Атадан қалған ақ бата

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №1 209

Дін ислам тек араптан басталмаған,

Қандай дін батаменен ақталмаған.

Бір оқиғадан ғибратын баяндасам,

Әулиесіз  дұғасы қабыл бола алмаған.

Құранда Сүлеймендей патша болған,

Менен асқан, патшалық жерде құрған

Қалсам, деген үлгі адамзатың данасы боп,

Дұғасын жаратушы қабыл алған.

Өзінің патшалық құрған қаласында,

Бір кедей өмір сүрген жоқшылықта.

Орманнан ағаш шауып отын тасып,

Асыраған еңбекпенен бала-шағасында.

Жинаған отынын апаратын базар артып,

Өткізген қалауымен қойып нарқын.

Бір уақытар өнбей тірлік тұрды сауда,

Тасығанмен қанша отын, болмай пайда.

Ашыққан үйдегі отырған қатын бала,

Құдайдың бұл сынына бар ма шара?

Хабарды қазынадан жәрдем берген,

Қатыны, базар барып  естіп келген.

Дегені, Сүлейменге  бармайсың ба?

Жағдайды түсіндіріп айтпайсың ба.

Тарыққанға ақ патшаның берген сыйын

Бала-шаға қамына деп, сен де алмайсың ба?

Шаруа да шықпақ болып жоқшылықтан,

Патшаның барды алдына болып жұтаң.

Созған қолын қайтармай патша ағзам,

Сандықтан бір гауар тас берді оған.

Сүлеймен, шаруаға қатаң ескертеді,

Тереңірек қалтаңның түбіне салып алда

Болмаса жоғалып тасың  тек кетеді,

Жеткенше үйге қалтаңа қолды салма.

Мақұлмен шықта шаруа хан сарайдан,

Патша берген гауһарға болып қайран.

Жетпеді шыдам, мол байлықты асыл тасты,

Қалтадан алды, мәз болып шат-шадыман.

Қарады тастың жалт-жұлт еткен жарқылына,

Сәулеге сүйсініп шашыратқан асылдың да.

Аспанда ұшқан қырғи құстың көзі шалып,

Сорғалап түсті де, қолынан кетті  қағып.

Ұмытып ескертуді, ұрлатқанын гауһар тасты

Баяндап қатына қапаланып мұңын шақты.

Ашыққанын көрмеймісің қатының, бала-шаға

Түсіндіріп  болған жайды, дегені  тағы сұра!

Осылай ақыл берген жан жары да,

Мұқтажық және қысқан жан-жағынан.

Шағынып, шаруа келді патша алдына,

Беріп уәде, енді  қолды қалтаға салмасына.

Сүлеймен әділ патша, зор қазыналы,

Сандыққа қолын салып тасты алды.

Тапсырып мұқият бол, енді абайла,

Бұл тасты үйіңе жеткенше,-деді, алма!

Шаруаның бұл байлыққа көңілі шатты,

Сыртынан сипап, ұстап гауһар тасты.

Төтелеп үйге асығыс жетпек болған,

Секірді келіп аққан судан арық толған.

Ап,- деді де секіргенде су арықтан,

Ажыртып қолын алды гауар тастан.

Сырғып түсіп қалтасынан гауһар тасы,

Нән балық дереу оны көріп, еді  жұтқан.

Қап, деді де шаруаның іші жанып, күйді,

Көрінбек енді қалай үй ішіне осы күйі.

«Ер кезегі үшке дейін»,- деп қайта келді,

Бұл жағдайды Сүлейменге айтып берді.

Сүлеймен тыңдап, шаруаны көрген жапа,

Таңда енді, дүние байлық па, әлде бата?

Екі рет байлық алдың, ойлан,-деді

Берейін, мен таңдауыңды болма қапа.

Шаруа бұл ақылға терең ойланады.

Жаратқанның сыныма, деп толғанады.

Алғанмен екі рет байлық босқа кетті.

Осы жолы, батасын алмақ болып шешті.

Сүлеймен,  дана патша ғылым алған,

Жай, деді қолыңды; «Тәңірім берсін саған,

Ұрпақтарың өсіп-өніп болсын ұлағатты,

Кетпес дәулет, берекетті болсын шаруаң!»

Әумин,- деп қолын шаруа жайды,

Батасын Сүлейменің қабыл алды.

Балтасын үйге келіп қайрап алып,

Сатуға, қайта отынды орман барды.

Бір ағашты жеке тұрған таңдап алып,

Әп сәтте құлатады шаруа енді шабытанып.

Ұясы бар екен  ағашта қырғи құстың,

Жатқанын онда көрді гауһар тастың.

Жоғалтқан асыл тасты шаруа алды,

Қуанып, бәрін ұмытып үйге барды.

Келсе үйге қатын алып, нән балықты

Жармаққа қарнын енді оқталыпты.

Ұмытып қолындағы гаһар тасты,

Жоқ еді, үйде ділә, артық ақша

Алдың деп қайдан мұндай нән балықты?

Сұрады шаруа болып, таң тамаша.

Әйелдің  ақылы артық  дүние іске,

Жарар, деп бір кезде күн  көріске.

Сақтаған бір ділләні,  қойған тығып,

Жұмсаған базар аралап, алған балық.

Қуанып, шаруа да тасты көрсетеді.

Сатамыз, деп бұл гауарды өз нарқына,

Шаруа айтты бізге байлық мол жетеді,

Өскенше, деген енді біздің бала-шаға.

Шақырып, көрші-көлемге ас бермекке.

Шүкір, деп  Құдайдан келген берекетке.

Жарып еді ішек қарнын нән балықтың,

Қараңыз, Құдайдан келген хикметке.

Екінші рет Сүлейменен барған алып,

Түсірген арықтан туралап өткен қарғып,

Ішінен жал-жұлт еткен гауһары шықты.

Жоғалтқан асыл тасы қайта қолға түсті.

Түркідей тұран елі қылған мекен,

Қалдырған ежелгі қазақ  нақылы екен.

Жаңбырмен жер, батамен ер көгерер, деп

Ата жолы дәстүрлік түркілер дәстүрі екен.

Дін, деген сөз бейнесі Бір Құдайдан,

Күнәсіз  бұл жалғанда болмас Адам.

Сөз данасы әулиесінің берген батасын,

Досының, Алла дұғасын қабыл қылған.

Тура жолдың шарты еді, намаз болған

Сүлейменің батасын тәңірі қабыл қылған.

Исламдық шариғаты болмады, деп даналардың

Кім айтар  тура емес, дін жолы Дәуіт салған.

Ендігі исламның тура жолы, Масһаб атты,

Намаз оқу бар амалдан болды жақсы,

Батасы қабыл болмай, қиямет сыны келіп

Бүкіл намаздың хандарын Құдай неге атты?

Тура жолың болса егер масһабпен Ханафилік,

Дін хазірет имамдар жабылып дұға қылып,

Құдайдан себебін сұрап,  алмайды біліп,

Елге келген азаппен, сынақтарды түспен көріп?

Жоқ, халқым сенбе оларға, біле алмайды,

Иманы жоқ пендеге жанаттан уахи болып,

Немесе ата баба аруағынан аян алып,

Қияметтің, хикмет  сырын көре алмайды.

Жалған деп аралық себеп аруақты жаратқан,

Бұл әмірді мойындамай ұлтының дінін сатқан,

Ата жолын меңгеруден, жүктен қашқан,

Аруақсыз,  серіксіз имамдарды Құдай атқан!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *