Бүгінгі қазақ

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №4 99

Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-qformat:yes; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin; mso-fareast-language:EN-US;}

Егемендік алған жыл еске алсаң,

Тоз-тоз боп халық едік қап арқалаған.

Көлікке де төлейтін ақша болмай,

Тауық, жұмыртқа ақысына ұсынатын.

 

Қаланың жағдайы да мәз емес-ті,

Нан тапса, майы жоқ күндер өтті.

Қытайдың арзан дүниесін жинағандар,

Бай аталып көңілі көкке жетті.

 

Санасақ талай жылдар өтті-кетті,

Қазақ елі өркендеп желдей есті.

Ауыр іске бүгіндері құл жалдаған,

Қазақта байлардың да саны көпті.

 

Байлықтан желік кіріп, ынсап кетті,

Көп болып ел басқаруға көңіл етті.

Үлгісін шет елдердің мысал қылып,

Ағайындық арзан пұлдың мәні өсті.

 

Ағайынға жік салып ата дәстүрінен,

Тажалдар мін іздеген ел биліктен.

Бағасы болмай ар, ұят, ұжданыңның,

Көшеге шығып қиратады кекшілдіктен.

 

Дүние болса елге иманды енді атама,

Қолдаған мастар көп оппозиция айтақтаса.

Хайуаннан айырмасы аз есі шығып,

Дұрыс деп билік көпті дүниемен риза қылса.

 

Жүктелген жынмен ұлттың жас баласы да,

Қаны әлсіз арсыздықтан қайтпек жаратылса.

Ел билемек алайда тексіздер құл-құтандар,

Партия құрып халықты алдар пұлы болса.

 

Пайданы білсе білім мен иманнан сұруы жоқ,

Ғалым, зиялы болу оңай болды тұрлауы жоқ.

Ақ ордамен сауда-саттық базарын басқарумен,

Дәрежесі тең болды тектіліктің маңызы жоқ.

 

Дүние байлық көп жұмсап сайлана алған,

Әртіс, шаруа, спортпен таң қалдырған,

Төре болар, ал құран жаттап қожа аталған,

Қияметте тажалдар билікті елдің басып алған.

 

Бағаланса ақшаға қай істен де ар кетеді,

Ар жоғалса иман тозып, жан өледі.

Арсыз, имансыз, ұждансыз ел азғындап,

Мәңгілік тозақ елі аталып аты өшеді.

(ақпан 2014 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *