Ел басы және ел тағдыры

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №1 50

Ел тағдыры елімнің болашағы,

Ауыртады жүректі қинап жанды.

Жындылығы жастықтың сөзі емес,

Ауырмаса жүрегің, көзің көрмес.

Көргендерім тіршіліктің күні емес,

Тарихтан белгі келді тұрған елес.

Ел тағдыры ел басы екі ұшты,

Шопанға ұстатқан ол таяқ емес.

Қазағымның басына болған бақыт,

Ел басқару тізгінін берді халық.

Нұрсұлтандай ағамызға  сенім артып,

Бірге өттік талай асу, және белес.

Нұрсұлтандай білімді басшыменен

Түзеліп түтініміз, жеңіп шықтық,

Қиындығын заманан қалған кеңес.

Өтті заман,  ащысы да тұщысымен,

Сынағы да болды жұртыма оңай емес.

Дүние байлық біліммен ақыл ісі,

Бұл істе Нұр аға боп атақ пен абыройды,

Әлемге қазақтай халықты таныстырды.

Көрсетік салтымызды  жасап тойды,

Мемлекетің салтынан бөлек  діннің ісі,

Жарғысы  ата заңның және болды.

Дін деген саясатың ермегі ойыны ма?

Ел билік өзін құдайдан биік қойғаны ма?

Және бақылап құдайды да отырмақ па?

Діннен бөлектеген  заңның жарғысына

Мекемемен дінін құдайдың да бақыла деп

Ел биліктің құдайға құлшылық алғысы ма?

Енді қазақ дін еркің, ендігі мүміндігің,

Ханафи масһабы  дәстүрің, өткен күнің.

Шариғат дін ісі масһаб деп тура жолың,

Шек қойып еңбегіне түркілік ғылымдардың.

Дегендей соқпағы салған ізі болмас қолың,

Ясауи, Фараби, Абай-Шәкәрімдей алымдардың.

Қудалап ел басшы, дін басшылар беріп үкім,

Ата жол Арыстан баба Ясауиге құрма берген,

Укаша сахабаның қыпшақты бастап барып,

Ілімді құранменен, пайғамбардан алған білім.

Ата жолың әдет-ғұрып, салт-дәстүрің қудаланды,

Бекітіп заңмен, басқа деп Алладан мұндай дінің.

Сырына бұл қарсылықтың бойлап көрсек,

Дау айтар бұл сөзіме, дінші мен надан ғана.

Зұлымдық ғалымдардан шыққан десек,

Бәленің он болса, тоғызы басқа тілден келді,

Өзге елдің мақтанына мәз болып, жайдық төсек

Су құйып қолдарына, қызметпен беріп төрді.

Мақтанға семірткен  игі мұндай жақсылардың,

Түсіне алмай түскенін рухани сергелдеңге,

Құдайым жүрек көзінің құлағын жаптырғанын.

Қиямет сағатың басталған ескертуі елімізге,

Ажалмен елінің күнде өскен саны да жетімдерге

Мән бермей қойды билік  ашық белгілерге.

Япырмау қазақта барма енді  тақуа абыз,

Құран кітап алып,  мүміндік болған қарыз.

Жинаймын  алдарыңа өліктерді сын сағатта,

Кітабың аруақ болып, сөйлесер қиын шақта.

Көрмесең зияныңа, жори алсаң болар пайда,

Құлшылығың адамзат маған деген еске сақта.

Ясауи, Абай-Шәкәрімдей әулилер насихатын,

Кітаптар жызып оқы деп алдарына апарғанмын,

Ғибратын әулие-әмби рух сырын тарих хатын.

Мсһабтың ғалымы  теолог хазірет атын алған,

Хикметіне, кітабына жалғанбаған хақиқаттың

Тоқсаны жабылып, тоқтыны да жығалмаған.

Құдайдан талай уахи, аян мен белгі көрдім,

Тізімдеп елге келер қайғыны тізіп бердім.

Жаз деген ескертуімді келгенін бір Құдайдан,

Әкімге де апаттың Алматыға тұрған төніп,

Хатпенен және кітаптарды беріп көрдім,

Тыңдалмай  от пен азап түскенін көрдің елім.

Жарты жыл  былтырғы күздің аяғы еді,

Құдайдан ескертумен  хикметті аян келді,

Басшысы ескі үкіметің  тығып ұстағанын

Нұрсұлтанды тау асырып жасырғанын,

Жабылып іздеп  халық болып елім кезді,

Бір сұмдық болатын оқиғаны көзім көрді.

Дауыспен және көктен бұйрық келді,

Екі күн іздеуге оны мұрсат берем,

Болмаса оны биліктегілер өлтірді.

Шешімін бұл уахидың табыңдар деп,

Раббымыз бізге осындай сынақ берді.

Сөз басшы, көш басшыға жетсін деген,

Хат жазып, бұл аянды бәз қалпында.

Жанашыр уәзір болса хан қасында,

Дәстүрін ел биліктің білсін дедім.

Міндеті тура жолдық дін ғалымның,

Абыздар бұл сырды шешіп берсін дедім.

Япырмау мұнша билік керең бе еді?

Дін имамы Раббынан  сұрап біле алмаған,

Тура жолда мұндай уахи неге еленбеді?

Ғалымдардың қожалығы жоқ соқыр ма еді?

Ел басының тағдыры, елінен болған бөлек,

Тарихтан  қандай ғалым оқып білген еді?

Жуырда уахи келді, бір Құдайдан.

Дегендей ескертуі табыңдар енді айла,

Шешуін ескі уахидың халқым баяндайын,

Басшылар естігенмен болмад пайда.

Тағдыры Нұрсұлтаның өзімнен бөлек емес,

Хансыз ел, қарсыз тау болып өмір сүрмес.

Екі рет ел басын қатты  сүріндірген,

Ғалымдардан дін ісінен ақыл берген,

Рухына ата дәстүр қарсы келген.

Екі күн жан мен рухың, түсін халқым,

Рух пен жанды бір атап надандықпен,

Өкпесі мен  қалдың назына аруақтың.

Масимов билігімен ата жол деді жалған,

Осындай заң шығарды аруағын қудалаған.

Діл білімге және  таңбамызға қарсы болып,

Үш тілділік жас балаларға шартты болып,

Бірі ділге бірі дінге қарсы жарғы шығып,

Кітабына, хикметіне  ашық қарсы болдық.

Екі күнде ел басшыларың өлет деген,

Екі өкпеден қаралық болып кіред деген.

Таңбасы аруақтың құдайдың наза болып,

Тынысы тарылумен ажалы да келед деген.

Жалғанып аруақтың назасы  жеті атаға,

Тұқымына бұл қарғыс толық жетед деген.

Қатты деп бұл сөзімді дұшпан көрсең,

Кімсің өзің, ел тағдырын ойыншық көрген?

Және тексер  бір Құдайдан дінді білсең.

Түсірді  аруағынан ескертуі болып таңба

Талай ғалым латынды таңдап жүрген,

Сынақ түсіп бұл пенделер болар қаза.

Болсын деп ел басшымыз абыройлы,

Болашақ ұрпақтарға үлгісі тұлға ойлы.

Отырар кітапханасын өзім көрген,

Ашқызып әлем жұртына жасап тойды.

Алаш пен Алтай Жүрсін бабамыздың,

Ниетім еді, өзі бас боп тисін қолы.

Ізбөрі, Зейнеп, Сара, Рабиға, Ажар ана,

Бастарын ел басы боп жайын салып,

Көтеру  лайық еді өз қолымен Нұр ағаға.

Ыбырайым, Ысқақ, Жақып зияраттарын,

Көрсетсек тегімізді ұрпағы болған дана,

Қазақтың тура жолын, әлемге болған жаға.

Дұшпандық ел басына  шықты іштен,

Хикметін көрсетірмей берген түспен.

Абыройсыз  болмасын мұндай  істен,

Халыққа  қайтар деген үкімі еді түскен.

Екі нәсіп рухани  күндерін туған елдің,

Бер деген дұшпанға еріп алған күшпен.

Бұл сөзімді ел билікте шайтандардың,

Жеткізбеуге аңдыған тілшілер жайсаңдарың.

Кіргізбес жауып алып есігін сайтарының,

Сүйеніп тәпсіріне, өтірік деп айтқандарым.

Тарихта қалса ханның қателік жаман аты,

Боласың бәрің бірдей шайтаның жамағаты.

Тисе деп құлағына араңдағы игі жақсының,

Жеткізіңдер ел басына аталардың аманатын.

Сұраңдар  көрсетсін деп құдайым хақтың шынын,

Кітабың, дінің таза болса істерге жалғанатын.

Ел басының тағдыры, ел тағдыры және хақың,

Осы заман ұрпағына ортақ аруақтан аманатың.

Аруақ болып десеңдер  артыңда қалсын затың,

Бір қылшығын болса да түзе десең ұлттың,

Қалсыншы заманмен бірге жақсы атың.

Он төрт ай уақыт қалды  асық халқым!

(Наурыз айы. 2013 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *