Алланың білсең сипаттарын

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №4 47

Алланың бізге мәлім үш сипаты,

Ғылыммен бұл сипаттарды жаратыпты.

Барлығы, растығы мен жалғыздығы,

Адамзатқа құлшылыққа арналыпты.

Түсі де бар, ісі де бар, ілімі бар,

Есті болсаң ақылмен болжауға ал.

Жалғыз дейміз жұпсыз ол жаралысты,

Құдайлық сипатын, Раббымызды өзі жар.

Раббымыз иеміз болар сары түсті,

Сарымен басқарылмақ барлық істі.

Сүт білім-ақ, ішінде майы ілім болған,

Құдайсыз қурай сынбас құдірет күшті.

Алланың барлығы біртұтас жан емес пе?

Жанымен жаратылыс түрленіп бар емес пе?

Жан енер шөл далаға жаңбыр жауып,

Түрлі шөп және жәндік шықты емес пе?

Алланың растығы көрінген хақиқатты,

Шындықты шынға айналдырған және аятты.

Шындықпен құранды әлемге түсірдім деп,

Растығын жұп және парымен жаратыпты.

Жоқ деген жұпсыз парсыз жаралыс қой.

Ібілістің жұбы жоқ күнәмен байланыс қой.

Құдай өзін көрсетпек күнә ішінде,

Күнә өліп жоққа айналмақ бұл анық қой.

Жоққа жүйрек жете алмас қашып кетсе,

Уайым болмақ күнәдан арың әлсіресе.

Жоқты ойлатқан ібіліс иманды ұрлап

Жоқтан күнә еселенбек әлденеше.

Қараңғылық, суықтық бұл да жоқтық,

Жылу келсе суық өлер болып жоқтық.

Түн өледі күннен шуақ назар салса,

Қараңғылық уақытша ғой қылсаң сақтық.

Ібілісте жалғыз  жоқтығы болған жұбсыз,

Жоқты іздетіп күнә жасату болып түпсіз.

Тақпен күнә бірге жүрмекші жалғандықта,

Тақуа боп жеті сәждені меңгермекпіз.

Жеті түрлі жоқтықпен бар мен растық,

Ыбырайым жолымен жалғанбақпыз.

Жеті тозақ жоқтыққа жеті жолмен,

Жеті аруақпен жоқтан расты айырмақпыз.

Мастық өмір сенімі ақирет өмір жоқтық,

Өмір барда ойна күл, ертең жоқсыз.

Дүниеге шоқындырып сараңдықпен,

Қорқытқан кедейлікпен түпсіз жоқтық.

Ақирет ар іздетпес уайымы жоқтық,

Құдай ісі аян, уахи меңгеру серік қостық.

Тажалдар аюдай ақылды аулаған адамдық

Ұлтыңда сөз болмаған араптан деген қостық.

Барлық та, растық та болды енді жоқтық

Жалғызға бес парыз көңілге болды тоқтық.

Растық пен барлыққа себептің өзін білмей,

Себепші аруағыңды шерікті деген қостық.

Жалғандық ақыл-ойды арқандаған,

Масһаб білім таза ақыл болып алған.

Дін ісін шариғатты тура жол ататқан

Құдай ісін жалғаншы тажал жоғалттырған.

Дәстүрің мешіттерге сыймай қойған,

Бес парыз бен сегіз діндік намаз болған.

Барды жалған, растықты жоқ санаған,

Жалғыз масһаб дінің болды шоқындырған.

(ақпан 2014 жыл)

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *