Тіл-уәде, сөз-ант,көркем сөз-аманат және ділдің жемісі.

Бөлім: Ата жолы кітабы №4 71

    «Алла тағалаға сиын. Айтқан сөзің, істеген ісің Алла тағалаға ұнайтын болсын…жұртқа ұнайтын мәміледе (таза сөйлеуші) бол, сонда сен де жұртқа ұнарсың. Жұртқа жақпайтын іс істеме.» (129) «Шын сөз Алла тағаланың кітабында. Тура жол — сенімді сөз. Ибраһим Халилла ұлтынан (ар мен ғұндар, номадтар) құрметті ұлт жоқ…Білімнің жақсысы — пайдалысы, әділет жолымен жүру. Көз әлсіздігінен, көңіл әлсіздігінен, көңіл соқырлығы жаман… Қателердің қатесі өтірік сөйлеу. Байлықтың үлкені — ой өрісінің кеңдігі…Біреуден естіген сөздің мағынасын өзгертіп айту жаман нәрсе…»(184) «Алла тағала үмметтерім үшін жүз жылда олардың дүние түсінігін жаңартатын затты жаратады. (Үнді кеңітіп, сөз ұғымын ашады)» (198).

 «Адамдарды күлдіру үшін кейбірде айтылған сөз үшін, ол адам Алла тағаланың мейірімінен жерден аспанша ұзақтайды.» (273) «Әрине мағынасыз сөздер мен дем салу, тұмар тағу, әйелдердің күйеулерінен суыту дуаларын оқумен айналысу Алла тағаланың бірлігіне күмән келтірумен бірдей.» (215) «Әрине жағымсыз істер мен сөздер исламда жоқ нәрселер, оны істеген адамдар жақсы адамдар емес. Момын адамдардың тәуірі-жақсы мінезге ие адамдар.» (219-өсиет) .

     Осындай пайғамбарымыздың сөз сөйлеуші, сұхбат беруші туралы жүздеген өсиетінен хабар беруге болар еді, бірақ қазіргі таңда пайғамбар аяттары түгіл құраннан жаратқан үкімінің өзіне қалың көпшілік күмәнмен қарайды, сене де бермейді. Бұндай жағдай қазақ елі түгіл ислам әлеміне келген ібіліс әскерлерінің лаңы болып, құранды арапша оқып, тек арап сөзі құрметті болып саналу керек, басқа ұлттың тілдері одан дәрежесі төмен деген пікірден пайда болған. Оған бірден-бір себепшісі құранды арап тілінен төте оқумен айналысқан аздаған топтың өз үстемдігімен билігін қалыптастыруға тырысқан надандық әрекеттері жемісін беріп, енді парасатты, ақыл сау азаматтардың араптың тілі түгіл құран сөзіне күмәнмен қарайтын жағдай қалыптасып, ондай адамдардың мешіттен көркем сұхбаттан қашықтап немесе бас-басына би болып, түрлі ағымдар арқылы ізденіп, діннің бөлшектенуіне әкеліп тірелді. Ғылымның беделін түсірудің ең нәтижелі құралы; қарама-қарсылық заңдылығын жойып, сұхбатта пікірталастың яғни бәсекенің болмауын қалыптастыру. Бұндай жағдайға шеттен келген сұрқия саясаттың қақпанына ел басшыларымыз да қалай түскенін білмей қалып, сондықтан діншілер өз үстемдігін қазақ елінде заң арқылы қорғап, қалыптастырып үлгірді. Сондықтан дінде ғалымдық та, сын да болмайды, тек «мүфтият» деген жалған құдайға ғана табыну керек. Онда: «Көктер мен жерді жаратуы, тілдеріңнің, түстеріңнің қарама-қарсылығы да Оның белгілерінен. Шәксіз бұларда білгендер үшін белгі бар.» (30-22) Яғни тілдің қарама-қарсылығы да ақ пен қараның қарсылығындай, жер мен көктің айырмашылығындай деп қатаң ескертеді. Сондықтан аталарымыз; «Атың шықпаса жер өрте» деп тақуа болу үшін әуелі таза сөйлеп жер, сумен байланысты шайтаныңды өрте, тазала деп астарлаған. Бұл аяттағы 22-ші сан хаждың «білгендер үшін белгі бар»деп жер есігі мен жер ананың жатырына, киелі жерлерге жалғануды ескертеді. Сондықтан; «Расында кітап иелерінің бір бөлімі Кітапта болмағанды Кітапта бар екен деп ойлауларың үшін тілдерін бұрмалап оқиды да: «Осы Алланың қасынан келді» дейді. Бірақ ол Алланың қасынан емес. Сондай-ақ олар біле тұра өтірік айтады.» (3-78) Осындай сөздің құпия астары, сөз байлығы бар елдің діншілері өз ұлтының тілін, сөзін зерттемей бізге де араптарға түсіндіргендей солай деген деп өтірік айтушы жалған тіл ғалымдары, серік қосушылар пайда болатынын ескертеді. Бұл аяттың сандық мәнін зерттеген ғалым болса, Ыбырайым және Мұса пайғамбар нұсқаларын алған үмметтерді, яғни сақтың негізгі ұрпақтарын біздерді ескертеді. Сондықтан да пайғамбарымыз; «Тура жол сенімді сөз және Ыбырайым ұлтынан құрметті ұлт жоқ» деп ескерткен. Ал біздер қалай Ыбырайым ұлтына жатамыз десеңіз Ыбырайым, Ысқақ пайғамбарлар мен Сара, Әмина, Рахия-Рабиға аналарымыз Маңғыстауда жерленген және қабірлерінде ерекше белгілер де бар. Жақып пайғамбарымыз да қазақ жерінде теріге оралған және ұстаған саймандары да қоса көмілген. Осындай әлемді таң қалдыратын қазақ елінің сөзінің қадірі алдында тізе бүктіретін дәлелі бола тұра еліміздің дүние түсінігін, ақирет ұғымын, жұрттың дін-пейілін тарылтудан енді үлкен зұлымдыққа тап болдық.

     «Елу жылда ел (үндестік заңы) жаңа, жүз жылда қазан» деген үндердің, нәсілдердің 50 жыл сайын бірігіп соған байланысты сөздердің бір қазанға түсіріп, ұғымдардың кеңіп отыратынын сөз ғылымының дамуын бір-ақ мақалмен ескертіп кетіпті. Сондықтан пайғамбарымыз; «100 жылда дүние түсінігін жаңартатын нәрсені жаратады» деп, жүз жыл сайын үндестігі өзгеріп сөз байлығы, ұғымы кеңіп отыратын халық бар екенін ескерткен. Ал жүз жыл сайын үні, таңбасы үнемі өзгеріске түскен қазақ елінен басқа әлемде қандай ел бар, қандай дәлел бар? Абай атамыз «Мен» деген ұғымды адамның ішкі жан сарайының тіл, сөз, ойдың бірлігі — ақылың деп ескерте отыра «…Негізінде азықтың жақсысы тақуалық. Әй ақыл иелері! Менен ғана қорқыңдар» (2-197) Алланы ұлықтау дегеніміз көркем сөз мінезі деп; «Жылуы жоқ бойының, Жылмиғаны неткені? Құбылуы ойының-Кетпей құйтың еткені. Мұңлы, жылмаң пішінін Кезек киіп, ел жиып, Болыс болса, түсінің Түксігін салар тырсиып. Бір көрмеге тәп-тәтті Қазаны мен қалбаңы, Дөң айналмай ант атты, Бүксиіп, бықсып ар жағы. Сенен аяр түгі жоқ, Бүгін сыйлас көрініп, Бүгін жалын ертең шоқ, Сөзі мен өзі бөлініп. Әлі үміт, әлі серт, Жын сықылды бұзылып. Қулық емес, бұл-бір дерт, Тұрлауы жоқ құбылып.». Адам баласының он күнәсінің тоғызы тілден болып, тақуалықты меңгеру, ұлтына тән адамгершілік ұстанымдарды, салт-дәстүрлерін толық сақтап, жұртқа, ортасына жағымды көркем мінезімен және сөз мінезінің нәтижесінен қалыптасады. Сөз мінезі құбылып тұрған адамды; екі беткейлі, екі жүзді құранда мұнафықтық деп атайды. Сөздің көркемдігі ұлттық үндестіктің, ділдің талабын бұзбай әрбір сөз өз орнымен сөйлем ішінде өз орнын тауып, біртұтас үндер бірлестігінен тұрғанда ғана тыңдаушының жүрегіне жылы тиіп жадына ес болып тоқылады. Ал қазіргі таңдағы ел басқарған және мәдениет құзырлы орнындағы ақылшылар мен діншілердің сөйлеу өнері мақтан аралас тілді өзге елдің сөзін сол қалпында пайдаланып қазақ сөздерімен араластырып сөйлеуден дін көңілінің тарылуы мен жүректердің мөрленіп, қан азуын ғана қалыптастыратын жындылық әрекеттер болып табылады. Абай атамыз бұндай жағдайды; «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін, Жоқ-барды, ертегіні термек үшін. Көкірегі сезімді тілі орамды, Жаздым үлгі жастарға бермек үшін. Бұл сөзді тасыр ұқпас, талапты ұғар, Көңілінің көзі ашық, сергек үшін…Таң қаламын, алдыңғы айтқанды ұқпай, Және айта бер дейді жұрт тыным бермей…Болсын дегенім жоқ жігіт арсыз. Әсіре қызыл емес деп жиренбеңіз, Түбі терең сөз артық, бір байқарсыз. Батырдан барымташы туар даңғой, Қызылшыл да, малсыз, ақылсыз, шаруасыз, Елірмелі маскүнем байқалған ғой..» «…Атадан алтау, Анадан төртеу, Жалғыздық көрер жерім жоқ, Ағайын бек көп, Айтамын ептеп, Сөзімді ұғар елім жоқ, Моласындай бақсының Жалғыз қалдым-тап шыным!». Төртеу түгел болу ана тілінің тазалығынан, алтауды араздастырмау ата аманаты, сөз өнерін меңгеру деп ескерте келе, сөз түсінігі қазақта жоғалып бәрі маскүнем-жындыларша сөйлеп бақсы сияқты жындылар арасында жалғыз қалдым деп, сөзімді болашақ ұрпақтар түбіне терең бойлап зерттеңдер деп аманаттапты.

     Енді пайғамбарымыз ескерткен кітап берілген тура жолдың негізін қалаған құрметті ұлттың тілі мен сөзін-ойын қазақтың діни ғұламаларымыздың, ойшыл абыз, хакімдердің дайын құран насихатын жоққа шығарған діншілер бұрынғы замандағы арап, түрік дін танушыларының өздерінің білім, ғылым жетістіктеріне халықтың нанымына (білімі) қарай ықшамдап, қарапайымдап түсіндірілген тәпсірлерді дайын аударылған атаулар мен сөздерді пайдалана отыра, құранды ғылыми емес әдеби тілге аударып, неше түрлі арап сөздерін сол қалпында пайдаланып, арап таңбаларымен аяттарды сол қалпында қайта-қайта өрнектеп, қағаз санын көбейтуге тырысып әйтеуір ғалым, діни сауатты «десін» деген атақты, мәртебе дәрежені алу мақсатында пайғамбар сөзінен кейін беймәлім ғылыми ешқандай мәні жоқ және тіл ғылымына қайшы келетін мөр салып немесе (с.а.у) деген пайғамбарымыздың жынды болмағанына куәлік берумен, яғни діни сауаты жоқ «демесін» деуге ғана жұмыс істейді. Өзін-өзі мақтанның дәрежесіне көтеріп елден, басшылар, ғалымдар арасынан бас изегіш қолпаштаушыларын «жапар құлдарды» іздеп тауып алады да, кейін пір атанып өзінің адасқанымен тұрмай соңына ергендердің бәрін орға апарып жығады. Сонан барып Алланың 8 сипаттық себептік байланысын жаратушымен арада «делдал» жоқ деп серік қосып, құран аяттарына ортақ қосып, артына ерушілердің, зұлымдыққа ұшыраушылардың санын көбейтумен ғана айналысады. Оған қолдау берген үкіметтің, ғалым, жазушы, тілшілердің әрекетіне қазақ еліне дін сынағының түсуіне ғана себепші болып, зардабын халық көріп жатқан жайы бар. Бұндай жағдайға түсуге біздің қазақ халқының сенгіш, аңқаулығымыз да Абай атамызша; «Жаттың бір тәуір кісісін көрсе, «жарықтық» деп жалбырап қалып, мақтай қалып, өз елінде сонан артық адам болса да танымайтұғыны қалай?.. Кей жұрт ақыл айтарлық кісіні іздеп таба алмайды. Қылығының қылшығын танитұғын (әулие-әмби) кісіден қашық жүретұғыны қалай?..Нәпсісін тыйып, бойын тоқтатқан кісінің жаман атанып, нәпсісі билеп, мақтанға еріп, пәле шығарған кісі мықты болатұғыны несі?… Қазақтың шын сөзге нанбай, құлақ та қоймай, тыңдауға қолы тимей, пәлелі сөзге, өтірікке сүттей ұйып, бар шаруасы судай ақса да, соны әбден естіп ұқпай тынбайтұғыны қалай?» (40-сөз) Осындай көп нәсілдік белгіні, қылықтарды (шеріктерді-теріс сөздерді) есепсіз қосып қанымыз, дін-жанымыз азғандықтан, ендігі халықтық сипатымыз; «Біздің қазақтың достығы, дұшпандығы, мақтаны, мықтылығы, мал іздеуі, өнер іздеуі, жұрт тануы ешбір халыққа ұқсамайды. Бірімізді-біріміз аңдып, жаулап, ұрлап, кірпік қақтырмай отырғанымыз..» (24-сөз).

      Шындығында жындылығымыз өзге әлден басым елміз. Осындай кісілігі аз ақылы яғни қулығы мол, дүние тапқыш бірақ адамгершілік есі кем қазақтарымызды ғалым, дінші, ел басқарушы әкім сайлап алдық та, өнерімізді әрі қарай жетілдіріп к..н көрсетіп сөз сатып, ән салғанды ессіз серілерді «жұлдыз» яғни толық жетілген, Бақара сүресінің мөрін алған әулиемен теңдестіріп, шет жұртқа, болмаса өз елінде хайуандық өнерін, әдетін асырып үстем болып келсе батыр атап, төрге шығарып, жазатайым өле қалса ескерткіш сарайлар салып, енді қатындарымыз ондай ұл тумайтындай қайғырып, ал рухани егініміздің бақташысы нағыз әулиелеріміз бен ел қорғаған батыр, ақын, ғұламаларымыздың үстіне жын-ойнақ салып, басына барып құран оқып садақаға мал шалып, дін дәстүрін жалғастырғандарды құдайды әлсіретіп және серік қосып ақылдарың азып маймылға айналасыңдар деген желеумен үкіметтен тыйым салған заң-зәкөнді ойлап тауып, ал сол ел басқарған данышпан, ақылшыларымыздың онда да халықтан ұялғандары көшенің ортасына аталарымыздың, жақындарының ескерткішін тұрғызып гүл қойып қалай тасқа, мүсінге табынуды, үлгі тұтуды дәріптеген екі есті ақылдыларымыздың арқасында өзге елдің дінін ұстануды үлгі қылып, марапаттап және арнаулы салтымызға да айналдырып алдық. Ендігі біздің Алламен екі ортадағы сиыну амалымыз да, көкке көтеретін көркем сөзіміз де тамырынан ажыратып «осы гүлдей көктей сол!» деген жалған ырымымыз, шоқынуымыз тілегімізді жаратқанға жеткізетін көрінеді.
Бұл біздің Абай атамыздан кейінгі салтымыздың жаңа қазақтық түрленген кейпіміз яғни дін-иманымыз, еске жиғанымыз. Енді осындай «философиялық» көрегенділігіміздің арқасында жұрттың ішкен-жегені мен тышқанына дейін аңдып көріп қоятын, қазанның қақпағын күзеткеннен басқа мақсаты жоқ сасық ми дүниеқоңыз бір білгішімізді, қуымызды, сондай дүниетапқыш, байқағыш партияшыл ақылдымызды таңдап, адамгершілік, парасаттылық есін қалай өлшеуді қоғам болып ұмытқан жындылықтарымыздың арқасында өзіміз сияқты бір масымызды ел басы сайлап алмасақ болғаны. Ақылыңыз толық, есіңіз бүтін болса әзірше жаратқаннан осы ел басымызға зор ден саулық және орта топтағы өсіп жетіле алмай жатқан ақылды жастарымыздың естері толып жетілгенше ғұмыр тілейік! Құдай ондайлардан, есі кеміс дінсіздерден, ішектегі, бастағы, тері арасындағы сілелері қатқандардан сақтасын қазағымызды деп тілеңіздер, ағайын!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *