Дәстүрім дінім, жол-жобам

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №4 51

Қалам мен қағаз қолға алып,

Ойға түстім толғанып.

Талай мінді сынадым,

Өмірден өткен үлгі алып.

Ер жасына келіппін,

Мақтанып босқа күліппін.

Тағдырыма көз салсам,

Көп дүрмекпен жүріппін.

Неге мен ақымақ болғанмын,

Білдім деп өнер мақтандым.

Аманат, уәде дәстүрді,

Ескілікке қалай баладым.

Қажытып болса көңілді,

Жүк болып жын мініпті.

«Гендерлік» дерпен ауырған,

Шайтанын қатын семіртті.

Ақылым жүдеу өріс тар,

Мендей сорлы қайда бар.

Ақтардым тарих, хадисті,

Өрісін ойдың ұзартар.

Себепке сепші табылды,

Көрсеткен аруақ уахиды.

Бес уақыт намаз тастамай,

Оқы деген енді құранды.

Өмірдің бәрі түс екен,

Тағдырың ескі мінез іс екен.

Тазартып түспен артыңды,

Сәжде бұл жорып ісін меңгерген.

Өрісіне ойпат ойдың зияраттап,

Тау тасын жердің аралап.

Ақылды оймен семірттім,

Оқып құран аруаққа бағыштап.

Жем болған көңіл, ақылға,

Кенелдім әулиеден батаға.

Шапағатын көріп расулден,

Жалғандым кітап тағдырға.

Ескі күнә рұқым өлгенді,

Киесі көктен келгенді.

Өлген жан қайта жанданып,

Өсірген рухтан егінді.

Жаным бар жас жаңадан,

Шабыт пен таза ой салған.

Болашаққа жүрмін із салып,

Үйреніп маған ере алсаң.

***  ***

Дін ісін көптер меңгерген,

Құлшылық болған тіріден.

Тазалық тәртіп, парыздар,

Өліге емес керек өзіме.

Сенімді болмақ дін біліммен,

Иман келмес құр сәждемен.

Өлілер риза болмаса,

Жалғанбас пенде иманмен.

Имамдар масһабты жол атаған,

Сегіз жол дінде бұл қалған.

Тоғызыншы ұлттық жобаны,

Қалайша надан сыйғызған.

Жемесең ризық табаннан,

Рухынан жерден ойпатынан.

Төртеуің түгел болмаса,

Енбейді иман жұлдыздан.

Шариғат намаз ұстанған,

Өрісін бойын тазартқан.

Іштегі жатқан хайуанды,

Тәубесіз қалай жаңартқан.

Сахабалар жолына жалғанған,

Сегіз жол тура бұл саған.

Әр ұлттың бар өз тағдыры,

Тоғызыншы жоба бұл болған.

Қазақтан шыққан пайғамбар,

Һұт пен Жүніс атаң бар.

Оқысаң сүре 109 аятын,

Дәстүрің дінмен тоғысар.

Дін ісі шариғатың тіршілікте,

Құдай ісі дін сауатың ақиретке.

Жұбын табу әр нәрсенің сыны еді,

Тажал дінші кім екенін білдірмекке.

(ақпан 2014 жыл)

***  ***

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *