Ғұламаларға…  

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 44

Өзін-өзі сынаған,

Нақылын алып бабадан.

Текті қазақ қашанда,

Құдайдан жоба сұраған.

 

Тағдырына аруақ жалғанған,

Алды мен артын болжаған.

Ел басқарған бек, билер,

Қазақтың тегін сақтаған.

 

Дін тазасы қожадан,

Үлгісі қалған ұстанған.

Ишан, мақсұм, қалпелік,

Кереметіне құдай жалғанған.

 

Білім жарық заманнан,

Кереметін дүние атқарған.

Ілім мен білім ортасы,

Ақыл шырақ ғылымнан.

 

Айырмасы болмас хайуаннан,

Ғылымын заман алмаған.

Ақылға  шырақ май керек,

Нұрлы сөз шындық құдайдан.

 

Ақылдан білім озғаннан,

Ар жоғалды қазақтан.

Ар, ұятсыз ғалымдық,

Ұрпағына ібіліс айналған.

 

Ұялатын құдайдан,

Таппассың үлкен қазақтан.

Бастан масіх жоғалып,

Жұрдай болған иманнан!

 

Сенімің білім масһабтан,

Дін ісін берік жол қылған.

Арсыздық шықты діншіден,

Құдайсыз хазірет аталған!

 

Ғұлама деп көп аталған,

Ғылымға демек жалғанған.

Құдайдан шындық келтіріп,

Пайғамбардан уахи бата алған.

 

Пәтуасын тыңдап ойлансаң,

Тәпсірмен білім сөзі айтқан.

Хабарсыз жалған ғұлама,

Таза ақыл- дінсіз рухтардан.

 

Жол-жоба емес құдайдан,

Дін ісі-шариғат қаланған.

Өлшеусіз ақыл ғылымнан,

Тура жол «Бізге» жалғансаң.

 

Ғұламалар сол ақталған,

Сираттан өткен достардан.

Құдайдың нұрын бейнелеп,

Ұйқыда жанға сөз жазған.

 

Аятын алмақ Раббыдан,

Киелі ойпат зияраттан.

Ата жолы ислам бірлігі,

Діндерін әлем жалғаған.

(Мамыр 2016 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *