Қыздарды көріп бүгінгі,
Арланбай тұрмас есті адам.
Болашағын болжап ертеңгі,
Құдайдан талай сұрағам.
Қыздарды көріп бүгінгі,
Арланбай тұрмас есті адам.
Болашағын болжап ертеңгі,
Құдайдан талай сұрағам.
Қазақтың бүгінгі ақпараттық қоғамында дәстүр туралы, оны сақтап ұстану туралы айтылып, жазылып жатқан насихаттардан кемдік жоқ. Тіптен көшеге шайтан дамбалмен, шайтан арбамен халық алдына шыққан әкімдердің ересектердің өзара жарысын немесе түрлі жат жұрттық арсыздық салты мен жастардың ойынын, жалаңаш халық алдында қыздарымыздың сәнге айналған билерінде біздің ата-аналарымsздан қалған салтымыз, яғни дәстүрлі аманаты деп атайтын болдық та, сонымен дәстүрдің дінмен ғана жаратушы үкімдері мен мұсылмандық қарыздарды өтеумен және барлық әлемдерге түскен діндердің де белгілі бір уақыт пен заман тезінен өткен және үнемі құдай ісімен уахиымен, замандық білімімен еленіп тазарудан өтіп тұруын мүлде жадымыздан шығарып алдық.
Жалпы қазақ халқының рухани тұрғыда өзіне тән әлемде озық болған ойшылдығының қазіргі таңда жындылыққа ауысып алғанының белгісі бұл қазақ ұлтының зиялы қауымының бүгінгі бұқара халқымен және жастардың арасындағы түрлі топтарға, пікірлерге, пәтуларға бөлініп алып өзара ақпараттық майданға шығып алғанын тек жоғарыда отырғандар мен өз тағында отырып өзінің ақылдылығына, кереметтігіне шүбә келтірмей, құдай, аруақ, ата-баба рухы мен өзінің күзетшілерінің кім екенін біле алмағандар ғана бейқам, қаперсіз. Және дін ғалымдарының мұндай жағдайда ақылы қысқа жастар мен жындылықтан арыла алмаған зиялы атты қауым өкілдері дін ісінің білімін сырттан алып және осыдан басқа жол болмайды деп азғыруына ақылдарын мықтап байлауы да себеп болған.
Адамзаттың ең бірінші парызы, құлшылығы өмірге ұрпақ әкелу мен адамдық болмысын жер бетінде бекітіп жан өнімін көбейту, өсіру болып; осы бір ғана парызға бүкіл біздердің дініміз де, құдай алдындағы парызымыз, мұсылмандық қарызымыз тіршіліктегі бағымыз да, жерлік несібеміз де, мақтан дәреже-атағымыз да байланып түрғаны да хақ. Қандай дана ғұлама болғанымен жер бетінде өзінің тұқымын ұрығының белгісін қалдыра алмаса, онда ол адам болып өмір сүргенге жатпайды да құдайдың бұл ең үлкен сынағы деп түсінген жөн. Сондықтан адамзаттың асылы болған Мұхаммед пайғамабарымыз да жер бетінде адам болып өмір сүріп, қатын алып, артында ұрпақ қалдырғаны да бұл бір үлкен белгі. Ал ұлды, қызды болу құдайдың еркінен болып, кімді қандай дәрежеде жер бетіндегі ұлдан рухани белгіні, қыздан жандық белгі тамыр ағашын өркендетуді құдайымыз қаласа, онда да біздің ақылымыздан тыс сыр жатқаны хақ.
Ұзақ жыл бірге отасқан,
Шал кемпір еді шау тартқан.
Кемпірі өліп жетпісте,
Шал қалды артта атасқан.
Артына қарай берген соқашыдай,
Екі жүзді діншінің халі осылай.
Өз ұлтының дәстүрін аттап өтіп,
Өз ұлтының рухына опа қылмай.
Сөз қалдырған даналар,
Нақылын ұрпақ бағалар.
Сан ғылымын меңгер деп,
Білімін өсиет шамалар.
Қандайда бір әлемдегі уақиғалардың да жаратылыстық түрленудің адамзат өмірімен қылығының әрекетіне байланысты кейде жақсылық берекет болса, көп жағдайда бұндай жағдайларға құдайдан жауап болып, адамзаттың табиғатқа, дініне жасаған шабуылының бүлікшілдік әрекетінің теңдігін сақтаудан ғана пайда болады деген түсінікке түбінде қайта оралатынымыз да хақ. Осы тұрғыда әлемде алғашқы болып бүкіл пайғамбарлар, данышпандар және Мұхаммед пайғамбарымыздың да «Сендер де күтіңдер, біз де күтейік, хақиқат айқын болатын күн жақын» деген қияметтік ақпараттық түрленудің тағы да бір кезеңін бастан кешіп және ол қазақ елінен бастау алуы да үлкен хикмет нығмет де еді.
Қазақтың зиялы, білімді қауымның шет елдің салтымен бірге жындылығын сөз түгіл құдайдың түсіріп жатқан белгісін де аңғаруға шамасы келмейтін құр сезімдік ақылмен, қаракеттік дүние табуды меңгеріп алып қағаз жүзіндегі кітаптық біліммен ғана өмірді танып бағалауға үйренген жартыкеш, кем ақылдылар өңкей тілші, жазушы, ақын және олардың мұндай ер азаматтарға тән танымдық ақылдық сапасының төмендігін пайдаланған қатын, қыздар да өздерінің сезімпаздық ақылымен қалыспай билік айтуға жарайтын «дана» болып алғанын қазір сына не сынама не, бәрібір жартасқа айғайлағанмен бірдей.
Тауық тоймас тамаққа,
Жаны тұрған тозақта.
Туу керек жұмыртқа
Аллаға айтпақ мадаққа.