақ, онда жан, рух сырының барлық баратын, түгелденетін, жиналып тазартылып қайта тіршілік заңына айналатын зиярат, зияраттау арқылы ар кітабына зейнеттелу туралы түсініктің де шала болары сөзсіз. 

Бұндай жағдайдағы тарихи есімізге жалғанып, жаратқанның ардақты қылғандарын еске алу арқылы, Алланы еске алып ұлықтауды  аятта: «Егер олар Тәурат, Інжілді және Раббылары тарапынан өздеріне түсірілгенді (жобаларын, аяндарын) толық орындаса еді, әрине олар үстіңгі жақтарынан (бас арқылы көктен) әрі аяқтарының (табан арқылы жерден, ойпаттардан) астынан жейтін еді. Олардың бір орташа тобы бар. Дегенмен олардың көбінің істеген істері жаман еді.» (5-66). Осынадай ашық үкіммен көрсетілген аяттарды мойындауға дін ғалымдарымыздың арлылығы, намысы жетпейді немесе ұят деген ұғымның ұлттық ерекшелігін білмейді. Сондықтан бұл аятты тәпсірлегендер жоғарыдан, яғни төбеден ағаштардың жемісі, төменнен аяқ астынан-жер өсімдіктерінен деп түсіндірумен жираф, түйеге, жерге еңкейтіп қойған малға теңеп және адам рухына, жанына байланысты көрсетілген сандық ғылымына мән бермей бұл аяттың сырын толық меңгеріп және намаздарды толық орындау қылып қалыптастырған Мұхаммед пайғамбарымыздың нәтижесінде Миғражға көтерілу шарттарын (ІСРА) масхаб білімінде мүлде жойып жіберумен, ата жолының ең негізгі намазын да дінсіздік етіп көрсетуіне басты себеп болды. Бұл аяттың негізі «Егер саған олардың жүз бұрулары ауыр келсе, қане! Қолыңнан (аруағыңнан) келсе, жерде бір тесік немесе көкте бір саты іздеп тауып бір мұғжиза келтір! Егер Алла қаласа еді, оларды (осы мұғзиза, хикметтермен) туралыққа жинар еді. Ендеше сен надандардан болма.» (6-35).

Адам баласының киелі жерлерді зияраттау, хаж-кіші қажылық арқылы табаны бекіп зейнеттелу және төбе арқылы жүрекке зейнеттелудің құлшылық сырларын ислам ғалымдары да христиандармен және ата-бабадан келе жатқан аяқты күту мен басты қадірлеуді салт-дәстүріміз болып саналатын қазақ елінің масхаб және түрлі топтағылар да «масіх» амалының жер және көк су нұрымен зейнеттелу арқылы ішкі рухани күнәлі болмысты тазарту, нәпсіні  жағу, ақиретпен кездесіп, Алланың хикметін көру діннің негізгі бөлігін ескерусіз қалдырды. Адам баласының аузы, жыныс және табан, төбе, алақан, қол арқылы қуат алмасуы болатынын Раббымыз ашық аяттармен ескертіп және Ғиса пайғамбарымыздың негізінен сөз, сенім қуатын меңгерумен, рух сарайы басты тазарту мұғжизасымен келіп, Мұхаммед пайғамбарымыздың ішкі дүниені тазартудың, көркем мінездің үлгісін көрсету арқылы жан үйі аяқтың «Масихы» болып есептелетінін мүлде ұмыттық. Мұса пайғамбарымызға «Сен қасиетті тау ойпатындасың, кебісіңді шеш..» деген ескертуімен аяқ арқылы тау, тас арқылы енетін жан қуатын, зейнетін алумен бірге қолдың (аруақты) тазарып ағаруымен байланыстылығын ар білімінің сипатын ескерткен.

Ал осы 4 негізгі кітаптағы намаздармен Нұх пайғамбарымызбен арлылықты толық меңгеру  намаз орындауларының хикметтерін сандармен белгілеп және құлшылықтарын да толық жетілдірген де жалпы түркілік ар білімінің негізіне айналдырған Ясауи бабамыз болып саналады. Сондықтан ата жолының негізгі парыздары өз қауымыңды жетілдіру, жақсылыққа қарай өзгертумен «УАҚ» қуаттарын меңгеріп өнер, ғылым, денсаулықтарды жетілдіріп, өмірге киелі ұрпақтарды әкелумен, сана қуатын қалыптастырумен ерекшеленіп, бірақ ол үшін де алдымен жүректің тазаруын қалыптастыратын тән, қан тазартуымен бірге бас пен аяқтың ағарып, толық бойдың қалыптасуымен белгілі болатын ар сауытына, жан тақуалығына тәуелді.

Тозақтың екі қақпасы және жеті тозақ есігі болатынын ескерсек, адам тәнінде де 2 қақпа үнемі құлыптап жабық тұруға тиісті табан мен төбе болып және адам тәнінде қорғалатын 7 зейнет есігі бар екенін білген абзал. Адам баласының негізгі тозақ қақпасы бас пен аяқ екенін аятта: «Сол уақытта олар (шерік, әскерлер) сендердің жоғары жақтарыңнан да (бас есігінен, орай) төменгі жақтарыңнан да (табан есіктерінен) келген еді. Көздерің алайып, жүректерің ауызға келген еді. Сондай-ақ Аллаға байланысты әр түрлі ойлар ойланған еді.» (33-10) «Ол, сендерге үстеріңнен (бастарыңнан) немесе аяқтарыңның астынан (табандарыңнан) азап жіберуге, не сендерді топтар түрінде ұрыстырып бір-біріңнің кесірін таттыруға күші жетеді» де. Қара! Олардың түсінулері үшін аяттарымызды қалай ашық баян етеміз». (6-65) .

 Жоғарыдағы діншіміздің және бүкіл ислам елдерінің дін ғалымдарының зияраттағаннан шерік қосылады дегенді төбе мен аяқтың ластанып, киелі орындарды жалаңаяқ басумен арамданып ағармауынан, Інжіл, Тәуратпен түсірілген, пайғамбарымызға кітап болып берілген хаж намаздарын (жол-жоба) меңгермеуден, киіммен, дәретпен ар сауытын қалыптастыра білмеген әрбір пендесіне азаптың, шеріктердің енуінің қалыпты жағдай екенін ашық аятпен арнаулы ескертумен: «Қара!», балтырын ашқан, жалаң аяқ, жалаңбастарға» деп ескертеді. Бұл жағдайда ата-жолының арнаулы аруақтардан батаменен ескертіп, аянмен көрсетілгенмен, Ақ ұлдың жанында қорғанға, күзетшілікке, кітаптармен жалғануға, аяндарын оқуға көмекке тұрғандардың ең басты қателігі: шариғат және ата-баба ғұрпын сақтап, жетілдіру арқылы тақуалық арқылы үлгі көрсетіп, Алла жолында нәпсілерімен соғысып, дінді намаздарын жетілдіруге тиісті еді. Бірақ ондай ерекше нығмет, Ақ ұлмен бірге жеңілдік берілгендер, керісінше европалық салтты дәріптеп «жаңа қазақ, европалық қазақ, бай қазақ» боламыз дегендей, шеттен келген бойға енген  арсыздық әдеттермен ата жолының осындай жағдайға топ түрінде сынақ түсіп және өзара бір-бірімен керістіруге де себеп болды.

Жоғардағы табаннан, төбеден жеудің нығметтерін және Раббымыздан заман, тіршілік өзгерістеріне қарай өзгеріске түскен ескертулер мен аяттарды, аруақтан келетін уахи-батаны, Алланың жүректерді қосуға түсірген бірлеу үкімдерін  мұсылмандық парыздардан намаздан мүлде шығарып тастап, қарсы болған «намазхан» елдердің азап түсіп, өзара керісіп, тылсымнан күзетші жүректерінің быт-шыт болып тән мен рух, рух пен сезімнің араларына шеріктер еніп, сол себептен жынданумен, шарап орнына қос «У» ішкендіктен бірін-бірі аяусыз өлтіріп жатқандарының өзі осындай діннің қағидаларын меңгеріп, ар білімін жетілдіре білмегендіктен тәндерінің тозаққа айналып, иістенуінен және төбе, аяқ қақпаларын ашып қойғандықтан намаздары арқылы да жүректеріне кәпір жындардың зейнеттеліп, ойларының бұзылуынан деп біліңіз.

Бұндай жағдайды Раббымыз алдын-ала арап жұртының төбеден, аяқ астынан жеуге хаж амалдарына, өліктер арқылы берілетін аян-аяттарға шындыққа яғни бейнеленген хикметті істер-хақиқатқа қарсы болуын аятта: «Оны (аруақ қағидасын) хақиқат бола тұра ұлтың жасынға шығарды. Мұхаммед: «Сендерге уәкіл (аян, уахи беріп ескертуші, хабаршы) емеспін» де. (66) Әр хабардың (аян, уахи әулиелерден келетін батаның) нәтижеленетін уақыты бар. Жақында білесіңдер. (67) Мұхаммед аяттарымыз турасында (аруақ арқылы келетін хабарлар, өліктердің сөйлеуі, Алланың тілдесуі) ажуаға кіріскенін көрген сәтте, басқа сөзге кіріскендеріне шейін олардан бет бұр. Егер шайтан саған ұмыттырса, есіңе түскеннен кейін залымдар тобымен бірге отырма!» (6-68).

 Қазақ елінде де жаратқанның ашу, азабына ұшырауға қазіргі таңдағы жалаң бас, жалаң аяқ мешіттерде намаз оқитын «қызылбастық жолды» ұстанған жастармен бірге өздері де осындай топтарға қосылып, тылсымнан келетін хабар, аруақ-кітабына жалғанбау үшін «Алла пенделерімен сөйлеспейді», яғни тура жолға жеке-жеке хикметімен салмайды деген пайғамбарымызға, Құранға ашық жала жауып және бұл хақиқатты ашық дәріптеген ата жолдық топтарды қудалап, жалпы қазақ елінің де зұлымдыққа түсуіне масхаб ғалымдары да, имамдары да ат салысып жатқаны даусыз.

Сондықтан тек масхаб білімі арқылы «Дін ғалымы болған біздерден сұра!» деп, тәңірлік сипаттағы Алланың жанындағылар, кітап берілгендер болып саналатын «16-43» аятты теріс ұғындырып өздерін өз қолдарымен «Тәңір» тура жолға салушымыз, ал сендер бізге ұстаздарыңа еріп, тура жолға түсіп «намазхан» болдыңдар деп халықты үгіттейді. Ал тура жолға бағытты іздеп табу үшін де діл білімін, қазақтың өз ғұрпын, дінін меңгеріп, тәннің жұпар иісін қалыптастырып және қазақ дәстүріне сай масхаб білімімен қоса Інжілді меңгермей бас ағармайтын болса, Мұса пайғамбарымызға  жалғанып аяқты тазартып, сонан кейін Мұхаммед пайғамбарымыздың шапағатына, аруағына жалғану арқылы бүкіл дін нұсқауларын біріктіру намаздарын орындаумен ғана аяқтан, төбеден нұр алып, жүректің тазаруымен ғана тура жолға түскен болып саналады. Бірақ оған дейін бүкіл тәндегі 100 түрлі белгі көздердің ашылуымен, «Уақ» қуаттарының өрнегін ақ сауытқа, Ар қуатына зейнеттеумен бойды ұсыну амалын толықтыру да шарт. Және осындай шарттарды меңгерумен ғана ата жолындағы батаның негізгі құндылығы ашылатынын, батаның да жоғарғы дәрежелері, хикметтері болатынын да ата жолдық аққу, сұңқарларының көпшілігі мүлде білмейді және меңгере де алмағаны хақ.

Осындай Құран аяттарының, Ясауи баба хикметтерінің және Абай-Шәкәрім сияқты қазақтың дінді тура жолды меңгерген әулиелер еңбегінің әлі сыры да ашылмағандықтан, дін және философия ғалымдарының даналықтарының сөз астарын түсіну, тілді меңгеру қабілеттерінің жоғалуымен ұлттық отандық ой мен тілдің арасында құрдым пайда болуымен, сөз атаулардың қуаттық күші жойылып, сөздің бәрін көршілерден алдық деп және тарихымызда пайғамбар келмей, сөз ғылым болмай, сондықтан исламға дейін аталарымыз дінсіз надан болған  деген ниеттен ел басындағылардың жалған даналықтарынан қазақ еліне түскен жаратушының әрбір пендесіне жеке-жеке жер, көк есіктері арқылы беріліп жатқан несібесі мен нығметтері, хикметтері түгіл, тіптен ашық көрсетілген жүрек ашу мұғжизаның тоқтауына да әкеліп соқтырғаны да сөзсіз шын.

Көп қазақтың қасиетті, дарынды, зиялы қауым мүшелерінің рухани надандыққа түсуіне басты себеп: жалаңбастанып, өліктерге ғана құрмет көрсетіп «мен де рухани өлікпін» деген христиандық азғындаған салтын, шайтанның әдемі көрсетуімен жыннан-шайтаннан болған бастықтардың пәрменімен бастағы сары судың көбейіп, жалпы жындылықтың, мастықтың салтымызға, дін ниетімізге, намазымызға айналуымен байланысты болғаны даусыз. Қазақ ғұрпында  әйел заты мен ақылы толған ер кісі түгіл жас баланың өзіне жалаңбастық ұятсыздық, арсыздық болып саналған. Ал енді ондай ғұрпымызды жоғалтып, жаулығымызды аяқ асты қылумен бірге жалаңаштық салтымызға айналғаннан ар біліміміз мүлде жоғалуымен, ендігі біліміздің, дініміздің сипаты тозақтық, бүкіл тәннің, жүректің, қанның азуына апарып соқтыратын ұятсыздық, арсыздық енді тіптен шашы жоқ, таз бастардың өзі ел басқару сарайларында тек тақ үстінде ғана емес, көпшілік алдында да мақтанға, дәрежеге, үлгіге айналды.

Бұндай жағдайда тылсым сырын, жаратқан үнін есту қабілеті жоғалып, ал арасындағы жаратқаннан ерекше рухани қабілет берілгендер тек біліммен ғана жорып және тазармаған жын және шайтандар арқылы ғана келетін шала, теріс түстерді көру қабілетіне ғана шамасы келеді. Ондайларға мүлде көктің жолдарына сатылары көрініп, жердің рухына жалғайтын есігі де ашылмайды.  Европа елінен келген ашық аяқ киімдер мен арап елінен келген мүлде жалаң аяқтық, балтырын, төсін, қол аруағын ашқан арсыздық қазақ әйелдері мен еркектердің өзін де, тұқымын, ұрықтық күшін де аздырып санасын жабуға, тозақтық пенделердің санын толықтыруға имамдарымыздың өзі мешіттерде, киелі жерлер мен зиярат бастарында жағдайларын жасап тыйым салып шектеу қоймай жалпы иман келтірген қауымның да төбеден табандарынан келетін азықтарды «Мәннә, Сәлуаны» араммен араластырып былғап, зиярат, киелі жердің тазалығын таза бұлақты арамдау әрекеттеріне өз үлестерін қосушылар қатарына атажолының дінді ойын-сауыққа алған басты қызметшілері де теріс үлгі арсыздықты қалыптастыруға, арсыздықтық үлгісін дәріптеп көрсетуден қалысар емес. Бұндай жағдайда табанның ағармауынан тағдыр кітаптары оқылмайды, жер рухына жалғануы да мүмкін емес. Ал ел басымыздың осындай жетістіктерге жетіп, әлемде қазақ шаруашылығын даму қарқынымен алға сүйреп келе жатқандығы да өмірі жалаң аяқ жүрмей және қызмет бабы да оған жол бермей, ата ғұрпын сақтап, өз тағдыры кітабы арқылы жер анадан, теңіздерден аян, уахиларды ала білуінен мықты тағдырмен келіп, жаратқанан ерекше аруақтық қорған беруінен деп түсінген жөн. Бірақ, жанын тазартып қосымша әулиелердің меңгерген құпия терең сырлы тура жолдың нұсқаулары хикмет кітаптарына басты ағартып, ар біліміне, жан қожалығына жалғана алмауынан дініміздің осындай халге душар болып, оның шешімін бірінші ел басқарушысына көрсетілу шартын, яғни Раббымыздың және пайғамбарымыздың шапағатына, кітабына, аруағына толық жалғана алмауынан деп түсінгеніңіз абзал.

Алтыншы кітапта дәлелдерін берген «Насыр» періштесі, яғни Әбунасыр, Қожанасырлық қасиет қазақтың даналарына, жалаң бастарына жынды сары судың тазармағандығынан зейнеттелмегендіктен, осындай жаратушы нығметінен елімізді 20 шақты жылға кері шегеріп тастадық. Ең сорақысы әйелдеріміздің шашын жалбыратып жайып жіберіп немесе бір нәрсені бастарына, тәндеріне орай салып, арсыз ұятсыз, к..тін көрсетіп, жалаң аяқ әулие бастарын да былғаумен бірге шеріктермен, кәпір жындармен өрістік зина жасаумен тәндері, рухтары, жандары да арамданып, жандары түршігетін, ана сүтін аздырып, рухани кеміс, дендік «уақ», «ман» қуаттары жетілмеген, рухани жүрек көздері түгіл тәндік ақаулары бар жетімсіз балаларды дүниеге жарысып әкелуге және қауымдарына Құдайдың лағнетін, қияметін тезірек келтіруге белсене кірісіп кетті. Ал бұндай болашақ ұрпақтарымыздың санасы түгіл ақылы азып, бойкүйез мәңгүрттенуіне, ділдің азып, тектің тозуына соқтыратын, жалпы ғұрпымызға да, дінге де, мәдениеттілікке, өркениеттілікке де теріс арсыздықты тыйым салып және жақсылықты көбейтіп, тектілікті қалыптастыруға үлгі көрсететін зияратшы қауымдар мен ата жолының басым көпшілігі және «аққу», «сұңқар» аталып міндеттелгендер де осындай арсыздықтарға өз үлестерін қосып, аталар аманатын, ақ батаны аяққа таптап, халықты тозақтық болуға, жүктеліп, азапталуға шақырып жатқандар да жеткілікті.

Мұндай ашық арсыздықтан Құдай үкімі мен Алла достары мен сүйген құлдары періштелер, пайғамбарлар тарапынан келген аманат баталарды ойын-сауыққа, қызыққа, дүниеге айырбастап алғандар үшін және Алланың «Бар», «Рас», бірлік сипаттарына ашық қарсы жала қойған дін, ел басшылары мен жалпы осындай қауым мүшелеріне болашақта олардың тағдырының соңы қалай және немен аяқталады?- деген заңды сұрақ туындайды.

 Адам баласының сенімін бекіту үшін жаратушымыз құранда да барлық киелі кітаптарда да бұрынғы ата-бабалар ұстанған діні мен ғұрыптарынан, салттарынан және жаман қылықтарынан өнегелер, үлгілерді көрсетіп, осындай жақсылықтарынан, жеткен жетістіктерінен енді ғибадат алып сенімдеріңді бекітіңдер, ал жамандықтарын қайталасаңдар солардың артынан барасыңдар, сондықтан барлық қуаттың егесі Раббыларың (Иелерің) Алладан қорқыңдар деп ескерткен. Арамыздан елші келіп Ясауи бабамыздай әулие-ғұламаның артында теңдесі жоқ Құранның түсінік насихаты кітабы қалғанын және онан кейін бүкіл түркі әлемінде жүздеген кереметтерімен, ашық мұғжизаларымен тарихта өз орнын қалдырған тура жолды меңгерген, кітап алған нәпсін меңгерген қожалардың және олардан қалған ұрапақтардың әлі кезге дейін арамызда өмір сүріп жатқанын, қазақ аталарымыздың тура жолда болғанынан ашық белгі; Абай-Шәкәрімдей әулиелердің әлі зерттелмей жабық тұрған еңбектері жер, көк есіктеріне жалғанып; төбеден, аяқ астынан азық ала білген ел екенімізге ашық дәлел бола алады.

Ал осындай Алланы өзіне пайда және зиян беретін тәңірлік қуат себептеріне әулиелер аруақтарына сыйыну арқылы жаратқанға құлшылық жасаумен шерік-әскерлерін бағындырып, қасиетін меңгеріп, аруақтарын көбейткендерді «шерік қосу», «аруақ арам», «кәпір жын» деп азғыратын, Раббымыз тарапынан оқылатын батаға шындыққа қарсы шығатын шайтан жамағаттары арапшыл діншілердің болатынын; «Мұхаммед «Алладан басқа бізге пайда, зиян келтіре алмайтын нәрсеге сиынайық па? Алла тура жолға салғаннан кейін қайтып (дінің бастауына қарай-нигилизмдік ұстаныммен), шайтан баурап, жер жүзінде абыржыған жолдастары (өзара соғысқан ұқсастары); «Біз жақтағы тура жолға кел» деп шақырып жүрген кісі (масхаб имамдары) құсайық па?»,-де. «Алланың жолы тура жол. Және әлемдердің Раббына бой ұсынуға бұйырылдық»де. (71) Намазды толық орындауға (тек бес парыз емес, барлық түсірілген үкімдерді де), Алладан қорқуға (ақиреттік себеп қуатынан, өлімнен) бұйырылдық.» Ол сондай Алла, хұзырына барып жиналасыңдар.» (6-72)

«Берік ұста ата сөзін, соққан кезде сағаты, Аруаққа ант бердім жолымда «жаным арымның садақасы». Ту көтердім, жол көрсетіп Айша бибі анамыздың атынан, Халық еріп, шәкірт шықты мақтанышпен айтылар. Қандай ұстаз болғанымды шәкірттерім бағалар, «Бір анадан ала туар, құла туар» танып ал. Ар алдында жауап бердім «Кіммін?» деген сұраққа, Аруаққа, замандасқа, болашаққа, ұрпаққа. Көпір салып екі дүние есігіне шындықпен, «Елім үшін» ата жүгін арқалаған ұлмын мен.» (Қыдырәлі Момбайұлы 2000. ж.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *