Діл дініңнің айнасы!

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №1 83

Дін тазасын діннен ізде!

Өсиет еткен даналар.

Дін тазасы діл болар,

Діл дегеніміз ген болар.

Гендірлік деген теңдікті,

Тексіздік деген жөн болар.

Ақыл білім айнасы,

Естілік ділдің қоймасы.

Ессіз білім, ділсіз дін,

Масһабтың бар ма пайдасы?

Діл иманың жартысы

Екі жарты бір бүтін,

Атадан қалған нахылдың

Шешуі осы теңдіктің.

Некелесіп, қатын ал,

Жерін өртеп егін сап.

Жартыңнан алған, ақ шарап

Санаға тиер пайдасы.

Жан сезімін өсіріп,

Жетеңді қоса жетілдіріп.

Қоса білсең тегіңді,

Күте білсең егінді.

Бұдан шыққан нәтиже,

Денсаулыққа болар  пайдасы.

Ақ жаулығың ар болар,

Он саулыққа жар болар!

Түріліп етек, жоғалса ар,

Атадан қалған Ақ сауыт

Арамменен былғанып

Қиямет деген сол болар.

Тән ауырса жан сезер,

Жан ауырса кім көрер

Жібін үзсең ақыл – ой,

Бақытқа жолың кесілер.

Әзәзіл кірсе жүрекке,

Қанағат қабың тесілер

Тойымсыздық кіріп көңілге,

Ойымен, ақыл таба алмай,

Қор болар сонан есіл ер!

Бұл шайтаның айласы,

Санасыздық қана пайдасы.

Сұқтан сақта жаратқан,

Ұлтымыздың айнасы,

Қыз тәрбиесі тиымен,

Болар  діліне пайдасы.

Әйел ділдің ошағы.

Шауқаттан болып отыны,

Текпен генді байлайтын,

Көкте жүрген нәсіл көп.

Жарын іздеп ақ жаулық,

Көктен келер он саулық.

Еркектік ғана несібе,

Ұзын етек, ақ жаулық,

Етегі таза жаяудың,

Ұстанып салтын, дәстүрін,

Ар-ұят жинау кәсібі.

Қазығы киіз нұрланып,

Жер рухынан болар нәсібі.

Еркек ұқсап сұрланып,

Шалбарын киіп масығып,

Шашты жайып, ашылып,

Алмасын нұрын ұрлатып.

Болсын таза ұрпағым,

Нәсіліндей тектінің,

Құран оқып, хадистен,

Өтірік емес, тап шынын.

Қожалық та төрелік,

Қонсын десең қасиет.

Жанға қожа киелік,

Кезіп жүрген жарық боп.

Дәстүрін сақтап ұлтыңның,

Құлшылығыңда қазақ боп.

Орындап аруақ жұртыңның,

Аманатын берген ақтап өт.

Тілегің сонда қабыл боп,

Жүрек болып, жалын боп,

Құдайдан келер қосағы.

Аз ғана ділден сөз қылдым,

Діл дініңнің айнасы.

Іздесең жарық иманды,

Көктегі жапырақ жиғанды,

Көкке жетер жіб болып.

Бұтағы сөздің, ағаштың

Ұлтыңның үнің айнасы,

Болады  тілдің пайдасы.

Дінмен ділдің шамасын,

Аруақпен ған аласың.

Жеті жолың жеті үнмен,

Құраның сыры жеті үннен,

Кітабы болар парасы.

Ұлтыңның сөз жобасы,

Ар білімі насихат,

Шежіреңнен келген хат.

Қазақтың көп данасы,

Ділдің білген парсын.

Табынсаң әулие ақылға,

Аманаты ата нақылға,

Тазартып ділді аласың.

Жер мен көктің арасын

Құраның кітап, парасын

Серігің иман қосағың,

Ана тілің, арың боп

Сөзбенен  Құдай қосады!

«Еркек «АТТЫ», Атымның саулығы үйдегі етекті жаяудың жаулығының тазалығына байланысты. Жаулығы жоқ жаман қатындар қате жазасың, сауатың жоқ деп айыптайды. Әттең «БАЙТАЛЫН» «САУ-АТЫМНЫҢ» қорасына түнетіп алса, етегі ұзарып, жаулығы да байланар ма еді? «Атаның шауқатының көп қой мәні» (Шәкәрім әулие)

f»B�-n0�P�ge:KZ’>Түрілген етек, жалаңаш,

Кепкен мидан жалаңбас,

Тазармай сана аралас

Қатынынан алып жаласын.

Төсекпен еніп арам ас,

Жалғанбай рухы жеріне,

Берілген кітап тегіне.

Жазылған бойдың еркіне,

Киесі қонған бөркіне,

Қайда енді есті, патша бас?

Салтын алып жат жұрттың,

Дүниелік қызық қарбалас.

Қасқабас өңкей жалаңбас,

Құлақ салмай Құдай сөзіне,

Бастап халықты барасың,

Қазақты тозақ төріне!

�нм�i �P�h��аң  толып қалта,

Орындалмай амалдары,  болған қапа.

Азып халқы, басшыларда көрді жапа.

Жаратқан да ескертусіз бермес үкім

Шешімін бұл құпияның тапқан бекем,

Мөр ашып жүректердің, шәкірт ерткен

Ол елде бір жас жігіт болған екен.

Халықты зияраттатып, тонады деп,

Жақсылар жиналып, кеңес құрып,

Айда деп итжекенге қылған үкім.

Қудалаумен мемлекеттің ояз бегі,

Қайғы жеп ажал оғын құшқан екен.

Артынан оның ерген шәкірттердің,

Кітабы, көрінген мөр хикметтердің,

Сақталып қолдарында қалған екен.

Жол тапай мұндай қыстау қияметтен,

Еске алып ескі дінін, ғұрып,салтын,

Көрсетші деп аруағына ақиреттен.

Патшаның  Құдай тілегін қабыл еткен.

Жарық болып, жүрекке иман еніп,

Көрсетіпті хикметіммен аян беріп.

Аруақтың естіп, көріп хақиқатын,

Кітабын сол жігітің алған екен.

Құдайым жанға берсе иман салып,

Кәпір ғана амал қылмас, тоқтап  қалыс!

Оянып патша ұйқысынан, қалам алып,

Жарлығын мынандай деп жазған екен;

Депті сөзім, халқыма да болсын жарлық,

Ғасырлар қан мен термен қорғап өткен,

Аманаты бабалар, әдет-ғұрып Құдай ісі,

Шежіреміз, дініміз  тасқада жазып кеткен.

Ұмытпай ата дәстүр, салты қолға алайық!

Ақымақтық болған екен, салық салып,

Қудалап ата дәстүр беріп жарлық.

Құдайға жалбарынып жар салайық,

Себепсіз Құдай өзін жаратпапты,

Табынып,  аруағын ата-ана еске алайық.

Шалынсын, барлық жерде құрбандықтар,

Садақамен арам дүниемізден тазарайық.

Осылай Алла жолында соғыс ашып,

Күнәні қанмен жуып, рухани жаңарайық.

Ашылып ордасы аруақтың  әрбір үйде,

Қамшымен тазартпасақ болмас мүлде.

Оқылсын еш шектеусіз құран хатым,

Зияратап жас та кәрі әулиелер алсын атын.

Ясауи баба жолын әлемге үлгі танытайық,

Қазақ боп,  Құдайымызға жалбарынайық!

Халықтың берген, жиған садақасын,

Кімге берсе халықтың еркі емес пе?

Қызғанып қызыл итке жем болғанша,

Заң шығарып қудалауды доғарайық!

Қудалап, ақсақалын, дәстүр салтын

Кітап жазған ғалымдарды жазалайық!

Жастарға ақылы толмай дінді білген,

Жарлықты және жазды шегін білген.

Сайла деп  үлкендерден көпті көрген,

Ауыстырып имандарды елге күлген.

Құдайдан сұрай білген, кітап көрген

Дін басына абыздығы болсын лайық!

Ұран сап,  тізгінді де қолға алайық!

Жастарға мүшелге толып, еңбек қатпай,

Ана тілден басқасын үйретуді доғарайық!

Ғалымдар  Құдай өзінен сұрап білмей,

Таңбаны  өзгерткеніміз, болмас лайық!

Арсыздық, жалаңаштық,  жындылықты,

Заңменен тиым салып жазалайық!

Салтымыз шариғатпен, ата заң да,

Дәстүрмен, жеті жарғы болсын лайық!

Атанып әділ патша,  көп толғаныпты,

Құранды қазақша тоқысын деп ел билігі,

Мемлекет дінмен бір деп, қолға алыпты.

Жазылған ата заңды қайта қарап,

Жер ана меншігі деп ел жұртымының,

Осылай  жарлықтарын көп жазыпты.

Орындатып ояздарға  көп  жарлықты,

Ат қалып, артында кемеңгер әділ патша

Құдайда қайтып алып, үкім лағнетін,

Қайтадан тыныштық заман болған екен.

Аруақпен  жалғап өткен ақиретін,

Тұранның ортасында қылған мекен.

Ол елде қой үстінде бозторғайлар

Ән салып жұмыртқалап жатқан екен.

Осылай бабалардың дәстүрі ізіменен,

Болашаққа  қарай сапар шегуменен,

Насихат тарих өткен баяндадым.

Астарлап Абай-Шәкәрім сөзіменен,

Жалған емес, естіген көзім көрген.

Үлгісі тарих шежіре болсын дедім,

Жетесіне жетпей жатқан ел биліктің,

Санасына сөзі Құдай қонсын дедім!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *