Байлығын екі дүние жинау керек…  

Бөлім: Ата дәстүрі өлеңдері №7 43

Мүжбүр етпек түңілуге,

Ібілістің білімі түскен жерге.

Талай адам танымай өзін-өзі,

Көңілін ұрлатады дүниеге.

Шайтан болып үні сезіміңде,

Ақылыңды мәжбүр етер сүрінуге.

Жапанда жалғыз қалдың деген,

Түк бітірмей кетесің деп өміріңде.

Әр адамның байлығы жүрегінде,

Көкке жинар дүние көңілінде.

Ақиреттің өмірін ілім білмек,

Әрбір күннің қадірін түсінуге.

Абай кедей деп кім айтады,

Өлмейтін артында сөз қалдырғанды.

Бұл байлықтың иесі тірі жаны,

Абай болып талайлар үн қатады.

Жаның адам үш рет жер басады,

Жүз жылда қайтадан дүние ашады.

Бүгінгі күн өсірген көңілімен,

Келесі өмір несібін жинатады.

Көңілдің байлығын көп жинамаған,

Талайлар мүгедек боп қайта оралған.

Ақылы бар, тәні ауру пенде көрсем,

Тәубе деймін көңіліме ұрланбаған.

Көңілім к…сіз бала тудырмаған,

«Денге» баймын әлі де тоқал алам.

Тоқсанбайды өмірге келтірумен,

Бұл дүниенің байлығын да жинап алам.

(қыркүйек 2014 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *