Иманын кім бар іздеген?

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 41

Қазақтан иман қашқаны,

Қыз, қатын көтін ашқаны.

Етек жаулық жеңі жоқ,

Кеудесін ібіліс басқаны.

Әйелдің қылық ашқаны,

Қыстығы әдеп қашқаны.

Қыс болып жаздық жылуы,

Ар,ұятын түгел тастады.

Періштенің ізін баспады,

Қыздары қазақ ластанды.

Көктемнің иісі жоғалып,

Мүрденің иісі шыққаны.

Бар жоғын ақыл алмады,

Нұрынан ләззат құр қалды.

Мейірімі ұлттың жоғалған,

Көшеге бала тасталды.

Биліктен иман қашқаны,

Жақсы көріп тек ақшаны.

Дінсіз «зайыр» болдық деп,

Жындылық сөз болды айтқаны.

Дәстүрін ата алмады,

Аталар жолын соттады.

Ақ жаулықтық киесін,

Заңымен тыйып тастады.

Ұғымын ұят тастады,

Арамдыққа есік ашқаны.

Сана түгіл жете жоқ

Мастықпен жынды салттары.

Болар ма елдің иманы,

Жаулықсыз ділге жиғаны.

Төменгі етек санасыз,

Сенім мен наным бойдағы.

Бірлігі елдің мақтаны,

Қорқытып заңмен баққаны.

Имансыз билік басқарған,

Тәуелсіз қалай болмағы?

Ерлерден иман қашқаны,

Бөрікті артқа атқаны.

Жігіттікпен қоштаспай,

Ақсақалдың болды азғаны.

Сасыған қуат жаққаны,

Шайтан жын болды достары.

Жүрегі дертті ел болдық,

Кесір, кек ерген арттағы.

Азғырған бидің шайтаны,

Халқынан болып күмәні.

Бір айдан артық бір жерде,

Болғаннан бүлікші шығады.

Діншіден иман қашқаны,

Құдайсыз дінді ұстанды.

Құдайы, тәңір масһаб деп,

Жол-жабасын Құдай алмады.

Тура жол деген мақтаны,

Жеті көк кілтін алмағы.

Ғайыптан хабар алғандай,

Аллаға ортақ қосқаны.

Кілт түгіл, құлпын алмады,

Сатысын көкке таппады.

Жер ана рұқына жалғанбай,

Имансыз дінші болмағы.

Аруағын қазақ тастады,

Серік деп бұл қосқаны.

Рахметінен Алла бас тартып,

Басқа деп Өзі достары.

Ел басынан иман қашқаны,

Дәстүрдің болмай қорғаны.

Нұрынан құдай жол салып,

Нұрлы отан тәңір қылмағы.

Түскенмен белгі азабы,

Қиямметтің сыны сағаты.

Мәңгілік елді жасатпақ,

Құдайсыз қурай сынбағы.

Қазақтан иман қашқаны,

Заңына арсыз мақтанды.

Орамалға тыйым салғанға,

Қуанып қолын соққаны.

Аңдығаны дүние байдағы,

Қайғысы дүние арманы.

Құдаймен сауда жасауды,

Жоғалтқан тегін қандағы.

Белгісі иман қашқаны,

Қалмады сөздің салмағы.

Аманат құнды сөз еді,

Көңілдің болды аулауы.

Жоғалған ақыл талабы,

Кемелдігі ұлттың қалғаны.

Аталығы ұлттың жоғалған,

Би, төре, қожа азғаны.

Қайысар қазақ қалмады,

Қабырғаға түсіп салмағы.

Төсінен серті жоғалып,

Кесірі арттан қалмады.

Ажырап жерден табаны,

Беліне қарғыс жалғанды.

Үзеңгі мойыл үзікті,

Көзіне отты толмады.

Тілінен сасық шыққаны,

Мұрынға иіс қонғаны.

Айнығыш достан күмәншіл,

Жүректе таты болғаны.

Асқазан арам толғаны,

Алты ауыз дәмнің қашқаны.

Жиіркеніш деген сезім жоқ,

Арсыздық індет жалмады.

Ұлтыңнан иман қашқаны,

Бесігіңе нәсіл қонбады.

Нәубеттің бұл үлкені

Қазақтық тектің азғаны!

Әлемге түсті сынағы,

Қияметтің ашық азабы.

Елімен билік соғысып,

Шіріген тақтан құлауы!

(Қаңтар 2016 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *