Әулиелік пен діншілдік

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №4 45

Әулиелік — таза жүрек, адал ниет,

Тірі мен өлілердің жөні бөлек.

Тірісінде әулие болмақ талай адам,

Артында із қалдырмай бір керемет.

Әулие-әмбилердің жөні бөлек.

Көрінбек зияратынан іс хикмет.

Алланың досымен дос болмасаң,

Құдайдың ризалығына кім бөленбек?

Иман мен сенімнің- дін ісі бөлек,

Діннен білім меңгеріп сенім бекімек.

Шариғатпен сенімді таза ұстап,

Құдай ісі – сауатпен иман білмек.

Тегін тауып адамзат иман білмек,

Әр заманның білімі ақылы болар ерек.

Пәленше әулие деп тегіне табынбай,

Сөзіне қарай кісілігін өлшеп білмек.

Надандар өз ақылын байлап бермек,

Ескілік тәпсіріне құраннан болған дерек.

Замана білім, ғылыммен ойлана алмай,

Тажал дінші адам аулап қылмақ әдет.

Әулиені надан танып үлгі ала алмас,

Ақылмен танып хикметін біле алмас.

Құдайдың өзі сипатын, кісілігін,

Алладан басқа деген діншілер мас.

Тарихат, мағрипатпен дін меңгермек,

Тақуалық пайғамбар намазы ісі бөлек.

Жетпіс саты иман қуатын меңгеретін,

Уахимен расулден алып бата-дерек.

Бекіген дін ісін-шариғат масһаб демек,

Діндердің бірлік ісін дәстүр демек.

Сегіз дін, ұлттық жоба тура жол боп,

Қазақтың дәстүрінде қалған дерек.

Әулие деп кісілікке бас ұрмайық,

Құраннан аят, хадистерді талқылайық.

Кітап білген, хикмет көрген достарынан,

Құдайдың өзі-бір сипатынан біз сұрайық.

Тажал боп хикметін құдай жасырмайық,

Түсірген барлық белгісіне табынайық.

Адам болған аруақ түгіл хайуандар да,

Ақыл айтар бұйырса құдай, біл халайық!

(ақпан 2014 жыл)

One thought on “Әулиелік пен діншілдік

  1. Токберген ага,мундай кереметке тап боламын деп ойламаппын.Енбегинизге Аллах тагаладан табыс тилеймин.Ризамын,сиздермен тикелей байланысудын мумкундиги болар ма екен? 8 702 688 86 28 отинемин.Сизден уйренерим оте коп.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *