Құранда Раббымыз; « Мұхаммед олар сенен (рух)жан туралы сұрайды: «Ол Раббымның әмірінен. Сендерге өте аз мәлімет берілді» де» (17-85) деген аятта тырнақша ішіне рух сөзін қоса тіркеудің өзінде рух-таза ақыл мен жан туралы деректердің арап халқында сөз қорында, тіл өнерінде шығармашылығында да, жалпы дін ұстанымында аз мәліметтің болатынын ескерткен. Бұл жерде рух сөзін тырнақшаға алуы да дұрыс емес, себебі рухтан рұқ болып, ал барлық рұқтық білім құранда баяндалып және жан білімінің мәліметін: «Мұхаммед айт: « Әй Кітап иелері! Інжіл, Тәуратты және Раббыларыңның тарапынан сендерге түсірілгенді толық орындағанға дейін дәнеңе емессіңдер!» Әрине саған түсірілген Құран олардың көбінің азғындығын, қарсылығын арттырады. Сонда қарсы келген елге уайым жеме.» (5-68)
Байтасов Т.К. жеке блогы
Алдыңғы бөлімде қазақ елінің ақпараттық тұрғыда рухани абақтыға айналғанын жазған едік. Бұған тек ел билеушілер ғана кінәлі десек, онда Құдайға да, дінге де қарсылық болып шығады. Ұлттың белгілі бір мемлекеттік дін ұстану тұрғысында рухани еркіндігі өзгелерден айырмашылығы да болу шартты. Мұны сендерге өздеріңнің тілдеріңнің ерекшелігіне қарай пайғамбарлар жібердім. Өздеріңнің араларыңнан елшілер тағайындап жол-жобаларыңды түсірдім, қарама қайшылықта жақсылыққа жарысыңдар деген. Демек біздің тіліміздің ерекшелігі бойынша пайғамбарлық қасиеттерді меңгеруге арналған рухани философиялық даналықтың шығармашылықтың, сөздердің, нақылдардың өз жүйесі болуы да шарт. Сонымен бірге әділдікті қалыптастыруға, рухани еркіндікті сақтауға да дін-дәстүріміздің, әдет-ғұрыптардың сақталуымен байланысты да болуы керек.
«Өз күшіне сенбеген халық та, адам да ешқашан өмір бәйгесін ала алмайды.» «Өзің түйеден өткен жетекшіл болсаң, саған ақыл не керек?!» деген халық даналығында. Пайғамбарымыз; «Қиямет күні 30 түрлі тажалдар шығады» деген екен. Жалпы тажалдық дегеннің өзі әрбір заманға қарай, білім мен ілімінің жетістігіне қарай ойлау қасиетінің әлсіреп, орына тек осындай ілімді, білімдік ақпараттарды адамзаттың ақылға айналдырып алуымен, ал білімнің таразысы болатын ақыл өркениетінің дамымауынан халықтың санасы жабылып, жетесі жоғалып түсіну қабілеті жоғалғанда түйе сияқты жетекшіл, заңға, білімге ғана негізделген ақпараттарға жаппай тәуелділікте өмір сүре бастайды. Мұндай халықтың өзіндік ұлттық, отандық әдет-ғұрып, салт-дәстүр болып қалыптасқан рухани күштеріне сүйене алмауынан ел билеуші, ақыл беруші қауымның ой жорудың жетегіне еріп естіліктің маңызы үлгісінің қажеті болмай,тұтынуға, дүниеге ғана негізделген хайуандық, ұжымдық ақыл дәрежедегі басқару үлгісі қалыптасады.
Ата жол жазбаларында Ғиса пайғамбардың крестке тартылып өлмегенін, оның жұбы болып Исаның екеу болып, Ал Ғиса деген атпен белгілі болған Иисустың зираты қазақ жерінде жатқанын және Мариям анамыздың Сайрамда жерленгенін, сонымен бірге көптеген жағалы бабалар туралы деректер мен олардың басындағы мұрағаттардың барын 10 жылдай қанша жазып таратқанмен ел билігі де, зиялы қауым өкілдері де керісінше масһабтың шариғаттық ұстанымын құдайдың ісінен, аяндарынан, белгілерінен де жоғары қойып алып ақылдарын қазыққа байлап қойғаны да даусыз. Ясауи бабамыздың сопылық мағрипаттың тұрғысында жетілген дінді, дәстүрді сырттай мойындап, ал ішкі сырын Абай-Шәкәрім даналықтарына, ойшылдығына қарсылығын тоқтатудың орнына, керісінше маһабшыларға ашық қолдау беріп ақпараттық жүйеде насихаттауларын да үдете түскені сөзсіз.
Ақылды сөз қылмақ қиын, ал ақылды сөзді іс қылмақ онан да қиын болған, дүниелік білімді ақыл тұрғысында қабылдаған мұндай заманда ақыл дегеннің жалпы өзі не деген сауалға жауап беретін философтардың еңбегін кездестіре алмайсыз. Сонымен ақылдылық пен білімділіктің айырмашылығы қандай деген сөзге жауапты табудың өзі қиын шаруа болғаны да сөзсіз. Мұндай ақылдың маңызы жоғалғанда ел басына білімді меңгерген, шаруашылық істерді, дүние қамын, мал табуды жақсы білетін қандайда бір тәрбиесіз, ұятсыз, арсыз, тексіз ел билеушілерінің жоғарғы атақ-дәрежеге ие болып, мұны ақылдылық деп танып, өзін әулие болғандай сезініп, халықты тек менің соңымнан ерсең бақытты боласың деген пенделердің артынан ерген тұртастай халықтардың жоғалуынан тарихта деректер көп. Біздер бұрынғы замандағы біздердің әлі ойлау қабілетімізден тыс түрлі жер бетінде қалдырған құрлыстарынан олар қандай ақылды болған деп таң қаламыз.
Әрбір ұлттың, үмметтің сөз құндылығын, тіл-ой тазалығын сақтаушылар; философтар, психологтар, дін ғалымдары, дін имамдары, ақын, жазушы, ақпараттық жүйедегі халыққа рухани тұрғыда қызметшілердің бәрі шопандар, ой қуатының малдық қуаты қойшылары-шопандар болып табылады. Енді қазақ елінің «Аңыз адам» атты жорналының және оның редакторы Жарылғап Қалыбайдың да түрлі сынақтарға ұшырап жатқанына да бір себеп бары сөзсіз. Сонымен қандай себеп болуы мүмкін деген сауалға жауапты да рухани тұрғыда іздеп көрейік. Бұл жорналға қазақтың негізгі рухани құндылықтарын, салт-дәстүрін, оған тұлға болған кісілерін, тарихын баяндаумен және бұл сұқбатқа өзін білімді деп атаған ойшылдарының бәрі де өз пікірлерін жазып жатқаны да даусыз.
Елді рухани тұрғыда күйзеліске апарып соқтыруға немесе түрлі жағдайда шаруашылық, білім саласында ақыл-ой қуатының бөлшектеніп халықтың рухани тұрғыда ұйқысынан оянбай мәңгүрттенуіне апарып соқтыратын жалған ақпараттарды таратып мұны өмір сүру қағидасына, әрекетіне, теріс ақылға айналдыруды «экстремизм» деп атайды. Қазақ билігі мұндай әрекетпен күресуге халықтың қазынасынан мол қаражат бөліп, ал діни тұрғыда масһаб білім мен дін ісі агенттігі айналысып жатқанын және ақпараттық тұрғыда кімге шектеу керек, қандай білімді халыққа тарату керек дегенді де шешуге құқылы бүгінгі таңдағы қазақ руханиятының айқын бейнесі деп атауға да болады.
Әрбір өзін ұлтжандымын, арлы, ұждандымын деп есептейтін адам баласы өз ұрпақтарымыздың, балаларымыздың алдында жауапкершіліктеміз деп түсінеміз және ұрпағымыздың қоғамда өз орнын табуын және олардың өмір сүрген қоғам өмірінің де дұрыс болуын, еліміздің өзге елдер алдында мәртебесі биік рухани жетілген болуын қалаймыз. Сондықтан мұндай жағдайда замандық шаруашылық, экономикалық даму жарысында кеше ғана бір жүйенің, кеңестік заманның бір орталыққа ғана бағындырылған, өзге елдермен қатыныстар құруға шектелген тәртібінен босаған біздер үшін әлемнің барлық оқиғалары да, даму заңдылықтары да қызық және ерекше тартымды, үлгі алуға тұрарлықтай көрінетіні де сөзсіз.
Осы жарық дүниені де және оның барлық тұрғындарын да жаратушы иеміз жер бетіне түсірген барлық табиғи адамдық қасиеттерді несібе қылып арасына шашып жіберіп осы «инстинкт-қасиеттерді» (сезімнің аңғарымпаздығын, ақыл-ой алғырлығын, өзін-өзі тану танымдық дарындылығын) ақылын жетілдіру арқылы рухани жүктерді қабылдап, меңгеріп жанды тазартып өсіру үшін ізгілікті дінді меңгеру арқылы өзара жақсылыққа жарысып маған жақындайсыңдар деген.
Қазіргі таңда әлем халықының бар білімінмен бірге олардың салтын, әдетін және өткен шақ қателіктермен қоса ақылға айналдырып алып, ал ақылымыз ұлттық жан-діл негізі ата дәстүрмен ғана өлшенетін, жалпы ақыл туралы білімді мүлде зиялы қауым ескерусіз қалдырғандықтан ата заңымыз бар, дінде еріктілік деген заңымыз бар, ал шында оны қорғауға әлемге үлгі болып отырған ел басшымыздың өзі шарасыз әлде әрекетсіз.