Жан, тән, дене және көңіл  

Бөлім: Ата дәстүрі өлеңдері №7 59

Сөз ұғымын зерттеумен болар зерек,

Ақылға қуат болар бұл бір тірек.

Көріп, естіп, сезінуді зейін демек,

Есті ақылға зейінмен демеу бермек.

Сөз ұғымын, істерін, дінін білмек,

Дәстүрімен ата-баба өлшеп жүрмек.

Жетелі ақыл болып иман, сенім,

Теңелумен бір ақылды есті демек.

Жетелілер тән мен дене сырын бөлек,

Сөз атауын тергеудің жөнін білет.

Тән десек ішкі ағза бөлек-бөлек,

Тәндік затты құраушы затын бермек.

Дене дейміз сыртқы бейне пішін бермек,

Терімен шектеп  тәнге киім кимек.

Дененің жұбы және пары болып,

Кебін сипат өрісің бойды өсірмек.

Тән десек дененің мүлкі демек,

Малың мен қуаттардың үйі өсірмек.

Періштелер түгелдей сәжде қылып,

Қозғалысың күш, қуатың тән өсірмек.

Сегіз түрден періштелер өсіп-өнбек,

Түр-түспен денеге бейнеленбек.

Сегіз қырлы, бір сырлы деп атаған,

Ер жігітті өнерлі, жетелі болса зерек.

Тән — шешесі әкесі — жан дене өсірмек,

Денеден түрлі бейне салар өрнек.

Іс қимыл, қаракеттер көлеңке боп,

Қолыңнан бала аруақ өсіп өнбек.

Аруақтың періштелік бұл сипаты,

Лат пен Ғұзза дегенді құран аяты.

Мағфузда оқылатын кітабың боп,

Екі иық, екі қолмен тағдыр хаты.

Адамзат дүние қуып өмір сүрмек,

Дүниенің бар білімін тез меңгермек.

Жынмен бірге жүрер дүние білімі,

Нәпсінің қалауына қызмет етпек.

Нәпсі мен жан ісінен көңіл өнбек,

Дененің жарығынан киім бермек.

Жаннан ілім, нәпсі білім, дене ақылдан,

Ұждан боп көңілден бейнеленбек.

Жан құмары көрумен ісін білмек,

Жүрек көзі ашылса ести білмек.

Түн ұйқыдан кеңшіліктен зейнет іздеп,

Нығметінен Алланың хабар бермек.

Жын қуатың нәпсімен бірге жүрмек,

Ақыл мен тәннен қуат алып өмір сүрмек.

Жын мен жан және нәпсінің көлеңкесі

Көңіл боп, ар-ұжданға дінмен жетпек.

Діннен қуат насихаттан ақыл өнбек,

Сеніммен денеге қуат күшін бермек.

Жанға құпия білімді кітап алса,

Ақылды көбейтетін иман бермек.

Иманның күші ақыл, білімін сабыр демек,

Сабырмен төзімділік бірге жүрмек.

Сенімнің қателігін түзеу үшін,

Иманмен жанға кітап хабар келмек.

Артыңнан күзетшіңді жүрек демек,

Хабарын арттағы істің хабар бермек.

Қызметін иманыңнан қуат беріп,

Аманат қарыздарың бұл өтелмек.

Ұжданың күзетші боп алда жүрмек,

Жаныңмен ұждан қуат бірге демек

Алланың кеңшілігінен нәсіп теріп,

Жүрекке алдағы істен хабар бермек.

Тәніңмен жындық қуат бірге өлмек,

Сезіммен шайтан қуат бірге жүрмек.

Жынмен, шайтан тозақтан тазарады,

Адамзаттың жан мен тәнге қайта енбек.

Сезімнен жынға қуат жанды бермек,

Кісілігі жарық болып бейнеленбек.

Денеден тоғыз кісі орын алып,

Төрелік қасиеттің сыры демек.

Жында, жанды да өзің көз бен жүрек,

Денеге қызмет қылып жанат енбек.

Нәпсіге таза ойдан қуат беріп,

Аяқ көлік, басыңды алып жүрмек.

Мың рет күнәларың тәнде өлмек,

Кебін киіп тірілей міндеттелмек.

Кебенектің жарығын таза ұстаған,

Жаннат кіріп, өмірге қайта келмек!

(наурыз 2015 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *