Ден саулық-ақыл байлығы

Бөлім: Ата дәстүрі өлеңдері №7 119

Кейбіреу безді дейді елден мені,

Есалаң атайды екен сезіп нені.

Хақиқатты танитын баста ми жоқ,
Ондайлардың сау емес анық дені.
(Шәкәрім әулие)
**** ****
Хақиқатты таныр ед жынсыз болса,
Бас тазарып сары судан мінсіз болса.
Он алты қуат бастағы толық болмас,
Ауыз, көз, құлақ, мида жының тұрса.

Ойласаң бәрі ретімен жаратылған,
Бас қуаты адамзатты бөлек қылған.
Адамның басы Алланың добы деген,
Текті қазақ бас қадірін жете қылған.

Жын қара, әзірейілге қызмет қылған,
Ажал деген мезгілсіз қаза болсаң.
Ақ топырақ тегің еді жаратылған,
Ақ өліммен өлу естіге арман болған.

Қайғы-қасірет ырымың шашты жайған,
Шайтан алдап, ажалға қарсы болған.
Төрт жыныңды бастағы тазарта алмас,
Жалаңбастық салтың енді өзге жұрттан.

Кебенек киген келер есен-аман,
Бой өрісің, зейнет киім сақтай алған.
Өлмей тұрып, өлуді әдет қылған,
Кебінделіп тақуалық дәстүр болған.

Кебенегін ата-анаң сақтай алған,
Ар сауытың сана өріске болар қорған.
Сана түгіл, қорғайтын жетесі жоқ,
Қадірсіз бас, кебенексіз арсыз болған.

Кебенексіз есалаң жұрт сезсін нені?
Тәжсіз патша басқарған кем боп дені.
Дені болса, саулық-малы қораланбай,
Сасық иіс азған халық жынның жемі.

Суық ми, сасық тұман ноқта болған,
Таза ақылдан хабар жоқ ойлаттырған.
Жер тәңірісіндей атасының ұлы болып,
Жетесіздер ғалым, дінші ел басқарған.

Өлмей тұрып мың өлтір адам болсаң,
Кебінделіп ажалыңа қарсы тұрсаң.
Ақ кебенек кигендерге ақ өлімді,
Құдайым қолдау беріп тағдыр қылған.
(28 ақпан 2015 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *