Денесіз өтіп жатыр талай жандар

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №4 110

Махаббатпен жаратылған еді Адам,

Жаннатынан жарығынан үлес болған.

Алла тегіс баураған сендерді деп,

Аятың оқып көрсең сен Құраннан.

Баураушы сені жарық- Денең деген,

Әрбір нәрсеге жұбын, парын берген.

Қазақта ар сауытың деп атаған,

Бой -дейді шариғаттан тәлім берген.

Ұжданың, ұят арың болар намыс екен,

Бір тұтас бой болып тәнді баурайды екен.

Бой толық жетіліп, ар сауыты нәзіктерде,

Өмір қабы көбеюге енді дайын деген.

Адам-дене жарықпен нәзік бой алады,

Киіммен зейнетті болады жанның қабы.

Аңдыған бұл жарық-қаптың жаулары көп,

Иістің буынан  шыбындай нәр алады.

Ұрлатпай бұл қапты сақтау парыз болған,

Бақ қарап, қыдыр дарыр деген нақыл қалған.

Қап болмай жалаңаш, арсыз ұятсыздар,

Тозақтық киім қара шекпен алған.

Қазағым европаның салтын алды,

Ұятсыздық киіммен ар сауытың жоғалғанды.

Денесіз қатындардан жалаңаш бала туып,

Қан азу, түрлі ауру еліңді басып қалды.

Қатын көп, ана ұғым артта қалды,

Кемпір болмай, қатындар қартайған-ды.

Жалаңбас жаулық, кимешекті кие алмай,

Байлығың кеміп, ұлттың жаны азған-ды.

Өлді деп, құрметтеп артынан мақтан айтып,

Талай өтіп жатыр денесіз жан жоғалып.

Ақиретте тозақта жауап беріп жатқандарға,

Кәпір болдық бізде артынан асыра мақтау айтып.

Пайғамбарымыз қалдырған насихатты,

Өлілермен ақиреттің негізгі қағидасы;

Жамандама, не асыра мақтама артық сөзбен,

Құдайға лайық адамзаттың есебі мен бағасы.

Батыр, әкім, би, жазушы ақын да өлер,

Ажалдың қылышынан кімдер аман өтер.

Сөзіне қарап кісілігін алыңдар деп,

Ясауидей дананың өсиетін есті ескерер.

Ар әлсіз тозақтық боп денесіз өтіп жатыр,

Қандай ұлық болса да ажал оғы тиіп жатыр.

Жын-шайтандық бейнемен сурет салып,

Туыстары тозаққа куәлікті қоса беріп жатыр.

Болашаққа он жылға ақылды айдап көрсең,

Келеді өсіп шариғатты меңгеріп талай өркен.

Бүгінгі кереметтер еліне тұлға болған,

Өзге түгіл өз ұрпағы қашады мұны көрген.

Япырмау үлкендерде үлкендік есі қайда,

Болжамаған алды-артын істің бар ма пайда.

Құдайға қарсы болып тарихта аты қалған,

Перғауынның еліндей мәңгі жоғалмай ма?

Сөз ұғар қазағымда ойшыл дана қайда,

Ой мен тілді бірлеген Абайын оқымай ма?

Аманатқа қиянат, дәстүрге қарсы болдық,

Қарғыс алып осы үлкендер бармақ қайда?

(қаңтар 2014 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *