Ысырапқорлар (79)

Бөлім: Зікір өлеңдер 49

Мақтаны жұрттың аузында,

Ынтасы жұрттан асуға,

Ысырапқор іске кірісті,

Табысын салып мақтанға.

Артығы бар ішінде,

Толтырып кемін алса да.

Іштегі дерті шыдатпай,

Салдырмас жанды алдына.

Кәкір-шүкір, ірісін

Саудыратып шашпаққа.

Ішіндегі көбісі,

Құр босқа кетер қақында.

Асы ішіліп болмайды,

Қарынға сыймай қалса да.

Жартысы кетіп далаға.

Кімге несін көрсетті,

Азық қылмас оны шашса да.

Па шіркін дер кейбіреу,

Жағынып айтар мақтауға.

Кейбірі көзге ілмейді,

Не болса да асырса.

Көптің көзін байлайды,

Есебін білмей ақшаға.

Белшеден батып қарызға,

Алғаның сатып мақтан ба?

Күнәға жолды байлайды,

Мақсатың болса басқада.

Айтқан мақтан тілегің,

Болмаса қабыл Құдайға.

(Тамыз 2018 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *