Иманды кім іздеген?  

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 57

 Сенімен иманды бір өлшемен,

Бес парыз намазбен келді деген.

Қазақтың дәстүрі деп атайды,

Дін ғалымы, төрелері ел билеген.

Аятын құран оқып ескермеген,

Мұхаммед, оларға айт дегенін.

Інжіл, тәурат пайғамбарға түскендерін,

Түк емессің білмесеңдер кітабын елшілерден.

Мен жаның жалғанады жұлдызбенен,

Қараңғыдан жаныңа жол көрсеткен.

Иман жанға құпия білім болып,

Ғылымнан бұл қуаты нұры енген.

Иман қуат таусылады жұмсауменен,

Таусылмас иман іздер құлшылықпен.

Біліммен дін істерін толық білсе,

Сенім берік өзгермейтін көңілменен.

Тура жол құс жолымен Алла жібін,

Жеті ата шежіресін жалғай білген.

Тарқатқан қатындай болмаңдар деп,

Алланың иірген жібін елшілермен.

Тіршілікте иман сақтар төзімменен,

Ақылға мінез қылық сауыт берген.

Иманды келтіру сыры ерекше боп,

Тағдырын адамзаттың түзеттірген.

Бір нәзіктің баяндасам түсін көрген,

Бала туып күйеуі тастап кеткен.

Жесірлікпен баланы өсіргенді,

Керек емес, маған енді еркек деген.

Құдайдың жол-жабасы ескертілген,

Көрсетіпті аянды екі түрлі хикметінен.

Сахабалар бұрынғы замандарда,

Тауға шығып үңірде өмір сүрген.

Құлшылық қып жатқан жерге келген,

Ескі жамау жыртықсыз киім киген.

Тұрмыстары жағдайы өте нашар,

Бұл өмірге сонда да риза екен.

Несіне мұндай тірлік керек деген,

Сауалына әйелдің жауап берген.

Алланың нығметіне жету үшін,

Төзімнің сынағынан өту керек екен.

Азға қанағат, барға шүкірменен,

Нәпсіні тәрбиелемек қиындықпен.

Жеңіл тұрмыс, өмірде сауық-сайран,

Иманды жоғалтудың ісі деген.

Тағы да бір қызды жолда кездестірген,

Мүгедек ерге өзі тимек екен.

«Өзің сұлу, жассың, неге  мұндай

Аяғы жоқ еркек саған керек» деген.

Алланың ризалығын іздеп жүрген,

Сауаппен екі өмірді жалғай білген.

Жаннатына кірсем деймін иман жинап,

Құлшылығым тәубе, шүкірлікпен.

Бұл жауапқа таң қалып түспен көрген,

Бұл Құдайдан жол-жоба дінмен берген.

Бұл мысалдың сыртына емес, ішіне үңіл,

Қазақтың дәстүрімен жүре білсең.

Жайлы тұрмыс, жақсы өмір іздегенмен,

Өте алмасты қиындық кедергіден.

Жомарттық пен артық хайыр ізгілікті,

Меңгере алмай, иман өзі келмес деген.

Қуатпен өліге иман тіріге берекетін,

Меңгермек өлі жүгін шежіремен.

Тағдырын тазартумен ісін көріп,

Ризалығын алуға аруақ қызмет еткен.

Иманды сол жалғанған жұлдызбенен,

Ұжданды меңгеріп құс тілімен.

Жер кезіп көкке саты, жерден есік іздеп,

Тек ағашын өсіруге көркем сөзбен.

Иманың жапырағын көктен үзген,

Көгіңде жеміс бар мейірімменен.

Төбеден, табаныңнан жейсің деген,

Қазақтың жерінде көп бақшасы өскен.

Ер керек бұл жолға шыға білген,

Қажыр, қайрат, табандылық іс меңгерген.

Жалғыздығын ата дәстүр алты арыспен,

Төрт ана бір тек жүйесін жетілдірген.

(Мамыр айы 2017 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *