Байлық туралы.

Бөлім: Ақиқат бастауы кітабы №1 202

Өлгеннен соң бай мен кедей арасы,

Теңеледі жер қойнында қарашы.

Бұл фаниде бай аз, кедей көп әрине. Кедейдің күні жақсылықта, байдың күні тоқшылықта – айырмасы тек сол ғана. «Адамдарға мейірімді болыңдар, сонда олар да саған мейірімді болады дейді қасиетті Құранда.

Бұл дүниенің ұлылығы — әлі-ақ өтер,

Опасыз баянсыз да бәрі бекер

Бақытты кімнің таза ар иманы,

Қор бейбақ зая кетер бар жиғаны.

Өмірі астамшылықпен өткен алпауыттар да қалтырап қазынам деп өлгенімен бір тиын да ала алмас көрге бірге, сондағы бұйыратыны бас аяғына жететін 5-6 метр бөзі ғана. Осының бәрін ой таразысынан өлшеп, пішіп өткізген данагөй халқымыз кейінгі ұрпағына: «Баймын деп мақтанба — жарлық бар, көппін деп сұқтанба — жалғыздық бар» деген мақал қалдырған. Ашаршылықта бай баласы бұрын өлген де күн болған. Ол сараң бай союға қозысын қимай, көрші отырған жарлының жалғыз тоқтысын сұраған кез болған. Бірақ түптің түбінде өлі теңіз ол ешкімді түр-түсіне, атақ-даңқына, абырой-беделіне қарамастан, бай кедей деп бөлмей-ақ өзіне тамғанды талғамай-ақ жұта береді. Оған жиюлы жатқан қазынаң да бір, үюлі жатқан топырақ та бір. Бірақ екеуінен де пайда жоқ, татар дәмің таусылғанда бәрібір жиған қазынаң саған араша түсе алмайды. Сондықтан дүниенің құлы болмайық. Бұл фәниде қанша ғұмыр кешсе дағы адам еш уақытта байлыққа тоймайды. Бар байлықты жинауға тырысқан адам түптің түбінде бақытсыздыққа тап болады. Әрине дәулетті адамның қолы ұзын болады, бірақ бай кісіде қаражаты мол болғанымен, ізгі ниеті шамалы келеді. «Менен дәулет, байлық сұрайсың, мен беремін, сосын білгіштігімнен таптым дейсің, сосын саған сынақ жіберемін» деген қасиетті Құранда. «Дүниеқоңыздыққа салынып кетсең біліміңді тоқтатамын» деп ескерткен жаратушымыз. Сондықтан көңілі кедейліктен сақтасын, оны байыта алмайсың, ойы жұтаңды тойдыра алмайсың.

Бұл күндері ел бұзылды,

Байлық қуып мал жиған.

Күшігіндей өлексеге қонжиған,

Сақтайды жұрт

Малын жемей жар жылап,

Сараң алтын жия берер зар жылап.

Ал қазына байлық ең алдымен адамға тек қана михнат әкелетінін ұмытпайық. Дүниенің құлы болмайық ағайын. Бақ-дәулет тұрақсыз, бақыт қайда болса тыныштық сонда, ол басыңызға бақ қонса бәрі келеді өздігінен. Адам бойындағы ынсап, әділет, мейірім үшеуін қосып көрсеткенде «ұждан» деген ұғым шығады. Ынсаптылық пен мейірімділік әділеттіліктен туады. Ұжданың қалай әмір етсе солай істе. Бақыт деген – еңбек. Өз еңбегіңнің жемісін жеп күресе білу, өмірге ілесе білу – бақыт. Уақыттың өткенін білмесең, өзіңді бақыттымын деп есептей бер. Ойласаң тұрмыс – қайық, адам – теңіз. Басыңа бағың қонса – көңілің семіз. Қажыма, қайратқа сал, сабырлық қыл. Қуаныш, ренішпен екеуі егіз. Басты байлық; баянды денсаулық, адал дос пен аяулы жар, тәрбиелі тіл алғыш ұрпақ пен пайдалы білім. Бұл асыл қазынамызды табу үшін тек бабалар батасымен әулиелерден бағымыз ашылсын деп тілейік еліміз болып.

Ал енді біздің ұлтымыздың іргетасы ар-ұят пен имандылықтан, әдептіліктен өрілген. Соның бірі көшпелі елдің салт-дәстүріміздің жазылмаған қағидасы әдептілік әліппесі. Көп адам дүниеқоңыздық пен сараңдықтың не екенін ажырата алмауы мүмкін. Себебі тіршілік болған соң бірім – екі болсын демейтін адам болмайды ғой, ал дүниеқоңыздық, баю, ыңсапсыздық сасық иіс сияқты, ол алғаш мүкіген сәтте білінеді де, біраздан соң, яғни ойың да, санаң да, бойың да үйреніп мүлде аңғармай қаласың. Пайданың әсіресе аса көп пайданың соңына түскен кісі, мінеки осындай жалған әдетке беріліп «адамгершілік өлшемі» дегенді естен шығарып алады. Қасиетті Құранда айтылатын; Мұсылман баласына артық дүние-мал үшін қайыр, зекет берудің неге керек болғаны да осыдан. Бұл «тәубаны» ұмытпа деген сөз. Яғни әр басқан қадамыңды сырттай есепке алып отыратын мына киелі әлемнің Алла Тағаланың алдында мезгіл-мезгіл есеп беріп тазарту имандылығыңды ұмытпау керек. Мал беделі ақша бедері қанша ыстық, қанша қымбат, қанша құнды болса да, бас садақасына бала-шаға амандығынан аямай құдайы беріп тұру бәріміз үшін үлкен парыз. Сол парызымызды ұмытпайық. Дүниенің рахаты еңбек ете білуде. «Егер адамның бір қойма толы қазынасы болса, ол екіншісіне де ие болуды, егер екіншісі де толы болса, үшіншісін де толтыруды ойлайды. Адамның асқазанын топырақтан басқа ештеңе толтыра алмайды. Алла тағала тәубасына келген адамға кешірім жасайды.» «Байлық орасан зор қазынаны иелену ғана емес. Нағыз байлық жанның сабырлы қалпы.» (667, 678. х)

Дүние өлшемі.

Әлқисса өмірде халыққа қадірлі дана кісі бір күні аянмен ескерту алып, жалғыз ұлын шақырып алып өсиет айтыпты: «Балам маған арғы жақтан хабар келді. Енді көп ұзамай сендермен қоштасуым керек болар. Сені қатарыңнан кем қылмай керекті дүниеге дейін жинап қойдым. Енді сол дүниені ысырап қылмай, зекетіңді ұмытпай, менің ісімді жалғастыра білетініңе көзім жетеді, соңғы тілегім менің сол дүниені жиғанда ұзақ уақыт киген шұлығым бар еді, өкшесі тесілгесін тастауға көзім қимай алып қойып едім, соны жерлерде аяғыма кигізе сал» деп аманат қалдырып күндердің күнінде өмірден озған екен. Сонан мәйітті жуып болған соң ұлы молдаға өтініш қылса, молда шариғатта жоқ екенін ескертіп шұлықты кигізуге үзілді-кесілді қарсы болады. Сол даудың үстіне бір кісі келіп, «Тоқтаңдар бұл кісінің мен жолдасы едім, өлер алдында балама оқып бер деп хат қалдырған, сол аманатты орындауға ұлықсат беріңдер» деп дауға сұрапты. Ол хатта: «Балам мен сенің аманатқа қиянат жасамай ісімді жалғастырып сүйек сындырмайтыныңа көзім жетеді, бірақ халық маған жыртық шұлығымды да артымнан жіберуге қимайды, халықтан бөлінуге тағы болмайды, орнын басқа нәрсемен толтыр, ол үшін әкеңнің көзін көргеннен сұра» деген екен. Қорқыт бабамыз дүние туралы толғап кетіпті; Қыз анадан көрмейінше өнеге алмас. Ұл атадан көрмейінше сапар шекпес. Ұл атаның нұры, екі көзінің бірі.

Дәулетті ұлы болса, ошағының қоры болар.

Дәулетсіз ұлы болса, атасының көрі болар.

Ұлдың күні қараң, ата өліп мал қалмаса.

Ата малынан не пайда, баста миы болмаса.

Адам баласының артынан баратын үш түрлі дүниесі бар жинайтын. Ғалым болып артында хаты қалып, халқы соның игілігін көрсе, сауабы үнемі барып тұрар. Бай болып, халыққа пайдасын тигізер дүние салып қалдырса, сол дүние тұрғанша сауабы жазылып тұрар, ең тұрақтысы өнегелі ұрпақ қалдырып, артынан жасаған құлшылығы жетіп тұрар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *