Дін және жол

Бөлім: Ата жолы кітабы №2 136

     Жалпы дін туралы әңгіме басталса көпшілік жағдайда сенім туралы түсінікпен қатар жүреді солай түсінеміз де. Дін туралы түсініктің өзі ғылымнан қашықтағандығы осыдан ғана байқалады. Әрине құлақ үйренгені соншалықты сіз де солай қабылдап сену, сенбеу өз еркімде деп бұл мәселе мемлекет деңгейіне дейін барып, қазір мемлекетіміздің өзі ислам мемлекетіміз деп айтуға, мойындауға европа алдында бағамыз төмендеп кететіндей, тек іштей ғана ислам мемлекеті екенімізді мойындайтын дәрежеге жеттік. Егер мұсылман мемлекетіміз десек, мұсылман емес дін болмайды. Діннің бәрі мұсылмандықты яғни ақырет өмірін түсіндіруі шарт. «Зайырлы мемлекет» боламыз деп жүргеніміз де баршылық арамыздағы ел басқарушыларының аузында.  Алдыңғы басылымда баян еткендей «зайыр» — ибалық, әдептілік, имандылық, тектілік, қасиеттілік болып пенденің бойындағы құпия қасиет ерекшелік көрінісі болып табылады да сондықтан біртұтас құпия қайырлы мемлекетке айналу мүмкін емес және «демократия» сөзіне қарсылық белгі болып табылады. Себебі біздің ұстанымыз бойынша қандай қылықтарға, әлемнің дінге қарсы теріс саясат және білімін де меңгеруге отанымыздың барлық тұрғындары ерікті. Сыртқы әлемдік саясатқа тәуелді демократия ойшылдығын негізге аламыз.  Енді әлемдік философтар тұжырымдарына жан тану негізіне жүгінсек сенім әр пенденің ешқандай қаражат шығынсыз немесе сіздің бір жерден тауып алған ұтыс (лотерея) қағазыңыз. Тек сақтап қойып, ойната білсеңіз болғаны, ұтсаңыз пайда көресіз, ұта алмасаңыз зиян шекпейсіз. Тек бұл жерде танымайтын шеттен келген немесе тарихы бұлыңғыр саясат ойынына кіріп кетпесеңіз болды.  Ал дінді тек сенім деп түсіндіру адасушылықты тудырып, түбі тек сенім ойынына тіреліп, азғындауға ұшырап жатқанымыз қаншама. Сенім қазір бар болса, ертең басқа шамасына қарай өзгеріске ұшырап тұрады. Себебі сезімге тәуелді түрде байланады. Сенім адам баласының рухына, ақылына, сезіміне ғана тәуелді қуат.  Сондықтан сенім сезімі жаратылыстан берілген сынақ және оның да санын, шегін санап белгілеп қойған, адамзатқа тұрақты 19 санымен және қарама-қарсы тағы көрінбейтін тағы 19 белгісі бар. Барлығы 38 болып адам баласының жер анаға, ана тіліне, сөз бақшасына байланысты.

      Енді терең кете бермей пайғамбар өсиетіне жүгінсек; «Өзімнен кейін менің қауымымды қараңғы түннің түнегіндей тұнжыраған қапас басады. Таңертең дінге сенген адам кешкілік дінсізге айналады. Олар азғантай жақсы нәрсеге өзін сататын қауым құрайды».(692-өсиет) Демек пайғамбарымыз сөздің тұрақсыздығының пайда болатынын, соған байланысты сенімнің де тұрақсыздығын ескертіп кетіпті. Олай болса  сенімді тұрақты ұстап тұратын қуат та керек. «Дін — халыққа берілетін пайдалы нұсқау» (446-өсиет). Ондай нұсқаулар әр халықтың өз өмір сүрген ортасына, сеніміне байланысты ғасырлар елегінен өткізіп, әртүрлі сынақтармен қанға жазылып, әдет болып қалыптаспаса әлдебіреуден үйренген, сырттан енген пайдалы кеңестер тез ұмтылады және жаңылысуға апарып соқтырады. Сол қалыптасқан қанға сіңіп әдетке айналған, көрмей білмей бірақ ата-анаңның істеген істерін орындауды әдет-ғұрып, салт-дәстүр деп атаймыз немесе ол ЕС деп бағаланады да халықтардың естілігі, парасаттылығы, адамгершілік негіздері деп аталады. Естің көрінісі ұлт үшін салт-дәстүр, ал жеке пендеде есі бар немесе есті — зайырлы азамат деп атаймыз. Онда егер мемлекетке дін керегі жоқ немесе дін мемлекеттен бөлек деп ұқсақ, онда «Ессіздер» немесе жынды, мастар еліне айналамыз да діннен бөлекпіз дегеннің астарлы сыры- жынды мемлекет, елміз деген ұғымды білдіреді. Мемлекет діннен бөлініп көгеріп көктеуі мүмкін емес, тек тарихы, қазына есіне бағынып қана ел болады. Дін жеке-жеке пенде баласына және халыққа қоршаған ортаға тәуелді түрде берілген аманат. Аманатты орындамау арты ауру, ажал және елге түсетін табиғи аппаттарды туындатады. Сондықтан пайғамбарымыз; «Дін істерінде жаңалық ашамын деуден аулақ болыңыз. Сіздерге дейін өткен халықтар дәл осы себеппен опат болған».(306-өсиет) деп ескерткен. Ал дін істерінен келіп шығатын дауды қалай түсінеміз. Оны дін танушылар шариғат жолы деп түсіндіреді. Яғни басты назарға сәждені мешіттерде намаз оқуды алып қалған істер сол төңіректе болу керек деп түсіндіреді.  Ал Құранға жүгінсек жалпы адамзатқа жаратқан жолдың саны жеті болып есептеледі. Төрт кітап төрт жол үгіті болса қалған үш жолда сол кітаптар тоғысуы шарт. Яғни 4х3=12 тұрақты сипаттамасы бар. Негізгі кітап түсірілген 6 пайғамбарға көбейтсек 72 топтың саны шығады. Ал негізгі 4 жазу үлгісіне көбейтсек 48 түрлі үндестік немесе таңбалар болу керек. «Қашан оларға; «Алла түсірген Құранға және Пайғамбарға келіңдер» делінсе, олар; «Аталарымызды тапқан жол өзімізге жетеді» дейді. Ата-бабалары еш нәрсе білмеген және тура жолда болмаған болса да ма?.» (Мәида-104).

      Әрбір түсірілген төрт кітапта тура жолдың шарттары болып, тек қосымша түсірілген ашық кітаптармен, аяндармен ғана үкім етіліп және барлық  пайғамбар істерінен үлгі алынып отырады. Ал ондай ашық кітабы болмаған ел ғана басқа кітап түскен елдің артынан еру керек. Біздер қазақ, түрік елдері қашаннан кітабымыз бар және негізгі кітап Зәбурды меңгерген  және араптармен бір жолдамыз ислам жолының тұтастығын ұстанған елміз. Ал енді мына аятқа жүгінсек; «(Мұхаммед пайғамбар) саған шынайы түрде Құранды өзінен бұрынғы кітаптарды растаушы және оларды қорғаушы түрінде түсірдік. Олардың араларына Алланың өзіңе түсіргенімен үкім қыл. Өзіңе келген шындықтан айырылып, олардың ойларына еліктеме! Сендердің әрбіреулерің үшін бір жол-жоба қойдық. Егер Алла қаласа еді, барлығыңды бір үммет қылар еді. Алайда сендерге берген жол-жобаларында сынамақшы. Ендеше жақсылыққа жарысыңдар. Біртұтас барар жерің Алла жақ. Ол сендердің таласқан нәрселеріңді білдіреді.» (Мәида-48). 48-ші аятпен осынша түрлі дәстүрлік наным болу керек екендігін ескерткен. Енді осы аяттың жұбын тауып байыппен оқыған адам баласына барлық даудың жауабын табуға болады. Бірінші шарт шындықтан айырылып, әркімге яғни негізсіз тәпсірлерге еліктемеу. Ал  шындықты жеткізетін тек періштелер. Ал қазақ еліне періштелер елші болып келмеді десеңіз, онда Алланың сүйікті құлдары, достары әулиелер қайдан шықты? Екіншіден пайғамбарымыздың куә болып Арыстан баба арқылы Алла тарапынан ерекше белгі түскен және ол аманатты аяғына дейін ақтап шыққан әулие қазақ елінде. Енді сол бабамыздан қалған мұраны толық түсінбей жатып әркімге еліктеп шариғатты жол қылғандарды кім деп түсінеміз. Ал шариғат жол десеңіз Құранда жоба, ереже деп ескерткен. Жоба және ереже белгілі шектеулерді түсіндіретін әр халыққа бекітіліп берілген шариғат ісі. Шариғат істері заманға қарай шектеулі, ал жол шектеусіз қиямет-қайымға дейін жалғана береді. Сондықтан аятта тағы; «Сосын сені шариғат ісіне қойдық. Енді сонымен жүр. Білмегендердің ойларына ілеспе.»(Жасия-18).  «Сондай қарсы болғандар: «Оған Раббынан бір мұғжиза неге келмейді?» дейді. Шын мәнінде сен бір ескертушісің. Сондай-ақ әр елдің бір жолбасшысы бар.» (Рағыд-7). Демек пайғамбарымыз тек ескертіп шариғат ісінің негізін қаласа әр елге мұғжиза кереметтер арқылы дәлелдейтін жол басшылар сол елге берілетін жобаны көрсетеді, дінді заман өзгерісіне жетістігіне, күнәлардың да өсіп-өнуіне қарай жолға жалғап отырады. Сондықтан әр ел, үммет өз жобаларымен, шариғаттарымен жақсылыққа жарысуды бұйырған. Бәрібір Алла алдында кездесіп, біртұтасқа айналасыңдар деп ескерткен. Ал кімнің жақсы жаман екенін білдіру үшін үнемі арларымызға елшілер келіп дәлелдер үкімдер түсіп тұрады. Ал ақыл жұмсаған адам баласына кімнің жақсы және Алланың ерекше ықыласы түскендігін алысқа бармай-ақ сиқырлы сандық арқылы білуге болады. Қай мұсылман мемлекетінде соғыстар немесе апаттар болса ол бостан- босқа түспейді, жобаның немесе намаз амалдарының өзгерісінен болады. Қарапайым ғана Құран түсінігінен қашықтау деп біліңіз.

       Құран түсінігін, насихатын жол қағидасына жалғану үгітін меңгеру үшін көріпкелдік қасиет көздерін ашу керек. Аянға жол ашылу шарт. «Намаздарға сондай-ақ орта намазға сақтық істеңдер Аллаға бой ұсынған түрде тұрыңдар.» (Бақара-238) Бұл аяттың түсінігі бойынша орта намаз яғни намаз оқу амалдарын орындау үшін де сақтық керек екен. Сақтық амалының басты шарттары бой ұсыну яғни дәреттің  толық киімнің дененің толық жауып тұруымен бірге өзге мұсылмандық қарыздарды да орнымен атқарып барып оқуды бұйырады.  Аллаға бой ұсыну амалдарын толық орында; барлық кітаптарға ақылмен иман келтір, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлік шариғи істерді орнымен орындап намаз оқудың да ғылымын біл (ракуғ, ғибадатқа отыру), әуелі қайырымдылық жасауды меңгер, өзіңді таны, тізерлеп құлшылық жасуды меңгер, ата-анаңды, ұлттық ерекшелікті біл, менің жаратқан белгілерімді көріп, құдіретті хикметті мойындасаң, ойың да ниетің де түзеледі, сонан кейін сәжде жасап намаз оқысаң ғана бой ұсынған түрде тұрасың деп ескертеді. Жалпы; Бой ұсыну деп шариғат ісін толық меңгеруді атаймыз. Сәни дәптерде осы шарттарды рет-ретімен көрсеткен әулие бабамыз. Шариғатта тура жолға түсірілуге белгі аласың да құран аяттарын ұғып барып, қосымша екі амалға тапсырма алып соны орындап тарихатқа тура жолға өтесің деп түсіндірген. «Ілімді іздеген адамның үстінде білімді тұрар» деп ескерткен аятта. Сол білімді аруақтың жетегімен тарихаттың 3 амалын меңгеріп құран түсінігін меңгеруің шарт. Құранның құпия есебі мағрипатпен байланысты, оның да 3 амалы бар. Сонымен барлығы 13 амал саты болып Құранның 10 сатысын меңгеріп, үшбұрышты ақиқатты көресіз. Яғни әрбір жаратылған нәрсенің ақиқат белгісі болып үш бұрышты сызықтық бейнесін беру шарт. Бұл жол анықтан ғайыпты анықтау болып қиямет-қайымға дейінгі жолдың шарттары мен белгісін көру болып табылады. Жаратушымыз бізге екі жолды да берген. «Мен сендерге екі ерін, бір тіл, екі жол жараттым сонда да түсінбейсіңдер ме?» деп ескерткен. Түсінік жолы тек екіден. Астыңғы ерін ана сөзі, үстіңгі ерін әке сөзі. Тіл біреу, ана тілің, екіншісі тылсым тілі (көмекей кіші тілі) яғни ғарыш үнін есту шартты үкім. Жеті жолдың белгісін, үндік есебін Фатиха сүресінен табуға болады. Ал жалпы адамзатқа тек  екі жолды анықтау есебі міндеттелген. «Сабыр және намазбен жәрдем тілеңдер. Расында намаз ынталылардан басқаға ауыр тиеді» (Бақара-45) Ынталылар деп Алла тағалаға толық бой ұсынуды және жоғарғыдағы 177-ші аятта ескерткендей әуелі иман жинап яғни ғылымын тарихын зерделеп, түсініп орындауды айтады.

     Тағы да аятта: «Қашан серттессеңдер, Аллаға берген серттеріңді орындаңдар. Анттарыңды Алланы өздеріңе кепіл етіп, бекіткенінен кейін бұзбаңдар. Күдіксіз Алла не істегендеріңді біледі.(91) Бір топты басқа топтан үстем деген сылтаумен араларыңдағы анттарыңды бұзып, жібін мықты иіргеннен кейін тарқатқан қатын құсаған болмаңдар. Шын мәнінде Алла сендерді осымен сынайды. Сондай-ақ дүниеде қайшылыққа түскен нәрселеріңді қиямет күні сендерге ашықтайды.» (Нахыл-92) Алла тағала жанды бастап жаратқанда  нәсілін яғни тілдік, ұлттық ерекшелігін тағайындап  уәдені бұзбауға серт алады. Сол сертті «Әлмисақ» деп атаймыз. Нәсілдік сипатты ұмыту, дәстүрлік, салттық жобаны бұзу сертті бұзу болып табылады.. Екіншіден нәсілдік сипатпен топтарға  бөліп, әр топқа жолбасшылар жіберген. Демек түркі халқы дыбыстық және өмір сүру ерекшелігімен ұқсас болып және бір тектес нәсілдерден тараймыз да негізінен бір топқа жатамыз. Бұндай қарама-қайшылықтардың пайда болуының себебі де халықтардың үндестік заңы бұзылып, нәсілдік, қандық, қадірлік сипаттар өзгермеу үшін Алла тағаланың түсірген үкімі деп біліңіз. Өзіміздің арамызға жіберілген жолбасшы арқылы бекіген дәстүрлік дін ұстанымын ант деп атаймыз. Сондықтан да «Таулардан аса алмайсың» деп ескерткен. Ал сол екі араны біздермен арап тілдес халықпен жалғап тұрушы түркия халқы болып табылады. Қарапайым ғана дәлел, егерде  бақшаңызда қызанақпен ащы бұрышты қатар ексеңіз қызанақтың (помидор) дәмі бұзылады. Сондықтан сөздің де иісі бар. Тілді шұбарлап сөйлеу ауызды сасытып тісті бұзар. Ал екі тілді араластырып сөйлеу одағай сөз болып үндестік (фонетика) заңына қайшы келіп, адам баласының жан өрісіне, қасиеттік тазару дәрежесіне кері әсерін тигізеді. Сондықтан да намаздардың әр халықтың өз ерекшелігіне қарай орындау тәсілдері, жолы бар. Сол ерекшелікті  дәстүрлік дін деп ат қойған. ( Сол дәстүріңмен сынаймын деп ескеркен.) Тарихқа жүгінсек, жалпы түркі тілдес халық үшін сол салт-дәстүрді шариғат ісімен өріп, көкке шығар арқан сатыны көрсетіп кеткен түркі халқы үшін Әзіреті Сұлтан Құл Қожа Ахмет Ясауи бабамыз болып саналып келді, тек түркі халқына білім берілгенге дейін. Сәл ғана шегініс жасап өтсек;

     2004 жылы жаз айларында Қызылорда қаласында «Айтбай» орталық мешітінде жұма намазында болдым. Жұма намазы алдында бас имам бір түркі жігітін ортаға шығарып, оны Түркиядан өз еркімен келіп, құранды толық жатқа білетінін және соған ақысыз бала оқытатынын айтты. Ол жігіт ортаға түркі тілін білетін тілмаш шақырып; — Мен өз еркіммен келген жоқпын, мені барлық қаражатымды көтеріп мемлекет жіберді, себебі біздің қазақ халқына қарызымызды өтеуіміз керек, біздің ұстаздарымыз Ясауи бабамыздың шәкірті болған деп ескерту айтты. Ал енді ағайын айдың күні аманында өз қандас қазағымыздың сол бабамыздың шәкірттерінің шәкірті болып немесе ғасырлар өткеннен кейін пайда болған өзгеріске түскен амалдардың соңына түсіп «Нахшпанди», ханафи, жамағат, т.б топтан бөлінген аралас істерді жол қылып жатқанымызды қалай түсінеміз. Құран үкімдеріне қарсылық болып шықпай ма? Жаратушымыз шариғат істерімен пайғамбарды куә қылып,  тілдік үндестік негізінде топтастырып арасына жолбасшы жіберіп, намазды толтыру есебін белгілеген. Қарапайым ғана есепке жүгінсек, сәждеде бес уақытты белгілеп 29 ракат сәжде жасау керек болса 32- ге толтыру үшін тағы 3 рәкәт уәжіп оқу міндеттелген. Сонда 64-рет «Алла уақ бар» айтып нұрдың ішкі санын қайталайды екенбіз.  Бірақ көптеген замандар өтіп сол бар амалдарды біріктіріп, сәждені намаз оқу ғана қылып немесе бірыңғай зікірге айналдырып, оның да есебінен жаңылысып не істеп жүргенін өзі білмейтін жағдайға жеттік. Сол 5 уақыт намаз оқудың да ішкі есебінен, амалдарынан жаңылысып жүргеніміз қаншама. Жалпы айтқанда Ібілістің қақпанына түстік. Себебі Ясауи бабамыздан қалған жан ғылымын яғни тылсыммен байланыс жібін үзіп алдық. Тек арап халқының ғана әзірше есебі түгел, онда да сыртқы басқа елдің жолын ұстанбай, тек пайғамбар ізгі істерін істегендер ғана тақуа болып саналады да, бірақ сопы болуы мүмкін емес. Ал сопылық істердің есеп жүйесі Сани дәптерде  көрсетілген. Ал сол уақыттардағы айтылған зікірді қайталап және сол кездегі намаз амалдарымен ғана және білімсіз тек ілімді меңгеріп сопылық жолдың сатыларына өтемін деу тағы қателіктерді тудырады.  Зікірдің сан-алуан шарттары, түрлері, айтатын намаз орындарына байланысты есептің заңдылығы мен және әр зікір амалының үндестік заңы, ішкі есебі бар. Әуелі құран насихатын меңгеру шарт. Тілдердің қолдану аясы да қашанда дыбыс үндестігінің өсу даму барысымен бірге өсіп отыру шарт! Шариғат амалдары тұрақты өлшем болса, ал қалған Алланың нұрын алатын амалдар ғылым біліммен байланысты. Енді ұлттық, үмметтік ерекшелігіне қарай белгіленген мұсылмандық қарыз болып саналатын хаж (зейнет) жинау амалдарын кімнен үйренеміз. Ондай қарыздарды өтеуді құран аяттарында артық хайыр жасап, Алла жолына мал жұмсау арқылы жинаңдар деп ескерткен. Сондықтан осы амалдарды орындай білген және ұрпағына жол сілтейтін білімді бабамыздың көмегінсіз тағы болмайды. (Аянмен жетектелу). Ол зияраттап, құран оқып, Алланы еске алып, сосын сол аталарыңа жаратқаннан тілеу керек, ал тілеу үшін Арыстан Бабаға түнеу керек. Сонда орта намаз түзеліп, аянмен немесе батамен қолға құран, таспих берілсе, сол сізге нағыз Алла тағаланы тануға жол ашылды деп ұғып, қалған намаздарға ұқыптылықты керек етеді және олардың да есебі бар. Енді сол шарттардың орындалуын қалған үш кітап амалдарын қосу екенін түсіне ме екен дін танытушылар? Және иман келтіру деп Алла тағаланың түсірген кітаптарын мойындап қана қоймай және сол кітаптарда үкім етілген намаздарды да орындау болып табылады. Ал намаз орындау тек басты шығысқа немесе батысқа жіберіп жалбарына беру емес, жақсы амалдар мен артық хайыр жасап барып әрбір істелген істелуге тиісті әрекеттердің ғылымын оқып білімге айналдыра білу. Онда қазақта кімнің және қандай топтардың имандары кәмелетті? Иманды үйде, мешітте отырып алып шақырып келтіру мүмкін емес! Иман дегеніміз жан үйіңізге ұялайтын қыдыр, оны тек ерекше белгі дәлелдермен Алла тағала ғана береді. Әуелі «Бақ» дәретіңізге, киіміңізге, жан киімі иісіңізге қарайды, сосын барып қыдыр дариды. Ал толық иманы бардың дәлелі болу керек және Құранды жеткілікті дәрежеде түсіндіре білген нұрландырушы кітабы мен ізбасар әулие атанған шәкірттері болу керек. Қалғанын өздеріңіз шешіңіздер дін танушы ағайындар, әрине өз қателігін мойындау иманды адам баласының ғана қолынан келетін іс! Әулие бабамыздың басына барып намаздың бір амалын орындамақ түгіл, алыстан түкіріп, өзге ұлттың ісін артық деп жүрген тақуа, сопы, имам, дін танушы қазақ нәсілді ер пендені жаратушымыз дін жібін тарқатушы «ҚАТЫН» деп ескерткен. Қоғамда қатын мінезді еркектер көп, әсіресе дін танушы халыққа жол сілтеуге бұйырған қауым ішінде. Қатын болу да бақыт, тек оны әйел затына берген жаратушымыз. «Әйел мен еркек бір-біріңнің  несібелеріне қол сұқпаңдар» деп ескертеді аятта. Оны білімділер өзінше «Гендерлік теңдік» деп атайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *