Намазхан дін қандасқа

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №1 51

Арапша білім алған көп,

Білімді өзге жалған деп.

Шариғатты жол қылып,

Масһаб ісін қалқан ғып,

Құдай ісін жалған деп.

Аруағын, шерік терістеп,

Өзге елдің дәстүрін

Тура жол осы тегіс деп.

Пайғамбардың сүнетін,

Әулиелер қылған ізетін,

Аяттарды бөлшектеп.

Хадиспенен нахылдың

Көктен көрмей ақылдың.

Салыстырып іс қылмай,

Әулиедей асықтың,

Қасиетін былғайсың.

Ұлтсыз, тексіз жасықтың,

Әдетін қылған пасықсың.

Әулиесіз дін болған,

Жолдың болып егесі

Иман Ағзам  пір болған.

Жазылған арап харіппен,

Аударылған қазақ әріппен,

Оқыдың қандай Шәріптен?

Құдығын қазып инемен,

Білім ғылым меңгеріп,

Алмасаң біліп әліптен.

Ана тілің арыңды,

Дәстүріңді дәріптеп.

Тарихсыз шариғат намазы

Исламда дін болып па ед?

Жүксіз, сәжде оқумен,

Ескірген заман білімді

Кітаптан ғана тоқумен.

Тәңірлік бірлік қуаттың,

Бастауын білмей суаттың,

Себебін білмей Иенің,

Ырымдарың жын болған.

Бес парызбен пақыр боп,

Оқымаса оны кәпір деп,

Әлде шайтан, әлде жын,

Бір орында тұмайсың.

Сендей сорлы пендеге,

Тақуа болу, мүміндік,

Көктен өту бүтіндік.

Әулие менен абыздық,

Алтауды алу қарыздық.

Жоба алып, жол көрмей,

Жетеуіңді ел білмей,

Майданға түсіп, рух өлмей.

Пайғамбарды көз көрмей,

Сенікі құр асықтық.

Надандықпен ілімсіз,

Жаныңа келер жасықтық.

Босқа шаршап бос қалу,

Қызылбастан алған пасықтық.

     

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *