Бақ қарап, қыдыр дарыған  

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 111

Рұқ пен жан қосылып бақ болады,

Алланың өзі- бір боп жалғанады.

Маған — өзіне құлшылығын арнағанның,

Жан өсіріп, рұқымен бәйге алады.

Рұқтан ақыл, ақылдан мал жанданады,

Алты сипат бір-бірімен жалғанады.

Аяғы әйелдердің жаннатпенен,

Топырақ сипат етектік сана, бақ болады.

Ерлерде басы көкпен жалғанады,

Топырақтан бас болып жаралғанды.

Бөріктілік жаннаттық адам сипат,

Ар-намысты, ғылымды аталады.

Дін тазасы аяқпен жер жалғанады,

Пайғамбардай табанды боп ағарады.

Әйелдің басы әкесі — аяқ тектен,

Саналығы ұлдың нағашыға жалғанады.

Қырық үй жаның үй бақ ошағы,

Шыбын жан әйелдерден нәр алады.

Сезімің жәндік және өсімдікпен,

Иманның гүл бақшасы әйел жаны.

Бәйшешек бақшасы ұлттың бағы,

Тікенді гүлі  жыланы және барды.

Ер керек рұқы мықты табандылар,

Бақшасына бәйшешектің кіре алмағы.

Бөрікті ар–намысты аталғанды,

Ер мінезді рұқы мықты бола алғанды.

Басындағы төрт жынына ерік бермей,

Ақыл-оймен саналы ер басқарады.

Ақиқат  ердің басына бақ қонбағы,

Ғисадай пайғамбарға жалғанады.

Күнәні тағдыр болған өлтіруге,

Ағашына тектіліктің байланады.

Иманның негізі Інжіл жалғанбағы,

Құранның аятымен үлгі барды.

Інжіл, тәурат пайғамбарға түскендерді,

Орындамай түк емессің деген дағы.

Бес парызбен орта топтық дін қазығы,

Араптарға дін салты ұстанбағы.

Хикметімен Құдай ісін меңгеруге,

Ясауи баба елшілікті жалғағанды.

Дін білімін терістеп ібілістің үн қоспағы,

Ақылдан ойды ұрлап аздырмағы.

Әлемнің діндерінің құлшылығын,

Бес сезімге қазыққа байламағы.

Өлікке тағзым бас киімді шешу барды,

Жалаңбас боп өлілерге ұқсағанды.

Ғисаны қайта келсе кимек болып,

Христиандар жалаңбас жүрген әлі.

Маңдайы жалаңбастың сорланады,

Жүрекке қара қуат ене алады.

Қазақ елі бес жалғанның ісін көріп,

Бар әлемнің салтын жинап арсызданды.

Бой киіммен жаныңды бірге алады,

Арлы мінез кебенек — дене аталады.

Кебенегің жаныңмен қайта келмес,

Ар сауытың болмаса баста дуылғалы.

Өлімнің үш кезеңі жазылады,

Рухани кедергілер сыны барды.

Отыз үшпен таспихың тартылатын,

Үш өліммен мал, рұқ, жан тазарады.

Әлхамдулла қол ісіңмен басталады,

Сұбханалла басқа масих тазартады.

Аллахуакбар деп айтамыз бетті сипап,

Бірлігі ислам аяқпен жерге жалғанады.

Бас, аяққа  масіх неге тартылады,

Ғиса мен Мұхаммед Ахмет аталады.

Үшінші Ахметтік Ясауи баба болып,

Екі қол ұжданменен ортасы жалғанады.

Бой жетті деп атаған қыз баланы,

Қырық үйі жан сарайы нұрланғаны.

Жанға киім сананың қуатымен,

Етектімен жер рұқына жалғанады.

Алтынбасты әйелде нұр болады,

Жаулықтың қасиетімен байланады.

Еркекте ақ дуылға сауыт болып,

Бақыр басты артық деген сөзі барды.

Бөрікті тектілікпен жалғанады,

Ақиқаттың басын нұр шалады.

Қылыштың арасында сертің тұрмай,

Тегің қазақ аңызға айналғанды.

Ібілістің болады жұбы пары,

Қанда шайтан сезімге айналады.

Жалаңбас білімді еркек пері болып,

Шайтаннан жын қыз, қатын айналады.

Тектімін деп бүгінде ібіліс ұрпақтары,

Ақ жаулыққа қарсы боп заң шығарды.

Басына бақ қонбаған тексіз ерлер,

Ел басқарып, ұлт санасын аздырғанды.

Жетелі мен саналы кім айырмағы,

Білімді ақыл қылған елді бәрі.

Алтын артқан Жапарқұл мырзалары

Қазақтың бүгінгі таң болған даналары.

Аяғы жаман төріңді былғағанды,

Қолы арамның жоғалған тағдырлары.

Бас пен кеуде, аяқтық жоқ тазартқаны,

Ұлттың рұқын біліммен жүр жаңғыртқалы.

Күнадан қалай тектілік боп ақталады,

Өліге иман, тіріге ақыл-ой қоса алады.

Төртеуіңнің басыңда бірлігі жоқ,

Асыл сөздің астарын қалай ұға алады?!

Бөрікті аталардың тектілік намыстары,

Ақсақал жоқ кімге бақ қона алады?

Қыз, қатынның етегінен сана өнбей,

Қияметтің мезгілі түбінде жоғалады!

(Мамыр айы. 2017 жыл)

****  ***

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *