Атаңның жолын ұстансаң…  

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №6 99

Жолынан ата не білдік?

Атаның жолын бөлшектеп,

Таба алмай жүрміз кемелдік.

Сағаты соғып мезгілдік,

Қиямет сынын жүктелдік.

Талай текті қазақ жүр

Қан сонардай із кесіп.

Түрлі ойлар жүр кезіп,

Әлемін ақыл түзетіп.

Ал қазаққа бұл күні

Жетпей тұр сыны үлкендік,

Осыдан шықты кемістік.

Жақсысын елдің асырып,

Жамандықты жасырып.

Жастарға  берер үлгіні,

Дәстүрмен болса жақындық.

Сынаған сөзде жындылық,

Ақыл бар, ойсыз дінсіздік.

Сөз ұғымын жоғалтып

Дінсіз тілде жоқ үлгілік.

Абай да өтті зарланып,

Біздер үшін ойланып.

Елден бұрын сөз түзеп

Ойыңда тап деп арланып.

Сөз ғылымын жасырып,

Астарлап ойын асырып.

Қалдырмай тізіп қатені

Қарғаған жоқ өзгені,

Ел билеген пендені.

Құдайын сөзден тастамай,

Дінін ұлттың жасырмай

Дәстүрден берген үлгіні.

Орыстан да қаш демеді,

Ғылымын ал дегенді.

Халықтың бәрін құдайша,

Жақсы көрер сүймек көргенді.

Ендігі дінсіз мұндарлар,

Қарғаумен ғана сын жазар.

Қазақ қана текті деп,

Құдайдан жерді қызғанар.

Жерде байлық оныкі,

Ортақ байлық жердікі

Бөле жеп бүкіл әлеммен

Ұмытпа деген Раббыңды.

Ар ісін қазақ меңгермей,

Көбеймес өсіп жетілмей.

Тегінді қайта өсірмей,

Нәсілінен әлем жіп еспей

Бұрынғы тегін әлсіреп,

Саны бар ұрпақ сапа жоқ

Құр тілмен ойсыз өлідей.

Ұлт келіп қазақ орнына,

Алмасар нәсіл түгелдей.

Төрт нәсіл келмей көгіңнен,

Азады рухың еліңнен.

Бар ұлттан белгі алмасаң,

Ұрығың азар беліңнен.

72 елмен байланған,

Жының бар және жеріңнен.

Сезіммен шайтан ойнаған

Қызыңды арсыз тыймасаң,

Қатынды қара жимасаң,

Су орнына у алып,

Жаның тұр өспей жаладан.

Қойныңда арсыз жыланнан

Қуатың қашты санаңнан.

Әуретін ашып нәзік жан,

Қожасы аспай қырқадан.

Ұлыңда жоқ төрелік,

Тоғыз жол кісі тораптан.

Басталар бәрі тазадан.

Болашаққа құрар жобаңнан.

Дүниемен малмен теңеліп,

Тарихта бар ма ел қалған,

Бақытты  боп мәңгі аталған.

Құдайға қарсы заң жазған,

Билерің бар наданнан

Ел билеген «қараң» боп

Дін арың түгел жоғалған.

Қияметің сағат соғылған

Алты жыл бар алда сыналған

Артыңа қарап қайтадан,

Кітабына шежіре жалғанған

Дәстүріне қалған атадан

Аруақтан халқың бата алған.

Бай болып қанша тұрсаң да,

Батасыз жаның көгермей,

Жоғалмақ елің жалғаннан.

(қыркүйек 2014 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *