Діни сауаттылық және діншілердің жындылық көріністері туралы.

Бөлім: Ата жолы кітабы №4 86

      Алдыңғы басылымда айтылғандай әрбір пенденің дін-жаны болып соған байланысты қабілет, қасиет ерекшеліктерімен туылса «Өзін тусам да мінезін туғаным жоқ» деп әжелеріміздің айтқанындай, адам баласымен бірге ана сүтімен ділдік белгісі, сөз сөйлеу қабілеті қоса жаратылады. Сол қасиетті тәрбие тәлім, білімге байланысты жетілдіруге немесе қайта хайуанға ұқсатуда адам баласының ата-ананың, қоғамның ара қатынасына, өмір сүру тәртібіне, салт-дәстүріне тәуелді жетіліп өніп-өсіп өркендейді.

      Өркениет ұғымы сөз өнерінің, жалпы халықтық философиялық түсінігінің рухани кемелденуіне діни наным, сеніміне толық тәуелді. Әйтпесе әр тілде сөйлеп және бір тілдің өзінде бірін-бірі түсінбейтін пейілі тар өзара бақталасқан, әр түрлі ойлап, пайымдайтын қоғамда дін де, өркениет те толық болмайды. Оған нақты дәлелді философия тарихынан көз жеткізуге болады. Мысалға орта ғасырларда европа елдері христиандық діни ілімінің Рим шіркеуінің басшысы әулие Августиннің «Сенім мен ақылдың үйлесімділігі», «Құдай қаласы» т.б. еңбектерінің негізінде ертедегі гректердің ойлау тәсілдерін игере отырып және кемшіліктерін теріске шығару арқылы көптеген ақыл-ойдың дамып ғылым-білімнің өркендеуіне, соған байланысты шаруашылық жаңа әдістердің қалыптасуымен халықтың көптеген ғасыр тыныш бейбіт өмір сүруіне қол жеткізді.
Сол сияқты әрбір киелі кітаптардың, пайғамбарлардың келуіне байланысты жаңадан ақыл-ойдың жетілуімен, ақыл-ойдың жаңадан ойлау мәдениетін қоса қалыптастырып, тек ақылдың дұрыс пайымдау қозғалысы ғана жаңадан сол замандарға сай халықтар өркениетін қалыптастыруға себеп болғанын көруге болады. Халықтардың шежіре тарихын, ақыл-ойдың шежіресі философиялық ағашынан бөліп алып, басқа елдің дін ұстанымдық философиясына күштеп таңудан ақыл-ойдың тежеліп, жерден тамырымен қазып алып ыдысқа отырғызылған жеміс ағашы сияқты дұрыс гүлдеп, жемісін еркін сала алмайтыны даусыз. Яғни мал екеш мал да туған жерінен басқа жерге, табиғатын ауыстырғанға жерсінбейтін, көнбейтін қарсылығы сияқты адам санасының, рухани есінің осындай қарсылығын, санаға теріс сөздерді қабылдамай керісінше адам баласының жүрегінде қарсылық пайда болып, жүрек көздерінің жабылуын «философиялық ревлексия» деп ат қойыпты. Ал енді біздің «философиялық ревлексиясы» (философия оқулығынан) өлген кейбір ел басшылыларымыздың біздің мемлекетіміз діннен бөлек «зайырлы», «светское государствоға» яғни жан-жағына нұр шашқан әлем үлгі алатын, ақыл-ойы, дін-ниеті біртекті «хайырлы» еліміз және өркениетті сөз ғылымы, мәдениеті, әдебиеті және халқымыздың ойлау қабілеті бірдей жетілген елміз деген ұғымды білдіреді. Олай болса сол елді басқарушылар есті, әділетті, ғылымды және сондай әлемге үлгі көрсетерлік діні бар деген ұғымды білдіреді. Бірақ іс жүзінде олай емес екені әрбір сауаты бар, есті, еліміздің әрбір парасатты тұрғынына анық жағдай. Бұндай жағдайды Абай атамыз: «Мұндай мақтаншақтардың өзі үш түрлі болады. Біреуі жатқа мақтанарлық мақтанды іздейді. Ол – надан, ләқин надан да болса адам. Екіншісі өз елінің ішінде мақтанарлық мақтанды іздейді. Оның надандығы толық, адамдығы әбден толық емес. Үшіншісі өз үйіне келіп айтпаса, я ауылына ғана келіп айтпаса, өзге кісі қостамайтын мақтанды іздейді. Ол-наданның наданы, ләкин өзі адам емес.» (21-сөз).

      Осы үш мақтан да қазақтың ел азаматтарының тұрақты кәсібіне айналғаны қашан. Бірінші мақтанымыз қалай да өзге жұрттың арсыздығын да, әдетін де қоса алған мәдениет, баспасөз, діншілердің қатарынан көрініс береді. Ал екінші мақтан біздің ғалымдарымыз, философ, психолог, теолог, саясатшы, діни сауатты мамандардан көрінеді. Ал үшінші мақтанды көбіне депутаттар, партияшылар және молдалар, имамдар мен әкім қаралардың да арасынан кездестіруге болады. Діннен мемлекетіміз бөлек дейтіндердің өзі осы мақтанның әсерінен «Мақтаған қыздарымыз тойда иіс шығарады» дегендей нәрселерден, дінсіздіктерінен яғни жындылықтарынан пайда болып жатыр. Болмаса жаратқан барлық жанды нәрселерге жан-дінін беріп сөйлетіп, түрлендіріп оған қоса теріс дінді шайтан мен ібіліске беріп, олардың өзі адам баласының денесіне қосылып барып көбею арқылы тазарып рухпен, жанмен бірігу арқылы дінге кіруін бұйырған болса, онда біздің мемлекетіміз ел басшылыларының бұндай астарлы ойымен әзірге шайтандық ел қатарында болып, бәрімізді кәпір атағандары ма, әлде өздерін адам қатарына санамағандары ма деген ойдың есті адамның мазасын алары даусыз. Сондықтан осындай жындылыққа түскендерге; Бір алты алаштың ұрпағымыз, бөлінбеңдер, «Бөлінгенді бөрі жейді!» ата дінімізге қайтыңдар дегіміз ғана келеді.

    Діннің басты талабы адамдардың, мемлекет тұрғындарының ұлтына, руына, тегіне, жынысына қарамай өзара түсіністігін қалыптастыру, сөз құпияларын меңгеріп бір сөзбен-ақ көп нәрсені аңғарып, астарлы сөзді шеше білетін кемел, зайырлы, парасатты адамды қалыптастыру. Діншінің кемелденуінің белгісі халықтан бөлінбей ұлттық, отандық, адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруда алдыңғы сапта тұратын ең кемел тұлға пайғамбарлық қасиетті меңгеру болса, ал ондай дәрежесінің де ең басты белгісі сәуегейлік және абыздық қасиеттер болып табылады. Сондықтан сөз құпияларын жетік білген шешендік өнерді меңгергендерді әрбір себептің философиялық түсінігін, ішкі, сыртқы сырын айқын білген және әдеби тілмен көркем түрде ойын жеткізе білетін пендесін діни сауатты деп атаған шындыққа лайық, қандай діндерде де солай ескертіледі. Бұрынғы тарихымызда бұндай қызметтерде абыздарымыз, би, шешендеріміз, ишандар тұрса, ал ендігі заманымыздың діни сауаттыларына жататындар философ, психолог, саясатшы және діни қызметкерлер болуға тиіс. Шындығында жағдайымыз солай ма? Сондай бәрі шешен, сәуегей ел тыныштығын, халықтың бейбіт өмірін қалыптастыруға аянбай еңбек етіп, соның нәтижесін көрудеміз бе? Жоқ, ондай философиялық даналық та, ақыл-ойдың біртектілігін қалыптастыратын ғалымдық та, дүниетанымдық бүтіндікті, дін тұтастығын да қалыптастырушы даналық әзір қазақта жоқ. Керісінше ондай даналыққа жол көрсететін аталарымыз аманаты жанды сөзді өлтірумен айналысатын өздерін өздері марапаттап «профессор, доктор, академик, теолог, хазірет, дін ғалымы», т.б. дегендерді анықтау үшін енді сөз, тіл ғылымын меңгерудің, білімнің қажеті де шамалы. Әйтеуір қазақ тілінен жанашыр шамалы сауатыңыз болса жеткілікті. Бұндай жағдайды жаратушымыз; «…Адамдарды мас түрінде көресің, бірақ олар мас емес. Алланың азабы қатты.» деп хаж сүресінің беташары етіп үкім берген. Енді сондай мастардың, яғни елдегі негізгі тұрақты жындыларды қалыптастырушы немесе жындылар мектебінің өкілдері діншілеріміздің намаз оқығанды «намазхан» яғни өзінің ойын толық басқаратын кісілікке, парасатылыққа және сөз өнерінің биігіне жеткендер деп мадақтауды әдетке айналдырған. Ал, шындығында таза надандық және құдайға да қарсылық. Аятта; «Баланы екі жасқа дейін емізіңдер, қырыққа келгенде ақылы толады» деп кісіліктің, ақылдың тоқталуын, нәпсінің тежелуін ескерткен.

    Енді дін ғалымдарына, имамдарымызға ақылы толмаған рухани егінін егіп, ғылым-білімін жетілдіріп, өнер үйренуге тиісті жастарды көзін ашпай жатып күнәкар болып, күнәларынан кешірім сұратыңдар, намаз оқытып хан атаңдар деп Құдай солай түстерінде көрсетті ме немесе солай аталдыңдар деп уахи келді ме? Хан сөзі — адам баласына берген жаратушының бір нығметі және отбасын құрып, «Он тоғызын» түгелдеп, жерін өртеп, екі теңгеге бес қуатын сатып алып, салт-дәстүрін толық меңгерген, есі толысқан, кісілікті, сөз өнерін меңгерген, халыққа жөн сілтеуші адам баласына тән қасиет. Ал есті адам ар-ұятқа, ынсапқа есті болып, өзін мақтамақ түгіл «мені десін» дегеннен де бойын таза ұстайды. Онда ислам әлемінде қулық, сұмдық, арамдық, бауырына да қастық ойлау сол намаз оқуға естілердің арасынан неге шығып жатыр? Барлық киелі кітаптар болсын және құранда 19 санын сендерге естілерге сынақ қылдым-деп ескерткен. Бұл сан адам баласының жер емшегін емген атаның белімен келген шал емшегінен пайда болған киеліктен тұрса, енді ана сүтімен даритын жер ананың тілінің де өз үні болып; төрт жұбы болып, төрт жетіден тұрады. Бұл «мандар» жан тазалығын қалыптастырушы, сақтаушы сандар тізбегін құрайды. Бірінші жұбы некеде жыныстық қатынас қуаты. Екінші жұбын азықтық ретінде тамақ арқылы алады. Үшінші жетіні намаз оқу арқылы жинайтын жерден бөлінетін қуаттық шама. Үшіншісі зираттау арқылы жан бойыңа өріс киімі болатын және барлық үш жетінің де негізі болып табылатын «зейнет» атты қуаттық шама. Сондықтан «намазхан» атану үшін 19+7+7+7= 40 ты меңгеруді атаған абзал. Ал 19 санымен қандай қатынаста болу керек деген жан сырының ғылыми ахуалын (ғалымхалын) және бұл санның құпиясы туралы жан сыры (психология) ғылымымен салыстыру арқылы болашақта ашып көрсетеміз.

      Қазақ еліндегі қан, сусамыр, жүрек талмасы, т.б. ауруларға әлсіздіктің басты себебі осы ана тілін толық және көркем сөйлемеуден, ділді меңгермеуден пайда болып жатыр. Өзге тілде шүлдірлеп өз тілін менсінбейтіндердің ғұмыры қысқа және ұрпақтары жеті атаға дейін өнім бермей, болашақта тұқымдары азып, өмірден мүлде жоғалып кетуі даусыз. Ұрпақтары да рухани әлсіз, азғыруға, азғындауға дайын келеді. Тіл жоғалса нәсілдік белгі жоғалады. Ондай әйелдің де, еркектің де ұрықтық қуаттары жетілмей және жұбайлық сәйкессіздіктермен олардың арасында ажырасу, жыныстық әуесқой азғындықтар көп кездеседі. Пайғамбарымыз; «Дүниеде екі тілді болған, екі түрде сөйлеген адам кісіге қиямет күнінде Алла тағала оттан екі тіл береді» деген» (9-өсиет) Және осындай бір мезгілде екі тілді қатар пайдаланып ана тілін шұбарлап жер емшегін еміп, жерін өртеп, кісілігін іздемейтін пендені пайғамбарымыз; «Жақсы мінезді болуға ұқыпты бол және үнемі аузыңды бақ. Жаным құдірет қолында болған Алла тағалаға ант етемін. Әлеумет бұлар тәрізді ғамал істемеген» деп бұйырды.» (44-өсиет) Өз ата-баба әлеуметтік істерінен бөлініп, діл аманатын сақтамай (көркем бекіген сөз түсініктерін бұзу) өзге елдің жақсысына еліктеген екі беткейлік мінезді болып және бұндай екі жүзділіктің айқын көрінетін жындылықтармен, шайтандық суайттық азғырушылық әрекеттерімен бірге ең қауіптісі дінші, ғалым, ел биліктеріндегі өздерін жақсылық істеуші, ізгілікті жақтаушы етіп көрсете білетін бірақ шындыққа қарсы, жақсылыққа тыйым салушы болатын екі жүзділерді аятта; «Мұхаммед егер қаласақ, мұнафықтарды саған көрсетер едік те оларды бет бейнелерінен таныр едің. Әрине оларды сөз аңғарынан танисың, Алла істегендеріңді біледі.» (47-30) Сөзі мен ісі алшақ жүретін мұнафық, екі жүзді және сөз ұғымын бұрмалап Алланың үкімдерін бұрмалаушы мұнафық екі жүзділердің болатынын ескертеді. Аталарымыз; «Молданың істегенін істеме, айтқанын істе» деп екі жүздінің бір түрін астарлап ескертсе, ал Абай атамыз бұл аятты; «..Біреу үшін үйренсең, Білгеніңнің бәрі –тұл. Сөзіне қарап кісіні ал, Кісіге қарап сөз алма. Шын сөз қайсы біле алмай, Әр нәрседен құр қалма. Мұны жазған білген құл-Ғұламаһи Дауани, Солай депті ол шыншыл. Сөзін оқы және ойла, Тез үйреніп, тез жойма, Жас уақытта көңіл-гүл.».

      Діннің ұғымды сөзін, түсінігін кезінде пәлен сахаба немесе арап ғұламасы айтты екен деп соңына түсіп, санаң жабылып, бар нәрседен құр қаласың, барлық қазаққа керек шын сөз Ясауи ғұламадан іздеп, бірақ жастықтың буына түсіп өзге елдің жақсысына еліктеп гүліңді, тіл, сөз бақшаңды жойып алма деп ескертеді. «Мұнафық екі қора қойдың арасындағы бұралқы қой сияқты. Бұл қораға бір, ол қораға бір кетеді.» (Мүслимнен). Демек тіл, сөз ғылымындағы мұнафықтық мас адамша сөйлеп, мас адамша жазып немесе өзге тілді білгенін мақтанға айналдырып, өзге елдің сөз атауларымен өз тілін шұбарлаушылар жындылардың бастықтары болып саналады. Қазіргі тіл ғалымдарының философиялық сауаттары жетімсіздігінен және осындай екі беткейлік, екі жүзділіктіктің салдарынан тілдің негізгі қасиеті мен маңызы әлі жетім баланың күйінде деп айтсақ жаңылмаймыз. Ал ана тілін дәріптеп жолға салатын философ ғалымдарының өзінің осы «он тоғызы» түгел емес, мастардың, жындылардың сөзін сөйлеп солай жазып та жүр. Ал енді сол жынды, мастардың қатарын толықтыруға жан аямай кірісіп жатқан «намазхандардаң» басшылары имамдармен сұхбаттаса қалсаңыз әуелі жынын шақырған бақсыдай сізге түсініксіз тілде дұға ма, әлде дуа ма, сиқырлы сөздерін айтып жаныңды түршіктіру (философиялық ревлексия) арқылы ақылы сау қазақты жирендіріп алмай әңгімесін бастамайды. Әңгімесінің өзінде пайғамбарымызға байланысты сөз кездесе қалса «салақ салау, ғалейки салам т.б.» деп және арапша амандаспаса жаннатқа кіргізбейтіндей мешітке барып уағыз тыңдай қалсаңыз «аллаққа құлшылық жасап, аллаһым деп мағпират етіп, тәуесіл жасап, иқтикафта болдым.. радиоаллаху әнқудің айтқанымен жүріп, ыстықпар жасап намазхан атанған т.б.» әйтеуір оны айтпаса күнәкар болатындай сөздің парқын, жүйесін бұзып, жүрекке түрпідей тиетін атаулармен тыңдаған құрлы мазаң май ішкендей болып, шығып кетуге құдайдан қорқып, ал қатесін айтсаң арап тілін білмейтін діни сауатсыз атанып, өзіңнің балаңдай жастардан сөз естіп, ақылы сау адамды «дінің осы болса..күйсегеніңді..» ислам дінінен қашыратын, әрбір сөз қадірін білген, қазақ тілін құрмет еткен әрбір пенденің басында болатын жағдай.

     Сондықтан біз сияқты амалсыз пақырлар болмаса, сөз қадірін білетін ақын, жазушыларымыз жұма намазы түгіл сол діншілермен сұхбаттан жиреніп қашып жүреді. Жазбаша сауаттары басқа әлемнен келген планета тұрғындары сияқты. Жазатайым арап тілін сол қалпында «Кер» жазуымен таңбалайтын болса, таңба үстіне үтір, болмаса таңба арасын ашып сызық қойып, астын, үстін сызып қалай оқитынын өзі білмесе оны түсіндіретін тіл ғылымының қағида шартын ғаламтордан да әлемнен іздеп таба алмайсыз. Бұл шатпақтарыңды қалай оқиық деп сұрайтын немесе бір заңға бағындыратын ғалым да, басшы да жоқ, діни сауатымыз иесіз қалған. Үйдің иесі, басшысы жаман болса қонағы билейді дегеніміз осы болар. «Жүрегі қатып мұз болған. Майда тілі біз болған. Қызтеке еді қыз болған. Бейне алдамшы сопылар. Бар ма маған бір сын деп, Ұстағаным не дін деп, Ойламайды кіммін деп, Жүрегінде тоты бар.» Шәкәрім атамыз екі тілді қатар пайдаланып, тілі уланып сөздің жаны кетсе жүректі тот басып қарапайым діншілік түгіл, намаздың майын ішкен сопылықтың өзінің ғылымы жалған, жан өнім бермейтінін ескертеді. Сондықтан қазақтағы қазіргі таңдағы дін ғалымдығы деген бөлек бір ғылымдыққа жатады. Сұхбаттасу қасиетін меңгеруді Інжілде дарындылық деп атаған: «Сүйіспеншілік жолын қуыңдар! Рухани дарындарға Құдайдың хабарын жеткізу дарынына ие болуға тырысыңдар! Бөтен тілде сөйлейтін кісі адамдарға емес, Құдайға арнап сөйлеп ешкім оны түсінбейді. Ол өз рухымен құпияларды айтады. Ал Құдайдың хабарын жеткізуші адамдарға арнап сөйлеп, оларды нығайтып, жігерлендіріп, жұбатады. Кім бөтен тілде сөйлесе сол өз сенімін нығайтады, ал кім Құдайдың хабарын уағыздаса сол қауымды нығайтады… Бауырластар, мен сендерге келіп, алдарыңда бөтен тілде сөйлей берсем, бірақ Құдай ашқан құпия, не білім, не құдайдың хабары, не тәлім арқылы түсінік бермесем, онда сендерге не пайда? Мысалы жансыз күй аспаптары сыбызғы не жетіген анық дыбыс шығармаса, қандай күйдің ойнағанын қайдан білеміз?.. Дәл осы сияқты, сендер өз тілдеріңде Құдайдың хабарын түсінікті қып айтпасаңдар, тыңдаушылар не туралы айтқандарыңды қайдан білмек? Сөздерің желмен ұшып кетті ғой.» (Корытындықтарға; 14-т. 1-9).

     Енді біздің діншілеріміз жұма намаздарында да халықты жинап мақұлдатып, өзіне сенімін бекітуге арнап дұға жасап тілек тілейді және елдің рухынан алтын, күмісін мақұлдатып, жинаған ақыл-ойын сауысқан болып білдіртпей ұрлайды. Оған біздердей момын қазақ мейлі сол молдамыз аман болса болды деп бетімізді сипап көп нәрсе тындырғандай риза болып жұмадан қайтамыз. Құран оқып, өлгенге бағыштап дұға жасап, тәубеге келуді, яғни Алла жолында мал жұмсау амалдарының бірі болып аятта; «Әй мүміндер! Ғалымдар мен машайықтардың көбі адамдардың малдарын (жан өрісін) бұзықтық арқылы жейді. Сондай-ақ Алланың жолынан тосады. (Мұхаммед) сондай алтын, күмісті жиып, оны Алла жолында жұмсамағандарды күйзелтуші азаппен сүйіншіле.» (9-34) Жаратушымыз ғалымдардың, машайықтардың құпия дұғалармен адамдардың қуаттарын пайдаланып, өздерінің ғана жан өрістерін қалыптастырып, оны игілікке, сауықтыру, емшілік істерге жұмсамай ақырында өздері азапқа ұшырайтынын ескертеді. Інжілден; «Біреудің бұрынғы сиынғандарын қайталап отыру соған құлдыққа түсу. Өзіңнен бұрынғы сиынуыңды құдайдың еркіне қалдыр, ал өзің қайтадан және басқа жайлы сиын.! Ақылдың айқындығы мен жанның саулығы жайлы, сонан кейін ғана деннің саулығы. Құдайдан қашанда батыл сұра; сен басқаның ештеңесін сұрамайсың. Ал халық үшін құдайға әлденені сұрап сиынуға тура келгенде жұрттың бәрі еститіндей әрі түсінетіндей етіп сиынсаң ғана барлық тілектерден еркін болатыныңды біл». Ал біздердің арап тілінде қандай да оқыған намазымыз, жасаған дұғамыз өз сенімімізді ғана нығайтуға, тұрақты ұстап тұруға септігін тигізіп, ал елге, халыққа дұға жасау, тілек тілеу үшін ана тіліңде қонымды көркем сөз сөйлеу қажет. Ал діншілердің әңгіме бастар алдында арапша дұға жасауы өз сенімін шақыру, яғни жынын шақырған бақсылық амалдары болып шығады. Сондықтан енді садақаңызды беріп құран оқыта қалсаңыз, сондай діншілер сізге арап тілінде дұға жасаса сенбеңіз де, ол халыққа болмаса сізге емес өзіне ғана сенім шақырып отыр деп іштей өзіңіз үшін жаратқаннан тілек тілеуді ұмытпаңыз. Жаратушымыз; «Егер аяттарды ауыстырсақ оны өзгертуші жоқ» деп шариғат үкімдері, яғни жобалардың да өзгеріске түсуіне жолдардан хабар түсетінін ескергеніміз жөн де, заманына қарай дұға-тілектің де ұғымы кеңіп, сөзді жетілдіріп отыру шарт. Сондықтан да жалпы діни сауаттылықтың негізгі өлшемі пайғамбарлық қасиет, яғни көркем мінез бен көркем таза сөз өнерін шешендікті — сөз, сұхбат жұмасын меңгеру болып табылады. Әрбір өзін діни сауаттымын деп есептеген адам баласы егер ислам дінінде болса пайғамбарымыздан арнаулы уахи-батамен бір сүрені яғни құран кітабын алу шарт. Және мұндай қасиеттің діни сауаттылықтың басты белгісін аятта; «Бұл пайғамбарлық Алланың кеңшілігі, оны қалаған құлына береді. Алла зор кеңшілік иесі.» (62-3).

     Олай болса муфтият дін ғалымдары, құранмен пәтуа беруші имамдарымыз түгелдей Алланың қалаған құлдары, яғни әулиелік дәреже мен құл қожалық қасиеттердің иесі болу керек. Пайғамбарымыз; «Ізгі адамның жақсы түсі пайғамбарлықтың қырық алтыдан бір бөлігі» (2081-өсиет) Демек 46 түрлі пайғамбарлық қасиеттердің жинағы, кітабы болып соның бір бөлігі ғана түс көре білу болып табылады. Ал 46-кітапты толық түгендеген, хабар алған адам баласы пайғамбарлық дәрежеге даналыққа көтерілу тиіс. Оған негізгі шарт түсінде пайғамбарымызбен жүздесіп батасын алу керек. Сонан кейін ғана белгілі бір көрсетілген мезгілде әрбір құл өзіне тиісті кітаптарға жалғану шарт. Бұл белгіні құранда; «Сол уақытта Мұсаға (Тұр тауында) қырық кеш уәде берген едік…» (2-51) Аталарымыз жермен, сумен байланысты 40 әулие бар деп ескерткендей осы белгінің бәрі таумен байланысты, яғни алғашқы 40 кітап киелі жерде 40 күн аянды үзбей алып және қалған 6 кітап 6-шы сүре «Әнғам» деп аталып; «Күдіксіз менің тура жолым осы. Енді соған еріңдер. Басқа жолдарға түспеңдер, сонда сендерді Алланың жолынан айырады. Сендерді осыларды Алла нұсқады. Сақтанарсыңдар.» (6-153) Жоғарыда көрсеткендей иман 60 және 70 бұтақтан тұрса соның 46-шы бұтағынан бастап пайғамбарлық қасиетті толық меңгеріп, пайғамбарымыздың шапағатына жалғанған, яғни кітап алған «қожа» болып табылады. Сондықтан Шәкәрім атамыз; «Пайғамбар қыл ақылды! Сол табады мақұлды!» аянмен келген ақыл сенің пайғамбарың деп ескертеді. Олай болса дұрыс түс көре білген адам баласы діни сауатты болып, ал 46-дан бастап пайғамбарлардан келетін хабар болып есептелмек. Бұл жан сырының құпиясын аталарымыз; «Төртеу (ішкі үн, 40 үй) түгел болса, алтау (сырттан үн, иман жолдас) араз болса ауыздағы кетеді» деп тұжырымдаған. Бұл мысалдармен діни сауаттылық деп құранды арапша жаттап алу емес, керісінше намаздарды толық орындау және ғайыптан келетін хабарларды дұрыс шеше біліп белгілі бір қасиеттерді меңгеру, яғни рухани дарындылықты меңгеру болып табылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *