Құдайым қазағыма берген нәсіп,
Қарекетпен адал еңбек қыл деп кәсіп.
Ашкөздік, көңілі толмас пенделер көп,
Біліммен ақыл тауып сынайды желдей есіп.
Автор: Тоқберген Байтасов
Ит мінезді нәзіктер жүр ұмсынып,
Ар-ұятты дәстүрді кетті ұмытып.
Сезімдік ақылмен босқа күліп,
Желігіп қу дүниеге жүр құтырып.
Талай қызға сөз айттым жанға батар,
Аз көрдім ұялғанын арын бағар.
Ұялсын деп ар білімнен мысал берсең,
Өзіңе қарсы болып сылтау айтар.
Көңілде ақыл тұрақтар,
Ескі ақылда көңіл бар.
Көңілмен көрген өмірді,
Ата-анаңнан көңіл ал.
Заң білген ақылды –данышпандық,
Түрлі айла біліммен мал табарлық.
Шындықтан шын ғылымың жоқ,
Жындылық, жат елдің салтын алып.
Надан көп төрт аяқты малға ұқсаған,
Бар арманы дүние, мал қолға ұстаған.
Анау кедей, мынау неге байыды деп,
Бірді-бірге айдап салып дау шығарған.
Алматы телеарнасының «бес парыз» атты тұрақты түрде масһаб білімін қазақтың тура жолы деген надандықты 3-4 жылдан бері дәріптеп келе жатқан райынан қайтып енді, дін секталарымен және негізгі қазақ халқының көп ұлтты тұрғындарының діні ретінде қабылданған масһаб муфтияттықтар мен христиан дін өкілдері және білімді қауым өкілдері, саясатшылар мен философ, психолог мамандардын қатысумен ашық пікір талас сұхбат жүргізуінде, бұл қазіргі таңдағы әлемдегі болып жатқан діни топтардың саясаттарына, білім, ілім, адамгершілік құндылықтар тұрғысынан баға беруге де, халыққа оның қателіктері мен жетістіктерін түсіндіруге деген үлкен қадам болғаны да сөзсіз. Сондықтан тек мұндай исламнан өзге топтар ғана емес исламдық түрлі ағымдармен, сопылық топтармен де олардың басшыларымен де осындай сұқбаттар жасалса нұр үстіне нұр болары хақ.
Қандай да бір жаратылыстық нәрселердің және жан егелерінің тағдырының олардың заманаға, табиғат өзгерістеріне қарай бейімделуінің ішкі сыры адамзаттың жер бетіндегі өмірі мен жандық, жындық қуаттық сапасымен тікелей қатысты болатынын әзірге адамзаттың бүгінгі замандық меңгерген білімімен анықтау мүмкіндігі жете қойған да жоқ. Сондықтан әлемде жүріп жатқан түрлі оқиғаларға, апаттарға сол сияқты қазақ еліндегі соңғы 4-5 жыл ішіндегі бұрын сирек кездесетін табиғи және адамдардың да тағдырына тікелей әсері бар рухани сынақтардың, апаттардың неліктен туындап жатқанына да мән берген қазақтың зиялы қауымынан да ел билеушілерін де кездестіре алмайсың.
Дүниеқоңыз
Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №5
Өзің үлкен қылығың бала- шаға,
Құдайды емес дүниені алдың арашаға.
Атақ, дәреже, тағыңды сауда қылып,
Қоңыздай боқшы аталу жараса ма?
Білімді заман әлемде,
Өнердің кілті білімде.
Темірді құдай жұмсайтын,
Адамзат ісі өнерде.